Қазақ әдебиетіндегі Тың, экология тақырыбы С. Мұқанов, Ғ. Мұстафин, Ғ. Мүсіреповтің прозалық шығармалары



бет5/9
Дата22.10.2022
өлшемі34,31 Kb.
#44959
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Зерттеуші-ғалымдар Ғ. Мүсіреповтің шығармашылық жолын үш кезеңге бөліп қарастырған. Бірінші кезеңге 1928-1932 жылдардағы «Тулаған толқында», «Өмір ертегісі», «Көк үйдегі көршілер», «Алғашқы адымдар», «Қос Шалқар», «Күсен» сияқты жазушының алғашқы аяқ алысын байқатқан шығармалары; екінші кезеңге 1932-1938 жылдардағы «Талпақ танау», «Шұғыла», «Бір адым кейін, екі адым ілгері» әңгімелері, ана туралы новеллалары, «Қыз Жібек» драмасы, Б.Майлинмен бірге жазған «Амангелді» пьесасы Ғ. Мүсіреповтің қалам қайратын, шеберлік келбетін көрсеткен, қазақ әдебиетін байытқан туындылары; үшінші кезеңге 1939 жылғы «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» трагедиясынан бастап, суреткердің проза мен драматургиядағы тартымды да тағылымды туындылары жатады.
Ғ. Мүсірепов – қысқа көлемді әңгіме шебері. Әдебиетке 1920 жылдардың екінші жартысында келген Ғ. Мүсіреповтің алғашқы көлемді туындысы «Тулаған толқында» хикаятында 1916 жылғы дүрбелең кезіндегі ауыл тіршілігі, әйел тағдыры, азамат соғысы оқиғалары бейнеленсе, «Қос Шалқар», «Көк үйдегі көршілер», «Алғашқы адымдар» әңгімелерінде еңбекші халықтың сана-сезімінің өзгергені суреттелген. Жазушының азаматтық және қаламгерлік келбетін айқындаған, 1932 жылдың сұмдығы мен қулығы әшкереленген «Талпақ танау», «Шұғыла» әңгімелері батылдығымен, қайсарлығымен ерекшеленетін, өз кезеңіндегі қазақ әңгімесінің айтулы үлгілеріне жатады. «Шұғыла» – автордың жазушылық мәнерін, азаматтық келбетін танытқан батыл шығарма.
Ғабит Мүсіреповтің әдеби шығармаларының бір саласы – новеллалар мен әңгімелер. «Автобиографиялық әңгімесінде» автордың өзі: «ХІХ ғасырдағы орыс классиктерін мен рабфакта ұғынып шыққандаймын. Әсіресе Гоголь, Чехов, Горький бағыты ойыма қона кетуші еді», – деп жазғандай, жазушының қазақ әдебиетінің проза жанрына енгізген идеялық-көркемдік жаңалықтары осы аталған суреткерлер тәсілін меңгере отырып, ана тақырыбына жазған сегіз новелласынан анық байқалады. М. Горький шығармаларының негізінде жазған «Адамның анасы», «Өлімді жеңген ана», «Ана кесімі айнымайды» және өзінің төл туындылары «Ашынған ана», «Ананың арашасы», «Ананың анасы», «Ақлима», «Ер ана» новеллаларындағы ана тұлғалары – қазақ әдебиетіне тұңғыш қосылған көркемдік жаңалықтар. Әйтілес қарт, Жалпақ балуан, Бала би сияқты кейіпкерлер қатысқан «Ананың анасындағы»: «Менің атым – әйел, мына қыздың анасымын! Бәрің де анадан тудыңдар! Анамен алыспайды да, атыспайды да...», – деген сөздер Ананың қайсар күштің иесі екенін көрсетсе, «Ашынған анадағы»: «...Өмір өзін сондай сіліккен, енді өмірді өзі сілкуге жарап қалған қайратты ана», – деген үзінді Ананың өр рухын танытады. «Ананың арашасында» жазушы қара күштің ана жүрегін мойыта алмағанын суреттеу арқылы «Ана алдында өлім де мойынсынады, өлімді өмір жеңеді» деген идеяны көрсеткен. «Ер ана», «Ақлима» әңгімелері Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Ананың ерлігі мен Ана жүрегінің кеңдігін көрсеткен.
Ғ. Мүсірепов «Арқаның әңгімесі», «Көздің әңгімесі», «Тастың әңгімесі» түрінде жазған символикалық көркем новелла – «Жапон балладасында» үш символды біріктіріп тұрған ортақ бейне – өлім бейнесі – атом бомбасының зардабын жан-жақты ашып көрсеткен. «Кездеспей кеткен бір бейне» шығармасының басты кейіпкері Еркебұлан арқылы Сәкен Сейфуллин өмірінің бір эпизоды алынған. Сәкен өлімін домбыра ішегінің үзілуі арқылы берген бұл шығарма – ақындық шабыттан туған шығарма.
Жазушының қызықты да тартымдыәзіл мен қалжыңды араластыра жазған «Боранды түнде» әңгімесінің кейіпкерлері:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет