«Қазақ Әдебиеттану ғылымы: ДӘСТҮр және сабақтастық» атты


КОНЦЕПТ ТЕРМИНІНІҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ СИПАТЫ



Pdf көрінісі
бет40/92
Дата23.10.2023
өлшемі2,56 Mb.
#120672
түріСабақ
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   92
КОНЦЕПТ ТЕРМИНІНІҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ СИПАТЫ 
 
Нурланова А.Н. 
Қазақ тілі мен әдебиеті ББ 2-курс магистранты Қ.Жұбанов атындағы АӨУ 
Ақтөбе, Қазақстан 
 
«Концепт» сөзінің мәнін сипаттау мәселесі қазіргі лингвистика ғылымы үшін өзекті 
болып қала береді. Концептілер жүйесі адамның шындықты түсінуін көрсететін дүниенің 
жалпы бейнесін құрайды. Адам заттар әлемінде емес, оның интеллектуалдық, рухани және 
әлеуметтік қажеттіліктері үшін жасаған концептілер әлемінде өмір сүреді. Концептінің 
проблемалық өрісін талдау және дүниенің тілдік бейнесін түсінуді ғылыми білімнің 
салыстырмалы түрде жас саласы – когнитивтік лингвистика жүзеге асырады. 
«Концепт» және «мағына» әртүрлі ғылымдардың терминдері. «Мағына» термині 
логика мен философияда қолданылады, ал концепт математикалық логика, мәдениеттану 
термині қызметін атқарады [1; 12 б.]. Сондай-ақ, концепт қазіргі когнитивтік 
лингвистикадағы негізгі құбылыстардың бірі болып табылады. Қазіргі уақытта «концепт» 
термині көптеген гуманитарлық ғылымдарда кеңінен қолданылады. 
Қазіргі уақытта «концепт» терминінің нақты және дәл анықтамасы жоқ, өйткені ол 
бірден когнитивтік ғылым, семантика және лингвомәдениеттану сынды бірнеше саланы 
қамтиды. Бұл термин лингвистикалық формасы жағынан мағынасы өзіне жақын «мағына» 
терминіне ұқсас. Негізгі міндеті – «ұғым» терминінің барлық аспектілерін қамтитын дәл 
және нақты анықтама беру. 


124 
Философия мен лингвистикадағы концепт –мазмұнға толы сөздің ұғымын, белгілі 
бір атаудың семантикалық мәні болып табылады. Ол сол атаудың өзінен және оның 
объективті мағынасынан ерекшеленеді. Концепт термині көп жағдайда ұғым және 
мағынамен сәйкестендіріледі.
Концепт – тіл ғылымындағы мотив сияқты дәстүрлі өрнекке ие тұрақты 
лингвистикалық немесе авторлық ой [2; 27 б.].
Концептінің құрылымдық сипатына қатысты көптеген көзқарастар бар. Мәселен, 
белгілі лингвист С.А.Аскольдов оны ойлау процесінде бір тектес заттардың белгісіз 
жиынтығын алмастыратын психикалық формация ретінде анықтайды [3; 24 б.]. 
С.А.Аскольдовтың пікірінше, концепт объектінің кейбір жақтарын немесе нақты 
әрекеттерді, мысалы, «әділеттілік» концептісі осы әділеттілік ұғымын алмастыра алады. 
Ғалым өз еңбектерінде когнитивтік ұғымдардың табиғаты туралы көп айтады.
З.Д.Попова, И.А.Стернин сияқты белгілі ғалымдар концептінің құрылымдық 
сипатына «танымдық әрекеттің нәтижесі болып табылатын, салыстырмалы түрде реттелген 
ішкі құрылымы бар адамның психикалық кодының негізгі бірлігі болып табылатын 
дискретті психикалық формация» деген анықтама береді. 
«Концепт» пен «мағына» ұғымдарының тең еместігі туралы тіл ғалымы 
В.Н.Телияөз еңбектерінде атап өтеді [3; 42 б.]. Оның пайымдауынша, «мағына» терминінің 
«концепт» терминіне ауысуы жай ғана терминологиялық алмастыру емес: концепт 
әрқашанда нақты нәрсеге құрылған білім болып табылады, яғни ол объектінің маңызды 
белгілерін ғана емес, сонымен қатар берілген лингвистикалық қауымдастықтағылардың 
барлық мәні туралы білімге толы.
Б.С.Жұмағұлова: «Концепт ұғымнан анағұрлым 
кең, ол ұғымның мазмұнын қамтиды, сондай-ақ оның құрылымын “бастапқы формалар” 
(этимология), мазмұнның негізгі белгілері сығымдалған тарих, қазіргі заманғы 
ассоциациялық бағалаулар тағы басқа құрайды. Ұғым ғалам туралы ғылыми білімдерге 
сүйенеді, олар логикалық қатынастар жүйесіне орнығады. Концепт сөздің сөздіктегі 
мағынасынан бөлек, адамның эмоциялары мен сезімдеріне негізделген жеке тәрбиесіне 
сүйенеді”, - деп көрсетеді [4; 2 б.]. 
Концепт ұғымына мысал келтіретін болсақ, қазақ танымында ерекше орын алатын 
концептілік ұғымдардың бірі – «құт» сөзі. Қазақ дүниетанымында «құт» концепті қасиетті, 
киелі ұғыммен байланысты. Қазақтың өзіндік санасында отбасының бақыты мен бірлігі 
әйел затымен байланысты, сондықтан береке-бірлікте өмір сүріп жатқан көп балалы, 
бақытты жанұяларды «құт қонған отбасы» деп сипаттайды.
Тілдегі «құт» лексемасының орныққан мағыналарының бірі – береке, бақыт. 
Мәселен, шаңырақтың құты болып кірген жас келін алғаш рет үйге кіргенде, оған «қадамың 
құтты болсын!» деген тілектер айтылады. Сондай-ақ қазақтарда кез келген қуанышты 
оқиғаға орай «құтты болсын» деген сөзбен құттықтау әдетке айналған. Бұл қазақ тілегінің 
астарында кез келген жақсылық, береке, қуанышты оқиға Алла Тағаланың қалауымен 
орындалды және құтты болсын айту арқылы бұл береке ұзаққа созылады деген түсінік бар. 
Сонымен қатар, қазақ дүниетанымындағы түр-түстік концептінің бірі – «қоңыр» 
концептісі. «Қоңыр» сөзінің когнитивтік белгілері – қазақ халқына тән жайлы мінезді, орта 
тұрмысты білдіреді [5; 39 б.]. Мәселен, біздің тілдік қолданысымызда «қоңыр тұрмыс», 
«қоңыр саз», «қоңыр салқын», «қоңыр қозы» сынды тіркестер жиі қолданылады. Осы 
когнитивтік белгілер «қоңыр» концептісінің құрылымдық мазмұнын құрайды.
Тағы бір қазақ халқының кең аяда қолданылатын концептілік ұғымының бірі –
«бауыр» концептісі. «Бауыр» сөзінің мағыналық құрылымы – жақындық, туыстық, ет 
бауырың деген ұғымды береді. Адам ағзасында да бауырдың атқаратын қызметі маңызды. 
Сол секілді, әрбір адамға өзінің ет бауырына айналған туысының орны бөлек. Қазақ 
дүниетанымындағы «бауыр» концептісінің құрылымдық мағынасы да осыны білдіреді. 
Қазақ тілінің фразеологиялық бірліктерін когнитивтік аспектіде зерттеуде «әйел» 
концептілік лексемасы тілдік фактор қызметін атқарады. Әйел сөзімен байланысты сан 
алуан фразеологиялық бірліктер күрделі мағына мен прагматикалық әсерге ие болып, әйел 


125 
бейнесімен семантикалық ассоциациялармен байланысты семантикалық категориялар 
парадигмасын құрайды [6; 22 б.]. Қазақ тілінің әйелге байланысты фразеологиялық 
бірліктер семантикасында халықтың мәдени өмірін, ойлау жүйесін, дүниетанымындағы 
ұлттық менталитетті бейнелеуімен ерекшеленеді. Қазақ тілінде әйелге байланысты 
танымдық мәдениеттің ақпараттық ерекшеліктерін ашатын концептуалды құрылымдар бар. 
Қазақтың салт-дәстүрінде әйелге тән жақсы қасиеттердің бірі – еріне ақылды жар болып, 
қиын шақта ақыл-кеңес беру. Қазақ даласының тарихында даналығымен барша халықтың 
құрметіне, құрметіне бөленген әйелдер аз емес. Ақылды әйелдер қиын-қыстау күндерде 
күйеуінің қасында болады, ақыл-кеңесі мен қамқорлығымен шабыттандырады, күш-қуат 
береді. 
Осылайша, концепт сөз бен шындық арасында делдал қызметін атқарады. Концепт 
терминінің құрылымдық сипаты ассоциативті елестетулердің тұтас кешенін қамтыған кезде 
сөз мағынасының тұтас потенциалы болып табылады. Мағына – концептінің бір бөлігі, ол 
тар мазмұнды білдіреді. Дегенмен, мағына дегеніміз – сөз құрылымының ішкі мағынасы 
арқылы көрінетін санамыздағы заттар мен құбылыстардың бейнеленуінің туындысы. 
Когнитивтік лингвистиканың пәнін анықтау да, тіл семантикасын талдау әдістерін жасау да 
соған байланысты болғандықтан, концепт пен сөз мағынасының арақатынасын қайта 
қарастыру өте маңызды. Концепт – адамның когнитивтік санасының, мағына – тілдік 
сананың жемісі. Мағына (семема) концептіні құрайды, бірақ ол әрқашан концептінің 
семантикалық мазмұнының бір бөлігі ғана. Негізгі концептуалды белгілерді беретін де 
лексикалық мағынаның құрамдас бөліктері, бірақ толық сипатынада емес, тар шеңберде 
береді. Сөздің лексикалық мағынасына қатысты концепт көлемді. Концептінің құрылымы 
сөздің лексикалық мағынасына қарағанда әлдеқайда күрделі және көп қырлы. 
Мағынаның когнитивтік белгілері концептінің мазмұнын құрайды. Сөз мағынасы, 
семемасы да танымдық сипатқа ие – ол концептінің мазмұнын құрайтын жеке танымдық 
белгілерді білдіретін және сөйлеуде көрсететін семалардан тұрады.Концептінің 
құрылымдық сипатының бүкіл мазмұнын түсіндіру үшін көптеген сөздердің мағынасын 
білдіретін көптеген лексикалық бірліктер қажет. Терминологиялық саралау мәселесін 
қарастырғанда концепт – концептсферасының бірлігі, мағына – тілдің семантикалық 
кеңістігінің бірлігі екенін ескеру қажет. 
Сонымен, жоғарыда айтылғандардың барлығын қорытындылай келе,концепт 
терминінің құрылымдық сипаты – ең жоғары рухани құндылықтарға сілтеме жасайтын, 
тілдік өрнекке ие және этномәдени ерекшелігімен таңбаланған ұжымдық сананың бірлігін 
білдіреді. «Концепт» және «мағына» терминдері бірдей емес.Концепт – адамның 
когнитивтік санасының, мағына – тілдік сананың жемісі. 
ӘДЕБИЕТТЕР 
1.Аитова Н.Н. Қазақ тіліндегі түр-түс атауларының когнитивтік семантикасы: Оқу 
құралы. – Ақтөбе: Қ. Жұбанов атындағы АқМУ, 2006. – 161 бет. 
2.Әмірбекова А. Көркем мәтінге концептуалдық талдау жүргізу үлгілері //
3.Кайдар А.Тысяча метких и образных выражений. Астана, 2003. С.121. 
4.Қазақстан ұлттық энциклопедиясы. – Алматы, 2004. 
5.Р.Сыздық және қазақ тіл білімінің мәселелері: конф. мат. – Алматы: Арыс, 2004. – 
224 б. 
6.Попова, З. Д. Когнитивная лингвистика / З. Д. Попова, И. А. Стернин. М. : АСТ; 
Восток-Запад, 2007. С. 91-110. 
http://emirb.org/issn-1607-2782-respublikali-filimi-edistemelik-v2.html?page=29 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет