Қазақ филологиясы кафедрасы



бет28/70
Дата22.09.2022
өлшемі0,74 Mb.
#39848
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   70
Тоғызыншы апта

17 – дәріс


Тақырыбы: Ұлт-азатшыл бағыттағы әдебиет және Әлихан Бөкейханов.
Дәріс мазмұны:

  1. Ұлт-азатшыл бағыттағы әдебиет

  2. Ұлт-азатшыл бағыттағы өкілдері

  3. Әлихан Бөкейханов ұлт-азатшыл бағыттың өкілі ретінде

Дәріс мақсаты: Ұлт-азатшылдық бағыттың пайда болу себептерін түсіндіру. Әлихан Бөкейхановтың осы бағыттың өкілі ретінде тарихтағы орнын айту.

Алаш ақыны Сұлтанмахмұт Торайғыров «Таныстыру» поэмасында өткен ғасырдың алғашқы ширегіндегі қым-қуыт кезеңде-ақ алаш серкесі деген атқа лайық қызмет қылған Әлихан Бөкейхановтың есімін ерекше ілтипатпен атап, «Талассыз жеке дара тұр ғой өзі» деп Әлиханды асқақтата жырға қосып, оның бойындағы іскерлікті, білімділікті тап басып көрсетіп, шындық үшін күресте шарболаттай шыңдалған әділдігін, адалдығын алаш жұртына паш етіп, жан-жақты таныстыратынын білеміз. Ал адал досы, айнымас серігі Ахмет Байтұрсынұлы «Қырағы, қия жазбас сұңқарым-ай! Қажымас қашық жолға тұлпарым-ай», - деп Әлиханның еңбегіне шын сүйсініп, ұлтқа қызмет етуді үлкен мақсат етіп қойған алаштың дара тұлғасының шынайы болмысын сипаттайды. Осыдан Әлихан Бөкейхановтың көзі тірісінде-ақ еліне, ұлтына қадірлі болғанын аңғару қиын емес. Үстіміздегі жылы ұлт қайраткерінің мерейтойы ЮНЕСКО ұйымының шеңберінде ұлықталып жатуы бекер емес.


Жуырда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ұйымдастыруымен көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ұлт-азаттық және Алаш қозғалысыныңжетекшісі, Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы, публицист, ғалым Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхановтың туғанына 150 жыл толуына орай «Әлихан Бөкейханов және Алаш мұрасы» атты халықаралық конференция өтті. Жоғары деңгейде өткен ғылыми жиынның аясында Алматы қаласындағы орта білім беретін мектептер мен гимназиялардың 10 сынып оқушылары арасында «Ұлттың ұлы тұлғасы» атты шығарма байқауы өтіп, оған 100-ге жуық оқушы қатысып, өздерінің бақтарын сынады. Шығарма сайысын өткізу арқылы қазақ халқының ардақты перзенті, Алаштың азатшыл әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі Әлихан Бөкейхановтың өмірі мен шығармашылығын мектеп оқушыларына насихаттау, өскелең ұрпақ санасына ұлттың ұлы тұлғасының сан қырлы қызметін таныту, ұлт көсемінің өнегелі өмірін үлгі ету мақсаты көзделді. Сондай-ақ, шығарма жазуға қабілеттерін, шығармашылық жұмысқа икемділігін байқап, ынталандыру, әдебиетке, сөз өнеріне деген ынта-ықыласын, ұлт тұлғасының өлшеусіз еңбегін бағалауға талпындыру, сол арқылы отансүйгіштік сезімін тәрбиелеу де назардан тыс қалмады. Шығарма жазу барысында мектеп шәкірттері Әлиханның ұстанған мұратқа табандылығына, ұлт қызметіне адалдығына, әрбір іске жауапкершілікпен қарайтын сарабдал сұңғылалығына, ұлт ісінее жігерлендіретін қабілетіне, елге үлгі боларлық қасиеттерінің мол екеніне тоқталып, шынайы болмысын, парасат-қабілетін, ұлы тұлғасын тануға, танытуға барынша күш салып, ұлт ардақтысына деген риясыз көңілін, шын пейілін жүрек лүпілімен қағазға түсіріп, көркем сөзбен кестелеп беруге талпынды. ХХ ғасыр басындағы қазақ зиялыларының басын қосып, тәуелсіз ел болу мақсатына жұмылдырып, ерен еңбек еткен ұлт ардақтысы, Алаш көсемі Әлихан Бөкейханның ұрпақ қамы үшін атқарған еңбектерін саралап, «ұлтқа қызмет етуі білімнен емес, мінезден» (Әлихан Бөкейхан) екенін түйсініп жазған эсселерінде ұлтжанды азаматтың жан-жақтылығы, білімпаздығы, таланттылығы мен дарындылығы кеңінен қамтылып, ұлттың ұлы тұлғасына сай болмысы әдемі өрнектеліп, тұщымды тұжырымдалды. Әлем таныған Әлиханды, оның атқарған ісі мен өнегесін, ұлтқа қызмет етудегі ұлы мұратын қапысыз аңғарып, көңілге, ойға түйгендерін мазмұнды, мәнді, әсерлі етіп жеткізе алған
жүйріктердің есімін жазушылардан, факультет оқытушыларыынан, әлихантанушылардан құралған қазылар алқасы көпшілікке жариялады. Үздік деп танылған шығармаларды «Қазақ университеті» газетінде және Әлихан Бөкейхановтың мерейтойына арнап шығарылатын жинақтарда жариялауға ұсынылды. Үздіктерді марапаттауға арналған жиынды филология және әлем тілдері факультеті деканының орынбасары Ерхан Кәрбозов ашып, қатысушыларға табыс тіледі. Қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасының меңгерушісі, профессор Алуа Темірболат жүзден жүйрік шыққандарды марапаттап, оқушыларды сайысқа дайындаған мұғалімдерге де сертификат табыс етті. Бас жүлдені №148 мектеп-гимназия оқушысы Әділбек Абай иеленсе, А.Асқар (№169 мектеп-лицей), Ж. Бекішқызы (№12 гимназия), А.Есенова (№81 мектеп-гимназия), Ш. Мұхаметқали (№136 мектеп-гимназия), Б.Шайзах (№140 мектеп-гимназия), А.Мұратбек (№62 гимназия), А.Үмбетқұл (№53 мектеп-гимназия), А.Амангельдинова (№58 ЖББМ) т.б. шәкірттер жүлдегерлер сапынан орын алды.

18 – дәріс




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет