Оқушылар орындайтын ауызша және жазбаша жұмыстар арқылы «Бағалау және салыстыру» дағдылары қалыптасады. Салыстыру тәсілінің мынадай түрлерін меңгереді:
салыстырылатын нысандардың тек айырмашылығын табуды мақсат ететін салыстыру;
салыстырылатын нысандардың ұқсастығы мен айырмашылығын қатар табуды мақсат ететін салыстыру.
Оқушылар көркем шығармадағы жекелеген эпизодтар арқылы тарихи құндылықтар мен кейіпкерлерді талдап танып, ол құндылықтарды шынайы өмірмен байланыстыра отырып бағалайды. Шығарма кейіпкерін өзіндік құндылық болмысы тұрғысынан талдап, нәтижесінде әдеби эссе, оқырман ретінде өзінің рухани дүниесінеберген әсерін бағалайтын сыни хабарлама жазады.Көркем шығармаларға түрлі мақсаттағы салыстырмалы талдау жасау дағдысын дамыту үшін сыныптан тыс оқитын қосымша әдебиеттер тізімі ұсынылады және жергілікті ақын-жазушылардың шығармашылығымен байланыстыру мүмкіндігі беріледі.
Қазақ әдебиеті пәні бойынша бір сабақта бір немесе бірнеше оқу мақсатын алуға болады. Мұғалім оқу мақсаттарының комбинациясын шебер пайдалана білуі керек.
Пәнаралық байланыс. Әдебиет пәні мектепте оқылатын басқа тіл пәндерімен, тарих, жаратылыстану, бейнелеу өнері, музыка және басқа да пәндерментығыз байланыста үйлесім табады.Пәнаралық байланыс – оқытудың ерекше категориясы болғандықтан, оқушылардың әдебиеттен жүйелі білім алуынкүшейтіп, оқу әдістерін белсендіреді. Әдебиет сабағындағы пәнаралық байланыс оқушылардың эстетикалық талғамын және сурет, музыка, кино өнерлеріне ұмтылысын қалыптастырады.Шығармадағы тарихи шындық пен көркемдік шешім көрінісін, топонимикалық, ономастикалық атаулардың маңыздылығын түсіне отырып, оқылған шығарманы бейнелеу және музыка өнерімен ұштастыра отырып, пәнаралық байланысты кеңінен қолдану оқушының дүниетанымын қалыптастырады.
Әдіс-тәсілдер туралы. Қазақ әдебиеті пәнін оқытудың педагогикалық тұғырлары «Құндылық бағдарлы оқыту», «Түрлі мәдениет пен көзқарастарға құрмет сезімін қалыптастыру», «Дамыта оқыту», «Тұлғалық бағдарлы оқыту», «Әрекет бағдарлы оқыту», «Саралай және даралай оқыту», «Коммуникативтік-функционалдық бағдарлы оқыту», «Ақпараттық-коммуникациялық бағдарлы оқыту» бағытында болғандықтан, осыған сай педагогикалық әдістер мен тәсілдер жүйесі қолданылады. Атап айтқанда, әдістер жүйесі мынадай жіктемеде жүйеленді:
әңгіме, пікірталас, дәріс, кітаппен жұмыс – репродуктивтік сипаттағы танымдық белсенділікті дамытатын білімді меңгеру әдістері;
классикалық проблемалық әдіс (Дьюи бойынша), коммуникативтік жағдаяттық әдіс, идеялар банкі – ми шабуылы, дидактикалық ойындар: еліктеу ойындары, іскерлік ойындары – оқушылардың өзіндік жұмыс арқылы шығармашылық танымдық белсенділікпен проблемаларды шеше отырып білім алу әдістері;
импрессивтік әдістер, экспрессивтік әдістер, шығармашылық тапсырмаларды орындау әдістері, оқу-практикалық әдістер– оқушылардың көркем әдебиетті көркем өнердің басқа түрлерімен байланыста қабылдау арқылы танымдық белсенділігін дамыту әдістері;
көркем әдебиетті меңгеру арқылы сурет салу, проблемаларды шешудің ең оңтайлы және тиімді жолдарын шешу және таңдау әдістері – шығармашылық міндеттерді жүзеге асыруды көздейтін практикалық әдістер;
пікірталас, өзіндік жұмыс, классикалық проблемалық әдістер.