Қазақ газеті ” оқырманға не береді?



Дата19.04.2023
өлшемі12,93 Kb.
#84291
Байланысты:
Қазақ газеті

Қазақ газеті ” оқырманға не береді?




Жақсы кітап оқу тылсым дүниеге еніп, ұлы тұлғалармен тілдесу болса, жақсы ақпарат алу мәліметтін анығын, сөздін асылын санаға сіңдіру. Бұл күндері ақпарат алудың алуан түрі бар. Бірі ғаламтор желілерін жөн көрсе, бірі теледидарды таңдайды. Ақпаратты айшықтап анығын һәм ақиқатын жазатын газет екені анық. Маңызды мәліметтер, мазмұнды мақалалар жарық көретін газеттің жайы жан жылытпайтыны жалған емес. Десекте, әлемде газеттер бірінен соң бірі «өліп» жатыр. ХVІІІ ғасырда газет парақтарын дәмханалардың парақтарына жапсырып қояды екен. Енді жұрт сол дәмханаларда отырып, керек ақпаратты планшеттен, смартфоннан-ақ ала алады. Дегенмен, аталмыш құралдардан гөрі, “Қазақ газетінің” оқырманға берер пайдасы болмаса мол деп білемін.
Қазір интернет-сайттарға үңілетін болдық қой. Өйткені тез, ыңғайлы. Бірақ, интернет-сайтта оқығаныңды тез ұмытып қаласың.  Ал, “Қазақ газеті” менің ұғымым да көкейде жүрген сөздеріңді айтуға мүмкіндік береді. Оқырманға, ел дамуындағы мемлекеттік стратегиялық бағыттарының жүзеге асуындағы жаңалықтармен, талапты да дарынды тұлғалармен, республиканың түкпір-түкпірінен қауым жұртқа ой сала алар авторлармен таныстырады. Оқығанда, бейне бір сюжетке құрылған кітап секілді күй кешесің. Жақында ғана бір сұмдық оқиғаны көріп, жүрегім қанжылады. Ол- кезекті бір іс-шарадағы сән үлгісі. Осы сәтте көзіме газеттен жасалған көйлек түсті, Алты Алашқа қажет алуан ақпарат, алты қыздың аяғынын астында кетіп барады. Газетке көміліп жатқан көйлекке көз салсам, кілең керемет ойлар, келісті сөздер.
"Газет - халықтың көзі, құлағы һәм тілі" деп алаштың асыл азаматы Ахмет Байтұрсынұлы сөз қалдырған. Халықтың қайғы қасіретіне қамығып, мерейлі мерекесіне қуанатын ол газет. Төрткүл дүниенін жаңалығы төрт бетке сыйған газетті төмендетіп табанға таптап тастағанымыз рас.
Қорытындылай келсем, сананы сілкілеп, жүйкені жұқартатын планшеттегі сайттардан гөрі “Қазақ газетінің” берері танымы мен тағлымы мол деп білемін.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет