Қазақ филологиясы


ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ СӨЙЛЕУ МӘНДІ ЕТІСТІКТЕРДІҢ СӨЙЛЕМДЕГІ ҚЫЗМЕТІ



бет32/45
Дата06.01.2022
өлшемі0,5 Mb.
#15145
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   45
2 ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ СӨЙЛЕУ МӘНДІ ЕТІСТІКТЕРДІҢ СӨЙЛЕМДЕГІ ҚЫЗМЕТІ

«Eтістік қазақ тiлi жүйесiнде күрделi лексика-грамматикалық класс болып табылады. Қазiргi қазақ тiлiндегi eтicтiктің семантика-­морфологиялық және лексикалық мағынасы, қызметтерi оның семантикалық сыйымдылығын және грамматикалық категорияларының көп қырлылығын көрсетедi» [27, 239].

Сөйлеу eтicтiктepiнiе өзi қатысқан мәтiндегi қызметтерi алуан түрлi, ондай түрлiлiк сөйлеу етістіктерінің лексика-грамматикалық ерекшелігінен шығады.

Хабарлы сөйлем әлде бiр факт, құбылыс, оқиғаны растайтын немесе тepicкe шығаратын хабарлауды қамтиды. Хабарлы сөйлем жасау да сөйлеу eтicтiктepi аса маңызды рөл атқарады, өйткенi сөйлеу етiстiктерiнiң табиғатының өзi хабарлап айтуға бейiмделген.

Мысалдар: Жолда келе жатқанда Әмip ағалары дуананың кез болып алып келгенi жақсы бопты десiп, дуананың да пайдасы тигендiгiн, оның жүрмейтiн жерi жоқ екенін, бiрақ тiленшiлiк қылмайтынын, жазы-қысы жалаңаяқ жүретiнi тегiннен-тегiн еместігін айтысты. Одан кейiн ұсталған ақтарды, Мұқашты сөз қылды (Ж.Аймауытов). Ертеңiнде тезек терген балалар Күнбөпенiң сүйегiн тауып алып ауылға хабар бердi (З.Ақышев). Раушан сөзiн бiтiрген соң, Мариям қайтадан тұрып сөйледi (Б.Майлин). Өзi мeнiмeн қатар ол жөн-­жобамды толығырақ сұрастырды (C.Mұқaнов).

Сөйлемдердi тиянақтап, ойды аяқтауға мүмкiндiк берiп тұpғaн жоғарыдағы хабарлы сөйлемдердiң де жеткiзетiн мағынасы алуан түрлi. Ондай алуан түрлiлiк сөйлеу етістіктерінің қатысымен де жасалады. Мысалы, бiрiншi сөйлемдегi айтысты сөйлеу етістігі әңгiме бiрнеше адамның қатысқандығы жайлы хабарлайды. Екiншi сөйлемдегi сөз қылды сөйлеу eтістігі бiреулердiң тарапынан әңгiменiң қозғалғандығы жайлы хабарлайды. Үшiншi сөйлемде хабар бердi сөйлеу етістігінің көмегімен тiкелей хабарлағандығы айтылады. Төртiншi сөйлемде сөйледi етістігі Мариямның сөз алғаны, пiкiр бiлдiргенi жайлы хабарлайды. Бесiншi сөйлемде оның әлдене туралы бiлгici келiп сұрастырғаны туралы хабарлайды.

Етістіктердің сөйлемдегі қызметі тіл білімінің синтаксис саласында қарастырылады. Сөйлеу мәнді етістіктердің сөйлемдегі қызметі ауқымды. Сөйлеу мәнді етістіктер тұрлаулы, тұрлаусыз мүше қызметін атқара береді. Сөйлем құрауға, сөйлемге негіз болуға, яғни бастауыш пен баяндауыштың қызметін атқаруға жұмсалады. Сөйлеу мәнді етістіктер тұрлаулы мүшелердің мәнін нақтылауға жұмсалып, яғни сөйлемде пысықтауыштың, толықтауыштың, анықтауыштың қызметін атқара алады. Және сөйлеу мәнді етістіктер сөйлем мүшесінің әрқайсысының семантикалық, грамматикалық табиғатына сай тұлғалар алып қатысады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет