«Қазақ әдебиеті» пәнінен 4-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары



Дата20.10.2023
өлшемі18,78 Kb.
#119841
Байланысты:
9- КЛАСС ӘДЕБИЕТ 18.05 ТЖБ


«Қазақ әдебиеті» пәнінен 4-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары

1. Кіші Орданың ханы Нұралыны Донсковқа хат жазуға итермелеген не?
А. Орынбор жиынына қатыса алмау себебін түсіндіруі
Ә. Айшуақ сұлтанға қайтара алмай отырған мал-жан есебі
Б. Хан қолында дербес биліктің болмай, ел ағаларына қарайлап отыруы
В. Сырым Датұлы бастаған қазақтардың орыс қамалына шабуылдауы
1
2. Шығарма желісіне арқау болған негізгі мәселе?

А. Ресей империясының отаршылдық саясатын ашықтан-ашық көрсетуі, ел тағдыры үшін жауапкершілікті мойнына алған билер мен батырлар, ел ағаларының азаттық үшін күресі
Ә. Нұралы ханның ел арасындағы өзекті мәселені шеше алмай, халықтың дағдарысқа түсуі
Б. Ресей империясының генерал-фельдмаршалы Григорий Александрович Потемкиннің қолбасшылық дарыны мен батырлық түр-тұлғасын көрсету
В. Хан мен қара халықтың арасындағы наразылық, биліктің алауыздығы мен жағымпаздығы. 1
3. Әдебиеттану------------------------------------
А. Ұлттық әдебиеттер арасындағы көркемдік дәстүрлер жалғастығы, ықпалдастығы
Ә. Сөз өнерін, тарихи-әдеби процесті,әдебиет дамуының заңдылықтарын, көркем шығармаларды, жазушылардың шығармашылық ғұмырнамасын зерттейтін ғылым.
Б. Көркем әдебиеттің, сөз өнерінің өткен дәуірден қазіргі заманға жеткен туындылары
В. Көркем әдебиеттің халық өміріндегі атқаратын міндеті 1
4. Көркем шындық------------------------------
А. Өнердің барлық түрлерінде тарихи қалыптасқан іштей жіктелім жүйесі
Ә. Жазушының ой елегінен қорытылып, баяндалған туынды
Б. Өлең сөзде қолданылатын өлшем- өрнектердің жасалу жүйесі
В. Эпос жанрының бір түрі 1

5.Шиеленіс------------------------------------
А. Көркем шығармада оқиғаның әбден шиеленісіп, шегіне жетіп өрістеген кезеңі
Ә. Сюжеттегі тартыстың кезеңі, оқиғаның алғаш шиеленісе бастаған кезеңі
Б. Құбылысты басқа нәрсемен салыстыру арқылы сипаттау тәсілі
В. Әдебиетте ойды астарлап, басқа нәрсені суреттеу арқылы жасалатын нақтылы сипаты бар балама бейне 1

6. «Өмір болған соң, күрессіз бола ма…» деген ойды әрі қарай өрбітіп жазыңыз (1-2 сөйлем).
[3]
7. Н.Айтұлы «Бәйтерек» поэмасынан берілген үзіндіні қара сөзбен көркемдеп жеткізіңіз (2-3 сөйлем).
Туыңдай қанат керген желді күнгі,
Танытты кең әлемге теңдігіңді.
Тұрғанда Бәйтерегің көкке шырқап,
Ұстай біл Асқақтатып Елдігіңді!
3
8. Самсаған қара орманым — байтақ елім,
Сынға сап сан жақсыны байқап едің.
Еңсесін елдігіңнің биіктеткен,
Ортаңда бойлап өскен Бәйтерегің! — деп жырлаған Н.Айтұлының шығармасындағы «Бәйтерек» сөзі қандай мағынаны білдіреді? (2-3 сөйлем).
3

9. Шығармадағы аштықтың азабын композицияның қай тұсында анығырақ байқай алдыңыз? Ойыңызды 5-6 сөйлем талдап жазыңыз.
3



10. «Ия, Сырым шырағым!
Қарадан хан болдың,
Айырдан нар болдың.
Жоқтан бар болдың!». Автор стилін сақтай отырып, өлең жолдарын жалғастырыңыз (2-3 шумақ).
3


11. Тақырыптың бірін таңдап, сыни мақала жазыңыз.

1. «Тар кезең» романының әдебиеттегі орны (қазақ әдебиеті мен әлем әдебиеті үлгілерімен салыстыра талдаңыз).
2. «Бәйтерек» поэмасындағы қазақ халқының өткені мен бүгіні (қазақ әдебиетіндегі мазмұндас шығармалармен салыстыра талдаңыз).
10

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет