Қазақ әдебиетінен функционалдық сауаттылықты қалыптастыру әдістемесі пәнінің мақсаты мен міндеттері Функционалды сауаттылық» пәнінің мақсаты мен міндеттері: Пәннің мақсаты: «Функционалдық сауаттылық»


Пәнге қатысты тірек ұғымдарға терминологиялық талдау



бет4/71
Дата12.04.2023
өлшемі1,45 Mb.
#81809
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   71
Байланысты:
жауаптары

4. Пәнге қатысты тірек ұғымдарға терминологиялық талдау
Алдын ала болжап білу жаттығулары - белгілі нәрсеге сүйене отырып, болжау, өзіндік ой-тұжырым мен гипотезаларды ұсыну, талдауға бағытталған жаттығулар . Алдын ала болжап білу жаттығулары шет тілі құралдары арқылы ықтимал болжау тетігін қалыптастыруға көмектеседі. Бұл жаттығулар мәтінді оқу немесе тыңдау алдында болуы мүмкін, сондай-ақ мәтін атауының негізі, оның тақырыптары, мәтін мазмұнын болжаудың бейвербалды құралдары, оқиғалардың реті, кейіпкерлердің іс-әрекеті сияқты тапсырмалардан тұрады. Хабарлау сипатындағы мәтіндер алдын ала болжап білу жаттығуларын орындауға өте жарамды болып саналады.
Аудиовизуалды оқыту құралдары - көру және есту ақпараттарын ұсыну үшін қолданылатын көрнекі оқу құралдары. Оның мынадай түрлері бар: визуалды (көру) құралдар (бейнеграммалар) – суреттер, кестелер, сызбалар, кескіндеме туындыларының репродукциясы, транспаранттар, диафильмдер, диапозитивтер; аудитивті (есту) оқыту құралы (фонограммалар) – грамжазбалар, магнит жазбалары, радиобағдарламалар; жеке аудиовизуалды (көру-есту) құралдар (бейнефонограммалар) – дыбысы бар кино, теле-идиафильмдер, ЭЕМ-ге арналған бағдарламалар. Аудиовизуалды оқыту құралдары: 1) тіл үйренуге арналған және әдістемелік тұрғыдан өңделген оқыту материалдарынан (көрнекі құралдар) тұратын арнайы оқыту құралдары; 2) басқа пәндер бойынша сабақ оқу үшін әзірленген, алайда тілді үйрену барысындағы оқу материалдары ретінде қолданылатын оқулықтар (көрнекілік құралдар); 3) оқу процесіне енгізілген табиғи бұқаралық коммуникация құралдары бола алады. Аудиовизуалды оқыту құралдары әсерлі, айқын және көру-есту бейнелерінің ақпараттық құндылығының нәтижесінде оқыту сапасын арттырудағы тиімді құрал болып табылады, сондайақ бұл құралдар қарым-қатынас жасау және қоршаған ортадағы шындықты тану жағдайларын қалыптастырады. Мұндай сабақтарда көрнекіліктің дидактикалық принципі, жеке оқыту мүмкіндігі және оқушыларды сабаққа жаппай қатыстыру (мысалы, теле және кино фильмдерді көрген кезде, компьютерлік класта жұмыс істеген кезде) сәтті жүзеге асырылады, сабақтың мотивациялық жағы да күшейе түседі. Әдістемеде аудиовизуалды оқыту құралдары (тіл үйрену сабақтарына арналған құралдар) мен техникалық оқыту құралдары (оқыту құралдарын көрсетуге арналған техникалық құрылғылар) екі түрлі құралдар деп ажыратылған.
Аудиовизуалды оқыту әдісі - құрылымдық лингвистиканың теориясы (Ж.Гугенейм) мен психологиядағы бихевиоризм теориясына негізделген, тікелей оқыту әдісінің бір түрі (заман талабына сай өзгертілген) болып табылады. Әдістің теориялық жағын П.Губерина (Югославия), П.Риван, Р.Мишеа (Франция) ұсынған.
Әдіс - (грек. methodos – жол). Әдістеменің негізгі категориясы, кең мағынада алар болсақ, әдіс – мақсатқа жетудің бір тәсілі, белгілі бір тәртіпке келтірілген қызмет жүйесі. Бұл ұғым қазіргі заманауи ғылымда үш мағынада пайдаланылады: жалпы әдіснамалық (әдіс таным құралы ретінде), жалпы дидактикалық және өзіндік әдістемелік, жеке әдістемелік. Әдіс таным құралы ретінде (жалпы әдіснамалық түсінік) – қоғам мен табиғат құбылыстарын, болмысын зерттеу тәсілі. Барлық танымдық әдістердің негізін ақиқаттың объективті заңдары құрайды. Сондықтан да әдіс теориямен тығыз байланысты. Нақты ғылымдарда арнайы әдістер бар. Диалектілік әдістің объектілік негізін материалдық әлемді дамытудың жалпы заңдары құрайды. Мұнысымен диалектілік әдіс басқа да ғылымдардың әдістерін алмастыра алмайды, бірақ олардың жалпы философиялық негізі болады және барлық салаларда таным құралы ретінде жұмсалады. Лингвистикада әдіс деп белгілі бір міндеттерді орындауға арналған, тілдік деректерге бағытталған белгілі бір әрекеттер жиынтығын айтады. Мысалы, компонентті талдау әдісі.
Әдіснама - (грек. мethodos – зерттеу жолы, теория, ілім және ... логия). 1. Ғылыми таным әдісі. 2. Ғылымда қолданылатын негізгі принциптер. Педагогика теориясына лайықты танымның ұстанымы, әдісі, нысаны мен таным амалдары арқылы педагогикалық болмысты өзгеріске түсіру. Мұндай анықтамадан екі ғылыми мәселенің бірігуін байқауға болады. Бірінші, зерттеу жұмысының бағытына лайықты жағдай жасап, педагогикалық болмысты танудың кешенді құралдарын айқындау. Екінші, ұстаным, әдіс, құрал, жүргізу амалдары арқылы педагогикалық шындыққа жету тәсілдерін қолдану. Зерттеуші педагогтің нәтижеге жетуі оның ғылыми құрал-жабдықтармен қарулануымен қатар, түрлі тәсілдерді әдіснама қорынан таңдап алуына байланысты. 3. Дүниенің, қоғамның объективті заңдылықтары мен құбылыстарын практика және теория жүзінде игертуге және өзгертуге бағытталған таным принциптерінің жиынтығы. Әдіснама – әдістер туралы ілім, әдістер теориясы. Зерттеліп отырған объекті жөніндегі мәліметтерді және ғылыми жаңалықтарды біріздендіру тәсілдерінің жүйесі, ғылыми әдістің негізгі мақсаты – объективті ақиқатты ашу. Әдіс – пәннің ерекшелігі арқылы анықталғанымен, олар бір-біріне қарама-қайшылықтардың бірлігі болып табылады. Әдіс зерттелетін пәннің ішкі заңдылықтарын біртіндеп қарау арқылы ғана ашады. Теория – объективтік шындықтың идеялық бейнесі. Ғылыми теория мен әдіснама өте тығыз байланысты. Дұрыс құрылған теория – жаңа құбылыстарды танудың әдіснамасы. Әрбір ғылымның өзіндік пәні, демек өзіне сәйкес әдістері болады. Әдістің негізінде білімдер жүйесі жатқандықтан (мысалы, математикалық немесе философиялық, логикалық және т.б.) олардың әдістері де әр алуан болып келеді. Осыған орай, ғылымда әдістерді топтастыру мәселесі пайда болды. топтастыру мәселесі белгісіне (қолдану өрісіне, оның заңдылықтары мен ұғымдарының сипатына байланысты) қарай іске асырылады. Осыған байланысты әдістерді екі үлкен топқа бөлуге болады: философиялық әдіс және жеке ғылымдар әдісі.
Әдістеме - (грек. methodikē). 1. Белгілі бір пән саласындағы оқыту теориясы, педагогикалық ғылым. 2. Оқытушының жұмыс форма­ларының, әдістерінің және әдіс-тәсілдерінің жиынтығы, яғни оқытушының кәсіби-практикалық қызметінің «технологиясы». 3. Университеттер мен педагогикалық институттарда оқылатын теориялық курс, оқу пәні. Шет тілін оқыту әдістемесіне қатысты алатын болсақ, оқытудың мақсаттарын, мазмұнын, әдістерін, құралдарын, ұйымдастыру формаларын, сондай-ақ оқытылатын тіл материалының негізінде білім беру және тәрбиелеу тәсілдерін зерттейтін ғылым. Тілді оқытуға қатысты мынадай түрлері бар: 1. Жалпы әдістеме оқыту жағдайларына қарамастан, тілді үйрету процесінің заңдылықтарын зерттеумен шұғылданады. 2. Жеке әдістеме – оқытудың нақты жағдайлары мен контингентіне қатысты тілді үйрету барысының заңдылықтары мен ерекшеліктерін зерттеумен шұғылданады. 3. Арнайы әдістеме – сөйлеу қызметінің нақты бір түрін оқыту ерекшеліктерін, тіл аспектісін немесе оқыту жүйесінің компонентін зерттеумен шұғылданады.
Әлемнің тілдік бейнесі - белгілі бір ұлттық тілге қатыссыз, яғни тіларалық өзгешеліктерге тәуелсіз айқындалатын ұғым; екіншіден, керісінше, тілдік ерекшеліктерге, ең алдымен, лексикалық номинация жүйесіндегі өзіндік белгілерге бағыттала әрі ұлттық тілдің негізінде қалыптасатын ұғым (Э.Д.Сүлейменова).
Брейнсторминг- (ағылш. brain storming – миға шабуыл). Адамдардың ақыл-ой белсенділігін арттыруға, идеяларды топ болып іздеуді іске қосу, ынталандыру, мәселелерді шешу арқылы күрделі интеллектуалды міндеттерді шешуге бағытталған бірлескен топтық шығармашылық жұмысты ұйымдастырудың арнайы әдісі. Брейнсторминг барысында белгілі бір мәселелені ұжым болып шешу ұсынылады.
Бұл әдіс тілді көру және естуге арналған көрнекілік құралдарды қарқынды түрде пайдалана отырып, күнделікті тұрмыста қарым-қатынас жасау кезінде қолданылатын материалды ауызша түрде үйрету тәсілі.
Визуалды көрнекі құралдары - көру анализаторы арқылы қабылдауға арналған оқыту құралы. Визуалды көрнекі құралдарына кодопозитивтер (кодоскоптың көмегі арқылы көрсетілетін суреттер, сызбалар, кестелер), диапозитивтер, диафильмдер, кодофильмдер және дыбыссыз кинофильмдер жатады.
Виртуалды білім беру ортасы - Бірыңғай технологиялық құралдарды пайдалана отырып электронды желіге оқу процесін енгізуді, оған ақпараттық қолдау көрсетуді және құжаттауды қамтамасыз ететін бағдарламалық-телекоммуникациялық орта. Виртуалды білім беру ортасы оқу орнының мамандануы мен білім беру деңгейіне қарамастан кез келген оқу орны үшін ашық болуы тиіс.
Гипермәтін - (ағылш. hypertext) – мәтінді берудің, ұйымдастырудың ерекше тәсілі. Қосымша элементтерді басқару мақсатында ішіне арнаулы код орналасқан мәтін. Гипермәтін ақпараттың қарапайым мәтін, сурет, дыбыс, бейне сияқты бірнеше түрін оңай біріктіруге мүмкіндік береді. Гипермәтіндік жүйе оқыту саласында 80-жылдардан бастап әзірленген, қазіргі таңда гипермәтін термині әртүрлі салаларда қолданылып келеді. Қазіргі таңда гипермәтін интерактивті оқыту ортасының принципі ретінде тілді үйретудің компьютерлік оқыту курстарын жасау кезінде кеңінен пайдаланылады.
Дамыта оқыту - (ағылш. developing education). Оқушылардың білімді өз бетінше іздеуіне, шығармашылық тұрғыдан ізденуге негізделетін оқыту, бұл оқушының бойында тапқырлық қасиеттерінің болуымен, білім мен шеберліктерді туындаған жағдайға сәйкес пайдалану. Қазіргі тілдерді үйрету әдістемесінде дамыта оқыту жекелеп оқыту тәсілі, сондай-ақ оқушыға баса назар аударылған тәсіл аясында айтарлықтай сәтті жүзеге асып келеді. ХХ ғ. 30 ж. Л.С.Выготский оқыту мен дамытудың арақатынасы туралы мәселені қарастыра келе дамыта оқыту теориясының негізін қалады.
Дағды - автоматты түрде жасауға дейін жеткізілген әрекет; көп рет қайталау жолымен қалыптасады. Оқыту процесінде, әсіресе, жалпы оқу дағдыларын, пәнаралық мәндегі, жазу дағдыларын қалыптастыру қажет. Дағды – алғашқыда саналы орындауды қажет ететін іс-әрекет бөліктерінің қайталап жаттығудың нәтижесінде автоматтандырылуын дағды деп атайды. Дағды сансыз қайталау нәтижесінде де қалыптасатын іс-әрекет болуы мүмкін. Соның нәтижесінде ол автоматтандырылған әрекетке айналып, оңай, шапшаң әрі дәл орындалып отырады. Дағдының физиологиялық негізі – динамикалық стереотип. Мысалы, алғаш жазып үйрене бастаған бала бастапқы кезде өзінің барлық қозғалыстарын санасымен бақылап, көптеген артық қимылдар жасайды (оның бет-әлпеті, бүкіл денесі, аяқ-қолы бір мақсатқа бағытталады), біраз қиналады. Ал жазуға төселген адам өз қозғалыстарын байқамайды, оның орнына жазған нәрсесінің мазмұнына ерекше зейінін бөледі. Дағдының арқасында біздің санамыз қызметтің түпкілікті, шешуші кезеңдеріне жұмылдырылып табысты болуын қамтамасыз етеді. Дағды – көп рет қайталаулар арқылы жеке-жеке орындалуға бейімделген іс-әрекет.
Жалпы құзырет - адамның танымдық белсенділігін сөйлеу қызметінде жүзеге асыруды қамтамасыз ететін білімнің, қабілеттіліктің, шеберлік пен дағдының жиынтығы. Жалпы құзыретке мыналар кіреді: 1) ресми түрде білу (әлем туралы білуі, өмірдің әртүрлі жолдары туралы білуі, өмірден тәжірибе жинауы, білім алуы немесе басқа да деректер); 2) әлеуметтік мәдени және мәдениаралық білімі, яғни белгілі бір мәдениетке тән немесе әмбебап сипатқа ие, өз елі мен тілді үйреніп жатқан елдің мәдениеті арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды, баға жүйесін, әдеп ережелерін, ым-ишара тілін түсінуі; 3) үйреніп жатқан тілдік жүйенің сипаттамасын білуі; 4) адамның жеке-психологиялық ерекшеліктері, сөйлеу қызметін сәтті жүзеге асыруға мүмкіндік береді, сондай-ақ дағдысы мен шеберлігін, шет тілі мен мәдениетін сәтті және нәтижелі меңгеруін қамтамасыз етеді.
Интерактивті (интербелсенді) оқыту - оқушының игерілетін тәжірибесінің қайнар көзі болып табылатын оқу ортасымен өзара байланысына құрылған оқыту. Оқушы оқу процесінің толыққанды қатысушысына айналады, ал оқу процесінің мазмұны қалыптасатын білім, дағды, шеберліктің негізгі қайнар көзі болып табылады. Мұндағы педагогтің қызметі оқушыларды өз бетінше ізденуге итермелеу. Дәстүрлі оқытумен салыстырғанда интерактивті оқытуда педагог пен оқушының өзара қарым-қатынасы өзгеше сипатқа ие болады: мұнда мұғалімге қарағанда оқушы белсендірек болады, ал педагогтің мақсаты – оқушылар көтерген бастаманы іске асыруға жағдай жасау.
Кейс стади әдісі - (ағылш. case-study). Нақты ақиқатқа және нақты проблемаларға негізделген, оқушыдан ұсынылған ситуацияның орынды шешілуін талап ететін ситуативті оқыту әдісі. Мәселесі көтерілген, жағдай туралы анықтамалық және қосымша ақпараты, әдістемелік материалдары мен нұсқаулықтары бар нақты практикалық жағдайы сипаттаудан тұрады. Мәселені анықтау, оны жан-жақты қарастыру, жетіспейтін ақпаратты іздеуді жүзеге асыру, өз пікірін дәлелдеу сияқты шеберліктерді дамытады.
Кейс технологиясы - мәтін (кейстік), аудиовизуалды және мультимедиалық оқу материалдарын пайдалануға негізделген оқыту технологиясының бір түрі. Дәстүрлі немесе қашықтан оқыту кезінде студенттердің оқу материалын өз бетінше меңгеруі үшін қолданылады.
Когнитивтік лингвистика – танымдық құрылымдардың лингвистикалық сәйкестіктері мен мүмкіндіктерін анықтау, белгілі бір тілдік жағдайды қойылатын мақсатқа, әсер етуші себеп-салдарға орай әр түрлі тілдік құралдар арқылы сипаттау, олардың әр келкі деңгейде қабылдану өзгешелігін зерделеу;
Лингвомәдени концепт - жалпы бір ұлт мәдениетінің басты элементі, адамның ментальды әлемінің басты ұяшығы; этномәдени санада сақталған, белгілі бір ұлттың ұрпақтан ұрпаққа берілетін ықшам әрі терең мағыналы шындық болмыс, ұлттық мәдени құндылықтары жөніндегі сан ғасырлық түсінігін білдіретін құрылым (Ислам Айбарша);
Лингвомәдениеттану -лингвистика мен мәдениеттану пәндерінің тоғысуында пайда болып, халық мәдениетінің тілдегі әсерін, ерекшелігін, жаңаша көзқараспен салыстыра зерттейтін сала.
Метатанымдық дағдылар - Жалпы оқулық, пәнаралық танымдық дағдылар. Метатанымдық дағдыларға сұрақ қою, болжам жасау, мақсат пен міндетті айқындау, бұл міндеттің ілгері міндетпен байланысы, жұмыс ұласымдылығы, міндет не мәселені құрауыштарға бөлу, өз іс-әрекетін үнемі бақылау және талдау, оларды оңжау, нәтижелерін бағалау, т.б. жатады. Қазіргі кезде метатанымдық дағдылар кез келген оқытудың басты міндетін айналып отыр.
Модульдік оқыту - оқу ақпараты модульдерге (аяқталған және жеке бірліктерге, ақпарат бөлігіне қатысты) бөлінетін білім беру процесін ұйымдастыру түрі. Бірнеше модульдердің жиынтығы белгілі бір оқу тақырыбының немесе тіпті, барлық оқу пәнінің мазмұнын ашуға мүмкіндік береді. Модульді оқыту оқушылардың жеке оқу және практикалық қызметін іске қосуға ықпал етеді.
Мәдениет – адамзат өмірін ұйымдастырып, дамытатын арнайы тәсілдер жиынтығы; қоғамның дамуын сипаттайтын тарихи деңгей; белгілі-бір адам әрекетінің қалыптасу негіздері; ұлттар мен этностардың тарихи дәуірлеуінің сипаттамасы; қоғамдық, этикалық нормалардың даму деңгейі.
Оқытудағы теория мен практиканы сабақтастығы - теориялық білімнің іс жүзінде білім, дағды, шеберлік тұрғысынан көрініс табуы. Оқушыларды нақты іс-әрекетке үйретеді, тиісті әрекетке бейімделуге икемдейді.
Құзыреттілік - (лат. competens – қабілетті). Белгілі бір пәнді оқыту барысында қалыптасатын білім, дағды, шеберлік жиынтығы, сондайақ алған білім, дағды, шеберлік негізінде қандай да бір қызметті орындауға деген қабілеттілік. Бұл терминді Н. Хомский генеративті грамматика мәселелерін зерттеумен айналысып жүрген кезде енгізген болатын. Бастапқыда термин белгілі бір туған тілдегі тілдік қызметті орындауға қажет қабілеттілік деген мағынаны білдіретін.
Ұлттық мәдениет - этникалық мәдениеттің негізінде қалыптасатынына қарамастан, жазу мен білім жүйелеріне қатысты сұрыпталып, қоғамның әлеуметтік-саяси әрі технологиялық дамуында, әдебиеті мен өнерінде, пәлсапасы мен ғылымында көрініс табатын құбылыс, ғалымдар бұл ұғымды «белгілі бір елде, мемлекетте тіршілік ететін адамдардың рухани өмірін сипаттайтын символдар, наным-сенімдер, құндылықтар, өзін-өзі ұстау нормалары сынды ерекшеліктерден құралған күрделі құрылым» деп сипаттайды
Ұлттық-мәдени кеңістік және этномәдени белгілер - өзге мәдени құбылыстармен бетпе-бет келгенде ғана айқындалатындықтан әрі мағыналық ерекшелігін информациялар мен эмоциялар тізбегі, адам өмір сүретін және қызмет ететін виртуалды әрі шынайы шарттар құрайтын ерекшеліктер;
Этностереотип - қaндaй дa бір ұлт, этносқa тән тaрихи қоғaмның әлеуметтік тәжірибеде негізделген қоршaғaн ортaны тaну мен тaнысудa aқпaрaтты өзінше тaлқылaудың (интерпретaция), сүзгілеудің, қaбылдaудың үлгісі, түсінігі, бейнесі. Ол ұлттық мәдениеттің ажырамас бір бөлігі бола тұра, елдің тарихи-мәдени дамуының ықпалымен қалыптасатын ұлттық мінезбен тығыз байланысты.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет