45. Функционалдық сауаттылықты дамытуға байланысты ғылыми еңбектерді саралауиже, қажетті ресурс нақты көрсетілген.
«Функционалды сауаттылық» ұғымынның педагогикалық теорияда және практикада ғылыми тұрғыдан анықталуына келер болсақ, психологиялық-педагогикалық әдебиеттерде бұл ұғымның бірізді анықтамасы әлі күнге берілмеген.
Сауаттылық – көпқұрылымды. Қазіргі түсінік бойынша – бұл жай ғана жаза алу және оқи алу емес. Сауатты адам – бұл өзінің білімдік әлеуетін одан әрі жинақтауға және дамытуға дайын адам. Сауаттылық адамға алдағы мүмкіндіктерін анықтауға жағдай жасайды, яғни сауатты адам өзінің алдағы әрекетін алдын ала болжауға қабілетті болады.
Қазіргі педагогикалық терминологиялық сөздікте «функционалды сауаттылық – адамның қоғам өмірінің барлық салаларында сауатты, білікті түрде қызмет ете алуы» деп түсіндіріледі.
Сауаттылық ұғымының мазмұндық көлемі қоғам тарапынан жеке адамның сауаттылық деңгейіне қойылған талаптармен бірге өзгеріп келеді. Сан ғасырлар бойы «сауатты адам» ретінде оқып, жаза алатын адамды таныды, ал оқып, бірақ жаза алмайтын адамды «жартылай сауатты» деп есептеген. Бұл үрдіс ХХ ғасырдың соңына дейін жалғасты. Анықтамалықтарда, түрлі педагогикалық, энциклопедиялық сөздіктерде сауаттылық термині «ана тілінің заңдылықтарын ауызша және жазбаша сөйлеуде белгілі бір деңгейде білу дағдысы» деп түсіндірілді.
Халықаралық тәжірибе бойынша «сауаттылық» ұғымын, оның құрылымын анықтау мәселесі ХХ ғасырдың орта тұсында халық санағына қатысты жиындарда қарастырылды. 1958 жылы Париж қаласында өткен ЮНЕСКО-ның бас конференциясында барлық елдерде халық санағын жүргізе отырып, тұрғындардың ішінде сауатты адамдардың санағын анықтау ұсынылды, бұл ретте сауатты адам ретінде оқып, жазылғанды түсінетін және өзінің күнделікті өмірі туралы қысқаша мазмұндап жаза алатын адам саналса, жоғарыда айтып өткеніміздей, тек оқи алатын адам – жартылай сауатты болып саналды.
Педагогика ғылымында «функционалды сауаттылық / сауатсыздық» жаңа ұғымы табылады. Бұл ұғым өткен ғасырдың 60-жылдары пайда болып, дамыған елдерге қатысты халықаралық мәселе ретінде ЮНЕСКО-ның құжаттарында белгіленді.
70-жылдардың ортасына қарай халықаралық тәжірибеде «сауаттылық» ұғымының түсініктемесіне өзгеріс енді. 1965 жылы Тегеранда өткен сауатсыздықты жоюға арналған Бүкіләлемдік конгресте «функционалды сауаттылық» термині ұсынылды, ал 1978 жылы Білім беру саласындағы статистиканы халықаралық стандарттау туралы ұсыныста ЮНЕСКО тарыпанан ұсынылған түсініктеме қайта қарастылып, «функционалды сауаттылық – барлық әрекет түрлерінде болады, тиімді қызмет ету үшін қажет сауаттылық және өзін-өзі және қоғамды (әлеуметтік ортаны) дамыту үшін оқу мен жазуды пайдалану мүмкіндігі» деп анықталды.
Өткен ғасырдың 80-жылдарының соңында «сауаттылық» ұғымы кеңейе бастады.
Осылайша сауаттылық ұғымының нақты мазмұны тарихи тұрғыдан қоғамның жеке адамның дамуына қойған талаптарының өсуімен бірге кеңейе түсті.
Қазіргі қоғамдық өмірдің басты белгісі – қоршаған әлемнің үлкен жылдамдықпен өзгеруі. Адамзат тарихында алғаш рет зат, идея, технология ұрпақтар сабақтастығынан да тез ауысып жатқаны белгілі. Мұндай өзгерістер қоғамның барлық салаларына, соның ішінде білім беру жүйесінде де айтарлықтай ықпал етуде. Жаңа қоғам өмірдің жаңа талаптарына және кәсіби әрекетке сәйкес адамдарды дайындауды, осы ортада өзбетінше әрекет етуге үйретуді, оның мүмкіндіктерін тиімді пайдалануды және кері әсерлерден қорғауды үйретуді қажет етеді.
Білім беру жағдаяттарының ерекшелігі ретінде көптеген елдердегі тұрғындардың білім деңгейі функционалды сауаттылықты қамтамасыз етпеу фактісін атауға болады. 1987 жылы Канадада жүргізілген зерттеу қорытындысы бойынша 18 жастан жоғары 3 миллионға жуық канадалықтар функицоналды сауатсыз, бұл жалпы халықтың 29,5 %-ын құраған. Функционалды сауатсыз адамдардың 50 пайызы оныншы сыныпты бітірсе, үштен бір бөлігі орта мектепті, ал 8 пайызы университет дипломын иеленген адамдар болған.
Осындай нәтижелер басқа да елдерде де анықталған, Зерттеуші Клаус Мозердің 1999 жылы Ұлыбританияда жүргізген жұмыстарының нәтижесінде 7 миллион (ересектердің 5-тен 1-і) британдықтың функционалды сауатсыз екенін анықталған. Сондай-ақ 3 миллионға жуық немістер функционалды сауатсыздардың қатарынан саналады.
ХХІ ғасырдың басында АҚШ-тағы функционалды сауатсыздар қатары 84 миллион болған, 25 миллион адам дәрідегі көпіршіктердің не екенін түсінбеген, 22% ересектер конвертке мекенжайды дұрыс жаза алмаған. Осыдан кейін 75%-ға жуық ірі компаниялар өз жұмысшыларына оқу дағдысын жетілдіру үшін бағдарламалар ұсынуға мәжбүр.
Қазіргі таңда білім сапасын бағалау бойынша ірі зерттеушілер ретінде мойындалған бірнеше ұйымдар бар, олардың қатарында IEA, TIMSS, PISA (Programme for International Student Assessment) сияқтыларды атауға болады. Мұндай зерттеулерге әлемнің 50-ге жуық мемлекеті қатысады, оларда көбінесе өсіп келе жатқан жастардың білім деңгейі бағаланады.
Мәселен, PISA – халықаралық білім жетістіктерін бағалау бағдарламасы.
2013 жылдың 3 желтоқсанында Экономикалық әріптестік және даму ұйымы PISA-2012 қорытындысын жариялады. 65 елдің ішінде қазақстандық қатысушылар математикадан 49-шы орын алды. 52 орын – жаратылыстану дисциплинасынан, 63 орын оқу сауаттылығынан деп мәлімдеді.
2000 жылы алғаш рет ұйымдастырылған зерттеу әр үш жылда бір рет болады. Біздің ел PISA-ға осымен үшінші рет қатысқалы отыр. Алғашында 32 елде өткізілген бағдарламаның маңыздылығын түсінген мемлекеттердің саны артып келеді. PISA-ға 2015 жылы 70-ке жуық ел қатысқан.
Зерттеуге қатысатын білім беру ұйымдарының тізімін АҚШ-тың WESTAD халықаралық ұйымы іріктейді. Қатыстырылатын мектептер мен оқыту орталықтарының тізімі PISA-ның басталуына бір ай уақыт қалғанда жария етіледі.
Үздіксіз білім беру тұжырымдамасы тұрғысынан функционалды сауаттылық компоненттерін меңгеру / иелену үдерісі өмір бойына созылады. Демек, адамның функционалды сауатттылығы тоқтап қалатын үдеріс емес, адам функционалды сауаттылық компоненттерін толықтыра отырып, өзін дамытады, осы арқылы қоршаған қоғамның дамуына үлес қосады.
Ғалымдардың пайымдауынша, қазіргі жағдайда сауатты адам ретінде білімді өзбетінше алатын, қорытатын және тиімді түрде пайдаланатын адам қарастырылады, ол оны тек тар кәсіби салада ғана емес, қоғамдық істерде, өз отбасылық өмірінде, өзін-өзі жан-жақты дамытуда пайдалана алуы тиіс.
Мысалы, студенттердің функционалды сауаттылығына қатысты алатын болсақ, студент негізгі білімді, оның ішінде белгілі бір қажетті сауаттылық компоненттерін университет қабырғасынан алды. Білімді игерудің, оны пайдаланудың жолдарын игерді, үйренді, белгілі бір дағдылары қалыптасты. Бүгінгі студент ертеңгі маман, мәселен мұғалім мектепке барып еңбек жолын бастаған түрлі жағдаяттарда өзінің білімін одан әрі жалғастыра береді, ол университет қабырғасынан үйренген білімді алудың, жинақтаудың, қорытудың, жалпы әрекет етудің тәсілдерін меңгерді, оны өмір бойы пайдаланады және дамыта береді.
Жас маман білім берумен қатар оқушыға тәрбие беретін мектептегі негізгі тұлға. Олай болса оның алдынан түрлі жағдаяттар туындауы мүмкін. Әртүрлі шешімдер қабылдауда маман неге сүйенеді, әрине өзінің функционалды сауаттылығына, жинаған тәжірибесіне сүйенеді.
Қазіргі дамыған технология заманында өзгерістер жылдам енуде. Бүгін жаңа нәрсе, ертең жаңа қалпынан айырылады, осымен байланысты функционалды сауаттылық үздіксіз, өмір бойына дамытуды қажет етеді. Функионалды сауаттылық деңгейіне байланысты адам саналы түрде әлеуметтік үдерістерге қатысы алады.
И.А. Колесникова көрсеткеніндей, студенттердің функционалды сауаттылығын қалыптастыруда үздіксіз білім берудің мазмұны үш негізгі маңызды саланы қамтуы тиіс:
- сауаттылықты үйрету – компьютердің, функционалдық, әлеуметтік және т.б.;
- кәсіби оқыту – кәсіби дайындық, қайта даярлау, біліктілікті көтеру;
- жалпы мәдени – еңбек әрекетімен байланысты емес қосымша білім.
Функционалды сауаттылық нақты бір статикалық жағдаятта көрініс табады, сондай-ақ функционалды сауатсызық та жағдай, өмір сүру салты, кәсіби әрекет түрі өзгергенде көрінеді.
- оқу-танымдық әрекетті бағыттауды, жоспарлауды, талдауды, өзін-өзі бағалауды ұйымдастыра білу, үйрене білу;
- өнімді әрекеттің қарапайым дағдыларын меңгеру: шынайы өмірден тікелей білімді жинақтау, стандарттық жағдайларда әрекет ете білу;
- фактілерді жорамалдардан айыра білу, танымның ықтималдық, статистикалық және басқа әдістерін пайдалана білуі;
- зияткерлік және ойлау әрекетінің белгілі бір даму деңгейінің болуы, атап айтқанда, талдау, синтездеу, салыстыру, жүйелеу, қорыту, жорамалдау т.б.
Коммуникативтік құзыреттілік
-басқа адамдармен өзара әрекет ету қабілеті;
- өзін-өзі таныстыру, хат жазу, сауалнама толтыру, өтініш жазу, сұрақ қою, пікірталасқа түсуі;
- көпшілік алдында сөйлей білу және өз жұмысының нәтижелерін ұсыну (соның ішінде «таныстырылым» (презентация) жүргізіп тұру);
- жазбаша ақпаратпен жұмыс істей білу, ақпаратты оқу және талдау, түрлі мәтіндерді жазу;
Әлеуметтік құзыреттілік (әлеуметтік-еңбек)
- қысылмай өйлеу, жазбаша сөйлеуде қиындықтардың болмауы, ақпараттарды интерпретациялай білуі;
- ана тілінде және шет тілінде ауызша және жазьаша формада қарым-қатынас жасай алу;
- қарым-қатынас нормаларын және шектеулерді білу, салт-дәстүрді, қарым-қатынас саласындағы этикетті білу, адамгершілікті, тәрбие межелерін сақтау;
- еңбек және азаматтық өзара қарым-қатынас этикасын білу;
- түрлі әлеуметтік ортаға тән коммуникативтік құралдарды дұрыс пайдалана білу;
- әлеуметтік-еңбек саласындағы білімі мен тәжірибесі;
- қазіргі қоғамда өмір сүру үшін қажетті ең қажетті әлеуметтік белсенділік және функционалды сауаттылық;
- ақпаратты қабылдау, сақтау, өңдеу, тарату және түрлендіру қабілетінің болуы және т.б.
Студенттердің функционалды сауаттылығы дегеніміз – алған білімі мен тәжірибесінің қоғамның түрлі салаларында нақты жағдаяттарды тиімді түрде қызмет етуі