Қазақ әдебиетінен функционалдық сауаттылықты қалыптастыру әдістемесі пәнінің мақсаты мен міндеттері Функционалды сауаттылық» пәнінің мақсаты мен міндеттері: Пәннің мақсаты: «Функционалдық сауаттылық»



бет35/71
Дата12.04.2023
өлшемі1,45 Mb.
#81809
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   71
Байланысты:
жауаптары

36. Мінезтану,көркемдік антропология

Көркем антропологиятөл әдебиетіміздің аз зерттелген саласы болып табылғанымен, оны өнертанудағы тіптен жаңа бағыт деп санауға болмайды. Өйткені ол жеке өнердің теориясы мен дағдысын зерттеуде антропология ғылымының жетістіктерін жинақтайды. Қазіргі қазақ прозасындағы көркем антропологиялық ізденістерді зерттеу, әр кезеңдегі әдеби үдерістегі жазушылар шығармашылығының антропологиялық образдарын айырып қарау әдебиеттегі адам бейнесін тарихи, типологиялық, салыстырмалы-салғастырмалы аспектіде танып-білуге мүмкіндік береді.


Бірақ қазақ әдебиетіндегі көркем антропология өз бағасын әлі алған жоқ. Тәуелсіздік кезеңі тұсындағы қазақ прозасында рухани болмысты ұлттық идея негізінде кейіпкер болмысы арқылы ашуға деген көркем антропологиялық ұмтылыстар кеңінен өріс алды. Адамның жеке дене мүшесіне көркемдік салмақ арту арқылы ұлттық дүниетанымға тән қасиеттерге, көзқарастарға келудің өзі де түрлі қолтаңбалық ерекшеліктерімен көрініс тауып отыр. Г.Шойбекованың «Бұрым» атты әңгімесі – шап-шағын, бар-жоғы екі-ақ беттік әңгіме. «Бұрымыңды кескенің – ақылыңды кескенің», – деді әкесі.
«Бұрымыңды кескенің – өмір жолыңды кескенің», – деді анасы.
«Бұрымыңды кескенің – жаңа өмірге келгенің», – деді құрбысы
«Осы үшеуінің қайсысы әулие», – деп ойлады ол», – деген Г.Шойбекованың «Бұрым» атты әңгімесіндегі қазіргі қазақ қызының типтік моделі өзгешелеу болып келеді. Жазушы бүгінгі әйел тағдырын ой өзегі ете отырып, уақыттың өзі тудырған бұл модельдің жан дисгормониясына үңіледі де, бүгінгі ұлттық таным шындығын мегзейді.
Суреткердің алып отырған көркемдік деталі ұтымды шыққан. Бұрым – деталь қызметін атқарғанмен, символға айналып отыр. Бұрым қазақ әйелінің сұлулығының, ұлттық бет-бейнесінің, танымының белгісі іспетті. Біздіңше, өз дүниетанымында, мінез болмысында лирик-романтик жазушының бұл әңгімесінде өмір-болмыс бейнесі авторлық «менімен» үндесіп әрі қым-қуыт қақтығыстарға түсе бейнеленеді. Оның кейіпкері – сырт қарағанда төрт құбыласы тең көрінгенімен, жан дауасын таппай жүрген жан. Автор-кейіпкердің жалғыздығы бір өлшемге сыймайды. Жазушы ұғымында Бұрымды қыздың жалғыздығы, жан жалғыздығы деген – тым күрделі нәрсе. Г.Шойбекованың «Бүйрек» атты әңгімесінің көркемдік әлемін тану үшін көркем антропологиялық ізденістер арқылы шешім табуға тура келеді. «Бір бүйрегің бұрып тұр ма?», «…Бүйрегім бүлк ете қалды…», «…безбүйрек екенсің», «бүйрек бет» деп қазақ атамыз тегін айтпаған. Бүйрекке қазақ сонша мән беруінде маңызы бар екен. Оның себебін Г.Шойбекова өзінің «Бүйрек» атты әңгімесінде ашып көрсетуге тырысқан. Жазушы кейіпкерінің сауалы арқылы өз жұмбағын алға тартады. Автордың ұсынып отырған жұмбағының түйіні шығармасының соңында бірақ шешіледі. Автордың айтпағы: кейіпкерлерінің қарым-қатынасын махаббатқа жорып, тым келте қайырмай, адамдар арасында махаббаттан да биік жақындық, табиғи туыстық болатындығын түсіндіріп, жеткізу.
Сондай-ақ, қазақтың бір қаны бөлек қытайдың бүйрегін салдырғандықтан, бір адам бүйректерінің, екі түрлі ағзада өмір сүрсе де бірін-бірі іздеуі екі бөтен болмысты туыстастыруы қызықты әңгімеленеді. Әңгімеден шығатын түйін: тағы да Адам болмысының бір туар даралығын, қайталанбас қасиеті, оған болмыстан тыс әсер етудің залалды зардабын көркем зерделеу.
М.Балмолданың «Көшпендінің жүрегі» атты әңгімесінде суреткер әуедегі екі кейіпкердің екі түрлі танымы мен болмысын ақша бұлттар деталін беру арқылы жеткізген. Ақша бұлтты Сэм қазақтың кең сахарасындай қабылдаса, Томның көзіне тек қана ақша бейнесінде көлбеңдейді. Осы шағын деталь арқылы автор қасындағы серігі Томнан болмысы асып түспесе, кем емес кешегі темекі компаниясының қожайынының болмысы табиғи түрде өзгеріске қалай ұшырағанын шым-шымдап суреттейді. Автор екітүрлі орта, екі елдің табиғи өзгешелігін екі түрлі кеңістікті психологиялық салыстыру арқылы бейнелеген. Шығарманың фабуласын құрап келген жүректің иесі – қазақ жігіті Семсер Дәуіт. «Жүрекке әмір жүрмейді», деген осы». Және қандай жүрек? Қазақтың жүрегі… Білдей темекі компаниясының иесін, әйгілі миллиардерді алды-артына қаратпай, өзінің ғажапстанына алды да кетті,- дегенде Шарлоттаның жанары ұясынан шығардай шатынай аларып, өкіріп, жұдырығымен шекесін ұрғылай берді. Жанына келіп оны жұбатпақ болған Томның да иегі кемсеңдеп кетті». Автор шағын әңгімесін осылай аяқтап отыр. Суреткер пайымында: Ағылшын миллиардерінің өмірін басқа арнаға бұрып, өзгеріске ұшырауының себебі де – «бір кесек ет» − жүрек екен. Жүрек болғанда, басқа біреудің емес, ата жұртын аңсаған қазақтың жүрегі. Сол «бір кесек еттің» арқасында көзі тірісінде арман болған туған елі мен жеріне өлгеннен кейін де өзінің ата жұртына деген махаббатқа, сағынышқа толы үлкен жүрегі Сэмді дедек қақтырып алып жетіп отыр (ағылшын миллиардеріне өлген қазақ жігітінің жүрегі салынған). М.Баймолданың бұл туындысы антропологиялық ерекшелікпен жазылған, басқа шығармалардан басты айырмасы – жүрек тұжырымдамасын көркемдік деталь ретінде ала отырып, символдық рәмізге айналдыра білуінде, ұлтық идея мен мүддеге, қазақы танымға әңгіме өзегін құруында деп атап өтер едік.
Сонымен, қазіргі қазақ прозасындағы көркем антропологиялық ерекшеліктерге тоқталғанда қазақ қызының бұрымынан бастап, жүрек пен бүйрек турасында жазылған әңгімелерге тоқталып өттік. Жоғарыда талданған шығармаларға қосымша түрде Г.Шойбекованың «Ұлтабар» атты повесінде. «Бұл қазақтың да қоймайтын аты жоқ. Сөз таппай қалғандай «ұлтабары» несі?! Қайдағы-жайдағы жоқ «ұлтабар». Ауылдағы шешелеріміз мал сойылып, сыбаға таратқанда, жас келіндерге ұлтабар беріп жататын» – деп автор қазақы танымымыздағы ұлтабарға аса мән бере отырып, сюжет желісін құрайды. «Ұлтабар жемеген қазақта әйел заты бар ма екен?» деп сауал қоя отырып, осы ағзаны болашақ аналарға жегізуде не сыр барлығын, қазақтың ырымының астарында нендей жұмбақ құпия жатқандығының жауабын автор мен кейіпкері ғылыми медицинадан іздейді. Қазақтың ертеден оның атқаратын қызметін, пайдасын білгеннен кейін солай атап, ырым етіп қалдырғандығын повестің сюжет желісін ширату арқылы пайымдатады. Қаламгер ұлтабарды көркемдік деталь ретінде ала отырып, болашақ ұрпақтың рәмізіне айналдырып отыр. Әңгіменің ішіндегі дәрігердің әңгімесі арқылы ертедегі, ғылым-білім дамымаған ықылым заманда бабаларымыздың дәлелдеп қалдырып кеткен мұраларын әлі күнге дейін пайдалана алмай келе жатқандығымызды меңзейді. Бүкіл ғылым өзіміздің әдет-ғұрып, салт-дәстүрімізде тұрса да, өзгеден сонылық іздеп адасуымызды да ақырын ғана ишаратпен ұқтырғандай. Ырымды білген қазақтың, оның шығу тегін, бүгінгі күнге пайдасын ұмыт қалдырып жатқандығымызды еске салғандай.
Қорыта келгенде, қазіргі қазақ прозазындағы көркем антропологиялық ерекшеліктер алуан қырынан байқалады. Жоғарыда тоқталып өткен әңгімелердің ішінде Г.Шойбекованың «Бұрым», М.Балмолданың «Көшпендінің жүрегі» атты әңгімелері қазақ қызы мен ата жұртын аңсап өткен қазақ жігітінің рухы мықты қазақы танымын штрих-детальдармен көрсетуге ұмтылса, «Бүйрек», «Ұлтабар» атты екінші бір шығармаларда адам жаратылысының қүпия қалтарысын ашуға ұмтылыс жасалған.
37,38,39 Жұмабике


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет