- Берілген 5 мәтіннің алдына қойған мақсаты мен арналған ортасы, олардың жасалуына әсер еткен сыртқы факторлар туралы не айтуға болады? - Берілген мәтіндерде тіл қандай қызметте жұмсалған? - Тілдің қызметі және тілдің жасалуына әсер ететін сыртқы факторлар туралы ойыңызды жоғарыда берілген мәтіндер арқылы түсіпдіріп, жинақтаңыз.
2-тапсырма. Мәтін мазмұнына ерекше нақтылық пен дәлдік, «қатандық» беріп тұрған тілдік құралдарды алып тастап, немесе басқа сөздермен ауыстырып мәтінді қайта көшіріп жазыңыз.
Суперхлорлау - хлордың артық алынған мөлшерімен хлорлау. Бұл әдіс айрықша эпидемиялық жағдайларда, сондай-ақ суда иіс болмау үшін де қолданылады. Хлор қалдығының артық мөлшері келесі әдістермен жойылады:
1. Аэрациялау (артық мөлшері аз ғана болса).
2. Натрийдің гипосульфидімен немесе бисульфидімен, күкіртті ангидридпен хлордың байланысуы арқылы.
Суды хлорлау реагенттерін мөлшерлеу хлораторлық деп аталатын мекен жайда орналасқан хлорлағыш қондырғылармен жүргізіледі. Ол үшін хлор шығынын өлшейтін аспабы бар арнайы вакуумды хлоратор қолданылады. Хлораторлар апаттық желдету жүйесімен жабдықталуы керек және екі есігі болуы қажет. Тазарту қондырғыларының жанында қойма орналастырылады, онда хлор мен аммиактың бір айлық қоры сақталады.
Кішілеу станцияларда әдетте суды залалсыздандыру үшін хлорлы әкті немесе гипохлоридтерді пайдаланады. Бұл жағдайда ерітінді дайындау үшін екі ерітінді бактарынан және олардың үстінде орналасқан ыдыстан тұратын қондырғыны пайдаланады.
Залалсыздандырудың тиімділігін жанама көрсеткіш ретінде судағы хлор қалдығымен бағалайды. Бұл көрсеткіш судың эпидемиялық тұрғыда қауіпсіздігін білдіреді. Бірақ мұндай тұжырымдардың салыстырмалы екендігіне куә болатын зерттеулер де аз емес. Мысалы, 1950 ж. (С.А.Фридлянд) бірқатар жағдайларда судағы хлор қалдығы хлорлау үрдісінің аяқталмағандығының дәлелі болған.
Дегенмен де сумен қамтамасыз ету тәжірибесінде, залалсыздандырудың қолайлы жағдайларын сақтағанда бос хлордың 0,3 мг/л немесе байланысқан хлордың 0,8 мг/л мөлшерін бактерицидті әсер беретін жанама көрсеткіш деп есептейді.
Суды хлорлау және мөлдірлендіру үшін суға реагенттер қосудың маңызы зор. Оған қойылатын талаптар:
1. Алдын ала хлорлауда - хлорды бірінші су тартатын насостың су жолына немесе тазартатын стансаға баратын су жолына қосқан жөн.
2. Коагулянтты су тасымалдағыш құбырына араластырғыштың алдына немесе араластырғышқа қосады.
3. Коагуляциялау кезінде әкті коагулянтпен бірге қосады.
4. Активтелген көмірді (5 мг/л) сүзгілердің алдына қосады, ал көп мөлшерде болса коагулянтпен бірге қосады. Көмірді суға хлорды қосқаннан кейін кем дегенде 10 минут өткен соң қосады, болмаса залалсыздандыру әсері күрт төмендейді.
5. Суда фенолдар болған жағдайда алғашқы және соңғы хлорлау кезінде суға аммиакты хлордан бұрын қосқан жөн (Оқулықтан).