53.Тәтіқараның Кеше тоқыраулы судың бойынан деген өлеңіне әдеби-теориялық талдау.
Бұл толғау 25 тармақ,4 тирададан тұрады.Толғаудағы көркемдегіш құралдар.
Метафора-ақсұңқар құстай түледі,
Теңеу-кеше бұл тұрымтайдай ұл еді-ау
Синекдоха-үш жүздің баласын
б ір баласындай көрмеді.
Бұл толғауда ұйқастың ерікті,егіз,қара өлең ұйқас түрлері кездеседі.
54.Бұқардың «Ханға жауап айтпасам» толғауын талдаңыз Бұқар жыраудың «ханға жауап айтпасам» атты толғауын халық тағдыры мен оның болашағынжырлаған әлеуметтік-қоғамдық мәнімен де,айтар сөздің бас аяғы тұтас табиғи бірлігімен де,сипаттаудағы көркемдік бейнелеу,шеберлік тәсілдерімен де,өзге жырларынан жеке дара тұр дей аламыз.Асан Қайғы жырыда ,оны бұқар жыраудың шешкші де кешегі заманда ашықтан ашық бүкемеленіп, жарияланбай келді.сондықтан бүгінгі тәуелсіздік дәуірде мұндайтарихи асыл туындыны бұзбай жармай беруді жөн көріп отырмыз.Бұқар жырау осы әйгілі жырын:
Ханға жауап айтпасам .
Ханның көңілі қайтады
Қандарына жауап бермесем
Халқым не деп айтады?
Хан Абылай Абылай
Қайғылы мұндай хабарды
Сұрамасаң не етеді
Сұраған соң айтпасам
Кісілігім кетеді—
Деген кішігірім кіріспемен бастап,бііртіндеп негізгі мәселеге қарай ойысады
Енді айтайын тыңдасам
Маған қаһар қылмасаң
Қарағай судан қашып
Шөлге біткен бір дарақ
Шортан суға шыдамсыз
Балықтан шыққан бір қарақ
Ойлама шортан ұшпас деп
Қарағайға шықпас деп
Күнбатыстан бір дұшпан
Ақырда шығар сол тұстан
Өзі сары көзі көк
Бастығының аты поп
Күншығысқа қарайды
Шашын алмай тарайды
Құдайды білмес діні жоқ
Жамандықта еш міні жоқ
Осы сынды бір кәпір
Аузы басы жүн кәпір
Жаяулап келер жұртына
Жағалы шекпен кигізіп
Балды май жағар жұртыңа
Жемірлерге жем беріп
Ел қамын айтқан жақсыны
Сөйлетпей ұрар ұртына
Бауыздамай ішер қаныңды
Өлтірмей алар жаныңды
Қағазға жазар малыңды
Есепке салар барыңды
Еліңді алар қолыңнан
Әскер қылар ұлыңнан
Тексізді төрге щығарып
Басыңа ол күн туғанда
Теңдік тимес құлыңнан
Болмай қалмас артыңнан
Естісең мына қартыңнан
Өзіміз айтқандай Бұқар толғауларын шартты түрде 4 топқа бөлген болатынбыз.Бұл жыры Бұқар жыраудың отаршылдыққа арналған болжау толғауы болып келеді.Асан Қайғының толғауымен ұқсас келеді.Бұқар бұл жерде ресейлің қазақтарды отарлауын болжап ханға айтқаны болып отыр.Бұқар ресейге қазақтың быраз бөлігін қосқанда солтүстік жерлерге өз шептерін өз бекіністерін салғанынан бұқар бұның арты орыстардың отарлау саясаты болатынын бірден аңғарған болатын. Айтқандай орыстар өз ойын іске асырып отарлау саясатын жүргізді.