Қазақ әдебиетінен функционалдық сауаттылықты қалыптастыру әдістемесі пәнінің мақсаты мен міндеттері Функционалды сауаттылық» пәнінің мақсаты мен міндеттері: Пәннің мақсаты: «Функционалдық сауаттылық»


Әдебиет және таным. Танымдық үдерістер



бет8/71
Дата12.04.2023
өлшемі1,45 Mb.
#81809
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   71
Байланысты:
жауаптары

7. Әдебиет және таным. Танымдық үдерістер
Әдебиет — өнер пәні, адамтану пәні, сонымен қатар, әдебиет — жан-жақты да терең ойлантудың пәні. Оқушы танымы мен логикасын дамытуда әдебиет пәні жаратылыстану пәндерінен кем түспейді. Жаратылыстану пәндері сияқты тұрақты бір формула мен қағидалар, заңдылықтармен шектелмей, әдебиет пәні еркін ойдың, қиялдың дамуына жол басшы бола алады. Әдебиет пәнінде дәлелдеуді қажет ететін тұрақты формула, элементтердің бұлжымас ережелері жоқ. Белгілі бір шығарманы әр қырынан тануға, талдауға болады. Көркем шығарманы қабылдауда әртүрлі болуының бірнеше себебі бар: біріншіден, сол шығарманы қабылдау жолындағы оқушының ой, өресі, дүниетанымы, бұған дейінгі жинақтаған білім қоры, яғни әдебиеттану ғылымынан алған білімі ықпал етеді, екіншіден, әдебиетте сөздің қасиеті ақпарат жеткізуші қызметтен әлдеқайда терең мазмұнда, бірнеше функцияда танылады, сөз адамның сана-сезіміне әсер ете отырып, белгілі көңіл-күй, сезім, сурет, көрініс өмір бейнесін жасап, адамның эмоциялық қабылдауына түрткі болады. Эмоциялық қабылдау да әр адамда әр түрлі. Бір шығармадағы бір көріністің, бір сәттің өзін әр адам әр түрлі сезіммен қабылдайды. Әдебиеттанудан білім дәрежесі бірдей адамның өзінің сезімі мен түйсінуі әртүрлі. Бірнеше адамның оқуындағы бір ғана үзінді әр санада бірнеше сурет құрайды. Бұл адамның ішкі сезім мен сезіне білу мәдениетіне, қасиетіне байланысты. Үшіншіден, санадағы қабылдау мидың тек бір ғана бағыттағы жұмыс әрекеті ғана емес. Санаға берілетін білім тек миға еніп қана қоймай, сол санаға өзіндік сәулесін түсіреді. Көркем дүниенің осы қасиеті психолог, педагогтардың еңбектерінде айтылады.
Көркем шығарманы танудағы ғасырлар бойы сақталып, өзгермей келе жатқан рухани өмірдің өзегі — жалпы адамзаттық қағида, адамзаттық мәселе. Ол мәңгі ізденістерді қажет ететін, өзінің өзектілігін жоймайтын, керісінше күн санап ашыла, іргесі кеңи беретін мәңгілік мәселелер. Қазақ әдебиетінде көрнекті тұлғаларымыз Абай, Мұхтар, Мағжан т.б. еңбектері туралы қаншама зерттеулер жарық көрді. Соған қарамастан күнбе-күн жаңа қырынан танылуда. Әлі де жарық көре береді. Таптым, таныдым дегендердің өзі әлі де көптеген зерттеулер мен ізденістерді қажет етеді. Әдеби құндылықтар сарқылмас теңіз сияқты, тереңіне бойлаған сайын жаңа сырлары ашыла түседі. Себебі, әдебиет — өнер туындысы. Ой, ойлау, ойланту көптеген пәндерге тән, табиғи нәрсе. Бірақ әдебиеттің өзіндік ерекшелігі сол, басты назарға алынатыны — өзіндік ойлау, өзіндік пікір.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет