Сабақты бекіту үшін осы сабаққа эссе жазу тапсырылады.Оқушылардың 5 минут ішінде жазылған кейбір жақсы эссе жұмыстары «Автор орындығынан оқу» әдісі бойынша оқушы қалауымен тыңдалады.
Сабақты қорытындылау, жинақтау, жүйелеу мақсатында «Симантикалық карта» толтыруды ұсындым. Дұрыс жауапқа «+» таңбасын қою керек
Оқушылардың белсенділігіне қарай бағаланады.
Үйге тапсырма: Абылай хан туралы қосымша мәліметтер жинап келу, реферат жасау.
Тақырыбы: 1837-1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға ұлт-азаттық қозғалыстың алғы шарттарын, сипатын, ерекшелігін, мақсатын ашып көрсете отырып, Кенесары Қасымұлы өзі батыр, өзі хан, өзі көсем, өзі дипломат халқының бостандығы мен тәуелсіздігі үшін күрескен мемлекет қайраткері екендігін, “ұлт-азаттық қозғалыс”, “тәуелсіздік” ұғымын қалыптастыру, жан-жақты талдай білуге баулиды.
Дамытушылық: 1837–1847 жылдары Кенесары бастаған ұлт-азаттық қозғалысты оқыта отырып, оқушылардың ойлау және тарихи құбылыстардың күрделі кешендерін талдай білуге баулу.
Тәрбиелік: Халқының бостандығы мен тәуелсіздігі үшін күрескен Кенесарыдай батырдың ерлігін дәріптей отырып, оқушылардың ұлттық сана – сезімін жеріне, еліне деген сүйіспеншілігін арттыру, патриоттық тәрбие беру,
Достарыңызбен бөлісу: |