Қазақ инновациялық



Pdf көрінісі
бет3/41
Дата15.03.2017
өлшемі3,26 Mb.
#9958
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41

Литература 
1.
 
Гражданское право: Учебник. / Под ред. А.П. Сергеева, Ю. К. Толстого - М.: Проспект, 2000. - 784 с.  
2.
 
Иоффе О.С. Обязательственное право. - М.: Юридическая литература, 1975. - 880 с.  
3.
 
Мылысов А.В. Разграничение договоров охраны и хранения // Де – Юре.- 2008. - № 6. – С. 40-42 
4.
 
Шершеневич Г.Ф. Курс гражданского права. – Тула: Автограф, 2001. – 720 с.  
5.
 
Гражданское  право.  Часть  вторая:  Обязательственное  право:  Курс  лекций  /  Под.  ред.  О.Н.  Садикова  -  М.: 
Инфра – М - Норма, 1997. - 509 с.  
6.
 
Кабалкин А.Ю. Гражданско-правовые договоры в России. Общие положения: Курс лекций. - М.: Юрид. лит., 
2002. - 
224 с.  
7.
 
Комментарий  к  Гражданскому  Кодексу  РК,  части  второй  /  Под  ред.  М.К.  Сулейменова,  Ю.  Г.  Басина. 
Алматы., 2003. - с. 831. 
 
Алимов К.Х. 
Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің 2-курс магистранты 
 
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ТРАНСҰЛТТЫҚ ҚЫЛМЫСТЫЛЫҚТЫ АЛДЫН АЛУ 
МӘСЕЛЕЛЕРІ 
 
Аннотация:  Данная  статья  посвящена  проблемам  теории  и  практики  предупреждения  транснациональной 
организованной  преступности.  В  статье  автором  были  предприняты  попытки  решения  этих  проблем  и 
рекомендованы пути предупреждения данного вида преступления. 
Summary: This article deals with the problems of the theory and practice of the prevention of transnational organized 
crime. In this article the author attempts were made to solve these problems and recommended ways to prevent this type of 
crime. 
 
Қылмыстылықпен  күреске,  бәрінен  бұрын,сол  қылмыстардың  жасалуына  мүмкіндік  тудыратын 
себептер  мен  жағдайларды  жою  арқылы  кейбір  адамдардың  қылмыс  жасау  пиғылын  іске  асырмау 
жатады.  Кезінде  Чезаре  Бекария  :  «Жазалағаннан  қылмыстың  алдын  алған  жөн»  деген  еді.  «Құқық 
бұзушылықтың алдын алу» түсінігі негізінен, қылмыстылықпен күрестің криминологиялық теориясына 
сүйеніп қалыптасқан. 
 
Г.А.Аванесовтың  пікірінше,  «қылмыстың  алдын  алу»  түсінігі  «қылмыстылықты  жоюдың 
объективтік  және  субъективтік  мүмкіндіктерінің  тарихи  қалыптасқан  жүйесін,  сондай-ақ  осы 
құбылысты,  оны  туындататын  себептер  мен  жағдайларды  жоюға  бағытталған  мемлекеттік  және 
қоғамдық шаралар жиынтығын» білдіреді[2]. 
 
Қылмыстың алдын алу жүйесіне қылмыстық мінез-құлыққа әсер ететін және қандай да бір тиімділік 
беретін шаралар ғана кіреді. 
 
Қылмыстылықтың алдын алудың жалпы шараларына біздің республикамыздағы барлық әлеуметтік-
экономикалық  өзгерістер  жатады.Адамға  бағдар  алған  тиімді  экономика  негізінде  меншік  нысанының 
көп  қырлылығына,  нарықтық  қатынастарды  қалыптастыруға  көшудің  шаруашылық  тетігін  түбірімен 
қайта  құру,  адамдардың  іскерлік  белсенділігін  және  ынтасын  көтеру,  еңбек  нәтижесіне  мүдделігіне 
арттыру,  халықтың  әр  түрлі  тобының  әлеуметтік және  құқықтық  қорғалуын  қамтамасыз ету,  реформа 
барысындағы  елеулі  шығындарға  қарамастан,  ерте  ме,  кеш  пе,  көптеген  пайдақорлық,  шаруашылық, 
лауазымдық  және  өзге  қылмыстар  жасаудың  негізі  болып  табылатын  криминогендік  факторларды 
жоюға, шектеуге және ықпалсыз етуге қолайлы жағдай тудырады.  
Трансұлттық  трансұлттық  ұйымдасқан  қылмыстылықтың  алдын-алу  шараларын  арнайы  алдын-алу 
12 
 

Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің хабаршысы №2, 2016 г. 
________________________________________________________________________________ 
қызметі ретінде келесіні ұсынады: 
1.
 
Осы қылмыстылықа және онымен күресудің нақты концептуалдық және ұғымдық сипаттамасын 
осы заман кезеңіне сәйкестендіру; 
2.
 
Құқықтық базаның жеткіліктігі; Осы қылмыс түрімен күресетін арнайы кадрларды дайындау. 
3.
 
Жеткілікті ақпаратпен қамтамассыз ету; Осы заманға сай ақпараттық базаны құру; 
4.
 
Кешеңді  бағдарламалар  дайындау;  трансұлттық  трансұлттық  ұйымдасқан  қылмыстылықтың 
жағдайы мен тенденцияларын білу, негізгі бағалауды болжау. 
Трансұлттық трансұлттық ұйымдасқан қылмыстылықтың жалпы әлеуметтік негізгі және қызмет ету 
мүмкіншіліктерімен,  өндірісімен  максималды  түрде  шек  қою  мемлекеттегі  кризистік  құбылысқа  төзу 
болып  табылады:  экономикада  ,  саясатта,  қоғамдық  идеология  мен  психологияда,  әлеуметтік  салада, 
құқық қорғау қызметінде. Осы негізгі алдын-алу шараларды ұсынумен байланысады: 
1.
 
Әлеуметтік  қызмет  көрсету  қызметі  арқылы  жұмыссыздық  ,  демобилизация,  отставкаға  кету 
және  т.с.с.  жағдайлардың  нәтижесінде  жоғалтылған  халықтың  болашақ  жоспарларын  қалыптастыру, 
трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топтарға мүшелікке кіріп кетуінен сақтау; 
2.
 
Нақты табыстың заңдылығын тексеретін ұйым құру, қылмыстық жолмен алынған табыстар мен 
мүлікті тәркілеу тәртібін тиімді жүргізу; 
3.
 
Қазақстанның шекара және кеден бақылауын күшейту (шетелдік сарапшылардың бағалауынша 
70% мемлекет аралық есіртібизнесі осы жерде түйіседі); 
4.
 
Мемлекеттер  арасындағы  «заңсыз  жолмен  табылған  ақша-қаражаттарды  айналымға  енгізуге 
қарсы» күреске бірігу кезінде, ақпараттық-әдістемелік деңгейдегі қарама-қатынасты күшейту;  
5.
 
Трансұлттық  ұйымдасқан  топ  мүшелерін  көбейту  үшін  азғыртып-көндіруге,  қоғамға  қарсы 
бағыттағы жастар тобының құрылуы мен қызмет етуіне байланысты құқық қорғау органдарының алдын-
алу қызметтерін қалыптастырып, кәмелетке томаған адамдарды қылмысқа тартуға қарсы іс-әрекеттерді 
күшейту; 
6.
 
Криминалдық қызмет бизнесіне әлеуметтік және заңдық қадағалау арқылы шектеу [3]. 
Құқық  қорғау  органдарының  алдын-алу  қызметінің  ішінде  прокуратураның  жалпы  қадағалау 
қызметін  ерекше  бөліп  көрсету  қажет;  заңсыз  жолмен  табылған  мүлікке  соттың  заң  шегінде  жеке 
анықтауы мен тәркілеуі арқылы жүзеге асыру. Азаматтық айналымнан алынып тасталған және алынып 
қойылған  мүліктер  мен  заттарға,  қару-жарақ  сату  айналымына  бақылауды  полиция  органдары,  салық 
полициясы,  ұлттық  қауіпсіздік  комитеті  органдары  қамтамасыз  етеді.  Сонымен  қатар  бұл  алдын-алу 
шараларының бағытына заңдардың бұзылуы, сауда-саттық , кәсіпкерлік, шаруашылық және қаржылық 
қызметті реттеу кіреді (кеңсеге кіру; кеңсе, қоймалар,құжаттарды қарау; ревизия және инвентаризация 
жүргізу,сақтау  үшін  арнайы  рұқсат  қажет  ететін  үлгілерді  алу  және  тексеру;  қойма  кассаларына  сүре 
салу және т.б.). 
Трансұлттық  ұйымдасқан  топтардың  қызмет  етуіне  шек  қоятын  тағы  бір  жайыт,  ол  «мемлекеттік 
қызмет  туралы»  заңдағы  жауапкершілік  сыбайлас  жемқорлық  жолмен  табылған  мүлікті  тәркілеу 
жатады. 
Алдын-алу  шараларының  нәтижесінде  жаңадан  пайда  болған  қылмыстар  үшін  қылмыстық 
жауапкершілік  көзделуі  тиіс,  яғни  салық  және  банк  қызметтерін  теріс  пыйғылмен  пайдалану, 
компьтерлік  қылмыстар,  легалда  емес  табыста  заңдастыру;  аудиторлық  тексеру  туралы  заңның  және 
оның нысандары мен құралдары арқылы іскерлік операцияларда болашақ партнерларын тексеру. 
Шетелдік тергеу органдарының әдістемелік-тәжірибелеріне сүйене отырып трансұлттық ұйымдасқан 
қылмыстық топтардың қызмет етуі мен өндірісіне шек қою және алдын-алу нысаны келесідей: 
1.
 
Трансұлттық  ұйымдасқан  қылмыстық  топтың  құрамындағы  посткриминалдық  жүріс-тұрыстың 
қатардағы мүшесіне позитивті ынталандыру (трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық қызметті ашуға және 
олардың басшыларын қылмыстық жауаптылықтан немесе оны жеңілдетуден құтылмауына байланысты 
тәжірибе алмасу); 
2.
 
Трансұлттық  ұйымдасқан  қылмыстық  топтардың  кейбір  мүшелерін  қылмыс  үстінде  ұстау  үшін 
құқық қорғау органдарының қызметкерлерін сол топқа енгізу; 
3.
 
Трансұлттық  ұйымдасқан  қылмыстық  топтың  басшылары  мен  белсенді  мүшелерінің  жасаған 
қылмыстарын дәлелдеу арқылы қылмыстық жауапкершілікке тарту. 
Құқықтық  реформаның  маңызды  аспектісі  ретінде  коррупциямен  және  трансұлттық  ұйымдасқан 
қылмыстылықтың нысандарымен күресті қамтамасыз ететін заңдардың жетілдірілуі. 
Біздің  сана-сезімімізде  Қазақстанның  қылмыстық-құқықтық  заңдары  идеалды  немесе  ең  жетілген 
бірден-бір заңдары деп қалыптасқан. 
Жаңа ҚРҚК қабылдануы көптеген жетістіктерге жеткізгендігін жоққа шығаруға болмайды. Өйткені, 
ол демократиялық бағытта әрекет ететін бірден-бір заң болып табылады. Бірақ кодекстің тәжірибедегі 
13 
 

Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің хабаршысы №2, 2016 г. 
________________________________________________________________________________ 
қолданысы бірнеше қарама-қайшылықтарды, анық емес жағдайларды, логикалық жағы онша жетілмеген 
және бірқатар сұрақтар бойынша заңдағы тұжырымдардың сәйкес келмеуі. 
Нақты  түп  мағынасына  келсек,  ол  ескірген  заңның  онша  сәтті  емес  көшірмесін  байқаймыз.  Бұл 
заңның теріс жағын анықтау ол өзгеше бір сұрақ. Бірақ, соның ішінде ең маңызды деген мәселелерге 
тоқталғым келеді. 
Біріншіден,  қылмыстық-құқықтық  заңның  тиісті  түрде  жетілмеуі.  Қылмыстық  жауапкершілігтің 
регламентациясы, яғни ҚР жаңадан қабылданған ҚК-де трансұлттық ұйымдасқан сипатқа ие қылмыстар 
жүйеленбеген  және  қарама-қайшылық  туғызуда,  қылмыстық-құқықта  трансұлттық  ұйымдасқан 
қылмыстылыққа  қолданатын  концепция  нақты  емес.  Нақты  дәлел  ретінде  трансұлттық  ұйымдасқан 
қылмыстылыққа анықтаманың жоқтығы, оның таралу шегі мен бағыты парадокс болып көрінеді[4]. 
Осы және басқа да кемшіліктер қылмыстық заңның жай ғана юридикалық жалғандығын көрсетеді. 
Олар  трансұлттық  ұйымдасқан  қылмыстылықпен  күрестің  тиімділігін  арттыруға  кері  әсерін  тигізеді. 
Яғни, мысалы: трансұлттық ұйымдасқан топ құру қылмыс құрамының, сонымен қатар оған басшылық 
жасауды орташа ауырлықтағы қылмыс санатына жатқызылуы? Тәжірибеде оны былай түсінуге болады, 
яғни мемлекет кез-келген ұрлық түрін ауыр қылмыс санаттарына жатқызуы мүмкін. 
Нақ осындай тепе-теңсіздік, қоғамға қауіпті трансұлттық ұйымдасқан қылмыстылық – трансұлттық 
ұйымдасқан қылмыстық топ лидерлерінің әрекеттері тәжірибеде пара – пар қарама-қатынасты туғызуда. 
Нәтижесінде трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ құру және оған басшылық жасауға байланысты 
жауапкершілік,  жолшыбай  басқа  қылмыс  құрамы  үшін  тағайындалған  жауапкершілікпен  сіңірілу 
арқылы байқалмай қалады. 
Бұл  қаншалықты  әдеттен  тыс  болса  да,  трансұлттық  ұйымдасқан  қылмыстық  топ  құрамында 
болғандығы үшін ешқандай қылмыстық жауапкершілік көзделмеген.  
Бұл  терминология  сынға  төзімсіз  екендігін  байқатты,  трансұлттық  ұйымдасқан  қылмыстылықтың 
құрылуының  классификациясына  және  шек  қою  белгілеріне  қолданылған,  осы  орайда  трансұлттық 
ұйымдасқан  қылмыстық  топты  жай  топ  адамдардан  алдын  ала  сөз  байланысып  жасаған  қылмыстары 
арқылы бөлу қиынға соғады. 
Біздің  қылмыстық  заңға  сәйкес  топтың  қылмыстық  ұйымнан  ешқандай  айырмашылығы  жоқ. 
«Қылмыстық ұйым» терминінің этимологиялық мағынасы түсініксіз, кейде бұл терминнің ішіне пәтер 
ұрылары немесе мал ұрылары да еніп кетеді. Нәтижесінде, қағамда және шетелдік көлемде трансұлттық 
ұйымдасқан  қылмыстылық  терминінің  мағынасы  біраз  басқа  формаларға  ие  болады.  Осының  бәрі 
олардың  күштілігі  мен  қаржыларының  артуына  әкеледі,  яғни  заңсыз  жолмен  табылған  ақша-
қаражаттарды алу, көбейту және заңдастыруды арта түседі. 
ТМД елдеріндегі трансұлттық ұйымдасқан қылмыстылықпен күрес заңдардың анализденуі ешқандай 
сәтті нәтижелерді бермеген. Бұл жерде Қазақстан үшін екі жол бар. Қазақстан ТМД елдерінің көлемінде 
қарастырылып  отырған  сұрақ  бойынша  заң  жобаларының  пакетін  ұсынады  немесе  оны  күтпей-ақ  өзі 
дұрыс  деп  тапқан  жолмен  жүріп,  трансұлттық  ұйымдасқан  қылмыстылықпен  күрестің  заң  блогын 
дұрыстап,  барлық  сұрақтардың  кешенді  түрде  қаралып,  трансұлттық  ұйымдасқан  сипаттағы 
жауапкершілікті қосқанда, қылмыстық заңға өзгерістер енгізіп, «Жедел іздестіру қызметі туралы» заңға, 
«Мемлекеттік құпия туралы» заңға және басқа да заңдарға біраз өзгерістер енгізуі қажет. 
Көптеген  қылмыстар  экономикалық  мақсаттарды  көздейді,  трансұлттық  ұйымдасқан  қылмыстық 
топпен  жасалған  және  ішкі  істер  органдарының  трансұлттық  ұйымдасқан  қылмыстылықпен  күрес 
бөлімшелері  қандай  болса  да  экономикалық  саладағы  қылмыстармен  күресуге  тура  келеді.  Жиі 
кездесетін  жағдай,  ол  трансұлттық  ұйымдасқан  қылмыстық  топ  мүшелерінің  билік  басындағылармен 
сыбайлас  жемқорлық  түріндегі  байланыстарының  болуында.  Яғни  жалпы  қылмыстылықпен  күресті 
жүзеге асыру барысында, тағы да, сыбайлас жемқорлықтың алдынан шығамыз. 
Әдебиеттер: 
Маркс К., Энгельс Ф.
 
Сочинения, Т. 20. Москва 1961 г. 
ҚР Қылмыстық кодексіне түсінік. Ағыбаев Норма К, Алматы 2015 
 
Абисатов М.Х. Совершенствование борьбы с организованной преступностью, Юрист, 2003. с.60. 
Петров Э.И. Организация деятельности органов внутренних дел по предупреждению преступлений: 
Учебник / Под ред. проф. В.Д. Малкова, доцента А.Ф. Токарева М., 2000. 
 
14 
 

Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің хабаршысы №2, 2016 г. 
________________________________________________________________________________ 
Алимов К.Х. 
Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің 2-курс магистранты 
 
ТРАНСҰЛТТЫҚ ҰЙЫМДАСҚАН ҚЫЛМЫСТЫҚ ТОППЕН ЖАСАЛАТЫН ЗАҢСЫЗ 
ЕСІРТКІ АЙНАЛЫМЫН АЛДЫН АЛУДА ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫНЫҢ РӨЛІ 
 
Аннотация:  Данная  статья  посвящена  определению  роли  правоохранительных  органов  в  предупреждении 
незаконного  оборота  наркотиков,  совершаемые  транснациональными  преступными  группировками  В  статье 
автором были предприняты попытки решения этих проблем, и рекомендованы пути предупреждения данного вида 
преступления. 
Summary:  This article deals with the definition of the role of law enforcement in the prevention of drug trafficking, 
transnational crime committed in the article the author attempts were made to solve these problems, and recommended 
ways to prevent this type of crime.
 
 
Қылмыстылық - әрбір қоғам өмірінің қарама - қайшылықтары салдарынан пайда болатын құбылыс 
болып табылады. Әрбір қоғам өзінің даму кезеңіне байланысты, әлеуметтік құрылысы мен әлеуметтік – 
экономикалық  процестеріне  байланысты  өзіне  тән,  тиісті  қылмыстылық  деңгейіне  ие. Қылмыстылық 
феномені әлеуметтік – экономикалық және саяси тұрғыдан дағдарысқа түскен кедей мемлекеттерге ғана 
емес,  айтарлықтай  экономикалық  және  саяси  тұрақтылыққа  жеткен  мемлекеттерге  де  тән  болып 
келеді. Әрбір  мемлекеттің  қылмыстылығының  өзіне  тән  құрылымына,  динамикасына,  ерекше 
белгілеріне қарамастан қылмыстылықтың сапалық өзгерістері барлық мемлекеттерге тән қасиет болып 
табылады.  Бұл,  бірінші  кезекте,  қылмыстық  қызметтің  көлеміне,  ұйымдастырылуына,  қылмыстық 
бизнестің  заңдастырылуына  және  т.б.  байланысты,  жалпы  айтатын  болсақ,  қазіргі  өмірдің  әлеуметтік 
құбылысы – трансұлттық ұйымдасқан қылмыстылықтың деңгейінің күрт өсуіне және кең өріс алуына 
байланысты  болып  келеді.  Жалпы  қылмыстармен  қатар  заңсыз  қару-жарақ,  жарылғыш  заттар,  есірткі 
айналымы,  ірі  мөлшердегі  қаржылық  қылмыстары,  сонымен  қатар,  қымбат  қол-өнер  туындыларын 
ұрлап  сату  қылмыстары  қауіп  төндірерлік  көлемге  жетеді. Осы  қылмыстардың  негізгі 
ұйымдастырушылары  жан-жақты,  тіпті  халықаралық  байланыстары  бар,  жасырын  сипатта  болып 
келетін және аса ірі мөлшердегі қаржылық бизнесі бар жасырын индикаттор болып табылады.  
ХХ ғасыр соңында қылмыстылық құбылысы өзінің өркениетке қарсы тұра алатын пәрменін танытып, 
әлемдік  өркениетті  жекпе-жекке  шақырды.  Қылмыстылық  жеке  мемлекеттің  аумағынан  шығып, 
трансұлттық  сипатқа  ие  бола  бастады.  Қылмыскер  үйінде  отырып-ақ  теңіздің  арғы  жағындағы  банк 
жүйесіне  кіріп  қылмыс  жасай  беретін  немесе  порноөнімдер  мен  есірткі  заттарын  жарнамалай  беретін 
күйге  жетті.  Адамзаттың  қол  жеткен  техникалық  құралдары  өмір  сүруді  қаншалықты  жеңілдетсе, 
қылмыс жасауды да соншалықты жеңілдетті. Осындай ғаламдық деңгейдегі келеңсіз құбылыспен күресу 
әлбетте бір ғана құқық саласының, тіпті, барлық құқық салалары біріксе де қолынан келмесі анық[1]. 
Қазіргі  өмір  ақиқатының  өзекті  әлеуметтік  мәселелерінің  бірі  нашақорлық  және  есірткі  бизнесіне 
қарсы күрес жүргізу проблемасы болып табылады
Есірткі  таратушының  заңсыз  іс-әрекеті,  есірткі  бизнесімен  айналысушы  қылмыстық  ұйымдар  үшін 
кіріс көзі болып табылып, республикада есірткіліктің әрі қарай даму прцесін дамытатынын көрсетеді. 
Есірткі  бизнесі  саласында  ұйымдасқан  қылмыс  мәселелерімен  айналысатын  криминалистер  есірткі 
бизнесі жөніндегі криминалдық білімді толықтыру қажеттігін айтады. Мұндай бизнес, шетел мафиозды 
құрамдары және құқық қорғау органдарымен байланысының коррумпирленусіз қазіргі өмір жағдайында 
мүмкін еместігін анықтайды. 
Нашақорлық  және  есірткі  бизнесінің  өсуі  негізгі  үш  факторлармен  анықталады:  өзінің  шикізат 
потенциалының  болуы;  1,2  млн-ға  жерді  есірткі  құрамды  өсімдіктер  ауданы  алады.  Тұтынушы 
нарығының кеңейтілуі: Азия елдерінен Европа және Америкаға есірткі тасымалдау ретінде Қазақстанды 
қолданады [2]. 
Республика халықаралық есіткі бизнесі экспанция объектісінен айналып отыр және оның орталығына 
отандас наркоіскерлерді және олардың ұйымдасқан топтары жұмылдырылуда. Елге есірткіні әкелу, әкету 
контрабандалық  тұрақты  каналдары  және  тарату  жолдары  қалыптастырылуда.  Есірткі  бизнесі  қаржы 
айналымы, наркоіскерлердің қылмыс іс-әрекеттерінің техникалық және ұйымдастырылуымен қамтамасыз 
ету деңгейі өсуде. 
Трансұлттық ұйымдасқан қылмыс түрінің бірі – есірткі бизнесі болып табылады және мынадай негізгі 
белгілері  бар:  кіріс  үстінен  көп  пайда  лау;  қылмыс  құрылымдарының  құрылуы  және  жұмыс  істеуі; 
рөлдерді тарату; заңсыз тапқан қаржыны «жуу»; жалпықылмыстық және экономикалық қылмысты өсіру. 
Ұйымдастырылған  қылмыс  істерін  Қазақстанда  бірінші  рет  Б.М.Нұрғалиевпен  жүргізілген 
монографиялық  зерттеулерде  есірткінің  заңсыз  айналымын  зерттеу  әдісі  қазіргі  уақыт  талабына 
15 
 

Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің хабаршысы №2, 2016 г. 
________________________________________________________________________________ 
толығымен  сәйкес  келмейтіндігі  көрсетіліп,  бұл  қылмыстар  ұйымдасқан,  аймақаралық,  жасырын 
қойылған және тарамды сипат алып отырғанын анықтаған. 
ҰҚӘ алдымен, ұйымдастырылған қылмыс іс жүйесі болғандықтан, оның көрінісінің зерттеу әдістері 
де ұйымдасқан түрде жүргізілуі қажет. 
Қазіргі  заманғы  криминогендік  жағдай  қылмыстық  кәсібилік  пен  аса  жоғары  ұйымдастырушылық, 
дайындық, қылмысты жасау және ізін жою әдістерімен ерекшеленеді. Мұндай жағдайда, ең маңыздысы, 
уақытылы жедел қызығушылықты тудырушы тұлғалар мен фактілерді анықтап, оларға алдын-алу сақтық 
әрекетін жасау. Осындай сұрақтарды шешуге бағытталған кешенді жедел-іздестіру шаралары полицейлік 
барлау деп аталады. 
Мысалы,  АҚШ-та  алынған  ақпараттың  әдісі  мен  сипатына  қарай,  ол  2  категорияға  бөлінеді: 
стратегиялық және тактикалық. 
Полиция өздеріне мәлім болған кей кездері «қылмыс-инцидент» деп аталатын, қарапайым қылмыстың 
тергеуден  ерекшелігі  ұйымдасқан  топтардың  қызметін  тергеу,  олардың  мүмкін  болатын  қылмыстық 
әрекетінің  мақсатын,  әдісі  мен  аймағын  және  оған  қатысушыларды  анықтау  үшін,  оларды  ұзақ 
бақылауды қажет етеді. 
Стратегиялық  барлау  қылмыстық  әрекет  пен  жедел  қызығушылықты  тудырған  фактілерде  сезікті 
тұлғалар  туралы  түрлі  мәліметтерді  жинақтауды  және  оларды  жүйелеуді  мақсат  етеді.  Ұйымдасқан 
қылмыспен  күресте  стратегиялық  барлау  өте  қажет,  өйткені  оның  заңды  өндіріске  белсенді  енуі 
қылмыскерлердің  тергеуге  кедергі  келтіруіне  қолданылатынын  туындатады.  Оған  мысал,  біздің 
республикамыздың  өндіріс  орындарынан  металдарды ұрлау болып  табылады.  Ұйымдасқан  қылмыстық 
құрылымдардың  дайын  өнімді  бөлуге  қатысы  анық  болғанымен,  қылмыстық  санақ  оның  белгілеріне 
ұсқай  алмайды.  Осы  не  болмаса,  басқа  бір  қылмыстық  топтың  әрекеті  туралы  жалпы  мағлұмат  алған 
полиция  тактикалық  барлауға  көшеді.  Оның  негізгі  мақсаты  -  полицияның  операцияларын  жоспарлау 
және  сезіктіні  тұтқындауға  мүмкіндік  беретін  және  оның  кінәлілігін  айғақтайтын  айғақтарды  алудың 
көздерін анықтау[2]. 
Есірткінің  заңсыз  айналымы  адамзаттың  ғаламдық  проблемаларының  бірі  болып  қалып  отыр. 
Трансұлттық ұйымдасқан есірткі қылмысының қазіргі ауқымы халықаралық қауіпсіздікке айтарлықтай 
қатер төндіреді. 
Есірткі қылмыстарымен күрес проблемасы Қазақстан үшін де өзекті болып табылады, ол ең алдымен 
еліміздің  аумағын  ауған  есірткісі  үшін  транзиттік  коридор  ретінде  пайдаланумен  байланысты. 
Трансұлттық  есірткі  қылмыстарын  тергеудегі  өзара  құқықтық  көмек  көрсету  мәселелерін  талқылау 
тұрғысында  мақұлданған  немесе  бас  тартылған  халықаралық  сұраныс  хаттармен  байланысты  пікір 
алмасу  орын  алды.  Мысалға,  кейінгі  үш  жыл  ішінде  Қазақстан  шет  елдердің  есірткі  жөніндегі  істер 
бойынша  құқықтық  көмек  көрсету  туралы  200-ге  жуық  өтінішін,  сондай-ақ  есірткі  қылмыстарын 
жасаған тұлғаларды беру туралы 30-дан астам сұрауларын қанағаттандырды. Өз кезегінде Қазақстанның 
прокуратура органдары өзге елдердің құзырлы органдарына есірткі қылмыстары бойынша 140-тан астам 
тапсырма жолдады. 
Халықаралық  ұйымдардың  және  әртүрлі  елдердің  құзіретті  органдарының  сарапшылары  атап 
өткендей,  қалыптасқан  ахуал  есірткі  жағдайын  терең  талдауды,  есірткі  тасымалдаудың  әрекет  етуші 
бағдарын  соғұрлым  проблемалы  және  пайдасыз  ету  үшін  шынайы  кедергілер  қалыптастыруды  қажет 
етеді [4].  
Осы тұрғыда барлық мүдделі тараптардың күш-жігерін біріктіру және есірткі қауіп-қатерін азайтуға, 
есірткі  тасымалдау  каналдарын  жабуға  бағытталған  әрекеттің  жалпы  стратегиясын  әзірлеу 
маңыздылығы  аталып  өтті.  Есірткіге  қарсы  жұмысты  тиімді  үйлестіруді  қамтамасыз  ету  аясында 
бірлескен  ұйымдастырушылық-практикалық  іс-шаралар  өткізу,  есірткі  қылмыстарымен  күрестің 
халықаралық-құқықтық тетіктерін пайдалану қажет деп санаймын. 
Әдебиеттер 
1. Тілеубергенов Е.М. Жақандану жағдайындағы ұйымдасқан қылмыстылық, лаңкестік. Халықаралық ғылыми-
тәжірибелік конференция. «Ұйымдасқан қылмыстылықпен күресудің өзекті мәселелері» 8-желтоқсан 2005ж. 
2. «Актуальные проблемы борьбы с организованной преступностью» международная конференция 08.12.2005г. 
Каймульдинов Е.Е. : Некоторые вопросы совершенствования деятельности ОВД в борьбе с оргпреступностью на 
современном этапе. 
3.  Кунгажинов  С.Т.  Ұйымдасқан  қылмыстылықтың  қоғамда  орын  алуы  мен  дамуына  қолайлы  жағдай 
қалыптастыратын  факторлары  туралы.  .  Халықаралық  ғылыми-тәжірибелік  конференция.  «Ұйымдасқан 
қылмыстылықпен күресудің өзекті мәселелері» 8-желтоқсан 2005ж 
4. 
Сборник научных трудов: Проблемы борьбы с преступностью и коррупцией. Караганда. 2000.с 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет