Қазақ филологиясы кафедрасы



бет36/70
Дата22.09.2022
өлшемі0,74 Mb.
#39848
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   70
Ұстаздық жол
Аталмыш білім ордасын 1918 жылы тәмамдап келген жазушы бірден елге оралды. Алайда бұл Кеңес үкіметі орнап, қара халықтың ортасында қызыл әскерлердің қылышы сумаңдап, құдайсыздық дәуірдің белең алған тұсы еді. «Алласын» аузына алған иманды адамның басына әңгір таяқ ойнатқан қысылтаяң тұста, бұған дейін де ауыл арасында «мектеп молда» атанып келген Жиенғали енді молда емес, мұғалімдікке бет бұрады. Медреседе дін саласынан бөлек өзі оқыған «дүнияауи» сабақтары бойынша ауыл балаларының сауатын ашады. Осылайша ол ағарту, мәдениет, баспасөз майданына араласады. Оның алғашқы еңбек жолы «Қандыағаш» мектебінде мұғалімдіктен басталады.
1920 жылы халықты жаппай сауаттандыру бағытында кадр тапшылығына байланысты Қонжар деген жерде мұғалімдер даярлайтын қысқа курс ашылып, осы курстың негізгі ұйымдастырушысы Жиенғали Тілепбергенов ана тілі мен ана тілін оқытудың әдістемесінен сабақ береді. 1921 жылы Темір уездік оқу бөлімінің меңгерушісі қызметін қолға алған ол Құдайбергенмен қайта қауышады. Ол кезде Қуанның үлкен ұлы сол уездік оқу бөлімінің басшысы қызметінде болатын. Бұл жолы қос жерлес бірлесіп сауатсыздықты жою ісіне атсалысады. Олар жұртты сауаттандыру бағытында еңкейген қариядан еңбектеген балаға дейін білім нәрімен сусындатып, өңірден мектептер ашады. Темірден мұғалімдерді даярлайтын техникумды ашып, оған басшылық етеді. Қазақстанның қарт баспагерлерінің бірі, және бір жерлесіміз Хайрулла Меңдібаев Құдайбергеннің әңгімесін еске алып өз естелігінде:
«Жиенғали Тілепбергенов екеуі (Жиенғали да уездік оқу бөлімінде инспектор болып қызмет атқаратын) 4 айлық курс ашып, ана тілі, ана тілін оқытудың методикасы жөніндегі мұғалімдерге ақыл-кеңес бергендерін, Темір-Орқаш болысының Тепсең, Шилі, Қопа секілді ауылдарында тұңғыш мектептер ұйымдастырғандарын, ал осы жылдың жазында уездің барлық советтерінде сауатсыздарды оқытатын мектептер ашуды ұйғарып отырғандарын айтты», — деп жазады.
Редактор Жиенғали
1925 жылдың мамырында Қызылорда (Ақмешіт) қаласында (сол кездегі Қазақстанның астанасы) Қазақстан ағартушы қызметкерлерінің І съезі өтіп, Ж. Тілепбергенов делегат болып қатысады. Дәл сол съезден кейін 1918-1925 жылдар аралығында Темір уезінде елеулі еңбек етіп, ағартушылық жолда ізін қалдырған Жиенғалиді Құдайберген Жұбанов Ақтөбеге шақырады. Мұнда келген соң ол «Кедей» газетінің алғашқы редакторы Кенжеғали Ғабдуллиннен кейін редактор қызметін қолға алады. Газет қызметімен қатар қоғам өміріне де, әдебиет қызметіне де ерекше ынтамен араласады. Сонымен қатар, педагогикалық техникум, партия-кеңес мектебінде мұғалімдік қызметті қоса атқарады. Оның шебер ұйымдастырушы, қаламы жүйрік журналист, жазушы екендігін байқаған өлкелік партия комитеті Петропавл қаласында басылатын «Бостандық туы» газетінің редакторлығына тағайындайды. Онда ол Мағжан Жұмабаев секілді белгілі қаламгерлермен бір ұжымда жұмыс істейді. Қабілетті қаламгер мен дарын иелерінің ортасында жүріп одан әрі шыңдала түскен Жиенғалидің туындылары осы уақытта баспасөз бетінде көп жарияланады. Ол жүрдек жазушы-журналист болатын. Оның ұшқыр қаламынан туған, орақ оймен жазылған әрбір оқылымды дүниесі оқырманға төтелей жол тартатын, екінші қайтара түзетуді қажет етпейтін-ді…


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет