Қазақ фольклоры: МӘНІ, теориясы, тарихы



Pdf көрінісі
бет92/122
Дата19.09.2023
өлшемі2,12 Mb.
#108500
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   122
Байланысты:
фольклор

тарихи
және 
мекендік 
(топонимикалық) деп екіге бөледі. Алайда, біздің ойымызша, бұл жіктеуде 
тек тақырыптық қана принцип бар және бұлай жіктеу аңыз жанрының 
ерекшелігін ескере бермейді. Топонимикалық деп бөліп жүрген аңыздарда да 
тарихи негіздер, фактілер болады. Ал, тарихи деп жүрген аңыздарда 
топонимикалық та мотив кездеседі, алайда мұнда шығарманың өзі емес, 
ондағы сарын ғана топонимикалық сипатта болуы мүмкін. 


173 
Сондықтан «топонимикалық аңыз» деген атауды шартты түрде ғана 
алу керек те, оған белгілібір жерге, мекенге байланысты оқиғаны баяндайтын 
әңгімелерді жатқызу керек. Екінші сөзбен айтқанда, топонимикалық аңыз 
деп жер-судың, тау-тастың пайда болуы мен атын мифтік ұғыммен, немесе 
мифтік кейіпкердің іс-әрекетімен емес, бір оқиғамен, я болмаса белгілі 
қайраткер атымен байланысты түсіндіретін әңгімені айтамыз. 
Сонымен, қазақ аңызын біз де 
тарихи
және 
топонимикалық
деп екіге 
бөлуді жөн көрдік. Ал, 
күй аңызына
келсек онда әр түрлі жанр тоғысқан: 
миф, аңыз, әпсана, хикаят, ертегі, жыр. Күй түрінде орындалатын аңызды 
айтар болсақ, олардың басым көпшілігі тарихи оқиғаларға байланысты 
болып келеді. Сондықтан күй аңызы белгілі дәрежеде тарихи аңызға жатады 
[2]. 
Тарихи аңыздарда
кейде оқиғалар мен фактілер көркем түрде 
жинақталып, қиял тұрғысынан бағаланады, яғни ел оқиғалар мен фактілердің 
өз ойына, арман-мүддесіне сәйкес болуын қалап, солай баяндайды, солай етіп 
көрсетеді. Оған бірнеше себеп бар. Біріншіден, көп уақыт өткендіктен 
оқиғаның қалай болғанын дәл білмегендік, екіншіден, бұрынғы заманда 
болған шындықтың өзін емес, ел қалаған шындықтың көрініс табуы. Мұның 
бәрі аңызда көркемдеу саналы түрде болмайтынын дәлелдейді.
Бейнелейтін оқиғаларына, кейіпкерлеріне, жалпы тақырыбы мен 
мазмұнына қарап, тарихи аңыздарды шартты түрде мынадай топтарға бөлуге 
болады: а) оғыз-қыпшақ заманынан елес беретін аңыздар (оларға Қорқыт, 
Ахмет Яссауи және Арыстан Алып туралы әңгімелерді енгізуге болады VIII – 
ХII ғ.); ә) моңғол шапқыншылығы мен Алтын Орда кезіндегі оқиғалар 
жайындағы аңыздар (Шыңғыс, Жошы, Тоқтамыс, Темір есімдеріне 
байланысты әңгімелер, ХIII –ХV ғ.); Қазақ хандығы тұсындағы оқиғалар мен 
қайраткерлер туралы аңыздар (Жәнібек, Асан қайғы, Жиреншелер 
жайындағы әңгімелер, ХV- ХVII ғ.); в) қалмақтарға қарсы соғыс-ұрыстарға 
байланысты туған аңыздар (Абылай, Қазыбек, Әбілқайыр, Бөгенбай, 
Қабанбай аттарына қатысты әңгімелер, ХVIII ғ.); г) Сырым, Исатай-
Махамбет, Жанқожалар бастаған шаруалар көөтерілісіне байланысты туған 
аңыздар (ХVIII-ХIХ ғ.); д) ХХ ғ. Басындағы ұлт-азаттық қозғалыс туралы 
баяндайтын аңыздар.
Әрине, бұл 6 топтағы шығармалардың бәрі бірдей таза аңыз жанрының 
белгілеріне, аясына толық сәйкес келе бермейді. Әңгімеде баяндалып 
отырған оқиға неғұрлым қашық, яғни өте ертеде болса, соғұрлым ол әңгіме 
аңыздан гөрі әпсанаға немесе хикаятқа жақындай береді. Онда алғашқы 
оқиға көмескіленіп, оның сұлбасы ғана сақталады, әйтпесе тіпті ұмытылып 
кетуі де мүмкін. Уақыт өткен сайын аңыз көркемделе түсіп, ондағы іс-
әрекеттер әсіреленеді, кейіпкерлер дәріптеледі, сөйтіп, аңызға әпсана мен 
ертегінің поэтикасы ене бастайды [3]. Осындай жағдайды, әсіресе, алғашқы 
үш топқа енген шығармалардан байқауға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   122




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет