Қазақ әдебиетінен функционалдық сауаттылықты қалыптастыру әдістемесі пәнінің мақсаты мен міндеттері Функционалды сауаттылық» пәнінің мақсаты мен міндеттері: Пәннің мақсаты: «Функционалдық сауаттылық»


Көркем шығарманы функционалдық сауаттылық тұрғысынан оқытуда проблемалық-тақырыптық талдау жолдары



бет44/71
Дата12.04.2023
өлшемі1,45 Mb.
#81809
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   71
Байланысты:
жауаптары

47. Көркем шығарманы функционалдық сауаттылық тұрғысынан оқытуда проблемалық-тақырыптық талдау жолдары
Мектепте әдебиетті оқытудың мән-маңызы көркем туындыны оқыту, талдау, оқырмандық пікір қалыптастырумен ашылмақ. Көркем туындыны оқу бар да, талдау бар. Талдау оқусыз жүзеге аспайды. Оқу баланың өз еңбегімен жүзеге асс, талдау мұғалім, оның ұйымдастыруы, жобалауы, тиімді жағын ойластыруы арқылы жүзеге асады. Көркем мәтінді оқушы қалай оқып, қабылдайды, қандай ой туады, өз көзқарасын қалай жеткізеді – бұл оқушы мен мұғалімнің бірлескен еңбегінің жемісі болмақ.
Қазіргі әдістемеде талдау жасаудың 4 түрі /образ бойынша, тақырыптық, проблемалық, тұтас немесе автор ізімен/ ұсынылып жүр. Қандай талдау түрі болса да, не мақсат көзделеді? Бұл сұраққа әдіскер Қ.Бітібаеваның сөзін негізгі ала жауап берсек:
1.Оқушының туындыны қабылдауы, әсері, эмоциясын тану,
2.Эстетикалық талғамын қалыптастыруға сеп болу,
3.Таным қабілеті, ойлау белсенділігі мен дербестігін ұштау,
4. Ең бастысы – көркем туынды бойынша талдау жасау, пікір айту жолдарын меңгерту /тақырыбы, авторлық идея, образдар жүйесі, сюжеттік-композициялық ерекшелігі, көркемдік-эстетикалық жағын т.б. кешенді түрде қарастыру/.
Көркем туындыны оқытып, сауатты талдауға қол жеткізу үшін автордың мақсат-мұратын, ойын білдіретін әрбір деталь, көркемдік тәсілді дәл танып, жазушы шеберлігін оқушыға дұрыс таныта білу керек.
Оқушының танымдық-шығармашылық қабілетін, ойлау белсенділігін дамытатын, өз жоба-жорамалын ұсыну, салыстыру негізінде дұрыс шешім табуға жетелейтін әдістің бірі –проблемалық\талдау.
Ол көркем туынды негізіндегі проблеманы дәл танып, ізденіске, әдеби айтыс-тартысқа жетелейтін сұрақтар әзірлеуді қажет етеді. Сұрақ авторлық идея, проблема, кейіпкер іс-әрекеті т.б. негізінде туындайды.
Осы негізде талдаудың мынадай жобасын, үлгілерін ұсынамын:
ІІ. Көркем туынды негізіндегі автор ойы, идеясына талдау жасау.
10-сыныпта М.Дулатовтың азаматтық лирикасын оқытуда мәселеге дәстүр және жаңашылдық тұрғысынан қарау, отаршылдық езгіге қарсы күрескерлік үні, әсіресе жер мәселесін ХҮІІІ ғасырдағы жыраулар поэзиясы, ХІХ ғасырдағы «зар заман ақындары», Махамбеттің күрескер поэзиясынан бастап талдау тиімдірек. Дәстүрлі тақырып, оған Міржақыптың жаңаша көзқарасы, жаңаша жырлауы туралы сөз қозғау оқушының өткен материалға қайта үңілуіне, негізгіні саналы игеруіне мүмкіндік туғызады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет