Қазақ әдебиетінен функционалдық сауаттылықты қалыптастыру әдістемесі пәнінің мақсаты мен міндеттері Функционалды сауаттылық» пәнінің мақсаты мен міндеттері: Пәннің мақсаты: «Функционалдық сауаттылық»


Білім беру үдерісінде әдеби шығарманы көркем қабылдау жолдарын ұйымдастыру



бет43/71
Дата12.04.2023
өлшемі1,45 Mb.
#81809
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   71
Байланысты:
жауаптары

46. Білім беру үдерісінде әдеби шығарманы көркем қабылдау жолдарын ұйымдастыру.
Оқушылардың көркем шығарманы қабылдау үдерісінде жас ерекше-лік мәселесіКөркем шығарманы оқушының оқырман ретіндегі қабылдауы – оның өміртанымдық, эмоциялық, эстетикалық тәжірибесіне сүйенетін күрделі шығармашылық үдеріс. Таным дүниесінде көркем шығарманың алғашқы әсері аса маңызды. Көркем шығарма күрделі танымдық жүйе деп қарастырар болсақ, сол жүйеге дендеп бойлау үшін де алғашқы қабылдау аса маңызды. Оқушының алдағы көзқарасы мен танымына, сезіміне бірден бір ықпал ететін де көрем әлеммен алғашқы қауышу. Егер ол поэзиялық шығарма болса, композициялық құрылым жігін айқындап, логикалық, психологиялық екпіндерін дұрыс түсіре, мәнерлеп оқылған мәтіннің өзі оқушылардың алғашқы қабылдауына ықпал етіп, алдағы түсінік деңгейін жеңілдетеді. Ал прозалық шығарманы оқушының өздігінен оқуына ықпал ету – мұғалімнің аса жауапты ісі.
Р.С. Немов сөзімен айтқанда: «қабылдау дегеніміз – адамның сезім мүшелеріне тікелей әсер ету барысында обьектінің түрлі жеке-жеке қасиет-терінің жинақталғанын танытатын психикалық процесс»1– деген түйіндемежасайды.
Б.С.Мейлах: «Қабылдау деңгейі әр факторларға: оқырманның мәдениеті мен білімі, эстеикалық-этикалық тәрбиесіне, психо-физиологиялық ерекшеліктеріне, өмір құбылыстарына байланысты, өйткені көркем шығар-маны қабылдау – тек шығарманың авторымен араласу емес, жаңа дүниенің, өзіңді танудың, ғибрат, ләззат алу мен өзіңді тәрбиелеу» дейді2 .
Психолог О.И.Никифорова көркем шығарманы қабылдауды үш кезеңге бөледі: «1 кезең – елестеу, 2 кезең – идеялық мазмұнын түсіну, 3 кезең – көркем шығарманың оқырманның жеке тұлғасына әсері»3. Көркем шығарманы қабылдау мен тану үдерісіне бірден-бір ықпал ететін талдау жұмыстары. Көптеген әдіскерлер мен психологтар «өнертану» дегенді талдаудың нәтижесіне балайды. Көркем шығарманы түсініп, түйсіну, қабылдау үдерісі оқырмандықты қалыптастыру міндеттерінен тысқары емес. Оқырмандықты қалыптастыру барысында оқушының дүниетанымы, рухани әлемі, тұлғалық болмысы дамиды. Көркем шығарманың оқушы танымы мен қабылдауына ықпалы туралы әдебиетші-әдіскерлер де, психологтар да өз зерттеулерінде қарастырған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет