Қазақ филологиясы және латын графикасын оқыту әдістемесі кафедрасы ­­­­


- Мәтін мазмұнынан ерекше нақтылық пен «қатаңдың» беріп тұрған тілдік құралдарды алып тастағанда қандай өзгеріс басқалды?



бет3/11
Дата27.06.2022
өлшемі54,95 Kb.
#37333
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
- Мәтін мазмұнынан ерекше нақтылық пен «қатаңдың» беріп тұрған тілдік құралдарды алып тастағанда қандай өзгеріс басқалды?
- Мәтіндегі нақтылы пен «қатаңдық» қандай тілдік құралдар арқылы жасалған?
- Мәтінге нақтылық пен қатаңдық беріп тұрған тілдік құралдардың стилистикалық мағынасы мен қызметіне талдау жасаңыз.
3-тапсырма. Берілген мәтіннен мазмұнына ерекше әсер беріп тұрған тілдік тұлға-бірліктерді алып тастап, соңғы нұсқасын өз дәптеріңізге көшіріп жазыңыз. Екі мәтінді салыстырыңыз.
Қазір кеш тақау. Күн батуға арқан бойындай ғана қалды. Өртеңнің сарша биігінен Абайға мәлім көп таулар, далалар, қыстау болған қалың қатпар адырлар жағалай көрінеді. Сол жақта, күншығыста Ордатауы, Тоқымтыққан, Боқай дейтін көкшіл мұнарға оранған қоңырқай таулар көрінеді. Одан әріде, шырқау ұзақ алыста, аспан мен жер мұнар боп, кілегей сұйық ақкөк бояуға айналыпты. Көкжиегі көрінбей қосылып кеткен, кілегей мұнар ішінде Арқат тауы, Байжан тасы байқалады. Олар өзгеше иректелген қырлы жоталарымен сәл-сәл ғана аңғарылады.
Жағалай оңтүстікке көз тастағанда шығыстан батысқа қарай алыс өңір, үлкен өлке қоршай түсіп, қатпар-қатпар қара көк адыр, қалың тау Шыңғыс жатыр. Абай көңіліне мәлім әр тайпа елімен және Абайға жас кезінен белгілі сай-салалары, қыстау, қоныстары көп биік шоқылары көрінеді. Шыңғыстың сондай бөліне көрінген биіктері - алыстағы Бөрлі, бертінде Қан, Қараша қойтасы, аты жақсы Түйе-өркеш, Тоқпамбет, содан әрі өз ағайыны мекен еткен биік кеуделі Қарашоқы, бертінде Қыдыр, қатпар-қатпар қалыптарымен көлденең түсіп, көлбеп жатыр.
Шығыста Шұнайдың қос биігі, одан төменірек, бертін тұста жартасты сұлу тау - Доғалаң тұр. Бір кез, айнала үнсіз дүниені тамашалай қараған Абай көзіне Түйеөркештен, Қарауылдан төмен қарай созылған ақ дала түсті. Осы мол сардаланың жап-жазық бетінде Шұнай, Доғалаң, Орда сияқты таулар бір сәтте Абай көзіне тау емес, әлдебір ғажайып алып кеме тәрізденеді. Сары теңіз шексіз ұзақ жазық, толқынсыз тыныш теңіз тәрізденіп кетеді. Сол теңіздің бетінде күдір белімен кесіп алғандай боп бөлек-бөлек орнаған көк биіктер көк кемелердей.
Ертегі сипатты теңіздің ертегілік ескі заман кемесі. Сол ертегілерде жапанды кезген жалғыз жанға оқта-текте кезігетін тылсым буған дүние болатын. Қыбырсыз қатып тұрған ұшы-қиыры жоқ, жансыз бір меңіреу дүние мүлгіп тұрып кезігетін. Онда тас боп мелшиіп тұрып қалған жан-жануар көрінетін. Тырс еткен дыбыс, қыбыр еткен тірлігі жоқ, тағы да тас боп сілейіп қатып қалған қалалар барды. Мынау Абай көзіне көрініп тұрған, кесіп алғандай боп саржазыққа оқшау-оқшау шөккен бөлекше тас биіктер, бейнебір сол тылсым дүниенің қатып тұрып қалған тылсым буған тас кемесіндей.
Абай рахат бір әдемі жайлы әсер байқайды. Енді аңдаса, Шыңғыс жақтан асықпай соққан салқын самал тұла-бойын шіміркендіріп, өзгеше бір тыныш рахатқа, қоңыр салқын майда бір лепке орағандай екен. Ішінен: «Түу, не деген рахат жел, қоңыр жел!» дей түсіп, омырауы ашық кең көйлегінің бойын, шапаннан ашып, төсін сол желге төсей береді. Тамаша жайлы салқын самал бет, мойын, кеуде, қол барлығын қоршалай сипай орағанда, тағы бір шақта жел емес, әдемі мөлдір таза суға да ұқсайды. Адам бейне-бір жайлы қоңыр, салқын суға шомылып тұрған тәрізденеді. (М. Әуезов)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет