Қазақ инновациялық



Pdf көрінісі
бет11/41
Дата15.03.2017
өлшемі3,26 Mb.
#9958
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   41

Литература 
Тезисы  выступления  Генерального  Прокурора  Жакипа  Асанова  на  форуме  «Надзор  прокуратуры  в 
сфере предпринимательства» (г.Астана, 14 июня 2016 года). - http://prokuror.gov.kz. 
http://kgd.gov.kz. 
Кожабекова Г.К.  
Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің 2 курс магистранты 
Қаражанов М.Д.  
«Құқықтану» мамандығы бойынша философия докторы (PhD), қылмыстық-құқықтық пәндер 
кафедрасының доценті 
 
ҚЫЛМЫСТЫҚ САЯСАТТЫҢ СУБЪЕКТІЛЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ АТҚАРАТЫН 
ҚЫЗМЕТТЕРІ 
 
Аннотация: В данной статье проанализированы субъекты уголовной политики и их функции. 
Summary: This article analyzes the subjects of criminal policy and their functions. 
 
Қылмыстық  саясаттың  негізін  қалап,  жүйесін  құрушы  –  әрине  субъектілер.  Олар  қылмыстық 
саясаттың  қайнар  көздері,  қылмыстық  саясаттың  негізгі  бағытын  іске  асырушы  үлкен  құқықтық-
әкімшілік  күшке  ие  органдар,  қоғамдық  бірлестіктер  мен  азаматтық  қоғамның  өзге  де  институттары. 
Қазақстан  Республикасының  тәуелсіздігін  алған  уақытынан  басталған  қылмыстық  құқық  пен 
қылмыстық  саясаттың  қалыптасу  кезеңі  әлі  жалғасуда.  Мемлекеттің  құқықтық  саясатының  негізгі 
бағытын  қамтыған  –  Қазақстан  Республикасы  Президенті  Н.Ә.  Назарбаев  «Дағдарыстан  жаңару  мен 
дамуға»  атты  Қазақстан  халқына  жолдауында:  «Құқық  қорғау  органдары  қызметкерлеріне  сөз 
арнаймын. Біздің қалалардың көшелері мен ауылдардағы тыныштық сіздерге байланысты. Қылмыстық 
құқық бұзушылықпен, сыбайлас жемқорлықпен, алаяқтықпен, заңдардың бұзылуымен табанды да қатал 
күрес жүргізу керек. Осы қиын кезде біздің азаматтардың, бүкіл қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету 
үшін бәрін де істеу керек» деп көрсеткен болатын [1,11б.]. Бұл - қылмыстық саясаттың басты мақсаты – 
адам  құқықтары  мен  бостандықтарын  қорғайтын  мемлекеттік  органдар  жасақтау,  ізгілік  қағидаларын 
арқау  еткен  заңнамалар  қабылдау,  жоғары  құқықтық  саналы  адамдар  қалыптастыру,  тәрбиелеу 
барысында  жүргізілетін  үздіксіз  қызметтегі  құқық  қорғау  органдарының  маңызын  салмақтаған  пікір 
ғана емес, алдағы атқарылар жұмыстың негізгі басымдығы да. 
Қазақстан  Республикасы  Президентінің  2009  жылғы  28  тамызындағы  №858  жарлығымен 
мақұлданған  «Қазақстан  Республикасының  2010-2020  жылдарға  арналған  Құқықтық  саясат 
тұжырымдамасы»  да  қылмыстық  заңнамада  заңмен  қорғалатын  әлеуметтік  жоғары  құндылықтар 
ретіндегі адам құқықтары мен бостандықтарының ажырамастығы мен бастылығы бірінші орында тұруы 
58 
 

Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің хабаршысы №2, 2016 г. 
________________________________________________________________________________ 
тиістігін атап көрсетеді.  
Еліміздің  он  жыл  көлеміндегі  құқықтық  дамуының  бағытын  айқындайтын  бұл  тұжырымдама 
қылмыстық  саясат  саласына  да  елеулі  өзгерістер  енгізді.  Атап  айтқанда:  қылмыстық  саясаттың  қос 
бағытта:  яғни,  ізгілендірген  және  қатаңдандырылған  сипатта  жүруі  тұжырымдама  мазмұнын  ашады. 
Қылмыстық саясаттың ізгілендіру бағыты алғаш рет ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыс жасаған 
адамдар  мен  халықтың  әлеуметтік  қорғауды  қажет  ететін  бөлігіне  жататын:  жүкті  және  асырауында 
кәмелетке  толмаған  балалары  бар  жалғызбасты  әйелдерге,  жасөспірімдерге,  жасы  ұлғайған  адамдарға 
қатысты  қолданылуға  тиіс  қылмыстық  жазаларды  орындауды  кейінге  қалдыру  және  жеңілдетілген 
сипатта тағайындаудан көрініс тапса, қатаңдандыру бағыты: ауыр және аса ауыр қылмыстар жасағаны 
үшін  айыпталған,  қылмыстық  қудалаудан  жасырынып  жүрген,  қылмыстардың  қайталануы  үшін 
жауаптылыққа тартылатын адамдарға қатысты болмақ. Сонымен қатар бұл тұжырымдаманың құқықтық 
жетістігі  ретінде  қоғамға  елеулі  қауіп  төндірмейтін  алғаш  рет  абайсызда  қылмыс  жасаған  кәмелетке 
толмағандарды қылмыстық жазалаудан босату да құқық жүйені әлеуметке жақындатқан қадам ретінде 
бағаланады.  Сонымен  қатар,  Құқықтық  саясат  тұжырымдамасы  декриминализациялау,  яғни,  кейбір 
кішігірім ауырлықтағы қылмыстарды қылмыс түрінен әкімшілік құқық бұзушылықтар санатына енгізе 
отырып,  мұндай  әкімшілік  құқық  бұзушылықтар  үшін  әкімшілік  жауаптылықты  күшейте  отырып, 
қылмыстық  ахуалды  жеңілдете  отырып,  қоғамдық  жағдайды  бақылауда  ұстаудың  мемлекеттік  негізі 
болмақ. Зерттеуіміз, аталған тұжырымдама «депенализация» саясаты бойынша да бірқатар жетістіктерге 
ие  екендігін  көрсетіп  отыр.  Яғни,  жекелеген  қылмыс  түрлері  үшін  көзделген  санкциядағы  жаза 
мөлшерін  төмендету  арқылы  аталған  қылмыстың  санатын  ауырдан  жеңілге  ауыстыру  жағдайы 
қарастырылған.  Бір  ерекшелігі,  қылмыс  субъектілеріндегі  өзгеріс  көптен  бергі  айтылып  келген  заңды 
тұлғалардың  қылмыстық  жауаптылығы  жайындағы  ғылыми  орта  мен  заңгерлер  қауымы  арасындағы 
айтысты мүлде жаңа арнаға салды.  
Ұйымдасқан қылмыстық топ пен қылмыстық бірлестіктер құрамында болу арқылы қылмыс жасағаны 
үшін қылмыстық жауаптылықты күшейтуді қылмыстық саясаттағы мемлекеттік мүдде мен мемлекеттің 
халықаралық  қауымдастықтағы  беделін  қорғау  бағытталған  шара  ретінде  қабылдау  керек.  Тағы  бір 
маңызды өзгеріске қылмыстық жаза институтының айтарлықтай өзгеріске ұшырауын жатқызамыз. Бас 
бостандығынан  айырумен  байланысты  емес  қылмыстық  жазалауды  қолдану  саласын  кеңейту,  оның 
ішінде бас бостандығынан айыру түріндегі жазалауларды жекелеген санкциялардан алып тастау мен бас 
бостандығынан айырудың ұзақ мерзімін азайту – қылмыстық саясаттағы ізгілендірудің айқын көрінісі.  
Жалпы,  Кеңес  Одағының  жетпіс  жылдық  тоталитарлық  езгісі  қылмыстық  саясаттың  сандық 
көрсеткіштерін  ғана  үстірт  зерттеумен  айналысуға,  салалық  мәні  ғылыми  назар  мен  жәбірленуші  мен 
мәжбүрлі  түрде  қылмыстық  құқық  бұзушылыққа  барғандардың  әлеуметтік  жағдайын  терең  зерттеуге 
мүмкіндік  бермеді.  Бұл  тұжырымдаманы  қабылдау  –  қылмыстық  саясатты  егеменді  мемлекеттің 
заңдарына  сай  қайта  құрудың  қажеттілігінен  туындап  отыр  деген  сөз.  Жоғарыда  көрсеткендей, 
қылмыстық  саясат  субъектілері  де  бұл  үрдісте  маңызды  рөлге  ие.  Ғылыми  әдебиеттерде  қылмыстық 
саясат субъектілерінің шеңбері туралы біртұтас көзқарас жоқ. Қылмыстық саясаттың негізгі субъектісі 
ретіндегі мемлекеттің басты міндеті - өз азаматтарын қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау және оларға 
жеке құқықтарын заңмен қорғауға мүмкіндік тудыру. Себебі, «құқықтар мен мүдделер азаматтар үшін 
ерекше маңызды болса, мемлекет үшін де сондай маңызға ие» [2,5б.]. 
Қылмыстық саясат мемлекеттің қылмыстық әлемді бақылауда ұстау арқылы азаматтарға әлеуметтік 
құндылықтар аясында өмір сүруді мақсат ретінде қоюының қажеттілігінен туындап отыр. «Қылмыстық 
саясаттың  мақсаты  объективті  қажеттіліктерге  негізделген  әлеуметтік  дамудағы  оның  бағытын 
айқындайды» [3,181б.]  
Қылмыстық саясаттың негізгі субъектісі - мемлекет. Бұл ғылыми негізді тұжырым. Өйткені: 

қылмыстық саясат – мемлекеттік саясаттың құрамдас бөлігі. Негізгі саясатты мемлекет емес, оның 
билікке ие құрылымдары жасайды. Мемлекет – абстрактілі ұғым; 

қылмыстық саясат – бұл мемлекеттің құқық қорғау мен қолдану және қылмыстылыққа қарсы күресі 
саласындағы  саясаты.  Қылмыстық  саясат  мемлекет  атынан  жүзеге  асырылып,  биліктегі  әлеуметтік 
күштердің  мүдделерін  бейнелейді  және  осы  мүдделердің  өзге  мүдделер  арасындағы  басымдылығын 
қамтамасыз етіп, жүзеге асуына, қанағаттандырылуына жағдай жасайды; 

қылмыстық саясат тек белгіленген заң шеңберінде жүзеге асады, яғни, барлық қылмыстық саясат 
субъектілерінің әрекетінің мазмұны мен заң нормаларының мазмұнының бірлігі; 

қылмыстық  саясаттың  объектілері  ретінде  қылмыстылық  пен  қылмыстық  құқық  бұзушылықтан 
сақтандыруға бағытталған әрекеттер, оларды қолдану мен күштеу, күштеудің ең қатал түрін қолдану тек 
мемлекеттің құзырындағы іс; 
Қылмыстық  саясаттың  субъектілері  ретінде  жалпы  қоғам  мен  құқық  қорғау  құрылымдары  ғана 
59 
 

Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің хабаршысы №2, 2016 г. 
________________________________________________________________________________ 
көрініс табады деген пікір білдірсек, онда бұл ой мемлекеттің нормативті-құқықтық актілерінің мәнін 
жеткілікті  бағаламаудан  пайда  болғандай  әсер  береді.  Жалпы  қылмыстық  саясатта  тараптар  пікірімен 
санаспай,  бірқұрылымдық  құқықты  абсолюттендіру  (шырқаудеңгейіне  көтеру)  күтілген,  оң  нәтижеге 
әкелмейді. Қылмыстық құқық бұзушылықтың алдын-алу мен сақтануда мемлекеттің мүддесінен қоғам 
мүшелерінің  мүддесі  де  еш  кем  түспейді.  Бірақ,  көп  жағдайда  қоғам  мүшелерінің  қылмыстық  құқық 
бұзушылықтың алдын-алумен одан сақтандыруға, сақтануға деген ынтасы жорамалды-қиялдық сипатта 
қалып отыр. Көрсетілген қылмыстық саясат субъектілерін осы қалыпта шектеу дұрыс емес. Мемлекет – 
құқық жасаушы субъектБелгілісі, құқықтың қалыптасуының үш жолы бар: 
а) нормативті-құқықтық актілер арқылы; 
ә) үлгі-прецеденттер арқылы; 
б) құқықтық әдеттер арқылы; 
Кезіндегі қазақ мемлекеттілігінің құқығы осы үш жолмен қалыптасқан болатын. 
-
 
жалпыәлеуметтік өкілеттікке ие субъектілер – қоғамдық ұйымдар, бірлестіктер мен мекемелер, саяси 
партиялар,  кәсіподақтар,  мешіттер  мен  шіркеулер.  Бұлардың  міндетіне:  қылмыстық  құқық 
бұзушылықтан  сақтандыруға  бағытталған,  сондай-ақ  қылмыстық  саясаттың  мақсаттарымен  үйлесетін 
өзге де рухани, идеологиялық, сақтандыру, саяси сипаттағы қызметтерді атқару жатады; 
-
 
 
арнаулы  мемлекеттік  қатаң  сипаттағы  өкілеттікке  ие  субъектілер  –  құқық  қорғау  мен  қолдану 
қызметі  негізгі  міндеті  болып  табылатын  құқық  қорғау  органдары,  (Ішкі  Істер  Министрлігі, 
Прокуратура,  қаржы  полициясы,  әскери  полиция)  Ішкі  Істер  Министрлігінің  арнаулы  саладағы 
комитеттері  мен  департаменттері  (жол,  көлік,  әуе)  саласындағы  құқықтық  және  қоғамдық  тәртіпті 
қадағалайтын  органдар  Кеден  органдары,  Қазақстан  Республикасының  Қаржы  министрлігінің  салық 
комитеті, Қазақстан Республикасының қарулы күштері; 
Олардың  қызметінің  нысаны  мен  бағытын  тану  -  аталған  субъектілерді  жүйелеудің  негізі  болып 
табылады. Бұл үшін, құқық қорғау қызметінің қылмыстық істі тергеу мен қылмысты ашудағы қызметін 
ғана емес, қылмыс пен оның пайда болу ықпалын анықтайтын ғылыми негізді кешенді шаралар жүйесін 
белгілейтін қызмет түрлерін анықтау да қажет. 
Әдебиеттер 
1Дағдарыстан  жаңару  мен  дамуға.  Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ә.  Назарбаевтың  халыққа 
жолдауы. - Алматы: ЮРИСТ, 2009. - 24 б. 
2  Абдулланова  Б.В.,  Бахтиярова  А.С.,  Ускенбаева  С.Б.  Глазами  юриста.  66  вопросов  и  ответов  на  правовую 
тематику. – Алматы: Жеті Жарғы, 1996. - 136 с. 
3  Исмаилов  И.А.  Преступность  и  уголовная  политика  (актуальные  проблемы  организации  борьбы  с 
преступностью).- Баку: Азернешр, 1990. - 306 с. 
 
Қаражанов М.Д. 
«Құқықтану» мамандығы бойынша философия докторы (PhD), қылмыстық-құқықтық пәндер 
кафедрасының доценті 
Байбуринова А.С. 
Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің 2 курс магистранты 
 
ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАЗАЛАУДАН БОСАТУ БОЙЫНША ГУМАНИЗАЦИЯЛАУДЫ ЖҮЗЕГЕ 
АСЫРУДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ 
 
Бүгінгі  күні  қылмыстық  құқық  бұзушылықтардың  санының  күрт  артуы  рақымшылықпен 
қылмыскерлердің  айтарлықтай  бөлігінің  бостандыққа  шыққаны  да  әсер  етіп  отыр.  Осыған  дейін 
түрмелеріміздегі 60 мыңдай қылмыскер отырса, бүгінгі күні олардың саны 40 мыңға дейін төмендеді. 
Сондықтан,  біз  рақымшылық  жасауды  ғана  ойламай,  бостандыққа  шыққандарды  қоғамға  бейімдеу 
жұмыстарын  да  жүргізуіміз  қажет.  Адам  тектен  текке  қылмысқа  бармайды.  Біз  қоғамда 
жұмыссыздардың болмауына, барынша халықтың өз құқығын біліп, білім алып, жұмыспен қамтылуына 
назар  аударуымыз  керек.  Тәрбие  жұмыстарын  көбейтуіміз  қажет.  Біздің  пікір  бойынша,  жазаны 
ауырлату  мәселені  шешпейді.  Біздің  жұмыс  істеуге  қабілетті  өрімдей  жап-жас  жігіттеріміз  түрмеде 
отыр.  Жазаны  күшейтеміз  деп  қылмыскерлердің  бас  бостандығынан  айырылу  мерзімін  соза  беруден 
ештеңе  ұтпаймыз.Түрме  адамды  тәрбиелемейді,  тек  қоғамнан  оқшаулайды.  Қылмыстық  құқық 
бұзушылық  жасағандарды  қылмыскерлердің  өздері  де  құшақ  жая  қарсы  ала  қоймайтыны  белгілі. 
Сондықтан  да  аяғын  шалыс  басып,  тәртіп  бұзғандар,  ең  алдымен,  түрмеге  түспеудің  амалын  іздейді. 
Онда  оларға  кім  күшті  сол  қысым  көрсетіп, қылбұрауды  салатынын жақсы  біледі.  Бірақ  «қылмыстық 
құқық  бұзушылық  жасаған  жанның  орны  –  түрме»  деген  ұғым  әбден  қалыптасып  қалды.  Өйткені, 
айыпкер  айыбына  сай  түрме  атты  қапасқа  қамалса  ғана  кінәлі  сазайын  тартып,  жаза  орындалатын 
60 
 

Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің хабаршысы №2, 2016 г. 
________________________________________________________________________________ 
секілді.  
Бүгінгі таңда түзеу мекемелерінде отырғандардың 95 пайызы ауыр және аса ауыр қылмыс жасағандар 
болып табылады. Ал ауыр және аса ауыр қылмыс жасағандар рақымшылыққа ілікпейтіні белгілі. Осыған 
дейін  Қылмыстық  кодекстің  басым  нормаларын  ізгілендіру  мақсатында  жеңілдетуге  жататын 
қылмыстардың  бәрі  түрмеге  қамау  дәрежесінен  алынып  тасталған.  Енді  одан  әрі  ізгілендіру  арқылы 
түрмедегілердің  санын  азайту  мүмкін  емес  секілді.  Оның  үстіне  түрмеде  отырғандардың  бәрі  бірдей 
ауыр қылмыстар жасады деп айтуға тағы болмайды. Олардың арасында да қосақ арасында кеткендері 
жүруі әбден мүмкін, кейбіреулері жазықсыз атылып кеткені белгілі. Сондықтан негізгі мәселенің түйіні 
біздің заңнамамызға келіп тіреледі. Ұрлық, ұйымдасқан түрде жасалған ұрлықтар да ауыр қылмыстар 
болып  саналады,  бірақ  бұлардың  дені  қоғамға  аса  қауіп  төндірмейді  дер  едік,  сондықтан  жаза 
тағайындаудың баламалы түрлерін табу – кезек күттірмейтін іс. Өйткені, қылмыс жасап сотталған адам 
түрмеде жатқаннан гөрі, жұмыс істеп айыбын ақтаса, қоғам үшін әлдеқайда пайдалырақ болар еді. Ал 
негізінде байқар болсақ, қазіргі жазасын өтеп жатқандардың дені бұрын сотталғандар, яғни бұрын да бас 
бостандығынан айырылып жазасын өтегендер. Бұлардың саны және өте көп. Олар үйреншікті әдетпен 
қайыра қылмыс жасап, түзеу мекемелеріне орала береді. Бірақ біздің елде бірнеше мәрте сотталғандар 
туралы  ешқандай  мәлімет  жоқ.  Қанша  адам  екінші,  үшінші  рет  сотталды  дегенді  ешкім  айтқысы 
келмейді. Білмеуі де мүмкін. Өйткені, жоғарыда айтқанымыздай, тиісті жүйе жұмыс істемейді [1, 18-22 
бб.]. 
Қазіргі  күні  балама  жаза  шарасы  ретінде  әлемнің  60  елі  электронды  білезікті  пайдаланады.  АҚШ 
1990  жылдан  бастап  электронды  мониторинг  жүргізуді  қолға  алды.  Бұл  мониторингке  күн  сайын  100 
мың  американдық  тартылады.  Айта  кетейік,  электронды  мониторинг  күш  көрсету  арқылы  қылмыс 
жасағандарға немесе күш көрсетіп жасалған қылмыс «абайсызда» болды дегендерге қолданылады. Ал 
Швецияда  телефон  компьютерге  жалғанып,  сотталғанның  аяғына  арнайы  білезік  тағылады.  Пробация 
қызметінің қызметкері сотталғанның қашан пробация қызметіне келу қажеттігін, жұмыста және қанша 
уақыт  үйде  болу  керектігін  тізбелеп  береді.  Францияда  бас  бостандығынан  айырылуға  кесілгендерге 
қарағанда  электронды  бақылау  орнатылып  балама  жазаға  тартылғандар  саны  үш  есе  көп.  Оған  қоса 
жыныстық  қатынас  қылмысымен  бес  және  одан  да  көп  жылға  бас  бостандығынан  айырылуға 
сотталғандар  бостандыққа  шыққан  соң  электронды  білезікті  тағып  жүруге  міндетті.  Сол  сияқты 
Ұлыбританияда  түрмеден  босатылған,  шартты  сотталған  рецидивист  қылмыскерлерге  және 
педофилдерге  қатысты  электронды  бақылау  міндетті  түрде  қолданылады.  Германияда  ұзақ  мерзімге 
сотталғандар ғана емес, сондай-ақ мерзімінен бұрын босатылуға үміттенгендердің бәрі де электронды 
білезіктен қашып құтыла алмайды. Демек, жоғарыдағы елдер тәжірибесінен түйгеніміз, сотталғандарды 
электронды  бақылау  балама  жазалардың  ішіндегі  ең  тиімдісі  де  қауіпсізі  болып  тұр.  Сондықтан  бұл 
бағытта  біздің  елімізде  де  тиімді  болатындай  шараларды  орнатып  қана  қоймай,  жүзеге  асуын 
қадағалауымыз керек деп есептеймін [2,17-23 бб.].  
Қазіргі күні Бас прокуратура ІІМ-мен бірлесе отырып, екі арнайы жоба дайындапты. Оның біріншісі, 
пробация институты мен электронды бақылау құралдарын кеңінен пайдалануға бағытталса, екіншісі – 
сотталғандарды жұмыспен қамту жүйесін жаңғыртуға бағытталған. Жалпы пробация қызметінен біздің 
еліміз құралақан емес. Бұл былтырдан бері шартты түрде сотталғандарға қатысты қолданылып келеді. 
Дегенмен, ол қанатқақты сынақ ретінде шағын топқа ғана жүзеге асырылды. Өткен жылы 6 мыңға жуық 
шартты сотталғанның 2 мыңы пробация қызметімен қамтылды. Осы елімізде алғашқы жүргізілген сынақ 
ретіндегі пробация қызметі оның басымдылығын және оны қолданудың аясын кеңейте түсуді көрсетіп 
отыр. Қылмыстық-атқару инспекциясы арқылы пробацияны енгізу аса қауіпті қылмыстың қайталануын 
азайтуға  көмегін  тигізді.  Пробацияда  жүрген  шартты  сотталғандар  сотпен  пробациялық  бақылау 
белгіленбеген  басқа  шартты  сотталғандарға  қарағанда  6  есе  кем  қылмыс  жасаған.  Бұл  тек  алғашқы 
нәтижелер  ғана,  оның  үстіне  бұл  қызмет  түрі  бойынша  әлі  нақты  тәжірибе  де  жинақталмағанын 
ескерсек,  оның  болашағы  үміт  күттірерлік  пе  дейміз.  Сондықтан  да  мемлекет  басшысы  құқық  қорғау 
органдарының  жетекшілерімен  кездескенде  Үкіметке  пробация  қызметінің  міндеттері  мен  оны 
қолданатындардың  тізімін  кеңейтуді  тапсырды.  Өйткені,  пробация  тек  қауіпті  қылмыстарды  азайтып 
қана  қоймайды,  сонымен  қатар  ол  балама  жазалау  шараларын  қолдануды  қуаттап,  оған  халық  пен 
соттардың  сенімін  арттырады.  Пробация  және  сотталғандарды  электронды  құралдар  арқылы  бақылау 
көптеген мемлекеттерде сынақтан өткен тәсіл.  
Демек,  осылардың  бәрін  қорыта  келгенде,  түрме  реформасын  қайта  қарау  өте  қажет.  Бұл  орайда 
алдын  алу  мен  жазалау  шараларының  балама  түрлерін  қолдау,  камералық  ұстау  тәртібіне  көшу, 
сотталғандарды жұмыспен қамту, электронды тағылған білезіктер арқылы бақылау жасалатын пробация 
қызметін  ендіру  секілді  шаралар  жан-жақты  саралануы  тиіс.  Әлбетте,  пробация  және  электронды 
құралдарды  пайдалану  көптеген  елдерде  өзін  жақсы  қырынан  танытты.  Мәселен,  Дания,  Швеция, 
61 
 

Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің хабаршысы №2, 2016 г. 
________________________________________________________________________________ 
Финляндия,  Норвегияда  пробация  қызметі  бас  бостандығын  айырумен  байланысты  емес  қылмыстық 
жазасын өтеушілермен жұмыс істеп, олардың қоғамға оралуына көмегін тигізеді. Жалпы, бұл елдерде 
қылмыс деңгейі төмен [3,б.34-40]. 
 
Жалпы, бас бостандығынан айыру жазасын айтарлықтай төмендету үшін пробацияның басқа, яғни 
сотқа  дейінгі  және  соттық  түрлерін  қолдануға  болады.  Мұны  да  енгізу  үшін  оны  осы  мәндес  сот 
реформасы  аясында  жан-жақты  талқылау  қажет.  Сол  сияқты  пробацияны  кеңінен  енгізу  мақсатында 
жазалаудың жалпы құқықтық бастауын қайта қарау да реформаның бір бағытына айналар еді. Ең басты 
мақсат – қылмыс қаупі мен құрамының реттерін өзгертіп, мерзім белгілеу ережесін қайта қарап, соттау 
мерзімін төмендету жолымен жазалаудың орташа уақытын қысқартуға қол жеткізу. Егер мұндай үрдіске 
иек артылса, онда біртіндеп бас бостандығынан айыру секілді жаза түрлерінің мазмұнын өзгертуге де 
мүмкіндік  туады.  Демек,  бәрі  ұйымдастырушылық  қабілетке  байланысты.  Жұмыс  жоқ  болса  оқуға, 
спортпен  айналысуға  жағдай  жасау  қажет.  Бұл  арада  тазалықтың  мәселесі  тіптен  бөлек.  Көбіне  түзеу 
мекемелерінде  жуынатын  орындар  да  шектеулі,  оның  үстіне  аптасына  бір-ақ  рет  жуынуға  мүмкіндік 
беру  қол  жуғыштар  жетіспеушіліктен  ішкі  қайшылықтарға  соқтырады.  Жоғарыда  айтылғандай,  аптап 
ыстықта  топтап  қамап  ұстау  тіптен  қиянат.  Сондықтан  ондай  мәселе  ертеңге  қалдырылмай  шешімін 
табуға  тиіс  деп  ойлаймын.  Ал  мүмкіндігі  шектеулі  әйелдер  мен  балаларға  деген  көзқарасты  мүлде 
өзгерту  қажет.  Өйткені,  олардың  дене  қозғалысы  шектеулігі  көбіне  есепке  алынбайды.  Аналардың 
қашанда балаларын құшағына қысуға мүмкіндігі қарастырылуы тиіс. Жасыратыны жоқ, қазір еліміздегі 
сотталғандарды жұмысқа орналастыру мәселесі шешімін таппай отыр. Мұның зардабын қоғам тартып 
отыр. Қоғамдық кеңестің мақсаты – кеңес үкіметі кезінен қалған еңбек базаларын қайта-дан жаңғыртып, 
қосымша жұмыс орындарын ашу керек.  
Әдебиеттер 
1
 
Бұғыбай Д. “Қылмыстық жауптылықтан босату түсінігі”, // Заң, №3, 2004ж., 58-64-б.  
2
 
Дағдарыстан  жаңару  мен  дамуға.  Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ә.  Назарбаевтың  халыққа 
жолдауы. // Алматы: ЮРИСТ, 2009-24б  
3
 
Алауханов Е. “Қылмыс және қылмыстық әрекет”, // Заң, №8,2005ж., 30-33-б. 
 
Кожабекова Г.К. 
Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің 2 курс магистранты 
Қаражанов М.Д.  
«Құқықтану» мамандығы бойынша философия докторы (PhD), қылмыстық-құқықтық пәндер 
кафедрасының доценті 
 
ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАЗАЛАУДАН БОСАТУ БОЙЫНША ГУМАНИЗАЦИЯЛАУДЫ ЖҮЗЕГЕ 
АСЫРУ 
 
Аннотация: В данной статье раскрываются теоретические вопросы понятия и содержания уголовной политики 
в системе государственной политики 
Summary: This article deals with theoretical questions of the concept and content of the criminal policy in the public 
policy system 
 
Мемлекеттің  қылмыстық  саясаты  және  оның  әлемдік  құқықтық  кеңістіктің  талаптарына  сай 
жүргізілуі,  отанымыздың  ЕЫҚҰ  төрағалығына  ұмтылуының  тарихи  сәтіндегі  және  бәсекеге  қабілетті 
елу  елдің  қатарына  кіру  қарсаңындағы  күшті  құқық  қорғау  құрылымдары  мен  қоғам  мүшесін 
қылмыстық құқық бұзушылықтан сақтандырудың қалыпты жүйесін жасауымызға негіз болмақ.  
Кез-келген  методологиялық  зерттеудің  негізі  болып  құбылысты  сапалық  түсіндіру  құрылымы 
табылады,  бұл  құрылым  сапа  мен  түсіндірмелерді  құрайтын  белгілерді  ары  қарай  зерттеуде  маңызды 
рольге  ие  және  де  зерттеу  негізіне  алынып  отырған  құбылыстың  қылмыстық  құқық  бұзушылықтан 
сақтандыру саласындағы қылмыстық саясат екендігі де аз маңызға ие емес. Қылмыстық саясат мүдделер 
қақтығысынан  туындап  қана  қоймай,  сол  қақтығыстарды  мемлекеттік  тұрғыда  реттеу  үшін  де  керек. 
Қылмыстық  құқық  бұзушылықтан  сақтандыру  саласындағы  қылмыстық  саясат  біріншіден  адам  мен 
оның заңды құқықтары мен бостандықтары мәселесін шешуге бағытталуы тиіс. Өйткені, «қылмыстық 
құқықтық  бағыттағы  ғылыми  зерттеулер  саласында:  ғаламдану,  саясат,  экономика,  терроризм, 
ұйымдасқан және кәсіби қылмыстылық, жоғары инновациялар мен ақпараттық саладағы қылмыстылық, 
барлық адамзат пен жекелеген елдердің ұлттық қауіпсіздігі, жаппай заңсыз және криминалдық миграция 
сынды әлемдік ауқымдағы әлеуметтік мәселелердің әсері анық байқалады» [1,56б.]. 
Бұл жерде зерттеліп отырған тақырыпқа қатысты «саясат» және «қылмыстық саясат» ұғымдарының 
біріккен түсінігі жоқ. 
62 
 

Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің хабаршысы №2, 2016 г. 
________________________________________________________________________________ 
«Саясат»  термині  философия,  әлеуметтану,  саясаттану  ғылымдарына  тікелей  қатысты.  Саясатты  – 
мүдделер қақтығысы жасайды. Түпкілікті мақсаттар, билікке құлшыныс, түрлі мүдделер әрқашан саяси 
процестердің қозғаушысы болып отырғандығы белгілі. Бұл жерде, мемлекет саяси қатынастар мен саяси 
үрдістердің басым құқықты қатысушысы бола отырып, саясаттың негізгі мәні мен бағытын айқындайды. 
Саясат  –  экономика  мен  құқықтық  реформалардың  негізгі  қозғаушы  күші  ретінде  экономикалық 
қатынастардың базистік негізі мен саяси құрылымның дамуының да алғышарты. Ал қылмыстық саясат 
азаматтарды қылмыстық құқық бұзушылыққа қарсы күрестегі ортақ идеология талаптарына біріктіруді 
көздейді. «Саяси және идеологиялық әралуандылық - өзара байланысты құбылыс. Идеология саясатқа 
тікелей  сіңісіп  кетеді,  өйткені  соңғысын  адамның,  топтардың,  жұртшылықтың,  ұлттар  мен  басқа  да 
әлеуметтік топтардың санасынан, олардың мүдделерінен, сұраныстарынан, дүниетанымынан бөліп алуға 
болмайды [2,33б.].  
Экономикалық  базис  саяси  жүйені  өркендеткенімен  де  саясат  –  экономикадан  бастап  барлық 
құрылымның  бағытын  анықтайтын  және  әлеуметтік  ортадағы  үлкен  күштің  модераторы  ретінде 
қатынасқа түседі. Түрлі мүдде, бағыт пен саяси қызметтің субъектілерінің саяси және саяси сипаттағы 
қызметі  –  саясат  нысанының  да  өзгеріп  отыруына  әкеледі.  Саясат  қалай  жасалады?  Бұл  үлкен  еңбек 
бөлінісі,  өндірістік  күшті  дамыту,  жұмыс  берудің  жаңа  нысандары  мен  жұмыссыздық  факторлары 
саясаттың күрделі сипатын жасап қана қоймай, оның мәніне өзгеріс енгізеді. 
Иә,  экономикалық  қатынастардың  қылмыстық-құқықтық  саясаттың  нәрменділігіне  де  өз  әсері  бар. 
Танымал стратег – экономист Ли Куан Юдің «Қытай кереметінің» әкесі Дэн Сяо Пиннің көмекшісі бола 
жүріп айтқан «Алдымен экономика, содан кейін саясат» деген қанатты сөзін Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың 
өз баяндамаларында жиі қайталауы тегін емес.  
Саясат  -  объективті  және  субъективті  себептердің  жиынтығынан  туатын  үрдісті  құбылыс.  Объективті 
құбылыстарға – қоршаған ортадағы материалды игіліктер жатса, осы игіліктерге деген адам қажеттілігі мен 
игіліктер  иесі  болуға  деген  ұмтылысы,  саяси  сипаттағы  әрекеттердің  туындау  негізі  объективті  және 
субъективті қатынастардың диалектикалық бірлігі мен қарама – қайшылығы саясатты жасаушы тараптардың 
әрекетіне  заңдылық,  тарихи  негізділік  кейде  күйзелісті  құбылыстар  деңгейіндегі  мән  сапасын  береді. 
Субъективті қатынастардың қайнар көзі ретіндегі қатынас қауіпті сипат алатын болса, сонымен бір мезетте 
қылмыстық құқық бұзушылықтың субъектісі де күрделі сипатты иеленді және онымен жұмыс жүргізудің 
ерекше әдістерін іске қосудың қажеттілігі де туындады дегенді білдіреді. «Адам құқықтарын қамтамасыз ету 
мен  әлеуметтік  әділеттілікті  қамтамасыз  етуге  қатысты  қылмыстық  саясатты  қайта  бағдарлау  қылмыстық 
құқықтың негізгі сапасын құрайтын қылмыстың субъектісін де теориялық зерттеуді тереңдетуді көздейді» 
деп  көрсетеді  -  профессор  С.С.  Молдабаев  [3,7б.].  Біздің  ойымызша,  қылмыстық  құқық  бұзушылықтың 
субъектісі - бұл үлкен әлеуметтік зардаптарға әкелетін күш және қауіпті сипаттағы жігерлі актінің қайнар 
көзі.  Қылмыстық  құқық  бұзушылықтан  сақтандыру  саласындағы  қылмыстық  саясаттың  негізгі 
мақсаттарының бірі – қылмыс субъектісін теориялық талқылау ғана емес, оның әлеуметтік теріс жақтарын 
толықтай ашу мен оған қарсы күрес шараларын көрсету болып табылады. 
Қылмыстық  құқық  бұзушылықтан  сақтандыру  –  қылмыстық  саясаттың  құрамдас  бөлігі.  Ендеше 
қылмыстық  саясаттың  түсінігін  былай  қоя  тұрғанда,  саясат  пен  саяси  жүйенің  түсінігіне  қатысты 
ғылыми тұжырымдарды қалыптастыру ғалымдар назарынан көп жағдайда тыс қалуда. Қазіргі уақыттағы 
қылмыстық  саяси  жүйенің  түсінігі  әлеуметтік  құндылықтар  мен  қоғам  қажеттілігінің  бірігуінен  де 
бастау  алады.  Адамды  әлеуметтік  құндылықтарды  қастерлеуге  бейімдеу  кезіндегі  ең  басты  қиындық 
адам ішкі талабының жоқтығынан туындайды. Қылмыстық құқық бұзушылықтан сақтандыру кезіндегі 
адамның оң белсенділігі ең шешуші фактор ғана емес, әлеуметтік, құқықтық қиындықтарды шешудің 
негізгі  кілті  де.  «Бірақ  та  көптеген  азаматтар  қылмыстық  құқық  бұзушылыққа  қарсы  күрестегі  өз 
құқықтары  мен  міндеттерін  толық  көлемде  білмейді»  [4,3б.].  Кемшіліктерді  жоюдың  құралы  болып 
табылатын  мемлекеттік  саясат  -  жалпы  сипатқа  ие  үрдіс  болғанымен  нағыз  саясат  салалық  саяси 
әрекеттер мен мүдделер қақтығысында жүзеге асырылады. 
Әр  саланың  реттеу  пәні  мен  өзіндік  ерекшеліктері  саясатты  да  жүйелендірудің  негізі  болып 
табылады. Осы ерекшеліктер саясаттың төмендегідей түрлерін көрсетеді: 

ішкі, бұл мемлекеттің ішінде, мемлекеттің тиісті құрылымдарының өкілеттіктері шегінде Қазақстан 
азаматтарының  тікелей  қатысуымен,  солардың  заңды  құқықтары  мен  мүдделеріне,  әлеуметтік 
жағдайына қатысты жүретін саясат; 

сыртқы  (халықаралық)  –  халықаралық  саладағы  мемлекеттің  беделі  мен  абыройын  арттыруға 
негізделген,  мемлекеттің  халықаралық  міндеттемелерін  орындауға  бақылауды  жүзеге  асыратын  және 
тиісті халықаралық шарттар негізінде жүргізілетін саясат (арнаулы субъектісі – Қазақстан Республикасы 
президенті, Қазақстан Республикасының Сыртқы Істер Министрлігі т.б ); 

экономикалық  –  экономикалық,  яғни,  өндірістік  тұтыну,  ұсыну  ,  базис  пен  қондырма  арасын 
63 
 

Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің хабаршысы №2, 2016 г. 
________________________________________________________________________________ 
реттейтін және кәсіпкерліктің барлық нысандарын іске асыру саласында туындайтын саясат; 

әскери  (қорғаныс)  –  мемлекеттің  сыртқы  қауіпсіздігі  мен  әскери  құрылысының  бағытын 
айқындайтын саясат; 

ғылыми–техникалық  саясат  –  ғылым  мен  техниканың  дамуын  тікелей  қамтамасыз  ететін  және 
өндірістік тәжірбие мен барлық қоғамдық қатынастарды ғылыми негіздеу саясаты; 
 - 
әлеуметтік  -  әлеуметтік  саладағы  қатынастар  мен  әлеуметтік  мүдделер  қақтығысындағы  теңдікті 
қамтамасыз ететін, және осыған тікелей ықпал жүргізетін саясат; 
 - 
қылмыстық  саясат –  мемлекеттегі қылмыстық құқық бұзушылықпен күрестің  негізгі  бағыттарын 
айқындап,  онымен  күрес  жүргізудегі  мемлекеттік  және  қоғамдық  күштердің  ынтымақтастығы  мен 
бірігуін  идеологиялық,  құқықтық,  материалдық  тұрғыда  қамтамасыз  ететін  саясат  -  (бұл  саясаттың 
ерекшелігі әлеуметтік саясаттың құрамдас бөлігі болып табылуында); 
 
Саясаттың түрлері өте көп, саясаттың нысаны қоғамдық қатынастардың бағыты мен мәселенің мәнінен 
туындайды. Мемлекеттің қылмыстық құқық бұзушылықтан сақтандыру саласындағы қылмыстық саясатын 
қалай түсінеміз? Бұл тұрғыда авторлар көзқарасы біржақты емес. Біздің ойымызша, мемлекеттің қылмыстық 
құқық  бұзушылықтан  сақтандыру  саласындағы  қылмыстық  саясаты  –  қылмыстық  құқық  бұзушылыққа 
қарсы күресте азаматтардың бұзылған құқықтары мен бостандықтарын қалпына келтіруді көздейтін, оларды 
қылмыстық  құқық  бұзушылықтан  сақтандыратын,  қылмыстық  құқық  бұзушылыққа  төзбеушілік 
танытқандарға  қатысты  көтермелеу  шараларын  қолданатын  мемлекеттің  саяси  қызметінің  бір  нысаны. 
Әлеуметтік, саяси, құқықтық, экономикалық сұрақтардың жиынтығы қылмыстық саясаттың да сұрақтарын 
туындатады. Назар аударуға лайықты көзқарастарға қараңыз: 
 
а)  «Қылмыстылық  пен  нашақорлық,  ұлттық  төзбеушіліктің  қатал  көрінісі,  күштеу,  пайдақорлық 
қылмыстардың  өрістеуі,  өндірістегі  апаттардың  өсуі  міне  мұның  бәрі  –  адамдардың  мазасыздығын 
шақырады. Бұл құбылыстармен күрестегі жеңістің кепілі – оларды туындататын себептерді білу» [5,5.б]. 
ә)  «Бәрінен  бұрын,  қылмыстылық  -  қоғамдық  организмнің  қалыпты  қызметін  бұзатын  адамдардың 
әлеуметтік мінез-құлқының нысаны және әлеуметтік-құқықтық құбылыс» [6,19 б.].  
б) Қылмыстық құқық бұзушылықтан сақтандыру саласындағы қылмыстық саясат - қылмыстылықпен 
күрестің  негізгі  бағыттары,  құралдарын,  жолдарын  көрсететін  көзқарастар  мен  танымды  ойлардың 
жиынтығы ғана емес, қылмыс жасауға бел байлаған адамның әрекетін құқықтық тұрғыда басқару мен 
бағыт беру. Мемлекеттің заңдары мен талаптарына бағынбаған, қоғамға деген аяшылығы мен ізгілігін 
жоғалтқан  «айыпты  адамның  неғұрлым  қауіпті,  белсенді,  ұзаққа  созылған  әрекеті  едәуір  ауыр 
зардаптарға әкеліп соғуы мүмкін» [7,9 б.]. 
в)  «Қылмыстық  саясаттың  мазмұны  нақты  тарихи  жағдай  мен  қоғамдық  дамудың  қажеттілігіне 
тәуелді бола отырып өзгеріске түседі» [8,9 б.]. 
Бұл көзқарастардың әрқайсысы қылмыстық саясаттың түрлі қырларына анықтама беруімен маңызды 
және кейбір кемшін тұстары да бар. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет