Пән мазмұнына негізделген білімі және оны пайдалану машығы мен бейімділігі.
Пәнді оқыту барысында студент әдебиет теориясын және эстетика заңдылықтарын тарихи және құрамдық тұрғыдан толымды түрде меңгеріп шығады. Жинақталған білімдер жүйесін әдебиет сабақтарын оқытушылық тәжірибеде өту кезеңдерінде ұтымдылықпен пайдалана алады. Ғылыми зерттеу жүргізу мезеттерінде әдебиет теориясының барша қағидалары мен ұстанымдарына сай қорытуға бейімделеді.
Пән мазмұны: Әлем әдебиетінің қалыптасу тарихы, кезеңдері туралы, антикалық әдебиеті жөнінде, Батыс Еуропа, Орта Азия елдерінің әдебиетімен таныстыру.
Оқыту әдістемесі:
Оқыту негізінен негізгі оқу материалдарын түсіндіретін және тәжірибелік дағдыларды қалыптастыратын практикалық сабақтар түрінде өтеді. Студенттердің білімін тексеру ауызша және жазбаша жаттығулар, тест жұмыстары және жеке семестрлік тапсырмалар мен үй жұмыстарын тексеру ретінде болады. Студенттердің білім кемшіліктерін жою үшін алдын-ала белгіленген кесте бойынша әр апта сайын кеңестер жүргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |