Қазақ филологиясы


Сөйлеу етістіктері жасалуының аналитикалық тәсілі



бет30/45
Дата06.01.2022
өлшемі0,5 Mb.
#15145
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   45
1.4 Сөйлеу етістіктері жасалуының аналитикалық тәсілі

Сөйлеу етістіктері синтетикалық тәсілмен, яғни сөз тудырушы жұрнақтар жалғануымен жасалып қоймайды, аналитикалық тәсілдермен де белсенді жасалатындығын айт етістігінің қатысуымен жасалған аналитикалық форманттар көрсетті. Айрықша жасалым түріндегі сөздің аналитикалық тұлғасы «алынған сөз өзімен өзі) негізгі сөздің (оның белгілі бір тұлғасында) белгілі қызметтік сөзбен тіркесуі болып табылады.

Н.Оралбаева: «Сондықтан да аффикс белгілі бір грамматикалық мағынадағы етістіктің аналитикалық тұлғасын жасаушы көмекші етістікпен бірге таңбалық бірлікті – наалитикалық формантты жасайды» [39,35] -, деп нақтылай түседі.

Қазақ әдеби тілінің материалдары көрсеткендей, сөйлеу етістігінің аналитикалық тәсілмен жасалуы тілде басым орын алады. Сөйлеу етістіктері көсемше аффикстерін жалғай отырып, мына көмекші етістіктермен тіркеседі: бар, бол, жүр, отыр, тұр, кет, көр, қал, сал, баста, бер, кел, бақ және т.б.

Мысалдар: Ұлтарақ тайдың семіз болғанын, майдың сол қалпымен қайтқанын, қандай мүшелерін сал,анын тәптіштеп сөйлей берді (Ж.Аймауытов).

Сопы Аллаярды өзінше бір сарынға салып алып, күжілдейтін дәл әкесі тәрізді Абайдың ызалы, шерлі өлеңдерін айтып тұр (Ғ.Мұстафин). Осылайша Ақан сұмдық бір сырлы үнмен тебірене, толғана сөйлеп кетті (Т.Әлімқұлов). Үш қанжирен жеккен алдыңғы пәуескеден Омбыдан келген орыс төре түсті. Бұқара халық мұны губернатордың өзі деп тұр. -Өне бойы сап-сары ала адам көрсең күбірнәтір көрдім дей бер (З.Ақышев).

Қолына кездік беріп, сыбырлай бұйырып, ақыл айтып жатыр. Ербол мен Дәрмен от басына жақын отырған Абайдың сырт жағында жантайысып отырып күбірлесіп сөйлесіп қалды (М.Әуезов).

Келтірілген мысалдарда толық мәнді сөздер ретінде сөйле+й, айт+ып, сөйле+п, де+п, де+й, сөйле+с+іп сөйлеу етістіктері көмекші етістіктермен тіркесіп аналитикалық формант құрайды. Бер+ді, тұр, кет+ті, жатыр, қал+ды көмекші етістіктері белгілі бір дәрежеде бұл тұлғаларда өзінің лексикалық мағыналарын жоғалта отырып, жақтың, шақтың, модальдылықтың грамматикалық мағыналарын көрсетеді, сол арқылы ойды аяқтап қан қоймай, әртүрлі модальдық реңк те береді.

Сөйлеу етістіктерінде аналитикалық тұлғалар кең түрде қолданылады. Күрделі сөйлеу етістіктерін жасауда толық мәнді сөздер ретінде көсемшелер ғана емес, басқа да туынды тұлғалар қатысады.

Мысалдар: Ұрқия сездірмесе де, ай-жай болған соң, Ақбілек сырын өзі де айтпақшы еді (Ж.Аймауытов). Сондықтан Сейіт Батталға тезірек жетіп, қыз жайын егжей-тегжейлі сөйлескісі келді (Б.Нұржекеев). Атамыздың көзін көрген, шылбырын ұстап, қолтығынан демеген, қолына су құйған адамдар еді деп, осындай келелі шаруа сөз болғанда көптен бері ойында жүрген түйінді сөзін айтпақ болды (Ғ.Мұстафин).

Қ.Жұбанов өзінің «Көмекші және күрделі етістіктер туралы» мақаласында: «Олардың алдындағы есімдердің, көсемше мен есімшенің белгілі бір тұлғаларымен байланысты алынған көмекші етістіктердің лексикасы мен морфологиясы – күрделі етістіктер мәнін ұғыну үшін сүйенетін негізгі түйін, міне, осы»,- [28,77] деп жазды.

Басқаша айтқанда алдындағы негізгі мағыналы етістіктер көсемше немесе басқа туынды тұлғалар + көмекші етістік тіркесі – «міне,ұстанатын негігі түйін». Одан ары Қ.Жұбанов көмекші етістіктердің қызметіне жан-жақты тоқталады.

Егер бір етістіктер әрекет процесінің аяқталмағандық мағынасын білдірсе, басқалары негізгі етістікке процестің (бұл жағдайда өсу мен күшею процестері) өту дәрежесі мен кезең мағынасын береді.

И.Маманов әрекеттің 6 кезеңін анықтаса [29,81-89], Н.Оралбаева үш кезеңді көрсетеді: бірінші, әрекет кезеңі - әрекеттің даму процесінде екенін білдіреді. Одан ары автор «етістік әрекеттің үшінші кезеңінде бірінші және екінші кезеңдегі сияқты контексте рай тұлғасында қолданылады» [39,45] деген пікір білдіреді.

Н.Оралбаева іс-әрекеттің аяқталуын, әрекеттің ықылассыз жүзеге асырылуын, әрекеттің күтпеген жерден жүзеге асырылуын, әрекеттің қас-қағым сәтте жүзеге асырылуын, созылыңқы түрде қайталай жүзеге асырылуын және т.б. сияқты әрекеттердің жүзеге асырылуын егжей-тегжейлі талдайды [39].

Аналитикалық форманттар, ең алдымен, сөйлеу процесінің басынан аяғына дейін өтуін көрсетеді, осыған байланысты сөйлеу етістіктері толық мәнді сөздер+көмекші етістіктер ретінде айтылудың қарқынды, айтылу процесінің өту тездігі, сондай-ақ ұзақтығы бойынша қарастырылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет