Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиетінен емтихан сұрақтары Жыраулар поэзиясының зерттелуі


Үмбетейдің «Бекболат биге» арнауына талдау жасау



бет53/56
Дата06.01.2022
өлшемі266,21 Kb.
#12658
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   56
Байланысты:
Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиетінен емтихан сұрақтары

55.Үмбетейдің «Бекболат биге» арнауына талдау жасау.
Бұл арнау 22 тармақ,4 тирададан тұрады.Бұл арнау негізінен нақыл-өсиет түрінде жазылған.мысалы,
Баласын мақтар бас жаман
Қатынын мақтар қас жаман
Алыстағы дұшпаннан
Аңдып жүрген дос жаман.
Өз малын кізнеген
Кісі малын іздеген
Түбінде өз малына ие болмас.

56. Жыраулар поэзиясында кездесетін ауыстыруларға мысал келтіріңіз

Жыраулар поэзиясында ауыстыру ( метафора) мол қолданылады. Ауыстыру алынып отырған заттың не құбылыстың мағыналас, мәндес басқа ұғымдардың орнына пайдаланып, ойды ықшамды, суретті, қысқа жеткізуге негізделеді. Жыраулар поэзиясында Қ.Жұмалиев айтқан бес түрлі жолмен жасалатын ауыстыру түрлерін түгел кездестіреміз. Ақтамберді жыраудан үзінді келтірейік: 

"Сыртым-құрыш, жүзім- болат,

Тасқа салсаң майырылман".

Бұл жерде бір нәрсені екі затқа балау арқылы жасалған метафораның жай түрі кездеседі. Қ.Жұмалиев тағы да метафораның -мын, -бын, -пын, -сын жіктік жалғаулары және -м,-ң-ы тәуелдік жалғаулары арқылы жасалатын метафораны айтып кеткен. Оған мысал: 

"Торлаусыз өскен құланмын,

Мезгілсіз жусап өрермін.

Байраққа біткен құрақпын,

Саусағым жерге түсірмен,"- деген өлеңі.

Ал, Бұқар жырауда метафора "едің" көмекші етістігі арқылы жасалады:

Отыз бес жасқа келгенде,

Қара судың бетінде

Сығылып аққан сең едің.

Қырық жасқа келгенде,

Алтынды тонның жеңі едің.
Шалкиіз:
 Сен алтынсың—мен пұлмын,Сен жібексің—мен жүнмін.Сен сұлтансың—мен құлмын,Сен сұңқарсың—мен қумын.
Ақтамберді:
Сыртым-құрыш, жүзім-болат,Тасқа салсаң майрылман! 
Торлаусыз өскен құланмын,
Мезгілсіз жусап өсермін,
Байраққа біткен құрақпын,
Саусағым жерге түсірмен.
Жапанға біткен терекпін, 
Еңсемнен жел соқса да теңселмен.
Ой, мен қарағайға қарсы біткен бұтақпын,
Балталаса да айрылман 
Шал:
Мен бір шапқан жүйрік ат, Бір желіксем басылман 
Иман - қой, ақыл - қойшы, нәпсі - бөрі,
Бөріге қой алдырмас ердің ері.
Таяғын қатты ұстап қойшы тұрса,
Жоламайды ешбір нәрсе шайтан, пері.
Ашу – дұшпан, нәпсі – жау. 
Көтеш:
Тәлебайдың баласы - өңшең сырттан.
Едігесіп ет жейді етті жұрттан  
Үмбетей:
Үйіңдегі ұлың жаман болса,
Есіктегі құлмен тең.
Қойныңдағы қатының жаман болса,
Қаңтардағы мұзбен тең.
Қей сорлының қатыны
Күндіз ауру, түнде сау
Арқаңа артқан тұзбен тең
Доспамбет:
Дүниенің басы-сайран, түбі-ойран.
Хан ұлы –төре, би ұлы – шора



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет