Қазақ филологиясы кафедрасы



бет42/70
Дата22.09.2022
өлшемі0,74 Mb.
#39848
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   70
Он төртінші апта

27- дәріс


Тақырыбы: 20-жылдардағы әдеби айтыстар. Сәкен Сейфуллин.
Дәріс мазмұны:
1. Бұл кезеңдегі әдеби айтыстардағы өзіндік бағыттардың қалыптасуы.
2. Сәкен Сейфуллин шығармашылығы. Әдеби бағыт-бағдары.
Бұл авторлардың қазақ әдебиеті тарихында алар орындары.
Дәріс мақсаты: ХХ ғасырдағы әдеби айтыстардың ерекшеліктері туралы баяндау. Сәкен Сейфуллиннің өмірінен деректер келтіру, шығармаларындағы өзекті тақырыптарды табу.

Сәкен 1894 жылы бұрынғы Ақмола облысы, Ақмола уезі, Нілді болысының бірінші ауылында (Қазіргі Жезқазған облысы, Жаңаарқа ауданы) туған. Шын есімі Сәдуақас. Қажырлы, сөзге шешен, домбырашы, саятшы, аңшы Сейфолланың көп істері, әрекет қимылы, мінез қалыбы болашақ ақынның өр, қайсар, әділ болып өсуіне әсер етеді, жас Сәкен шешесі Жамалдың да ертегісін тыңдаудан жалықпайды. Ауыл молдасынан хат таниды. Арабша хат танып, қисса-хикаяны өзі оқи алатын деңгейге жеткен Сәкенді әкесі орысша оқысын деп Нілді заводына жібереді. Тырнақ алды қадамын Нілді заводында қалжың өлең жазудан бастаған жас дарын қазақ фольклорын, Абай шығармаларын, орыс, Европа әдебиеттері классикасын игеруге талаптанады. «Айқап» журналына хат-хабар, сын мақала, бірнеше өлеңдерін бастырады. 1914 жылы жиырма жастағы семинарист Сәкеннің «Өткен күндер» атты өлеңдер жинағы Қазан қаласында басылып шығады.


Семинарияны бітірген соң сол тұстағы қазақ оқығандары сияқты Сәке де еңбек жолын «Сілеті-Бұғылы» деген жерде ауыл мұғалімі болудан бастайды.1916 жыл оқиғалары, әсіресе әлемді дүр сілкіндірген 1917 ақпан төңкерісі Сәкен өмірінде, оның азаматтық, ақындық тағдырында ерекше орын алады. Бұл күндердің шежіресі «Тар жол, тайғақ кешу» романында көрініс табады. Оның құдіретті қаламынан: «Асау тұлпар»(1922), «Домбыра»(1924), «Экспресс»(1926), «Тұрмыс толқынында»(1928), «Көкшетау»(1929), «Альбатрос»(1933), «Қызыл ат»(1934), «Социалистан»(1935) сияқты өлең, поэма кітаптары, «тар жол, тайғақ кешу»(1927), «Жер қазғандар»(1928), «Айша»(1922), «Жемістер»(1935) прозалық шығармалары, «Бақыт жолыма»(1917), «Қызыл сұңқарлар»(1920) драмалары, «Қазақтың ескі әдебиет нұсқалары»(1933), «Қазақ әдебиеті»(1932) сияқты зерттеу еңбектері шықты. 1936 жылы Қазақ әдебиетінің көзі тірі классигі Сәкен сейфуллиннің әдеби қызметінің 20 жылдығы тойланып, оған еңбегі үшін «Еңбек Қызыл Ту» ордені берілді. Трагедиялық ажал Сәкенді 1938 жылы 28 ақпанда мерт қылды. «Өткен күндер» жинағы Қазан қаласындағы «Мактубат Кәримия» баспасынан басылап шыққанда Сәкен жиырма жаста. Сөйтсе де бұл жинақ жас ақынның табиғи үздік талантын, азаматтық позициясын, философиялық дүниетанымын анық көрсетіп береді. 1922 жылы Орынборда басылып шыққан «Асау тұлпар» жинағы қазақ поэзиясында тұңғыш рет кең әдебиетінің негізгі принциптерін шығармашылық тәжірибеде нақты іске асырған туынды болды.«Көкшетау» поэмасы.Сұлулық атаулығы ғашық жүрекпен құлаған, ұшқыр қиял, мөлдір сезім, өткір ойдың ақыны Сәкен Сейфуллин өзінің әсемдік мұраттарын, сұлулық идеяларын тапты. Осы өлкенің қанаты талмас, дарынды өршіл жыршысы болды. Кейін қазақ поэзиясында тұтас мектепті, атамекенді жырлау ағымы Сәкеннің шығармашылығынан бастау алып, өрістеп, өрлеп өсті. өнімді әдеби дәстүрге айналды. Сәкен поэмасындағы көптеген ерекшеліктер мен жаңалық сипаттарды ең алдымен шығарма композициясына байланысты айтуға болады. Бұл поэма («Көкшетау») – бір ырғақпен, ұзын-сонар баяндауға құрылған шығарма емес, ол әртүрлі көлемдегі әрқайсысына жеке-жеке ат берілген негізгі төрт бөлімнен (Көкшетау, Қалмақ қызы, Әнші ақындар, Қазіргі Көкшетауда), 47 тараудан тұрады. Ақын жер-су, тау-тас аттары жөніндегі қазақ халқының ежелгі аңыздарын поэзиялық шығармаға арқау ету үшін, екшеп, сұрыптап өзінің жазушылық мұратына сәйкес жаңғыртып алған (Жеке Батыр, Бурабай)




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет