Қазақ халқының рухы таза ұлт болып қалыптасуы және тәуелсіздігіміздің беріктігі, еліміздің сақталуы тікелей жас ұрпаққа байланысты



бет12/16
Дата07.01.2022
өлшемі137 Kb.
#20109
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: интерактивті
Сабақтың барысы

1.Ұйымдастыру кезеңі

Оқу құралдарын тексеріп, зейіндерін сабаққа аудару



2. Үй тапсырмасын тексеру

Үй жұмысын тест тапсырмалары бойынша тексеріп шығамын



3. Жаңа сабақтың жоспары

- Көтерілістің себептері, мақсаты мен қозғаушы күштері

- Кенесары Қасымұлы-аса көрнекті мемлекет қайраткері

- Көтерілістің басталуы

- Қазақ хандығының қалпына келтірілуі

- Ханның алым-салық және сауда-саттық саясаты

- Қарулы күштердің құрылуы

Жаңа тақырыпты түсіндіруде Жигсо-2 стратегиясын қолдануды жөн көрдім


Қызығушылық ояту

Мағынаны тану

Ой толғаныс

Кенесары туралы не білеміз?

Кенесары-қазақтың соңғы ханы, Абылай ханның немересі, Қасым ханның баласы, Көтеріліс басшысы,мемлекет қайраткері,дипломат, батыр.


Мәтінді жеке және жұптасып оқып, топтасып қорытынды шығарады,


Ойларын ортаға салып, әр топ өз жұмыстарын қорғайды.


Жаңа сабақты түсіндірмес бұрын оқушыларды екі топқа топтастырып «Кенесары туралы не білеміз» деп ортақ сауал қойып қызығушылын оятамыз, мәтін тақырыпшаларын бөліп беремін. Өзіндік дайындыққа 10 минут беріледі.Оқушылар берілген мәтінді жеке, жұппен оқып, топпен қорытындылайды. Өз қалаулары бойынша бір оқушы немесе кезектесіп түсінгендерін ортаға салады.

Сабақты бекіту үшін жаңа материалдан бірнеше сұрақ қойып оқушылардың алған білімдерін пысықтап алуға болады.

- Кенесары Қасымұлы көтерілісінің себептері неде?





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет