Зерттеу әдісін күнделікті сабақта, әсіресе семинар сабақтар жүйесінде, әдеби конференцияларда, оқушылардың өзіндік жұмыстарының қорытынды- сын бекіту мақсаттарында қолданады
Зерттеу әдісін күнделікті сабақта, әсіресе семинар сабақтар жүйесінде, әдеби конференцияларда, оқушылардың өзіндік жұмыстарының қорытынды- сын бекіту мақсаттарында қолданады.
Зерттеу әдістерінің тәсілдері:
1.Мұғалімнің бүкіл сыныпқа көтерген проблемасы, бұл проблемалардың кейбір аспектілері топтарда немесе жеке топшаларда қарастырылады;
2.Мұғалім семинар сабақтарына жеке тақырыптар дайындайды, ал оқушылар қызықты, қажетті тақырыптарға баяндама жасайды;
3. Мектеп бағдарламасы бойынша өтілмеген, сыныптан тыс шығарма- лар немесе оқушылардың өздері таңдаған шығармалар бойынша талдау жүргізу;
4.Көтерген тақырыптары немесе қойылған проблемалары ұқсас екі не бірнеше шығарманы қатар ала отырып салыстыра талдау жасау;
5. Көркем шығарманы оның сахналық қойылымымен салыстыру;
7.Киноқойылымға, көркем өнер, бейнелеу өнері туындысына, радио-қойылымға, өлкелік зерттеу жұмыстарына баға беру;
8.Оқушы пікірлері, көзқарастарының қорытындылары баяндама,шығарма түрінде, сынып сағаттарында, пікір-сайыстарда айтқан ойлары арқылы, мектептің әдеби үйірмелері мен қабырға газеттерінде, әдеби журналдарында жазған мақала түрінде көрінеді.
Қорытындылай келе аталған әдіс негізінде тек мұғалімнің басшылығымен ғана оқушы нақты әдебиеттану ғылымының негізгі әдістерін жете меңгере алады. Зерттеу әдісінде оқушының шығарманы талдауы жолын меңгеруіне, өз пікірін, көзқарасын нақты дәлелмен жеткізуіне көп көңіл бөлінеді. Бұл әдіс оқушылардың кітапхана қорын, кітаптар тізбегін дұрыс пайдаланып, өзіне қажетті кітапты таба білуге, нақты деректі қолдана алуға, өзін қызықтырған материалды тиімді қолдана алуға, оны конспектілеуге, дәйексөз алу, өз пікірін басқа көзқарастармен дәйектей білуге, өзінің ауызша, жазбаша баяндамасын жоспарлай алуға үйретеді.