Қазақ халқының ұлы перзенті, аса көрнекті ойшыл, ағартушы-демократ



Pdf көрінісі
Дата10.01.2017
өлшемі6,63 Mb.
#1593

       

Қазақ  халқының  ұлы  перзенті,  аса  көрнекті  ойшыл,  ағартушы-демократ 

Шоқан  Шыңғысұлы  Уәлихановтың  (1835-1865)  заңғар  тұлғасы  мен 

шығармашылық  мұрасы  әр  қырынан  сараланып,  өз  бағасын  алып  келеді.  Оның 

дүниетанымы, әлеуметтік-саяси және экономикалық көзқарастары, шығыстанушы, 

тарихшы,  географ,  этнограф  ретіндегі  бітімі,  әдебиет,  тіл  мен  өнер  мәселелері 

жөніндегі мұралары сан алуан еңбектердің арқауы болды. 

 

       Шоқан қазақ  даласындағы  географиялық нысандарға,  өзендері  мен көлдеріне, 



таулары  мен  қыраттарына,  сай-саласы  мен  қойнауларына,  олардың  түркілік-

қазақылық атауларына үңіледі. Қазақ жерін Солтүстіктен Оңтүстікке, Шығыстан 

Батысқа дейін картаға түсіріп, оған қазақ тілінде (араб қарпінде) түсіндірмелер 

береді.  Сонымен  ол  болашақ  ұрпаққа  оның  этностық  территориясы  туралы  баға 

жетпес тарихи құжаттар қалдырады. 

  

                                                                           Көшім ЕСМАҒАМБЕТОВ,                                         



                               тарих ғылымдарының докторы, профессор. 

 

 



 

 


Құйрықты жұлдыз секілді, 

Туды да, көп тұрмады. 

Көрген, білген өкінді, 

Мін тағар жан болмады. 

                                                              

                           

Абай 

        Шоқан терең энциклопедиялық 



білімі бар, өз заманындағы ғылымда 

бірқатар мәселелерді жаңаша көтере 

білген кемелді ірі ғалым еді. 

 

                          Ә. Марғұлан 



 Шоқаны бар ел - шоқтығы биік ел. 

                       

Ғ. Мүсірепов 

    Шоқан ақынжанды және 

шығыстық кейіптегі адам еді. 

                     

Н.М. Ядринцев 


       

Шоқан тағылымы біздерге, ұлттық тарихи сана мен ойдың жетілуіне, 

кешегі өткенімізге жаңаша көзқарастың қалыптасуына жол ашады. Бізге 

Шоқан мұралары құндылығымен қымбат. Ол өзінің қысқа ғұмырында Ресейде 

оқып, орыстың ойшыл демократтар қозғалысының өкілдерімен байланыс жасап, 

қарым-қатынаста болды. Орыс ғалымдары, жазушылары ортасында болып, 

олардың ақыл-кеңестерін тыңдап, өз көзқарасын ашық білдірді.Өзінің ғылыми 

және саяси білімін көтерумен ұдайы шұғылданды. Кадет кезіндегі оқыту 

бағдарламасында әскери арнайы пәндермен бірге жалпы география, тарих, орыс 

және шетел әдебиеттері, философия негіздері, физика, химия, арифметика, 

алгебра, геометрия, тригонометрия пәндері және ауыл шаруашылығының 

негіздері оқытылды.Сонымен қатар сызу мен сурет салу жүргізілді. Француз 

және шығыс тілдері де оқытылды. Шоқан корпустағы оқу жылдарында көптеген 

шәкірттермен тығыз қарым-қатынаста болды. Мұның өзі Шоқанға ойлануға, 

оқуға, қоғамдық мәселелерге ден қоюға үлкен ықпал етті. 

                                               

                                                                                         Қайсар Құсайынұлы

                                                     Абай атындағы ҚазҰПУ – дің профессоры 

 

 


26.8(5Қаз)г 

У17 

Уәлиханов,  Ш.  Көп  томдық  шығармалар 

жинағы  [Мәтін].  1  т.  /  Шоқан  Уәлиханов.  -  А.  : 

Толағай групп, 2010. – 376 б. 

    Мұнда  қазақ  халқының  көрнекті  ғалымы,  ағартушы-демократ 

Шоқан Шынғысұлы Уәлихановтың өмірі мен қызметі жайлы мақалалар 

және  оның  1851-1856  жж.  аралығындағы  тарих,  география  мен 

этнография,  шығыс  елдерінің  ауыз  әдебиеті  және  тіл  біліміне  қатысты 

еңбектері  1985  ж.  Ш.Уәлиханов  атындағы  тарих,  археология  және 

этнография  институты  дайындаган  Ш.Уәлихановтың  бес  томдық 

шығармалар жинағының негізінде  қазақ  тіліне  аударылып,  жарияланып 

отыр. 

     Басылымда  қазіргі  уақыттың  талаптарына  сәйкес,  грамматикалық 



және  стилистикалық,  ұғымдық  ерекшеліктер  ескеріле  отырып,  кең 

көлемді түсіндірмелер мен иллюстрациялар берілген. 

   Кітап жалпы оқырман қауымға арналған. 


26.8(5Қаз)г 

У17 

 

Уәлиханов,  Ш.  Көп  томдық  шығармалар  жинағы 

[Мәтін].  2  т.  /  Шоқан  Уәлиханов.  -  А.  :  Толағай  групп, 

2010. – 464 б. 

  Қазақ халқының көрнекті ғалымы Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың 

көп 


томдық 

шығармалар 

жинағының 

екінші 


томына 

оның 


шығармашылық  және  ғылыми  ойының  шарықтаған  1856-1857  жж. 

жазылған еңбектері топтастырылды. 

   Томда  ғалымның  Қазақстан,  Орта  Азия  және  Шығыс  Түркістанның 

тарихы,  географиясы  мен  этнографиясы,  деректануы  бойынша  жазылған 

ғылыми  еңбектері  жинақталып  берілді.  Бұл  еңбектерде  Ресейдің  Батыс 

Қытаймен  саяси  және  сауда  қарым-қатынасы  сипатталған,  Қазақстан, 

Орта  және  Орталық  Азия  аумағын  қоныстанған  түркі  халықтарының 

этникалық тарихы көрініс тапқан дәйекті материалдар берілген. 



26.8(5Қаз)г 

У17 

      Уәлиханов,  Ш.  Көп  томдық  шығармалар  жинағы 

[Мәтін]. 3 т. / Шоқан Уәлиханов. - А. : Толағай групп, 

2010. – 424 б. 

           

Ш.  Ш.  Уәлихановтың  көп  томдық  шығармалар  жинағының 

үшінші  томына  негізінен  қазақ  ғалымының  1858-1859  жж.  Қашғарға 

сапары кезінде жазған жолжазбалары, күнделіктері, Шығыс Түркістан 

және оған шекаралас Орталық Азия өңірлерінің тарихы, экономикасы, 

саясаты, географиясы жөніндегі зерттеулері енген. 

           Кітап  1985  ж.  Ш.  Уәлиханов  атындағы  тарих,  археология  және 

этнография  институты  дайындаған  Ш.  Уәлихановтың  бес  томдық 

шығармалар жинағының негізінде қазақ тіліне аударылып, жарияланып 

отыр. 


 

  

26.8(5Қаз)г 



У17 

        Уәлиханов, Ш. Көп томдық шығармалар жинағы 

[Мәтін]. 4 т. / Уәлиханов Ш. - А. : Толағай групп, 2010. – 

496 б. 

  Ш.Ш.  Уәлихановтың  көп  томдық  шығармалар  жинағының 



төртінші  томына  негізінен  ұлы  ғалым  өмірінің  соңғы  жылдары 

жазылған,  тарих,  этнография,  құқық,  деректану,  тарихи  география, 

хронология  және  генеалогия,  Қазақстан  және  Орта  Азия 

халықтарының  материалдық  және  рухани  мәдениетінің  әртүрлі 

мәселелеріне арналған зерттеулері енген. 

  Кітап  1985  ж.  Ш. Уәлиханов  атындағы  тарих,  археология  және 

этнография  институты  дайындаған  Ш.  Уәлихановтың  бес  томдық 

шығармалар  жинағының  негізінде  қазақ  тіліне  аударылып, 

жарияланып отыр. 


26.8(5Қаз)г 

У17 

Уәлиханов

Ш. Көп томдық шығармалар 

жинағы

 [Мәтін]. 5 т. / Уәлиханов Ш. - А. : 



Толағай

 групп, 2010. – 528 б.  

    Ш.Ш.  Уәлиханов  шығармалары  жинағының  бесінші  томына  ғалымның  өмірі 

мен  қызметі  туралы  материалдар  мен  құжаттар  енгізілген,  оның  отбасылық  және 

қоғамдық ортасы, қызметтік және ғылыми өсу жолы баяндалған. 

     Шоқан  Уәлихановтың  қызметтік  және  ғылыми  өмірбаянын  қамтитын 

тараулар  енгізілді,  хронологиялық  және  тақырыптық  тәртіппен  құрастырылды. 

Орыс географиялық қоғамында баяндалған еңбектері енген. 

    «Хат алысулар» тарауында А.Н. Майковтың Ш.Ш. Уәлихановқа жазған хаты, 

Шоқанның  Г.А.  Колпаковскийге  жазған  екі  хаты,  сондай-ақ  Ш.  Уәлихановты 

Қашғарға  (1859)  апарған  керуен  басы  Мұсабайдың  есептері  мен  хаттарының 

сериясы берілді. Томның негізгі бөлігін көлемі бойынша да, мазмұны бойынша да 

Ш.Ш.  Уәлиханов  туралы  оның  замандастарының,  әріптестері  мен  достарының 

баспасөзде жариялаған мақалалары мен шағын жазбалары құрайды. 



Бұл  кітап  –  қазақ  халқының  көрнекті  ғалымы,  ағартушы-

демократ  Шоқан  Шыңғысұлы  Уәлихановтың  көп  томдық 

шығармалар жинағының алтыншы томы. 

Мұнда  ғалымның  жарық  көрген  еңбектері,  оның  өмірі  мен 

қызметі  жайлы  әр  жылдары  қазақ,  орыс,  ағылшын  тілдерінде 

жазылған  еңбектердің  мазмұндалған  көрсеткіші  жарияланып  отыр. 

Әдебиеттердің тізімі хронологиялық ретпен түзілген. 

Кітап  студенттерге,  ізденушілерге,  жалпы  оқырман  қауымға 

арналған. 

26.8(5Қаз)г 

У17 

      Уәлиханов,  Ш.  Көп  томдық  шығармалар 

жинағы  [Мәтін].  6  т.  Әдебиеттердің  мазмұндалған 

көрсеткіші  /  Шоқан  Уәлиханов.  -  А.  :  Толағай 

групп, 2010. – 256 б. 



          Уәлиханов,  Ш.  Шығармалары  [Мәтін]  /  Шоқан 

Уәлиханов. - А. : Ана тілі, 2010. – 320 б. 

Қазақ  халқының  кемеңгер  перзенті,  санқырлы  саңлақ  ғалым 

Шоқан  Уәлихановтың  қалдырған    тарихи-мәдени  мұрасы  ұшан-

теңіз. Осынау асыл қазына – алтын арналарымыздың қазіргі таңда да 

тарихи  және  ғылыми  мән-маңызы  орасан  зор.  Ғалым  әрі 

ағартушының  мерейтойлық  жинағына  қайнары  терең  қазыналы 

мұраларының  ішінен  іріктелген  құнды  еңбектерінің  бір  шоғыры 

топтастырылды.  

Кітап қалың оқырман қауымына арналған. 



63.3(5Қаз) 

У17 

63.3(5) 

У17 

        Уәлиханов, Ш. Алтышаһарға сапар [Мәтін] / 

Шоқан Уәлиханов. - А. : Атамұра, 2006. – 304 б. 

Қазақтың  аса  көрнекті  ғалымы  және  ағартушысы  Шоқан 

Уәлиханов  мол  тарихи  мұра  қалдырды.  Оның  халқымыздың 

тарихы  мен  этнографиясы  туралы  зерттеулерінің,  сондай-ақ  қазақ 

даласындағы 

әлеуметтік 

саяси 


қарым-қатынастар 

жайлы 


мақалаларының бүгінгі күнде де ғылыми маңызы зор. Алтышаһар 

немесе  Қашқария  туралы  еңбегі  Шығыс  Түркістан  халықтарының 

тарихына,  географиясына,  әлеуметтік  құрылысына  арналып,  өз 

заманы  ғылымының  биік  деңгейінде  жазылған  әлемдегі  түңғыш 

зерттеу  жұмысы  болатын.  Кітапқа  Шоқанның  осындай  бірегей 

туындылары топтастырылды. 

Кітап қалың оқырман қауымға арналған. 

      


Алтышарды сипаттағанда Уәлиханов мырза әртүрлі минералды 

заттардың  бар  екенін  қысқаша  айтып  өтеді,  олар  аз 

зерттелгенімен,  Керия  ауылында  алтынның  көп  мөлшерде  жуылып 

алынатыны  соншалық,  тұрғындар  салықты  (Қытайға)  осы 

металмен  төлеп,  оны  жеке  адамдарға  сата  алады.  Хотаннан 

сарайға  жыл  сайын  80  ланға  дейін  алтын  жөнелтіледі.  Бірақ 

алтынның  көп  мөлшері  лазурит,  феруза,  лағылмен  бірге  Памир, 

Қаратегін және Болорда өндіріледі.  

                                                     И. В. Мушкетов 


67.3(5Қаз) 

У 17 

       Уәлиханов,  Ш.  Сот  реформасы  жайында  жазба 

[Мәтін] / Уәлиханов Ш. - А. : Жеті жарғы, 2003. – 116 б. - 

: сурет. 

Кітапта қазақтың ағартушы, демократ ғалымы Шоқан  Уәлихановтың 

(1835-1865)  аса  көрнекті  шығармасының  бірі  «Сот  реформасы  жайында 

жазба»  атты  еңбегі  басылған.  Мұнда  тарихи  дамудың  жалпы  көкейтесті 

мәселелері,  қазақ  қоғамының  әдеттегі  құқық  пен  сот  істері,  реформа 

жүргізілген кездегі тарихи жағдайлар, ұлттық ерекшеліктер қамтылған. 



         Бегалин,  С.  Бала  Шоқан  Мәтін:  повестер.  Көп  томдық 

шығармалар  жинағы.  4  том  /  Сапарғали  Бегалин.  –  Алматы: 

«Балалар әдебиеті» баспасы, 2009. - 268 б.  

84(5Қаз) 

Б 34 

        Қазақ  әдебиетінің  көрнекті 

өкілі,  белгілі  балалар  жазушысы 

Сапарғали Бегалиннің көп томдық 

шығармалар  жинағының  төртінші 

томына повестері еніп отыр. 



Кітап  қазақтың  ұлы  ғалымы,  ағартушылық  мәдениеттің  тұңғыш  өкілдерінің  бірі, 

шығыстанушы,  тарихшы,  фольклоршы,  этнограф,  географ,  Шоқан  Уәлихановтың  өмірі 

мен қызметтері жайында жазылған тарихи әңгімелер мен зерттеулерден құралған. 

Шоқанның  арғы  бабасы  Абылай  хан  билеген  XVII  ғасырдағы  қазақ  тарихынан 

басталатын  бұл  жинаққа  атасы  Уәли  ханның,  Көкшетау  сыртқы  округының  аға  сұлтаны 

болған әкесі Шыңғыстың және Шыңғыстың анасы Айғаным ханшаның, өмірлері жайында 

жазылған мағлұматтар да енген. 

Бұл  еңбекте  ғалымның  туып-өскен,  білім  алған  ортасы  және  Іле  Алатауы  мен 

Қашқар  жеріне  жасаған  саяхат-сапарлары  жайында  кеңінен  тоқталады.  Сондай-ақ  оның 

өмірге өзіндік көзқарасын, әсіресе суретшілік қырын терең танытады. 

Жинақта  Шоқанның  өз  қолымен  салған  көптеген  суреттері  қоса  беріліп,  оның 

тарихи  ескерткіштер  (тас  мүсіндер,  қорғандар,  күмбездер)  төңірегіндегі  ғылыми  ізденіс 

істері сөз болады. 

63.3(5Қаз) 

У17 

      Шоқан Уәлиханов [Мәтін] : өмірі, қызметі, суретшілік өнері / 

[құраст. Е. Манашов]. - А. : Өлке, 2013. – 352 б. 



Жарылқап  Бейсенбайұлы  көп  жылдар  бойы  Шоқан  өмірін  зерттеп,  оның 

Ыстықкөл  сапарының  ізін  қайталай  жүріп  өткен,  ұлы  тұлға  ғұмыр  кешкен 

мекендерді  аралап,  осы  тақырыпқа  арналған  «Шоқан  ізімен»  (1977),  «Жасын-

тағдыр  жарқылы»  (1987)  атты  кітаптары,  көптеген  мақалалары  жарық  көрген 

белгілі  журналист-зерттеуші,  жазушы.  Автор  сол  кездерден  үзбей  жинаған  мол 

деректерін  кейінгі  жылдарда  «Мәдени  мұра»  бағдарламасы  бойынша 

жарияланып жатқан жаңа тарихи, мұрағаттық құжаттармен, ғаламтор (интернет) 

аясына орналастырылған дәйекті материалдармен, анықтамалық мағлұматтармен 

байыта  отырып,  Ш.  Уәлихановтың  175  жылдық  мерейтойы  қарсаңында 

қолдарыңыздағы  көлемді  тарихи-ғұмырнамалық  деректі  хикаятты  бітірді. 

Кітапта  қазақтың  ұлы  ғалымының  өмірі  мен  оның  заманына  қатысты  бұрын 

беймәлім  боп  келген  көптеген  тұстарға  жаңаша  барлау  жасалынады,  тиянақты 

байыптаулар түйіледі. 

63.3(5Қаз) 

Б38 

        Бейсенбайұлы, Ж. Шоқан [Мәтін] : ғұмырнамалық деректі 

хикаят / Жарылқап Бейсенбайұлы. - А. : Қазақстан, 2009. – 608 б. 



Бегалин,  С.  Шоқан  асулары  [Мәтін]  :  хикаят  / 

Сапарғали Бегалин. - А. : Жазушы, 2013. – 240 б.  



84(5Қаз) 

Б34 

С



Бегалиннің

 

«Шоқан 



асулары

» 

хикаятында



  қазақтың  ұлы  ғалымы,  әйгілі 

саяхатшысы

  Ш.  Уәлихановтың  балалық  шағы, 

кадет


  корпусында  оқыған  жылдары,  ғалым 

атанған


  кезі  кеңінен  қамтылған.  Шығарма 

тартымды


 тілмен жазылған. 

63.3(5Қаз) 

К 68 

Көмеков, Б. Е. Шоқан Уәлиханов [Мәтін] : [тарих, 

тұлға, уақыт] / Көмеков Б. Е., Өтениязов С. - А. : Аруна, 

2006. – 100 б. - : сурет.  

«Аруна»  баспасы  сіздерге  арнап  «Шығыстың  ұлылары»  атты 

топтаманың  жалғасын  ұсынады.  Балалар  мен  ересектерге  арналып 

қазақ  және  орыс  тілдерінде  жазылған  бұл  көркем  суретті  туындыда 

ұлтымыздың  біртуар  ұлы,  қазақтың  ұлы  ғалымы,  географ,  этнограф, 

шығыстанушы,  саяхатшы  Шоқан  Шыңғысұлы  Уәлихановтың  өмірі 

баяндалады. 


83.3(5Қаз) 

Ш34 

        Шәбжантайқызы,  М.  Шығарма-ой  толғауының 

жүйеленген

  жемісі  [Мәтін]  /  Мақтым  Шәбжантайқызы.  - 

Көкшетау : Келешек-2030, 2010. – 84 б. 


      

Сәтбаева, Ш. Қ. Шоқан Уалиханов [Мәтін] ; 

Шакарим Кудайбердиев. [5 т.]. 3 т. / Шәмшиябану 

Қанышқызы  Сәтбаева.  -  Астана  :  Елорда,  2011.  – 

320 б. 


        

Бейсенова,  Ә.  Өмір  өткелдері 

[Мәтін]  /  Бейсенова  Әлия.  -  А.  :  Білім, 

2007. – 240 б. : сурет. 

 

                

26.8г(5Қаз) 

                   Б38  

 

   83.3(5Қаз) 



  С28 

     Қазақ халқы - ең бір 

бейбіт халықтардың бірі.

 

  

    Тек ақиқат білім ғана 



күдік туғызбайды, ол 

өмірді бағалауға, тұрмыс 

құруға үйретеді. 

 

І



 

      Халықтың кемеліне келіп 

өркендеп өсуі үшін ең алдымен 

азаттық пен білім қажет. 

 

      Қазақтар - жақсылықтың 



қадірін білетін халық! 

      Дүниеде әділдік пен 

адалдықты ту еткен 

адамнан артық ешкім жоқ. 

 

 


          

 

 



 

       


moreInfo:

http://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/shokan-ualihanov-keruennn-zmen-

ekspeditsiyasyi-kashgarda-255746

/

 



 

        

.

 



           


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет