Ж. «Қазына іздеу» жаттығуын жүргізу үшін оқушыларға мәтін немесе бөлім мазмұны бойынша олардың іздейтін қазыналарының сипаттамалары беріледі. Қазына ретінде кейіпкер бейнесін айқындайтын түйінді сөздер, сөйлемдері бар үзінділер алынуы мүмкін. Оқушылар әрбір қазынаны тапқаннан кейін, өлеңдегі лирикалық кейіпкердің жиынтық бейнесін құрастырады. Ж. «Синкуэйн» тәсілі «Мен ақынша толғаймын» қазына ретінде берілген түйінді сөздерді қолданып, бес жолды өлең құрастыру.
«Екі жұлдыз бір тілек»
Ж. «Конверт сұрақ» 2-3 сұрақ жазып, конвертке салады. Әрқайсысына екі минут беріледі.
Оқушы стикерге атын және жауабын жазады; екі минут өткен соң конверт келесі оқушыға беріледі. Стикерлерді жинап, бірнеше жауап дауыстап оқылады, сынып белгілі бір сұрақтың қаншалықты дұрыс болғанын талқылайды.
1.«Зар заман» өлеңіндегі «зар заманның» белгілерін автор қалай сипаттайды?
2. Заманның бұзылуына себепші кімдер деп таниды?
3.Автор нені аңсады?
Өзін-өзі бағалау Т.
«Фишбоун» әдісі арқылы мәтіннен көркемдегіш құралдарды тауып, мағынасын анықтайды: символ, синекдоха, қайталау түрлері: эпифора, анафора, аллитерация, ассонанс,риторикалық сұрақ, салыстыру т.б.
Орындалу барысы:басына – шығарманың тақырыбын, үстіңгі сүйектеріне- мәтіннің ішіндегі көркемдегіш құралдардың түрлерін, астыңғы сүйектеріне – үзінді арқылы дәлелін, құйрығына- шығарма тілі жайлы оқушының ойын жазылады .
Қаңқадағы жазулар қысқа болу керек. Олар тірек сөздерден немесе тақырыптың негізгі ойын ашатын фразалық сөздерден болуы мүмкін.
Қалыптастырушы бағалау
Ж/Т. «TeD әңгімелері (talks)» Оқушыларға «Мына заман қай заман» тақырыбына қатысты 3-5 минуттық TED әңгімелерін (talks) жеке немесе топтарда дайындау тапсырылады. Егер топтарда дайындалса, топтардан бір спикер сайланады. Спикерлер әрдайым ауысып отырса, оқушылардың барлығын оқумен қамтуға мүмкіндік туады. Оқушыларға 5 минуттық сөз дайындауға беретін тақырыптың өзектілігіне мән беріледі, себебі, тақырып оқушыларды креативті ойлауға , шығармашылыққа жетелесе сәтті болады.