Қазақ фольклоры: МӘНІ, теориясы, тарихы


Сілтемелер және ескертпелер



Pdf көрінісі
бет112/115
Дата16.02.2023
өлшемі2,12 Mb.
#68529
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   115
Байланысты:
e185fe133cb926283d53f1af83c8f984

Сілтемелер және ескертпелер: 
 
 
1. Жирмунский В.М. Английская народная баллада // В кн.: Английские и шотландские баллады. 
М., 1973. С. 87-103. Бұл мақала 1916 жылы жазылған екен; Путилов Б.Н. Славянская историческая 
баллада. М.-Л., 1965; Балашов Д.М. История развития жанра русской баллады. Петрозаводск
1966; Русское народное поэтическое творчество. М., 1969. С. 307-308 («Лиро-эпические песни-
баллады» тараушасы); Кулагина А.В. Русская народная баллада. М., 1977; Аникин В.П. Русское 
устное народное творчество. М., 1984. С. 58-80 («Балладные песни» тараушасы); Аникин В.П., 
Круглов Ю.Г. Русское народное поэтическое творчество. М., 1987. С. 293-300 («Балладные песни» 
тараушасы); Костюхин Е.А. Лекции по русскому фольклору. М., 2004. С. 213-217 («Баллады» 
тараушасы); Грузинская народная баллада. 
2. Костюхин Е.А. Лекции по русскому фольклору. М., 2004., 213-б. 


288 
АЙМАН – ШОЛПАН 
 
Бұл жыр біздің фольклортану ғылымында ғашықтық жырларға 
жатқызылып келгені мәлім. Рас, дәстүр бойынша ол «лиро-эпос» деп аталды. 
Өткен ғасырда «Қозы Көрпеш – Баян Сұлуды» да, «Қыз Жібекті» де «лиро-
эпос» тобында қарастырылатын еді [1]. Қазіргі ғылым соңғы екеуін 
«ғашықтық жыр» жанрына жатқызады. Ал, «Айман-Шолпанды», жоғарыда 
айтылғандай, таза ғашықтық жыр санатына енгізу қиын, өйткені, мұнда 
махаббат мәселесі мүлде сөз болмайды. Осыны ескерген Қ.Жұмалиев бұл 
жырды «тарихи эпикалық поэма» деп санау керек [2] дейді. Алайда, жырдағы 
оқиғаның тарихи емес екендігі белгілі, ал, Көтібар, Арыстан сияқты тарихи 
тұлғалардың болуы – жыршылардың бұл шығарманы шындыққа жақындату 
ниетінен туған болу керек, әрі ХІХ ғасырда Кіші жүз елінде атақты болған 
Көтібар батыр жөнінде бұрынғы батырлар туралы секілді арнаулы жыр 
болмағандықтан жыршылар оны осы жырға қосып, бейнелеуге тырысқан 
тәрізді. Бұлай деуіміздің себебі – Көтібар жырда ескі батырлардың 
атрибуттарын, яғни өрмінезділігі мен аңғалдығын, батырдың қару-жарағын, 
тұлпарын, т.б. қасиеттерін бойында сақтап қалған. Оның образын талдауда 
біздің зерттеушілеріміз біржақтылық көрсетіп, Көтібарды жаңа өмірдің 
үрдісін ұқпай, ескілікті аңсаған, тіпті, «азғындаған» батыр деп түсіндіреді [3]. 
Бірақ Көтібар бейнесі ондай емес. Жырда ол – өзінің батырлық, адамдық 
тұлғасына нұқсан келтірмеуге тырысатын және өзіне лайық құрмет жасауды 
талап ететін қаһарман. Дұрысын айтқанда, бүкіл жырдың мазмұны, 
Айманның, Әлібектің, Арыстанның образдары мен іс-әрекеттері ескі мен 
жаңаның күресі емес, жеке адам тағдыры мен отбасы мәселелері екенін және 
бұларды жырға айналдыру барысында жыршылар байырғы ертектің, эпостың 
дәстүрін пайдаланғанын аңғару қиын емес. 
Жырдың басталуын еске алайық. Ол дәстүрлі прологпен басталады: 
Таманың елден асқан Маман атты байының ұлы жоқ. «Болыпты ұлдан кемтар 
Маман бейбақ», – дейді жыр. Перзентсіз патша, бай ендігі жерде әулие-
әнбиелерді аралап кетуі керек еді. Бірақ олай емес, Маман бай Шөмекейде 
беріліп жатқан үлкен асқа келеді. Бұрынғы ертек-жырларда мұндай 
жиындарда баласы жоқ патшаға, немесе байға тіл тиеді де, ол жиынды 
тастап, Жаратқаннан перзент сұрап, тентіреп кетеді, немесе басқа бір 
әрекетке барады. Мысалы, «Дудар қыз», «Әлібек батыр» ертегілерінде, 
«Қорқыт ата», «Ер Сайын» эпостарында бұл дәстүр қалыпты фольклорлық 
мотив екенін көреміз: 
«Хан той қыламын деп жұртқа хабар айтты: «Ұлы жоққа отыратұғын 
орын жоқ, қызы жоққа қымыз жоқ, бұ тойға келмесін!». Ел-жұрт жиылды, 
бәрі барды, сонан соң ұлы жоқ қатын байына айтты: «Тойға барайық!» – деді. 
Бай айтты: «Бізді келме деп хан айтқан, сен болмадың, барайық», – деп. Бай 
айтты: «Барсақ, барайық», – деді. Бір саба қымыз түйеге артты, қатын 
жетектеді, түйені бай көтінен айдады, келді тойға. Бай келді деп адам 
шықпады алдынан, қатынымен екеуі келіп тұрды үйдің сыртына. Бай 


289 
ашуланды, жанындағы пышағын суырып алды, сабаны пышақпен тіліп 
жіберді, қатынын үйге жеткенше сабап келді» 
[4]
, – делінеді «Дудар қыз» 
ертегісінде. 
«Әлібек батыр» ертегісінде баласы жоқ бай әулиелерден бала сұрап 
жүріп, бір тойға тап болады. Тойға барса, оған: «Ұлдыларға орын бар, 
қыздыларға қымыз бар, ұлы, қызы жоқтардың бұл жиында несі бар?» – дейді. 
Бай кетіп қалады 
[5]

Ал, «Қорқыт ата» кітабында былай баяндалады: 
«Байындыр хан той жасап, аттан айғыр, түйеден бура, қойдан қошқар 
сойғызды. Бір жерге ақ отау, бір жерде қызыл отау, бір жерде қара отау 
құрғызады: «Кімнің ұлы, қызы жоқ, қара отауға қондырғын, астына қара киіз 
төсегін, қара қойдың етін тартыңдар, жесе – жесін, жемесе – тұрып кетсін!» – 
деді. Ұлы барды ақ отауға, қызы барды қызыл отауға қондырғын. Ұлы, қызы 
болмағанға Аллаһ Тағаланың қарғысы тиген, біз де қарғауымыз керек, бәрі 
білсін», – деді» 
[6]
. Тойға артынып-тартынып келген Дерсе хан қайтып кетеді.
«Айман-Шолпанда» Маман бай да «тоғыз нарға тоғыз саба артып», он 
алтын масатыдан кілем жауып, үлкен асқа келеді. Бірақ оны ешкім ұлың жоқ 
деп сөкпейді, керісінше, Маманға лайық деп, алтынды үйге кіргізеді. 
Бұл асқа атақты Көтібар да «тоғыз нарға тоғанақтан қант пен шайын 
артып», шалғай жерден келеді. Алайда, оған «жадағай киіз үй» ұсынылады. 
Көтібар намыстанып, кірмейді, Маман жатқан алтын үйді талап етеді. Маман 
да көнбейді. Екеуі егесіп, іс насырға шабады. 
Бір қарағанда, Маман мен Көтібардың ерегесі – екі адамның болмашыға 
таласуы, я болмаса екі рудың тартысы болып көрінуі мүмкін. Зерттеушілер 
осылай түсініп те келген. Шындығында, олай емес. Олардың конфликтісі – 
халықтың ертеден келе жатқан салтын бұзудың салдары. Ежелгі салт 
бойынша, ұлы жоқ адам құрметті қонақ та бола алмайды, үйге де 
кіргізілмейді. Ал, ұлы жоқ Маман алтын үйге орналасқан. Міне, Көтібардың 
намысына тиген – осы. Оның малы да бар, баласы да бар. Ас беріп жатқандар
«Баласы аса жұрттың мейман келді, Мамеке-ау, кірген үйің бермейсің бе?» – 
деп, Көтібардың атақты ұлы бар екенін айтып, алтын үйге сол кіруі керек 
деген ой айтады. Бірақ Маман өзінің байлығын айтып, Көтібарды кедей деп 
қорлайды. Маманның бұл мінезі Көтібарды одан әрі ызаландырады. Алтын 
үй өзіне тиесілі екенін айтып, Көтібар ата салтын бұзған әрі өзін қорлаған
Маманды шауып, екі қызын тұтқынға алады. 
Сөйтіп, «Айман-Шолпан» жырында тағы бір көне сюжет жаңаланып 
пайдаланылады. Ол – жігіт (батыр) жоқта оның елін жау шауып, әйелін 
(қалыңдығын) тұтқынға алуы, оған зорлықпен үйленуге ұмтылуы, жігіттің 
(батырдың) қуып келіп, әйелін (қалыңдығын) құтқаруы. Бұл сюжет 
классикалық эпоста кең жырланады. (Ал, байырғы батырлық ертегіде қызды 
тұтқындайтын айдаһар болып келеді). Осы ескі сюжет «Айман-Шолпанда» 
кейінгі қазақ өміріне сәйкес баяндалған. Мұнда сыртқы жау жоқ. Оның 
орнын атағы елге жайылған Көтібар басқан. Ол сыртқы жауларша өзінің 
малын көбейту немесе жерін кеңейту үшін шаппайды. Маман ауылын және 
бүкіл елді дүрліктірмейді, жойқын жаугершілік жасамайды. Оның шауып 


290 
алғаны – бір ғана байдың ауылы, тартып алғаны – сол байдың ғана малы, 
тұтқындағаны – бүкіл ел емес, Маманның ғана екі қызы. Бұл – кәдімгі қазақ 
елінде жиі болып тұрған барымта сияқты көрінеді, олай болу себебі 
жыршылар шындық болмысқа жақындату шартын ұстанған тәрізді. Бірақ 
түптеп қарағанда, Көтібардың Маман ауылын шабуы – ата салтын бұзғанды 
тезге салып, тәубасына келтіру және өзінің тапталған намысын қорғау, кегін 
алу. 
Көтібардың кек қайтару формасы бүгінгі көзбен қарағанда, әрине, өте 
қатал әрі жабайы. Ол Маман байдың өзіне тимей, екі қызын түйеге теріс 
қарата мінгізеді. Оның бұл қылығы – сол дәуір ұғымында ең үлкен қорлау, 
қызды мазақ етудің ең ауыр жолы. Бұдан асқан масқара жоқ, бірақ қаһарына 
мініп алған Көтібар тек осылай кегін қайтарады және онымен шектелмей, 
Айманды тоқал етіп алуды да ойлайды. Классикалық эпостың заңы бойынша, 
осыдан әрі қарай тұтқынға түскен әйелдің жай-күйі, оған тұтқындап алған 
жаудың жасаған қысастығы баяндалуы керек. «Айман-Шолпанда» тұтқынға 
түскен қыздардың жағдайы ешбір әсірелеусіз көрсетіледі, олар пәлендей бір 
зорлық көрмейді. Оның себебі, біріншіден, Айман қыздың ақылдылығы мен 
тапқырлығы болса, екіншіден, Арыстанның ара-тұра қыздарға жәрдем етуі 
және, үшіншіден, Көтібардың кеңпейілдігі мен аңғалдығы. Шынтуайтын 
айтқанда, Көтібар қайтсем де Айманды аламын деп, бар күшін салмайды, 
керісінше, оған әлдеқандай бір кеңшілікпен қарайды. Мәселен, Айманның 
айтуымен келіп, баласы Есет тойды 60 күнге қалдыр деп тілек білдіргенде, 
оны інісі Арыстан қолдағанда, Көтібар: «Айман маған жоқ екен, ей, Арыстан, 
күдерімді Айман қыздан үздім», – дейді. Ол інісі іштартып Айманға да, 
Шолпанға да ат бергенде, үндемейді, Айманға сеніп, өзінің атын, қару-
жарағын да береді. Міне, осының бәрі Көтібардың қатыгез жауыз еместігін, 
қайта хас батырға лайық ер мінезді екенін көрсетеді. 
«Айман-Шолпан» жырында негізгі оқиғаның өрбуі Көтібар мен 
Айманның тартысы болып көрсетіледі. Айман бейнесінде ежелгі ертек пен 
эпос әйелдерінің кейбір қасиеттері мен ХІХ ғасырдағы қазақ әйелдерінде 
көрінген жаңа ерекшеліктер жинақталған. Айман – ақылды әрі көріпкел әйел. 
Ол Кенжекей мен Құртқа секілді алдағыны болжай біледі, бірақ олар тәрізді 
үйге ғана ие болып отырған пассив әйел емес. Оның көріпкелдігі бірнеше 
сәтте көрінеді. Ең әуелгісі – Көтібардың ауылды шабатынына күмән 
келтірмейді де алдын-ала қажетті мал-мүлікті басқа жаққа – қауіпсіз жерге 
тықтырады. Екіншісі – Орынборға кеткен күйеу жігіті Әлібек 60 күнде келіп 
жететінін болжап, Көтібардан неке қию тойын сонша уақытқа ұзартуды 
сұрап алады. Үшіншісі – Шойынқұлақтың әйелі құсап, кішкентай Есет 
арқылы Көтібардың аты жау келерін сезе білетін жануар екенін біліп алады. 
Төртіншісі – Әлібектің қалың қолмен келе жатқанын бұрынырақ біледі де, 
оның алдынан шығады. Айман бейнесіндегі көнелік сипат мұнымен бітпейді. 
Ол бұрынғы эпостардағы батыр қыздарша Көтібардың қару-жарағын 
асынып, оның тұлпарына мініп, түн ішінде Әлібектің қолының алдынан 
шығады, рас, Қарлыға сияқты шайқасқа түспейді. 
Айман бейнесінде жаңалық та бар. Тұтқынға түскен ол «Құдай салды, 


291 
мен көндім» деп, қарап отырмайды, асқан белсенділік танытып, Көтібармен 
тайталасқа түседі. Бұл тартыста ол өзінің ақылын негізгі қару етіп, барлық 
жағдайда өзінің ойын жүзеге асырып отырады. Айман мен Көтібардың 
арасында шиеленіскен тартыс жоқ. Мұнда екі типтегі адамның тайталасы, 
яғни ақыл мен аңғалдың өзара шарпысуы көрінеді. Тұтқынға түскен қыз 
ежелгі эпостағыдай қайғы-мұңға түспейді, керісінше, бәрін алдын-ала 
есептеп, бірде ақылмен, бірде айламен қарсыласын жеңіп отырады. Айман өз 
заманы басқа екенін жақсы түсінеді, жігіті Әлібектің Орынборға мал айдап 
кеткенін сөкпейді, тек Көтібар шапқанда жоқ болғанына өкінеді. Әлібек 
Орынборға малды сату үшін айдағаны анық, яғни бұл жыр туған шақта қазақ 
жұрты қаламен сауда-саттық жасап, ақшаның қадірін біле бастаған болу 
керек. Алтын ақша, күміс теңге ел арасында бағалы болған тәрізді. Айман 
сіңлісі Шолпанды еліне шығарып салып тұрғанда өзінің тығып кеткендерін 
санамалап келіп, «ақ сандықтың қасында ақ қобдида он бес алтын, қырық 
күміс табақ бар», – дейді. Бұрынғы ертек-жырларда кейіпкердің табатыны 
немесе сыйға алатыны – ат басындай алтын болатын, ал, мына жырда жалпы 
мөлшері емес, он бес алтын, қырық күміс деп нақты саны айтылады. Демек, 
Айман Көтібар шаппастан бұрын көп малмен бірге ақша да тығып үлгерген, 
яғни ол ендігі байлық – тек мал емес, сонымен қатар ақша екенін жақсы 
түсінген. Осы жерде бір қызық деталь бар: алтын мен күміс ақ сандықтың 
қасындағы ақ қобдида. Біздіңше, бұл – ежелгі мотивтің сарқыншақ түрі. 
Ертегілерде ондай қымбат нәрсе (алтын, адамның жаны) ақ сандық, оның 
ішінде көк сандық, оның ішінде қобдиша, оның ішінде тағы бірдеңе. Міне, 
осындай алуға қиын соғатын бірнеше кедергі – тар кеңістікте тығулыр 
болатын. Бұл мотив жырда жеңілдетілген. 
«Тұтқынмын, мені Әлібек қашан келіп құтқарады?» – деп мұңайып 
отырған Айман жоқ. Ол өз басының бостандығын ғана ойлап қоймайды. 
Оның көксегені – Көтібардан құтылып, Әлібекпен қосылу ғана емес, сондай-
ақ әкесі Маманды, сіңлісі Шолпанды, бүкіл ауылын азат етіп, тыныштандыру 
бейбіт өмір орнату. Осы ойын ол бір-бірлеп орындайды. Ендеше Айман 
бейнесі – қазақ қоғамында жаңадан көріне бастаған еркін де екпінді әйелдің 
образы деуге болады. Қазақ әйелі бұрын да еркін болған, бірақ Айман секілді 
бүкіл ауыл-аймақтың тағдырын ойлайтын, ойлап қана қоймай, шешетін 
қуатты емес еді. Ең мықтағанда Кенжекей мен Құртқа сияқты кү йеуінің, 
отбасының қамын жейтін немесе Ақжүніс пен Қарлыға тәрізді жеке басының 
тағдырын ойлайтын еді. Міне, Айман бейнесінің басты ерекшелігі осында. 
Жырда Айманнан, Көтібардан басқа да кейіпкерлер бар. Мысалы, 
Арыстан, Әлібек, Шолпан, Маман, Теңге. Осылардың ішінде Арыстан – 
тарихи тұлға, Көтібардың туысы. Өмірде ол Көтібармен бірге елеулі тарихи 
оқиғаларға қатысқаны белгілі. Бірақ жырда Арыстан басқаша бейнеленген. 
Ол Көтібардың көлеңкесінде қалып қойған. Рас, жыршы оны ағасына қарсы 
қоюға тырысқан: анда-санда Көтібарды құптамай, оның Маман ауылын 
шабуына, Айманды тоқалдыққа алуына қарсы болады, қыздарға жәрдем 
береді. Дегенмен де, ол тегеуірінді түрде ашық қарсы келе алмайды 


292 
Көтібарға. Онысы түсінікті де, қай қазақтың баласы ол заманда үлкенге 
қарсы шығушы еді? Жалпы, жырда Арыстан – батыр емес, батырға тән 
ешқандай мінез де көрсетпейді, әрекет те жасамайды, оның есесіне ол – 
сабырлы, ойлы адам, ағасына тоқтау айтып, сабырға шақырып отырады. Осы 
тұрғыдан келгенде, Арыстан байырғы эпос батырларының қасында жүретін 
серігі, жолдасы рөлінде көрінеді. 
Әлібек те – бұрынғы батыр емес. Оның қандай екенін тек Айманның 
сипаттауынан білеміз. Шолпанға елге барарда ол Әлібекті «ер еді іші қатты», 
«асыл тек» деп атайды. «Айтыңыз бізден сәлем жездең сорға», – дейді 
Айман. Осыған қарағанда, Айманның қалыңмалы төленіп, ол Әлібектің 
заңды қалыңдығы екені аңғарылады. Әлібек болса, тұтқындалып кеткен 
қалыңдығын Орынбордан келген бойда ести салып, дереу іздеуге шықпайды 
бұрынғы батырларша. Ол Шолпан еліне келіп, жағдайды айтқан соң ғана 
аттанады. «Әлібек мұны естіп аттаныпты, Жар салып қатар өскен ерлеріне», 
– делінеді жырда. Осыдан кейін ғана Әлібек жеті жүз қол жинайды, бірақ 
бірден шапқыншылыққа аттанбайды, Шолпан айтқан Айманның ақылымен 
60 күн тосып, содан соң ғана жорыққа шығады. Ол Көтібардың ауылын 
шапқан шайқаста айта қалғандай ерлік те көрсетпейді. Жырда ешбір ұрыс 
суреттелмейді. Тек қысқа қайырып, «Бес нарға 20 қыз мінгестіріп, Шектіні ер 
Әлібек шауып алды, Таманың сол Шектіден кегін алды», – деп баян етеді 
жыр. Сөйтіп, Әлібек тұтқынға түскен қалыңдығын азат етеді, соның өзінде де 
ол Айманның көмегіне сүйенеді. Міне, ежелгі сюжет жаңа замандағы лиро-
эпикалық жырда жаңаша баяндалып, шешім табады. Шешімі – жігіт пен 
қалыңдық қосылады, бірақ Көтібар бітіспес жау секілді ойран салмайды. Ол 
өзінің кеңпейілді болмысын танытады да, Әлібек пен Айманның, Арыстан 
мен Шолпанның қосылуына келісіп, бәрі мұратына жетеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   115




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет