Қазақ әдебиетінен функционалдық сауаттылықты қалыптастыру әдістемесі пәнінің мақсаты мен міндеттері Функционалды сауаттылық» пәнінің мақсаты мен міндеттері: Пәннің мақсаты: «Функционалдық сауаттылық»


Орта мектептегі әдеби білім: мазмұны, ерекшелігі



бет68/71
Дата12.04.2023
өлшемі1,45 Mb.
#81809
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   71
Байланысты:
жауаптары

63. Орта мектептегі әдеби білім: мазмұны, ерекшелігі
Қазақ әдебиеті пәні жеке тұлғаның үйлесімді дамуына аса қажетті білімдік, тәрбиелік, әр жақты қызметтер атқаратын негізгі эстетикалық пән. Көркем шығармаларда халықтың өмір белестері, елдік, ерлік дәстүрлері, тұрмыс-салты, әдет-ғұрпы, психологиясы, адамгершілік-эстетикалық даналық ұғым түсінігі, арман мұраты көрініс тапқан, қазақтың шешен бай тілі жинақталған.
Сол қазақ әдебиетін жүйелі оқыту үшін арнайы мемлекеттік базалық оқу жоспарына сай жалпы білім беретін мектептің V-XI сыныптарына арналған қазақ әдебиетін оқыту бағдарламасы жасалады.
Орта мектептегі әдеби білім үш сатыдан тұрады. Олар: бастауыш – I-IV сыныптар; V-IX сыныптар; жоғары X-XI сыныптар.
V-VII сыныптардағы білім мазмұнында басты орын – қазақтың ауыз әдебиетіне, шешендік сөздерге, классикалық әдебиетімізге, қазіргі кезең әдебиетіне беріледі. Әлем әдебиетінің классикалық үлгілері білім мазмұнына компонент ретінде енеді.
VIII — IX сыныптардағы бағдарлама мен оқулыққа әр дәуір әдебиеті сұрыпталып алынады. Шығарманың авторы мен материалдар жайлы әдеби-тарихи мәліметтермен байланыстырыла қарастырылады.
Оқулықтағы әдеби білімнің негізі:

  • көне дәуір әдебиеті үлгілері;

  • XV-XVIII ғасырлардағы жыраулар поэзиясы;

  • XIX-XX ғасырлардағы қазақтың классикалық әдебиеті;

  • шетел әдебиеті үлгілері;

  • қазіргі әдебиетіміздің балаларға лайық таңдаулы үлгілері.

Базалық білім 5-9 сыныптарда өдебиетті дербес пөн ретінде оқу осы буыннан басталады. 5-7 сыныптар көркем поэзия, көркем шығармаларды оқып үйренуге негізделген әдеби оқу. Онда өдеби шығарманың мөтінін оқып үйрену, талдау, жинақтау арқылы жүргізіледі. Көркем шығарманы оқып үйренудің әдісі оның жанрлық сипаты мен көркемдік ерекшеліктеріне, көлеміне сәйкес болады.
Шығарманың қүрылысы, тілі, шығармадағы табиғат бейнелері көркем туындының идеялық мазмұнын ашатын құралдары ретінде қаралуы тиіс.
- 5-7 сыныптардағы білім мазмұнында басты орын -қазақтың ауыз өдебиетіне, шешендік сөздерге, классикалық әдебиетімізге, қазіргі кезең әдебиетіне беріледі. Әлем әдебиетінің классикалық үлгілері білім мазмұнына компонент ретінде енеді. Сондықтан мектепте әдебиет пәнін оқу өте тиімді. Әдебиет сабағындағы негізгі көрнекті құрал-мұғалімнің көркем сөзі. Әдебиетші мұғалім сөз құдіретінің күшімен, қуатымен өмірдегі толып жатқан жаңалықтарды жанды құбылыс ретінде елестете отырып, сезімді де селт өткізеді. Ендеше көркем сөзді түрлі әдістермен ашу арқылы негізгі мақсатқа жетуге болады.
5-7 сыныптардағы әдебиет сабағынын мақсаты – оқушыларды кітап оқуға, көркем әдебиетті сүйе білуге тәрбиелеу, мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыру, шығарманың идеялық мазмұнын, көркемдік ерекшелігін таныту үшін оны талдай білу дағдыларын қалыптастыру, тілдерін дамыту, ойын ауызша және жазбаша түрде дұрыс баяндай білуге үйрету, оқушы талғамын қалыптастыру, адамгершілік тәрбие беру.
Әдебиет – көркем өнердің негізгі бір саласы. Оның басты құралы-бейнелі көркем сөз. Көркем әдебиетті әйтеуір оқуға ғана баулымай, 5 сыныптан бастап оны өнердің бір түрі – сөз өнері ретінде сезініп оқуға үйрету керектігін айта келіп, Т.Ф. Курдюмова әдебиетте оқыту процесінің жүйесін былайша құрады.
Бірінші кезең. 1 – 4 сыныптар: көркем шығарма.
Екінші кезең. 5 – 8 сыныптар: көркем шығарма + автор.
Үшінші кезең. 9 – 11 сыныптар: көркем шығарма + автор + тарихи әдеби процесс. Әдебиеттің оқыту жүйесі осылай бірте-бірте күрделеніп кеңейтіледі. Әрбір сыныпта әдебиеттің теориясы мен тарихи материалдары күрделеніп, кеңейтіліп отырылады.
9 – 11 сыныптарда оқытушы оқушыларға әдебиеттің таптық сипаты, әдеби құбылыстардың әлеуметтік-тарихи жағдайларға байланыстылығы туралы, халықтың азаттық қозғалысының әрбір кезеңдерінде әдебиеттің қоғамдық- саяси рөлі туралы түсінік берілді. Бұл сыныптарда өткен оқу жылдарында алған әдеби –теориялық білім дағдылары әрі қарай дамытылып, жүйелі білім алады.
Әдебиетті оқыту көркем шығарманы оқудан басталады. Балаға көркем туындыны оқытпай, әдебиеттен білім беру мүмкін емес. Көркем туындыны жай оқып шығу емес, одан алған әсері, туынды оқушы жүрегіне, сезіміне әсер етті ме, соны білу – мұғалім үшін маңызды. 5-8 сыныптарда әдеби шығармаларды оқу көбіне сыныпта жүргізіледі. Түсіндірмелі оқу арқылы шығарманың алғашқы бөлімдері оқылады, тәжірибеде осы тәсіл жиі кезігеді, себебі мұғалім ол арқылы шығарманы оқуды ұйымдастырады, оқушыларға бағыт – бағдар береді. Түсіндірмелі оқу, әсіресе, күрделі шығармаларды оқу кезінде тиімді болады. Көркем шығарманы оқу үйде, сыныпта жүргізіледі. Бірақ екеуі бір – бірімен тығыз байланыста іске асып отырады. Мысалы, көркем туындыны түгелдей сыныпта оқуға уақыт жетіспейді, сондықтан мұғалім қалауы бойынша ең негізгі, маңызды бөлімдер сыныпта оқытылып, қалған бөлімдері үй тапсырмасы ретінде беріледі.
8-9 сыныптардағы бағдарлама мен оқулыққа әр дәуір әдебиеті сұрыпталып алынады. Шығарманың авторы мен материалдар жайлы әдеби-тарихи мәліметтермен байланыстырыла қарастырылады.
Оқулықтағы әдеби білімнің негізі:

  • көне дәуір әдебиеті үлгілері;

  • ХУ-ХҮІІІ ғасырлардағы жыраулар поэзиясы;

  • ХІХ-ХХ ғасырлардағы қазақтың классикалык өдебиеті;

  • шетел әдебиеті үлгілері;

  • қазіргі әдебиетіміздің балаларға лайық таңдаулы үлгілері

Бастауышта білім берудің жүйесіне қарағанда курстың құрылымы, мазмұны, мақсаты өзгереді. Міндеті күрделеніп, оқушының білім көлемі кеңейіп, эстетикалық қабылдау мүмкіндігі артады. Шығарманы талдауға, бағалауға қажетті білім, білік, икем-дағдылары қалыптастырылады. Көркем шығарманы оқуға деген ынта-ықыласы артады. Ауызекі сөйлеу, жазу тілі дамиды. Әдеби шығармадағы негізгі тақырып, ой қазығы, кейіпкерлердің сөйлеу тілі, жан дүниесі, әр бейненің мінезін танитын болады. Әдеби шығарманың сюжеті, қүрылысы, жанрлық сипаты, кейіпкерлері, халықтық педагогика, халықтық салт-дәстүрі, әдет-ғүрпының қөрінісі, шығармадағы адамгершілік тәрбие, табиғат, сөз қодданыстар зерделеніп, әдеби пікір алмасуға жол ашылады. Әрбір оқушы шығармашылықпен ойлауға, өз ойын қорғауға, шығарманы талдауға, шығармашылық өзіндік ізденіске жаңа, тың жол салынады.
9-сынып базалық білімді аяқтап, орталау мектепті бітіріп, 5-8 сыныптарда алған білімдерін қорытындылайды. Әдеби жанрлардың даму, әдебиет тарихының қалыптасу мәселесін таныту ісі де жеке нұсқаларды талдау, көрнекті қаламгерлердің шығармасын оқып үйрену жүмыстары арқылы жүзеге асады. Әдебиет теориясы өз алдына жеке пән болып оқылмайды. Әрбір шығарманың соңында тақырыпқа сай, көркемдік ерекшелігіне, тіл ұстарту мақсаттарына орай эр сыныпта беріліп отырады. IX сыныпта әдебиет теориясы оқулық соңында "Әдеби-теориялық ұғымдар сөздігі". тақырыбымен топтастырылып берілген. Оқушы әдебиет теориясына қанық болмайынша, көркем шығарма табиғатын тану мүмкін емес. Оны тану үшін әдебиет теориясын толық біліп, шығарманы талдай білуі керек.
10-11 сыныптарда тарихи-әдеби курс өтіледі. Тарихи-әдеби курстан оқушылар қазақ әдебиетінің ең таңдаулы классикалық үлгілерімен танысады. Елеулі орын ақын-жазушылардың шығармашылығына беріледі. Жазушының бір немесе бірнеше шығармасына, кейде толық шығармашылығын оқып үйренуге негізделеді. Жазушының туындыларындағы идеялық, көркемдік ерекшеліктерді таныту шығарманың жанры мен стилін, идеясын, тақырыптарын, характер сомдауын, сюжет таңдауын, композиция қүруын, тіл көркемдігін анықтау белгілі дәуірдің әдеби процесіндегі оның алатын орнын танытуға жол ашады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет