Қазақ филологиясы кафедрасы



бет2/70
Дата22.09.2022
өлшемі0,74 Mb.
#39848
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   70
Байланысты:
?àçà? ôèëîëîãèÿñû êàôåäðàñû

Мақсаты:Бұл пәнді оқытудың мақсаты ХХ ғасыр басындағы әдебиеттің күрделілігімен тығыз байланысты болып келеді. Ендеше ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің тарихын терең оқып үйрену – филология бөлімінің студенттері үшін аса маңызды саланың бірі. Өйткені бұл кезең бұрынғы әдебиет пен бүгінгі әдебиеттің арасындағы алтын көпір іспетті. Осы кезең тұсындағы әдеби бағыттар мен оның көрнекті өкілдерінің шығармашылық ізденістері өткен әдебиеттің жеткен жетістіктері мен болашақ әдебиеттің биік деңгейінің болмыс - бітімін айқындайды.


Курстың міндеттері:ХХ ғасыр басындағы әдебиеттегі ірі әдеби тұлғалардың роматизм мен реалистік әдіс-тәсілдерді қатар ала жүріп, өмір шындығын ашудағы өзіндік қолтаңбасын бағамдау.Әдеби бағыттардың ерекшеліктері мен ортақ бірлігін нақтылап, белгілі өкілдерінің шығармашылығы арқылы творчестволық жетістіктер мен кемшіліктерді саралау.
ХХ ғасыр басындағы жаңа жанрлардың пайда болуы мен өркендеуінің мән-маңызын ашу.
ХХ ғасыр басындағы аударма саласындағы қол жеткен жетістіктерді саралау.
ХХ ғасыр басындағы әдебиеттің өркендеуіне негіз салға қоғамдық-санаткерлік, көсемсөздік міндеттердің нәтижелерінің салыстырмалы түрде қарастыру.
Бұрын қарастырылмай, немесе біржақты қарастырылып келген әдебиеттің айтулы тұлғаларының шығармашылығын бүгіңгі көзқарас тұрғысынан бағалау.


Оқытудан күтілетін нәтижелер: (Блум таксономиясы бойынша)
Курс аяқталғаннан кейін студенттер білуі керек:
- ХХ ғасыр басындағы жаңа жанрлардың пайда болуы мен өркендеуініңтарихы;
- әдебиеттің айтулы тұлғаларының шығармашылығын бүгінгі көзқарас тұрғысынан бағалау;
- ХХ ғасыр басыдағы қазақ әдебиетінің қалыптасу және даму кезеңдері.
Курс аяқталғаннан кейін студенттер жасай алуы керек:
- халық ауыз әдебиеті, ежелгі дәуір, хандық дәуір, қазақ әдебиеті тарихыныңқалыптасуы және даму кезеңдерін талдай білу;
- ХХ ғасыр басыдағы қазақ әдебиетін оқып үйренген студенттер сөз өнеріне тән шеберліктің қыр сырын игеру.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет