Қазақ филологиясы кафедрасы



бет14/70
Дата22.09.2022
өлшемі0,74 Mb.
#39848
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   70
Байланысты:
?àçà? ôèëîëîãèÿñû êàôåäðàñû

Екінші апта

3 дәріс


Тақырыбы: Діни-ағартушылық бағытындағы ақындар.
Дәріс мазмұны:
1. Шығармашылық мазмұны түрінің әрқилылығы
2. Бұл ақындарға ортақ басты белгілері.
3. Өсиет, нақыл, дидактиканың молдығы.
Дәріс мақсаты: Діни ағартушылық бағытындағы ақындар туралы мәлімет беру. Өсиет, нақыл, дидактиканың ерекшеліктерін атау.

Діни ағартушылық бағыт өкілдерінің қатарына туған халқының мұң-мүддесін жырлауда ұлттық мәселелер төңірегінде ой толғаған, негізінде шығыстық мотивте шығармалар жазған, бұры «кітаби ақындар» деп. Аталып келген топқа жататын ақындардың енетіні. «Кітаби» атауының шартты екендігі. Олардың көзұрастарындағы ерекшеліктер. Сырттан келген, патша өкіметінің отарлыұ саясаты тудырған өзгероістерді қабылдау сипати. Ауыз әдебиетінің үлгілерін, шығыстық аңыздарды синап, дастан етіп бастыруы. Олардың шығармаларында дін, азарту мәселелерінің көтерілуі.


Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы шығармашылығы. Мәшһүр атану себебі. Шығыс әдебиетіне жетіктігі. Оның дастандары туралы мәлімет. Мәшһүр халыө ауыз әдебиетін жинаушы. Оның шығармашылығының сыншылдық сипаты.
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы мұрасы алдымен аса көлемділігімен, сан түрлі мазмұн алуандығымен назар аудартады. Атап айтқанда, ақынның өлең, дастандар, тарихи мәтіндер, шежірелер, публицистика, педагогика, тіл, философия, табиғат сырлары, дін тарихы туралы т.с.с. құнды еңбектер қалдырғаны белгілі.
Мәшһүр Жүсіп 1858 жылы, қой жылы, қазіргі Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Қызылтау деген жерде дүниеге келген. Ақынның 3 жасында «Тауық жұты» деген жұт болып, бар малынан айрылып, бір ат, бір сиырмен ғана қалған әкесі Көпей: «Дүние жолдас емес, ғылым, білім жолдас» деген шешімге келіп, баласын оқыту үшін Баянауылға көшіп келеді. Сол кезде аға сұлтан болған Мұса Шорманов Баянауылға медресе салдырып, онда сабақ беруге Омбы қаласында тұратын Қамар қазіретті көшіріп әкеледі. Ол кезінде Бұқара қаласында оқып, көп білім алған адам болса керек. Сабаққа зейінді бала Жүсіпке Қамар көп көңіл бөледі. Ақырында 8 жастан 9-ға аяқ басқанда, әдебиет пен тарихтан жатқа айтқан сөздеріне сүйсінген Мұса Шорманов (1818-1884) баланың әкесіне мынадай сөздер айтады: «Сопы, мұнан былай мына баланың бас киіміне үкі тақтырып қойыңыз. Көз-тілге шет болмасын! Бұл өз заманында халыққа Мәшһүр болатын бала екен!-дейді. Содан былай қарай бұрынғы «Жүсіп» деген атына «Мәшһүр»-деген ат қосылып айтыла бастайды»
15 жасынан бастап өлең жаза бастаған ақынның «Мәшһүр» аты шығып, халыққа кең танымал болуына ең алдымен тұңғыш қазақ газеті- «Дала уәлаяты» беттерінде ХІХ ғасырдың соңғы он жылдығында жарияланған өлең, мақалаларымен қатар, 1905 жылғы халық наразылығы өсуінен сескенген Ресей патшасының сөз бостандығына жол ашқан Қазан манифесі әсерімен Қазан қаласында басылған: «Тірлікте көп жасағандықтан көрген бір тамашамыз», «Хал-ахуал», «Сарыарқаның кімдікі екендігі» кітаптарының әсері мол болды. Баспа бетіндегі уақытша берілген кеңшілікті пайдаланып, патшалық Ресейдің отарлау саясатының астарын, жер тартып алуын, сөз, пікір айтуға шектеу қоюын қазақ зиялылары ішінде ең алғашқылардың бірі болып әшкерелей бастаған Мәшһүр Жүсіп екені белгілі. Сол еңбегі үшін 1912 жылдан бастап ақынды қудалау басталғаны, біраз уақыт оның үйінен кетіп, қайда екенін айтпай, ел ішінде жасырын жүргені де мәлім.
1917 жылы патша үстемдігі өзгеріп, кеңес билігі келгенде, оның да отаршылдық жат пиғылын аңғарған Мәшһүр Жүсіп кейінгіні тұспалдап шенеп шығарма жазуын, фольклор үлгілерін жинауын жалғастыра береді.
Мәшһүр Жүсіптің шығармашылығына елеулі әсер еткен оның өмірінің біраз бөлімін Орта Азиядағы ірі мәдениет ошақтары:Бұқара, Ташкент кітапханаларындағы араб, парсы, шағатай, көне түркі тілдерінде жазылған көп құнды көне мұралармен кең танысып, қағазға түсіруі екенін ескерген жөн. Мәшһүр Жүсіптің ең алғаш 29 жасында (1887 ж.), одан соң 37 жасында (1895 ж.), кейін 49 жасында (1907 ж.). Орта Азияға сапар шегіп, 8-9 жылын шетте өткізіп, ондағы кітапханаларда болып, оқу-зерттеумен айналысуымен бірге, жолшыбай, әсіресе, Сыр, Шу бойындағы елдерді көп аралап, ұзақ уақыт фольклор, халық ауыз әдебиеті үлгілерін жалықпай жинап, бүгінгі ұрпаққа жеткізуі де ақын мұрасының көлемді де мол қырлы болуының негізін салды.
1937-1938 жылдары қазақ әдебиетінің алыптары- А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, С.Сейфуллин, Б.Майлин, І.Жансүгіров т.с.с. атылғаннан кейін, мектеп оқулықтарына енді кімді кіргізу мәселесі туған кезде, сол кездегі жас әдебиетшілер: Е.Ысмайылов, Қ.Бекхожин, Д.Әбілов, З.Ақышев т.б. күш салуымен Мәшһүр Жүсіптің кейбір еңбектері қырқыншы жылдары орта мектептерде және жоғарғы оқу орындарында оқытыла бастады да, елуінші жылдар басында «ұлтшылдықпен» күрестің жаңа науқанының құрбаны болып, мектеп оқулықтарынан шығып қалғаны белгілі. КПСС ХХ съезінен соң ХХ ғасырдың 60 жылдарынан бастап Мәшһүр Жүсіп шығармалары жоғары оқу орындарында оқытыла бастады. 1990, 1992 жылдары ақын таңдамалысының 2 томдығы жарық көреді. Қазір оның 20 томдығының алғашқы 7 томы шығып, басқалары дайындалу үстінде.
4 – дәріс


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет