Бөлім атауы:Толғауы тоқсан қызыл тіл ІІ тоқсан, сағат саны -14
Меңгерілген білімді дамыту Бөлім оқушылардың7-сыныптың І тоқсанында қалыптастырылған білімі мен білігін, оқу, зерттеу, креативті және сыни ой айту дағдыларын дамытуға негізделген.
Бөлімнің негізгі мақсаты - Ш.Қанайұлының «Зар заман», С.Аронұлының «Сүйінбайдың Қатағанмен айтысы»,Жамбыл Жабаевтың «Зілді бұйрық»шығармаларына жан-жақты талдау.
Бөлімде қамтылатын оқу мақсаттарының тізімі: 7.Т/Ж1.Әдеби шығарма сюжетінің құрамдас бөлшектерін талдау
7.Т/Ж2.Әдеби шығармадағы тұлғалық болмысты гуманистік тұрғыдан талдау
7.Т/Ж3. Көркем шығармадағы кейіпкерлердің типтерін жасалу тәсілдері тұрғысынан анықтау
7.А/И1.Шығармадағы эпизодтар мен бейнелерді салыстыру
7.А/И2.Эпикалық,поэзиялық , драмалық шығармадағы автор бейнесін анықтау
7.А/И3.Шығармадағы көркемдегіш құралдардың (символ, синекдоха, қайталау түрлері: эпифора, анафора, аллитерация, ассонанс, риторикалық сұрақ) қолданысын талдау
7.А/И4. Шығармадағы оқиға желісін өзіндік көзқарас тұрғысынан дамытып жазу
7.Б/С2. Әдеби жанр түрлерінің даму барысына, жаңашылдығына заманауи тұрғыдан баға беру
7.Б/С3.Шығарманы ұлттық құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу