10. Емтиханға дайындалуға арналған сұрақтар мен тапсырмалар тізімі Аралас емтихан.
Ауызша және жазбаша емтихан сұрақтары.
Бақылау түрі – аралас емтихан (емтихан материалының құрылымы)
«ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиеті тарихы» пәні бойынша тест сұрақтары
1. Мен біткен ойпаң жерге, аласа ағаш Емеспін жемісі көп тамаша ағаш Қалағанша жарты жанқам мен сенікі Пайдалан шаруаңа, жараса, алаш! Үзінді өлеңнің авторы ? А) С.Торайғыров
В) М.Дулатов
С) А.Байтұрсынов
Д) Ғ.Қарашев
2. «А.Байтұрсынов өз өлеңдерінде сүйіспеншілікті, әйел сұлулығын, табиғат әсемдігін жырламайды, онда сыршыл өлеңдер мен айшықты тіркестер жоқ. Ол қарапайым да ұғынықты тілмен еркіндікті, езілген қазақ халқын жырға қосады...» деген пікірді айтқан а) С.Сейфуллин
в) С.Садуақасов
с) Ж.Аймауытов
д) М.Дулатов
3. М.Дулатовтың «Бақытсыз Жамал» романы қашан, қайда жарық көрді а) 1910 ж, Орынбор
в) 1911 ж, Омбы
с) 1912 ж, Троицк
д) 1910 ж, Қазан
4. А.Байтұрсыновтың әдебиет саласындағы алғашқы зерттеуі а) Мағжанның ақындығы
в) Абай
с) Қазақ зиялылары хақында
д) Қазақтың бас ақыны
5. «Абай білімі көптер билемей, малы көптер билейтін заманға қарсы туған» деген пікірді кім айтты а) М.Дулатов
в) А.Байтұрсынов
с) М.Әуезов
д) Ж.Аймауытов
6. Ғ.Қарашұлының аудармасы а) Соғыс қаһары
в) Алтын әтеш
с) Ауырған арыстан
д) Бала тұлпар
7. Надандық келген жерден білінеді, Сөз айтсаң жауап таппай мүдіреді Күнәлі еместігін мойнына алып , Пәлеге өз сөзінен ілінеді. Үзінді өлеңнің авторы а) Ғ.Қарашев
в) Ш.Құдайбердиев
с) С.Дөнентаев
д) М.Дулатов
8. Шәкәрімнің романы а) Әділ- Мария
в) Ақбілек
с) Қамар сұлу
д) Топжарған