Қазақ фольклоры Миф, аңыздар



бет2/5
Дата07.11.2022
өлшемі56,77 Kb.
#48123
1   2   3   4   5
Байланысты:
аружан фольклоо

Бөрілі байрақ — ұраным

Ғұндар мен көне түркілердің өздерінің шығу тегі жөніндегі аңыздарының да тарихи мәні бар. Ол аңыздың бір нұсқасы бойынша, ғұндар (түркілер) өзінің күншығыстағы көрші елінен қатты жеңіліс тауып, тегіс қырылады. Жау әскері бір жас баланы өлтірмей, тастап кетеді. "Содан тараған жұрт ғұндар мен түркілер еді" дейді көне аңыз. Көне түркілер қасқырды ата тегіміз деп біледі. Түркі халқын бірінші басқарған Ашына өзінің осы тектік ерекшелігін білдіру үшін ордасының қақпасына бөрі басының суреті бар ту байлаған. Бұл аңыздың бұлыңғыр сілемі кейінгі қазақтарға дейін жеткен. Қазақта бөріні "тәңір серісі" деп құрметтеген.


Ғұн, үйсіндер қала да салып, қала мәдениетін білген. Бұл дәуірде пайда болған Түймекент, Тасақыр қалалары жөнінде қазақ арасында ғажайып хикаялар, аңыздар сақталған. Аңызда бұл қалалар Талас өзенінің бойында салынғандығы айтылады.

Мал түліктеріне байланысты аңыздар

Қазақтың көне аңыз- әңгімелерінде мал түліктерінің жебеушісі, пірі бар. Мысалы, қойдың иесі — Шопан ата, жылқының иесі — Қамбар ата, түйенің иесі — Ойсыл қара, сиырдың қолдаушысы — Зеңгі баба деп түсінген. Қазақ "Ойсыл қара, оңдай гөр", "Қамбар ата, қолдай гөр", "Шопан ата байыта гөр"," Зеңгі баба, жарылқай гөр", — деп, малдың жебеушілерінен көмек сұраған.


XIV ғасырда Әмір Темір қасиетті Әзірет сұлтанның күмбезін жаңадан тұрғызуға кіріскенде, Қаратау, Сырдария маңы қазақтары жиналып келіп, қирап жатқан күмбезді қоршап алады. Әмір Темірдің кісілеріне былай дейді: "Сақып қыранға барып айтыңдар, алдымен Зеңгі бабаның басына күмбез тұрғызсын, ол Әзірет сұлтаннан (Қожа Ахмет Йасауи) көп заман бұрын өткен данышпан, өзі бақташы, сиырды табынымен шоңайтып, халыққа байлық сыйлаған кісі". "Темір халық ұйғарымын қабылдап, Зеңгі бабаның басына күмбез тұрғызған" дейді ескі аңыз. Зеңгі баба күмбезі Қазығұрт тауының оңтүстігінде, Ташкентке таяу жерде салынған.
Түйенің алыбы Ойсыл қараның туған өлкесі — Жетісу, Қазығұрт, Қаратау. Оның бейнесін тас оюшылар осы өлкелерде тасқа ойып түсіріп кеткен.
Шопан ата жатқан жер Маңғыстау түбегінде, кейін оның маңайы әулиелі үлкен қорымға айналған.
Көне аңыздар бойынша, сақ, ғұн, үйсін жауынгерлері ұзақ жолға шыққанда, беліне не күміс кісе, не тұлпар аттың тұяғын байлап жүретін болған. Әлкей Марғұланның дерегі бойынша, бұл дәстүр бергі заманға дейін Кіші жүз қазақтарында сақталып келген. Тұлпар аттың тұяғы таудағы тасқа да мөрдей боп түскен. Тұлпар ізі түскен тастар Арғанаты тауынан, Абралы тауынан табылған. Олар тұлпартас деп аталады. Геродот келтіретін сақ аңызы бойынша, сақтар жерінде тасқа түскен "тәңірінің табан ізіне" табынған. Осындай тасқа қашап салынған адам ізі Бетпақдаланың Таңбалы жартасында, Сарысу бойында, Теректі әулие тасында, Ұлытауда Арғанаты тасында кездеседі. Орта ғасырлардағы мұсылман деректеріне қарағанда, ондай тасқа басылған адам ізі қыпшақ және оғыз дәуірінде ерекше қасиеттелген.
Қазақ аңыздары бойынша, дүниені топан су басқанда Нұх пайғамбардың кемесі Қазығұрт тауының басына келіп тоқтаған. Халық аңызы бойынша: "Қазығұрт тауының үстінде тоқтаған кеменің ізі — апан бар, оның асты үңгір, төбесіне ағаш қадаған, Қазығүрт атаның ордасының орны сол жерде болған", — дейді. Бұл жерді қазақтар осы күнге дейін Қазығұрт бабаның тауы, Қазығұрт ата, Қазығұрттың жаңғақ қорасы, Қазығұрттың ақ қойлары, шудалы түйелері жайылған жер", — дейді.
Ғұндарға, түріктерге тотем болған жануарлар мен аңдар — бұқа, көк бөрі, марал, т.б. Тотем түсінігі — халықтың өз тегіміз, туысымыз деп жан-жануарды қастерлеуі, оларға сиынуы. Римжазушыларының ғұндардан жазып алған бір аңызы бойынша, ғұндар Меотис батпағында аң аулап жүріп адасып, батпақтан шыға алмай тұрғанда, оларға бір ақ марал жол көрсетеді. Батпақтаншыққан соң, ғайып болып жоғалып кетеді.
Ғұн елінде көк бұқа жөнінде аңыз кең таралған. Бұл аңыз қазақтарда, әсіресе наймандар арасында жақсы сақталған. Өріден келе жатқан "Көк бұқаның күйі" Тарбағатай, Алтай жерінде көпке дейін ұмытылмаған.
Қытай деректері бойынша, ғұндарда "Окр" деген ат ер балаға жиі қойылатын болған. Өкір — өгіз сөзінің бір түрі (салыстыр: "өгізше өкіру"). Осы ғұн дәуірінен келе жатқан дәстүрден наймандардың бір атасы — өкіреш наймандар тарағанында күмән жоқ. Бұлардан бұрын окр, өгіз сөзі түркілердің үлкен тайпасы — оғыздардың атауына айналған.
Ғұндар балаларын әлпештеп, айналғанда былай дейді екен: "Ай мүйізді ақ қошқарым бастаған ақтылы қойым сенікі болсын, қамыстай сүйір құлағының шетінде қара меңі бар, мөлдір көзді боз айғырым бастаған ұлан-байтақ боз жылқым сенікі болсын, шудалары төгілген, түсінен кісі шошитын қара бурам бастаған отарлы түйем сенікі болсын, мүйізі қарағайдай, бәрі келсе, оны жармай тыныш алмайтын, көк бұқам бастаған малым сенікі болсын!"
Ғұндардың, одан бері түркілердің басты діні Көк тәңірісінің болуы, шығып келе жатқан Күнге мінәжат етуі, жаңа туған Айға сәлем беруі, құрбандыққа ала жылқы шалуы, өлікке жоқтау айтып, әйелдерінің бет жыртып жылауы, үйленгенде қалыңмал беру салты, түскен келінге отқамай құйғызу ғұрпы, т.б. XIX ғасырда қазақ халқында бар салт-саналар. Ғұндардың көп сөзі көне түркі тұрмақ, қазіргі қазақтардың тіліне келеді. Мысалы, "жер" — жер, "су" — су, тәңірі, "төз" — төзім, төзімді адам, т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет