Қазақ әдебиетіндегі Тың, экология тақырыбы С. Мұқанов, Ғ. Мұстафин, Ғ. Мүсіреповтің прозалық шығармалары


Қодар – қара күштің иесі. Жарқын



бет8/9
Дата22.10.2022
өлшемі34,31 Kb.
#44959
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Қодар – қара күштің иесі.
Жарқын – ақын
Жантық – Жарқынға қарама-қарсы бейне. Екі адамды атыстырып-шабыстырып жүретін, пайдакүнем, алаяқ, қу адам.
«Қозы Көрпеш – Баян сұлу» трагедиясы халық ауыз әдебиетінің асыл қазынасының негізін сақтай отырып, өскелең өнер талабына сай жазылған көркем туынды.
Ер басына күн туған 1932 жылдың қилы кезеңінде бес азаматтың атынан қылышынан қан тамған жоғары орынға ашық хат жазған, Б.Майлинді қаралаушыларға: «Бейімбер халық жауы болса, менде халық жауымын», деп батыл қарсы шыққан қайсар тұлға, үлкен дарын иесі, зерделі сөз зергері Ғабит Махмұтұлы Мүсірепов 1985 жылы қайтыс болған.
Әдеби шығармаларымен қазақ әдебиетінің проза жанрын дамытқан көрнекті қазақ жазушысы Ғабиден Мұстафин 1902 жылы Қарағанды атырабында Нұра өзені бойындағы Сартөбе деген жерде шағын дәулетті отбасында дүниеге келген. Жасында ауыл молдасынан оқып хат таныған болашақ жазушының адамшылық, имандылық тәрбиесіне әділдігімен, шариғат жолына тазалығымен аймағына беделді болған әкесі Мұстафа қажының ықпалы зор болған. Мұстафиннің орысша оқуы Спасск зауытындағы орыс-қазақ мектебінен бірер жыл сабақ алуымен шектелген. 1918 – 1925 жылдары әр түрлі әкімшілік қызметтер атқара жүріп, өмір «мектебінен» көп сабақ алған Ғ.Мұстафиннің «Сәрсен мен Боқаш» деген алғашқы тырнақалды әңгімесі 1927 жылы «Жыл құсы» альманағында жарияланған және осы жылы «Ер Шойын және басқалар» атты тұңғыш жинағы жарыққа шыққан. Өзінің қаламгерлік қайратын әңгіме жанрынан бастаған Ғ.Мұстафиннің «Тұтқын», «Күлмеген адам», «Құлаған құз», «Керуен», «Қашқын», «Қан» деген әңгімелері«Айғақ» атты шағын пьесасы бар. Алғашқы романы 1941 жылы «Өмір не өлім» деген атпен жарыққа шыққан. Жазушының «Шығанақ», «Миллионер», «Қарағанды», «Дауылдан кейін», «Көзкөрген» атты көлемді шығармалары қазақ әдебиетінің роман жанрына қосылған бай мұра қатарына жатады. Ғ.Мұстафиннің дерекке негізделіп, нанымды бейнелер жасағантары өсіруден бірнеше рет дүниежүзілік рекорд жасаған диқан ата Шығанақ Берсиев өмірін шынайы реалистік сипатпен суреттеген «Шығанақ» романы 1945 жылы жарыққа шыққан.
Романның бас кейіпкері Шығанақ мінез-құлқы, психикасы, өмір сүруі жағынан ұлттық дәстүрді бойына сіңірген, іске шебер, ақылға бай, тәжірибесі мол, өнегелі бейне болып суреттелген. Шығанақтың жер, еңбек ету туралы өзіндік пікірі, көзқарасы қалыптасқанын: «Егінді қанша ұқсатып салсаң да, аспаннан тамбаса еңбегің еш. Сендерді әлі күнге дейін аспан асырайды. Сарыарқаның қасиеті осы ғой», – деген сөздерінен көруге болады.
Шығарманың бас кейіпкері Шығанақ жайлы академик-жазушы М. Әуезов: «Шығанақ бейнесінде еңбек таразысын танытатын өзі дана, барынша кең пейілді адам бейнесі жақсы сипатталған», – деп жазған. Шығанақтың тұлғасы мен ерлігі әлем жұртшылығының назарын аударған. Шығанақ Берсиевке арнап атақты неміс ақыны Бартольд Брехт арнаулы поэма жазған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет