Пәнаралық байланыс:
Қазақстан тарихы, музыка, бейнелеу өнері пәндерімен, театр, кино өнерімен, т.б. байланыс жүзеге асырылады.
Сыныптан тыс шаралар:
әдеби кештер, сахналық қойылымдар, тарихи-өлкетану мұражайларына саяхат жасау, т.б.
Бөлімге қатысты лексика мен терминология:кәсіби сөздер, көнерген, кірме сөздер, тұрақты сөз тіркестері, поэтикалық талдау т.б.
|
Шортанбай Қанайұлы «Зар заман» (6 сағат)
Т/Ж1.Көркем шығарманың мазмұны мен пішіні
Т/Ж3. Көркем шығармадағы образ
А/И2. Автор бейнесі
А/И3. Көркем шығарманың тілі
Б/С2.
Заманауилығы мен жаңашылдығы
Б/С3. Әдеби эссе
7.Т/Ж1.Әдеби шығарма сюжетінің құрамдас бөлшектерін талдау.
7.Т/Ж3. Көркем шығармадағы кейіпкерлердің типтерін жасалу тәсілдері тұрғысынан анықтау
7.А/И2.Эпикалық,поэзиялық , драмалық шығармадағы автор бейнесін анықтау.
7.А/И3.Шығармадағы көркемдегіш құралдардың (символ, синекдоха, қайталау түрлері: эпифора, анафора, аллитерация, ассонанс, риторикалық сұрақ) қолданысын талдау
7.Б/С2. Әдеби жанр түрлерінің даму барысына, жаңашылдығына заманауи тұрғыдан баға беру
7.Б/С3.Шығарманы ұлттық құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу.
Т.
Ш.Қанайұлының«Зар заман» өлеңінің мәтіні беріледі
А тобы өлеңге қысқаша шолу жасайды.
В тобы сұрақтар қояды:
1. Шортанбай заман өзгерісін қалай жырлады?
2. Шортанбай заман өзгерісін қалай түсінді?
С тобы сараптама жасайды.Нәтижесінде шығарма сюжетінің құрамдас бөлшектеріне талдау жасалу керек.
«Пирамидалық талқылау» әдісі
Тіктөртбұрыштың сыртқы бөлігіне топтың әр мүшесі шығарма туралы өз жауабын жазады, ал ішкі төртбұрышқа төрт пікірге ортақ түйінді ой жазылады.
Достарыңызбен бөлісу: |