Қазақ әдебиетінен функционалдық сауаттылықты қалыптастыру әдістемесі пәнінің мақсаты мен міндеттері Функционалды сауаттылық» пәнінің мақсаты мен міндеттері: Пәннің мақсаты: «Функционалдық сауаттылық»


А.Байтұрсынұлы және т.б. ұлт қайраткерлерінің әдебиетті оқытудағы концептуалды ойларын саралау



бет6/71
Дата12.04.2023
өлшемі1,45 Mb.
#81809
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   71
Байланысты:
жауаптары

5. А.Байтұрсынұлы және т.б. ұлт қайраткерлерінің әдебиетті оқытудағы концептуалды ойларын саралау

Әдебиет теориясын жан-жақты талдап көрсетілген еңбектің бірі - «Әдебиет танытқыш». А.Байтұрсынұлы еңбекте қазақ әдебиетінің қағидаларынан талдаудан бастап, өлең құрылысын, шығарманың құрылысын, шығармаларадың мазмұны пен пішінін, әдеби бағытын жан-жақта саралап талдаған. Еңбекте қазақ әдебиеті пәнінде қолданылатын терминдердің мағынасын ашып берген. Əдебиеттануға кіріспе, əдебиет теориясы курстарын оқытуда ғалымның түсінікке жеңіл, нақты да дəл берген анықтамалары мен ғылыми деректері таптырмас құрал екендігіне əдебиетші мамандардың көздері əбден жетті [2]. Қазақ әдебиетіндегі ең күрделі мәселелердің бірі - жанр. Соның ішінде әдебиеттің түрлері мен тектері туралы зерттеулер еңбектің бірініше бөлімінде ерекше талданып, сараланып көрсетілген.
Әдебиеттану пәніне зор үлесін қосқан тағы да бір ұлт қайраткерлерінің бірі - М.Дулатов. Қазақ халқын білімге, мәдениетке шақыру үшін бірнеше өлеңдер мен шығармалар жазған. М.Дулатұлы қазақ әдебиетінде роман жанрын дүниеге келтірген. М.Дулатовтың педагогикалық көзқарасы мен идеясын келер болсақ, мұғалімдер қолданып келе жатқан әдіс-тәсілдерге ұқсас бірнеше әдіс-тәсілдерге тоқтала кеткен. Әдебиет саласында өлең, роман, поэма жазып қана қоймай, әдебиетті оқытуда өзіндік педагогикалық көзқарастарын білдірген. Әдебиетке орасан зор үлесін қосқан, әдебиетті оқытуда өзіндік көзқарастары мен пікірін білдірген ұлт қайраткерлеріміз өте көп. Әсіресе Ж.Аймауытов педагогика саласына қосқан үлесі өте көп. Баланы тәрбиелеуден бастап, білім беруге дейінгі жолда қолданылатын әдіс-тәсілдерге талдау жасаған.
Қазақ әдебиетінен фунционалды сауаттылықты қалыптастыру жолында да ұлт қайраткерлері өзіндік ойларын айта кеткен. Соның бірі - Ж.Аймауытов.
Ж.Аймауытов: Балаға ең қымбат, ең жылы, жақын нәрсе – туған жері, туған жерінің құбылыстарын білу балаға өте қызық. Мұндай оқыту жүйесі жергілікті өмірге, табиғатқа терең мазмұн беріп, оларды баланың санасында жандандырып, оларға баланың махаббатын арттырады, бала әлеумет тұрмысына, төңіректегі әлемге терең көзбен қарап үйреніп, жолығатын қиын мәселелерді оңай шешетін болады, бұрынғыдай мектептен шыққан соң, бала үйренген білімін ұмытып қалмайды, қайта білгенімен өмір жүзінде пайдаланатын болады.
....Балаларға туған жердің табиғатын, туған елдің әдет-ғұрпын, мінезін үйреніп, хәкімшілік, әлеумет мекемелерімен, олардың қызметтерімен, сауда кәсібімен, қатынасу жолдарымен таныстырып, жергілікті тарихи ескерткіштердің қатынасын түсіндіріп, балаларды бұрын білмейтін, жат нәрсемен яғни әлеумет ғылымымен таныс қыламыз»,–деп бүгінгі заманауи білім беру талабына сай функциональдық сауаттылық мәселесіне, дәл осы терминмен айтпаса да, терең талдау жасап, нанымды тұжырым айтқан.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет