Қазақ филологиясы


Сөйлеу мәнді етістіктердің бастауыш қызметінде жұмсалуы



бет33/45
Дата06.01.2022
өлшемі0,5 Mb.
#15145
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   45
2.1 Сөйлеу мәнді етістіктердің бастауыш қызметінде жұмсалуы

“Тұрлаулы мүшелердің ең бастысы, негізгі мүшесі – бастауыш. Грамматикалық бастауыштың аясына бастауыш қызметіндегі атау септігінде тұрған кім? не? деген сұрауға жауап беретін логикалық субъект толығымен кіреді. Сондай-ақ басқа сөз таптары да заттанып бастауыштық қызметін атқара береді”[26,630]. Ғалымдардың пікіріне сүйене отырып, заттық мағынаны білдіру арқылы бастауыш қызметінде тұратын сөз таптарының бірі – етістік екендігіне көз жеткізуге болады. Нақты айтқанда, етістіктің есімше, қимыл есім түрлері мен ортақ етіс категориясы өздерінің етістікке тән семантикасын сақтай отыра субстантивтеніп бастауыш қызметін атқарады.

Жеке лексикалық тұлға ретінде етістік өткен шақ есімше тұлғасында дара бастауыш қызметін атқара алады. Мысалы, Дегені келді залымның” (М.Әуезов). Дегені болмаса кісі сөзіне көне қоймайды (Б.Майлин).

Қалау рай тұлға + деді бастауыш бола алады. Әрине, ине саласың, тағы басқа ем-дом жасайсың. Кейбіреулер соңынан келіп, рақмет айтып жатады. Айтайын дегенім - ол емес (Қ.Жұмаділов).

Бастауышты ұйымдастыруға етістік деген, дейтін, айтатын, сөйлейтін сөйлеген, айтқан (өткен шақ, келер шақ есімше) формаларын алып қатысады. Бұлардың ішінде деген көбірек жұмсалады. Ұмытпасам, жас кезімде оқыған бір қиссада Жәдігер деген біреу болған сияқты (Ә.Нұрпейісов).

-ған, -ген,-кен –тын, -тін формаларының жай (тәуелдеусіз), тәуелдеулі түрде бастауыш мүше ұйымдастыруға қатысады. Адамның айтқаны болмайды, алланың дегені болады (Ш.Мұртаза).

А.Саденованың еңбегінде де етістігінің бұл формасы күрделі бастауыш мүше ұйымдастыруда ұтымды қатысады және оның түрлі формаларының бастауыш мүше семантикасына қосатын ерекшелігі бар. Ол ерекшелік форманың бастапқы мағынасынан өзгеше болып та келеді - деген тұжырым бар [20].

Мысалы, Сауысқан деген бар, ағынан көп қарасы (А.Адамбаев).



Дейтін формасына келер болсақ, бұл форма аталған синтаксистік қызметке деген үлгіде де қатысады. Мысалы, Жас келсе іске деген дұрыс сөз немесе Жас келсе іске дейтін дұрыс сөз (Мәтел).

Бастауыш мүше құрамына қатысатын деген, дейтін қимылды процесс ретінде білдірмейді, сапа ретінде қолданылады. Осы сипат бастауыш құрамындағы етістіктің тәуелдік жалғау қабылдауына мүмкіндік береді. Қырық дегенің – жүрегіңінің дамылсыз, сүреңсіз дүрсілін тыңдау (Д.Досжанов). Әй, әйелдер дегеніңіз адамға тау қопарардай күш-қуат береді екен ғой (М.Мағауин). Кереге мен уық дегеніміз осы дейді (Газеттен).

Есімше өзінің қимылдық сапасын сақтай отырып, қосымша заттық мағына үстеп бастауыш қызметінде қолданылады:

а) Есімшеден жасалған сөйлеу мәнді етістік бастауыштың қызметін атқарып, қимыл иесі-кісі мағынасында көрінеді. Сұрағы кім? және есімшенің сұрағына сәйкес (не істеген? қайткен т.б. ) болып келеді. Ұмытпасам, жас кезімде оқыған бір қиссада Жәдігер деген біреу болған сияқты (Ә.Нұрпейісов).

ә) Баяндауышы сын есімнен, етістіктен жасалған сөйлемдегі есімше бастауыш кісі мағынасында емес, қимыл есімін білдіретін абстрактілі зат есім мағынасында қолданылады. Сұрағы не? не қылған? не істеген? Айтқан ұят.

б) Тәуелденіп қолданылған есімше бастауыштар зат есім мағынасын білідіріп тұрады. Сұрағы да тәуелденіп жұмсалады (нем? нең? несі? не қылғаның? Не еткені?). Үш ақын жайлы айтарымыз осы (М.Әуезов). Көп қарақұс дегенің – менің мынау әскерім,



Талайдың қанын шашқаным,

Сен болғанмен бидайық, келмейсің ғой маған лайық (Қамбар батыр жыры).

Сөйлеу мәнді етістіктер күрделі бастауыш қызметінде жұмсалады. Сөз таптарының тіркестік жағынан күрделену құбылысы бұрынғы күрделі етістіктен нақты күрделі етістік бөлініп шыққан. Бұл дегеніміз қазақша үйренгені үшін жалақысына қосымша ақы беріледі деген пәрмен болаты (Д.Досжанов).

Сөйлеу мәнді етістік “де” күрделі бастауыш қызметінде тұра алады. Мысалы, Қытай Қара Ертіс суының бір бөлігін бұратын канал қазып жатыр деген рас болып шықты (Газеттен).

Сөйлеу мәнді етістікке тұйық райдың жұрнағы жалғанады. Сөйлеу мәнді етістік қимылдың атауы мағынасын білдіріп, не? не істеу? қайту? не қылу? деген сұрақтарға жауап береді. Айту, сөйлеу, деу, сөз ету, айғайлау т.б. сөйлеу мәнді етістіктер бастауыш қызметінде жұмсалады.

Мысалы, Отанымыздағы бауырлас елдердің әрқайсысының әдебиет тілін, соның ішінде көркем әдебиет тілін, сөз ету – аса қиын бағалы жайдың бірі (М.Әуезов). Көп сөйлеу – адамды мезі етеді (ауызекі сөйлеу стилінен).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет