Қазақ әдебиетіндегі Тың, экология тақырыбы С. Мұқанов, Ғ. Мұстафин, Ғ. Мүсіреповтің прозалық шығармалары



бет3/9
Дата22.10.2022
өлшемі34,31 Kb.
#44959
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Асқар – Досан деген кедейдің баласы. Өз бетімен оқып саяси санасы қалыптасқан күрескер азамат. Сабырлы, ойлы, білімді, табанды, алған бетінен қайтпайтын бірбеткей.
Амантай – еңбекші қауымға ықпалды, сөзіне берік, тиянақты адам, әділетсіздікке төзбейді, кекшіл, намысшыл.
Темірбек, Кенжетай – Ботагөздің ағалары. Амантайдың ақыл-кеңесімен жалшылықтан кетіп, қаладан кәсіп іздеп, өндіріске араласады.
Бүркітбай – Өз жолын таба алмай адасып барып, Амантайдың ықпалымен көтерілісшілерге қосылады.
Итбай – ескі қазақ ауылының билеушісі, надан, дөкір, байлық пен күшке сенген, патша әкімшілігіне сүйенген адам. Ботагөзді тоқалдыққа алмақ болғанда ,«Қыз ағалары бермейді», – деген Амантайға: «Малдың боғын жегелі отырған кедей көзіне көп мал көрсетсе, бермек түгілі лақтырып жіберер», – деп, адамнан малды жоғары қояды.
Алексей Кулаков – отаршылдық пиғылды берік ұстанған, қазақтарға менсінбей қарайтын, қанаушылық, талаушылық саясат жүргізуші.
Базархан, Мадияр – патша өкіметімен ауыз жаласқан, төңкеріс идеясына қарсы адамдар.
Роман жауыздықты әділдіктің жеңуімен аяқталған. Романның бас кейіпкері Ботагөз Шалқар көлінің ортасындағы діңгек таста Асқар, Амантай бастаған көтерілісшілерді тумен қарсы алады. Жазушы романды: «Күн көзіндей жарық бар Ботагөздің көзінде, телегей теңіз тарих бар Ботагөздің сөзінде» деп аяқтаған.
«Ботагөз» – заман шындығын тартымды мазмұнмен, соны шеберлікпен суреттеген роман.
С. Мұқановтың «Аққан жұлдыз» шығармасы – қазақ халқының біртуар азаматы Шоқан Уәлиханов туралы зерттеу еңбектер мен фактілер негізінде жазылған роман.
Жазушы өмірінің үш күрделі кезеңін қамтитын «Азапты жол», «Азатты жол», «Есею жылдары» атты үш кітаптан тұратын «Өмір мектебі» – дүниежүзілік мемуарлық әдебиеттің дәстүрін қазақ әдебиетіне енгізген, қазақ әдебиетін жанрлық жағынан байытқан туынды. «Азапты жол» деген бірінші кітапта жазушының жетімдік жағдайында өткен балалық шағы, өскен ортасының феодалдық-патриархалдық қатынастары туралы айтылса, екінші «Азатты жол» кітабында халықтың азаттық жолындағы күресі, жас Сәбиттің білім іздеуі, қоғамдық істерге араласуы баяндалған. «Есею жылдары» деген үшінші кітапта Сәбиттің ақындық, жазушылық, қоғамдық қызметінің қалыптасуы, азамат ретінде есеюі сөз болған. Үш кітаптың да өн бойында халықтың ұлттық, отаршылдық езгіге қарсы бой көтеруі, азаттық жолын таңдауы, жаңа қоғам орнату жолындағы халық пен халық ұлдарының азаматтық өсу жолы желі болып тартылған. «Өмір мектебі» тек Сәбит өткен мектеп емес, халық өткен мектеп болып табылатындығы туралы сыншы М.Қаратаев: «Өмір мектебі – халықтың жартығасырлық өмірінің шежіресі», – деп атап көрсеткен.
С. Мұқановтың «Өмір мектебі» романынан алынған үзінді «Лашын» әңгімесіндегі оқиға Балтабай ауылында өткен. Шығармада Балғабайдың Ахметінің құсбегілік, аңшылық өнерілашынды құстарға салу шеберлігі туралы әңгімеленген. «Есіл бойында» үзіндісінде Есіл өзенінің әсем көрінісі, «Есіл тасып барады» әнінің тарихы айтылған. Әңгіменің кейіпкерлері:
Мырзатай – негізгі кейіпкер. Бес болыс Керей-Уақтың ең ірі әншісі, жасы елу-алпыс шамасында. Орталау толық денелі, қаба қара сақалды, жуан мойынды, елге әдемі қоңыр әнімен, ойнақы мінезімен өте сүйкімді боп күн кешкен кісі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет