Қазақ инновациялық



Pdf көрінісі
бет8/41
Дата15.03.2017
өлшемі3,26 Mb.
#9958
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   41

Литература 
Кудрявцев  В.Н.,  Яковлев  А.М.  Основания  уголовно-правового  запрета  (криминализация  и 
декриминализация). М., 2012. 304 с. 
1.
 
Жалинский А.Э. Уголовная политика и задачи уголовного права // Право и политика. М., 2014. № 6. 
2.
 
Борчашвили И.Ш. Комментарий к уголовному кодексу Республики Казахстан (Общая часть) под редакции 
Даулбаева А.К. – Алматы: «Жетi жарғы», 2015 г. 
3.
 
Чукмаитов  Д.С.  Применение  уголовного  наказания  в  целях  предупреждения  рецидивных  преступлений. 
Алматы, 2010, ТОО "Баспа". С. 208. 
 
 
Елеусизова А.Т. 
Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің 2 курс магистранты 
 
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ БАЛА ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ ТЕТІГІ 
 
Аннотация: В этой статье говориться о защите прав детей в Республике Казахстан. 
Summary: This article speaks about the protection of rights for children in Republic of Kazakhstan. 
 
XXI ғасыр заман талабына сай болып жатқан өзгерістер бала құқығын қорғауда жаңа міндеттер қойып 
отыр.  Осыған  орай,  балалардың  бүгінгі  таңда  жарқын  өмір  сүруіне,  жарқын  болашақ,  бүгінгі  әлеуметтік 
білім беру кеңістігіне сай білім алуы мен жанұяда тәрбиеленуі ең негізгі талаптар негізінде қарастырылуда. 
Осы себепті, Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың ««Қазақстан – 2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа 
саяси  бағыты»  атты  Қазақстан  халқына  Жолдауында  былай  деп  көрсетілген:  «Балалар-қоғамымыздың  ең 
әлсіз және қорғансыз бөлігі және олар құқықсыз болуға тиіс емес. Елбасы ретінде мен әрбір сәбидің құқығы 
қорғалуын  талап  ететін  боламын.  Біздің  топырағымызда  туған  кез-келген  сәби  –  қазақстандық.Және 
мемлекет оны қамқорлығына алуға тиіс. Бала тәрбиелеу-болашаққа үлкен инвестиция». 
Сонымен  қатар,  сәбилердің,  балалардың  және  ана  өлімі,  кедей  отбасылардың  болуы,  бала 
ауруларының  көбеюі,  әлеуметтік  жетімдердің  өсуі,  балаларға  деген  зорлық-зомбылық,  тастанды, 
қараусыз балалардың сан артып өсуі мемлекетке қауіп төндіретін балалық шақтың ауқымды мәселесін 
тудырып  отыр.  Сондықтан  да  бала  өмірін  жақсартуда,  бала  қызығушылығы  мен  құқықтарын  қорғау 
жүйесін  белсендіруді  алдына  міндет  етіп  қойған  мемлекет  халықаралық  стандарттар  мен  нормаларға 
сәйкес мақсатты түрде күнделікті жұмыс атқарып отыруы қажет.  
Бала  құқығы  заң  категориясы  мен  құныдылық  ретінде  Қазақстан  Республикасында  1990  жылдары 
40 
 

Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің хабаршысы №2, 2016 г. 
________________________________________________________________________________ 
қалыптасып,  БҰҰ  Бала  құқықтары  туралы  Конвенцияны  қабылдап,  Қазақстан  Республикасы 
ратификациялағаннан  кейін  аталмыш  сала  бойынша  мемлекет  ішіндегі  заңдарды  халықаралық 
талаптарға сәйкестендіру басталды.  
 
Баланың  заңи  қызығушылығы  мен  құқықтары,  оны  қорғау  азаматтық,  отбасылық,  еңбек, 
халықаралық,  қылмыстық,  әкімшілік,  салық  және  тағы  да  басқа  құқықтың  түрлі  институттарында 
қамтылған. Дегенмен, барлық құқық салаларының бастамасы - ҚР Конституциясы.  
«Бала  құқығы»  түсінігін  «адам  құқығы»  санаты  бойынша  қарастыруға  болады.  Бала  туған  сәтінен 
бастап  адамның  барлық  құқықтарымен  қамтамасыз  етіледі.  ҚР  Конституциясында  баланың  негізгі 
құқықтары, яғни адам құқық жүйесінің құрамасы бойынша конституциялық деңгейде бекітілген барлық 
азаматтарға тән жалпы құқықтары мен бостандықтары айшықталған.  
Сонымен қатар, адам құқықтары мен бала құқықтарын айырмашылықтарын ажырататын белгілерін 
анықтауымыз қажет. Біріншіден, бала құқығын қолдану аясы уақытша шектеулермен шектетілген, яғни 
адамның  белгілі  бір  өмір  кезеңінде  ғана  жүзеге  асырылады  (туған  сәтінен  бастап,  кәмелеттік  жасқа 
толған сәтіне дейін). Екіншіден, бала құқығының комплексті тұрпаты, ол дегеніміз адам құқықтарымен 
салыстырған кезде біріншісінде атап өткендей оның шектетілуі. Екі белгінің қосындысы негізінде бала 
құқықтарының  заңи  классификациясын  кең  ауқымды  жүргізуге  мүмкіндік  береді.  Бала  құқығы 
сипаттамасында  оны  жүзеге  асыру  мәселелерімен  қатар  заң  әдебиеттерінде  орын  алған  ғылыми 
талқылау мәселелері де кездеседі. 
Баланың заңда бекітілген құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыру барысындағы шектеулер: 
Физиологиялық және әлеуметтік-психологиялық қауқарсыздығы (әсіресе сәбиден – 14 жасқа дейінгі 
жасерекшелігінде); 
Толық  немесе  белгілі  бір  ауқымда  (14  жасқа  толған  кезден  бастап)  ата-аналарына  жеке,  құқықтық 
және  әлеуметтік  тәуелді  болу  (алмастыратын  тұлға);  ата-ана  құқығынан  айырылған  немесе  балаға 
жауапты ата-анасы болмаса әлеуметтік мекемелер мен мемлекеттік органдарға тәуелділігі. 
Бала  қызығушылығы  мен  құқығын  қорғаудағы  халықаралық-құқықтық  құрылуы  мен  дамуының 
бірнеше  сатысын  атап  өтуге  болады.  Бірінші  сатысы-дайындық  сатысы  деп  аталады.  Ең  алғашқы 
халықаралық  құжат  Ұлттар  Бірлестігінің  5-ші  ассамблеясында  1924  жылы  26  қыркүйек  айында 
қабылданған  –  Бала  құқығының  Декларациясы  (Женева  декларациясы).  Аталмыш  Декларация  әлем 
мемлекеттеріндегі әйел мен ерлердің қауым атынан құрылған 5 негізгі қағидадан тұрады. Содан кейін 
1959  жылы  БҰҰ  Бас  Ассамблеясымен  10  қағидадан  тұратын  бала  құқықтары  туралы  Декларация 
қабылданады.  Басты  мақсаты  «бақытты  балалық  шақты»  қамтамасыз  ету.  Екінші  сатысы  –  бала 
құқықтары  бойынша  халықаралық  келісім  –  Бала  құқықтары  туралы  Конвенцияны  талқылау,  әзірлеу 
(Нью-Йорк, 1989 жылдың 20 қараша айы). Үшінші сатысы – жоғарыда аталып өткен конвенцияны одан 
әрі  дамыту.  Конвенцияға  негізделе  отырып,  бірнеше  халықаралық  құжаттар  қабылданған.  Олар: 
Балаларды  халықаралық  ұрлаудың  азаматтық-құқықтық  аспектісі  туралы  Конвенция  (Гаага,  1980 
жылдың 25 қазаны), Балалардың өмір сүру, даму және қорғауды қамтамасыз ету туралы Дүниежүзілік 
декларация (Нью-Йорк, 1990 жылдың 30 қыркүйек айы), Балаларды қорғау және халықаралық деңгейде 
асырап алу мәселелері жөніндегі бірлестік туралы Конвенция (Гаага, 1993 жылдың 29 мамыр айы), Бала 
еңбегінің ең ауыр түрін жою мен тыйым салу туралы Конвенциясы (Женева, 1999 жылдың 17 маусым 
айы),  Қарулы  қақтығыстарға  балалардың  қатысуы  туралы  бала  құқықтары  туралы  Конвенцияға 
факультативтік хаттамасы (Нью-Йорк, 2000 жылдың 25 мамыр айы). 
Қакзақстан  Республикасы  Конституциясының  27  бабының  1  тармағына  сәйкес,  «Неке  мен  отбасы, 
ана  мен  әке  және  бала  мемлекеттің  қорғауында  болады»,-делінген.  Аталмыш  қағида  барлық  бала 
құқықтарына қатысты бастамаларының негізі болып табылады. Сондықтан да балаларды қорғаудың өзі 
қорғау  механизімінен  тұрады.  Ал,  механизм  бір-бірімен  тығыз  байланысты  бірнеше  элементтерден 
тұрады. Қазақстан Республикасындағы бала құқығын қорғау механизмі 2 себеп негізінде әлсіз.  
Бірінші  себебі,  әр  құқық  салаларында  (конституциялық,  азаматтық,  отбасылық,  әкімшілік, 
қылмыстық,  т.б.)  бала  құқықтарына  қатысты  көптеген  нормативтік-құқықтық  актілер  қарастырылған. 
Дегенменде  заманауи  құқықта  сол  құқық  салаларының  арасындағы  байланыс  әлсіз,  тәжірибе  жүзінде 
ұштастыра білу әлі де зерттеуді қажет етеді.  
Екінші  себебі,  бала  құқықтарын  қорғауға  бағытталған  мемлекеттік  органдар  арасындағы  қарым-
қатынастың болмауы. Яғни балаға қатысты мәселелерді шешімін тауып, бақылайтын органдар, мекемелер: 
халықты  әлеуметтік  қорғау  басқарма  органдары,  білім  басқару  органдары,  қамқоршы  мен  қорғаншы 
органдары,  жастар  ісі  жөніндегі  органдар,  денсаулық  сақтау  органдары,  ішкі  істер  органдары,  іскерлік 
органдары (службы занятости), кәмелетке толмағандардың ісін қарастыратын судьялар, осының барлығын 
бақылайтын прокурорлар қауымы. Десекте, аталмыш мекемелердің өзара арасындағы байланыс жоқ.  
Бала  құқықтарын  қорғау  механизмі  дегенде  оның  әлеуметтік  және  құқықтық  қорғау  жүйесі 
41 
 

Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің хабаршысы №2, 2016 г. 
________________________________________________________________________________ 
қарастырылады. Әлеуметтік қорғау дегеніміз – балалар өміріндегі қиын шақты өткерудегі мемлекетпен 
кепілдендірілген экономикалық, ұйымдастырушылық, құқықтық шаралар жүйесі. Ал, құқықтық қорғау 
дегеніміз – балалардың қызығушылықтары мен құқықтарын заң жолымен қорғау. «Құқықтық қорғау» 
түсінігінен қарағанда «Әлеуметтік қорғау» түсінігі әлдеқайда кең болып табылады. Себебі, Заң жолымен 
қорғау – ол әлеуметтік жүйенің бір бөлшегі болып табылады. 
Қоғамның уақыт асып дамуы, халықтың көпбөлігінің өмір сүру деңгейінің төмендеуі, саудалықтың 
кері тұстары, экологиялық ластану, т.с.с. факторлар балаға өз кесірін тигізбей қоймайды. Бала өміріне 
қауіп  төндіретін  өткір  мәселелер  тек  қана  мемлекетті  ғана  емес,  бүкіл  қоғамды  алаңдататын  жайт. 
Аталмыш мәселе әлі де жан-жақты зерттеуді талап етеді.  
Әдебиеттер 
Қазақстан Республикасының Конституциясы – Астана:Елорда, 2008.-Б.56.; 
Султанова  В.Р.  Правовые  механизмы  защиты  прав  детей  в  Республике  Казахстан//Қазақ 
инновациялық гуманитарлық-заң университетінің хабаршысы.№2,2015ж.; 
ҚР  Президентінің  «Қазақстан  –  2050»  стратегиясы  қалыптасқан  мемлекеттің  жаңа  саяси  бағыты» 
атты Қазақстан халқына Жолдауы. 
 
Жумадилов С.  
Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің 2 курс магистранты 
 
ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТЕРДІҢ ЖЕКЕЛЕГЕН САНАТТАРЫ БОЙЫНША ІС ЖҮРГІЗУ (ПАРА 
БЕРУ, АЛУ ЖӘНЕ ДЕЛДАЛ БОЛУДЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖӘНЕ 
КРИМИНОЛОГИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ) 
 
Аннотация:  В  статье  рассматриваются  уголовно-правовая  и  криминологическая  характеристика  дачи, 
получение и посредничество во взятничестве в контексте новой редакции УК РК.  
Summary:  In article are considered the criminal-legal and criminological characteristic of giving, receiving and 
mediation incorruption in the context of new edition of the CC of the RK.  
 
«Ең  бастысы  –  әрбір  мемлекеттік  құрылыстың  жанындағы  істі,  лауазымды  тұлғалар  пайдаға 
батпайтындай етіп қою керек». Бұл пікірді антикалық дана Аристотель айтқан. Ол уақыттан бері екі мың 
жарымдай жыл өтті, бірақ ең зұлым әлеуметтік жауыздық – сыбайлас жемқорлықты құрту адамзаттың 
әлі де қолынан келмеді. 
Зерттеудің мақсаты параны алу, параны беру, парақорлыққа делдал болу 

парақорлықтың ғылыми - теориялық аспектісін 

парақорлық үшін қылмыстық жауапкершіліктің шегін 

парақорлық үшін  

парақорлықты басқа ұқсас қылмыстардан ажыратып 
Зерттеудің практикалық маңызы. 
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Респубикасының 1998 жылғы 2 шілдедегі 
№267 заңының 2-бабы 1-тармағына сәйкес «мемлекеттік міндеттерді атқаратын адамдардың, сондай-ақ 
соларға теңестірілген адамдардың лауазымдылық өкілеттілігін және соған байланысты мүмкіндіктерін 
пайдалана отырып не мүліктік пайда алу үшін олардың өз өкілеттіліктерін өзгеше пайдалануы, жеке өзі 
немесе делдалдар арқылы заңда көзделмеген мүліктік игіліктер мен артықшылықтарды алуы, сол сияқты 
бұл адамдарға жеке және заңды тұлғалардың аталған игіліктер мен артықшылықтарды құқыққа қарсы 
беруі арқылы оларды сатып алуы» сыбайлас жемқорлық деп ұғынылады [1]. 
Сыбайлас  жемқорлықпен  күресу  Қазақстанның  бүгінгі  күнгі  күрделі  мәселесі  болып  отыр.  Үлкен 
әлеуметтік  қасірет  болып  табылатын  ол  саяси  даму  тұрғысынан  бір  біріне  ұқсамайтын  әлемдегі  бар 
елдердің қай қайсысын да қатты алаңдатаныны анық. 
Қазақстан  Республикасында  тәуелсіздік  алған  мезеттен  бастап  бұл  аса  ауыр  қылмыстарға  қатысты 
қатаң  мемлекеттік  саясат  қалыптасты.  Еліміз  ТМД  мемлекеттері  арасында  бірінші  болып  1998  жылы 
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» арнайы заңын қабылдады. Кейіннен бұл саладағы ұлттық 
заңнаманы жетілдіру барысында. 
Кейбір  сыбайлас  жемқорлық  қылмыстарды  қарау  практикасы  туралы  айтатын  болсақ,  Қазақстан 
Республикасы  Біріккен  Ұлттар  Ұйымының  Сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  конвенциясын 
ратификациялап (2008 жылғы 4 мамырдағы № 31-IV Қазақстан Республикасының Заңы), халықаралық 
құқық  нормаларын  негізге  алып,  сыбайлас  жемқорлықтың  алдын  алуға  және  оған  қарсы  күреске 
бағытталған тиімді құқықтық шараларды әзірлеу және қолдану ниетін білдірген. 
42 
 

Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің хабаршысы №2, 2016 г. 
________________________________________________________________________________ 
 
Қазақстан  Республикасында  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  іс-қимылдың  құқықтық  негізін 
Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі (бұдан 
әрі  —  ҚК),  «Қазақстан  Республикасының Қылмыстық-процестік  кодексі (бұдан  әрі  —  ҚПК)», 
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V ҚРЗ Қазақстан 
Республикасының Заңы (бұдан  әрі  —  «Сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  іс-қимыл  туралы»  Заң), 
«Қазақстан  Республикасының  2015-2025  жылдарға  арналған  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы 
стратегиясы  туралы»  2014  жылғы  26  желтоқсандағы №  986 Қазақстан  Республикасы  Президентінің 
Жарлығы  және  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  іс-қимылдың  және  оған  қарсы  күрестің  негізгі 
бағыттары мен нақты шараларды көздейтін басқа да нормативтік құқықтық актілер құрайды. 
Біріккен  Ұлттар  Ұйымының  2003  жылғы  31  қазанда  қабылданған  Сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы 
конвенциясында (Нью-Иорк) сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы күрес саласындағы 
қызметті сипаттайтын халықаралық тәсілдер (стандарттар) көрсетілген. Онда қамтылған нормалардың 
қабылдауына  сыбайлас  жемқорлық  тудыратын  проблемалар  мен  қауіптер,  сыбайлас  жемқорлықтың 
барлық қоғамдық және құқықтық институттар мен қатынастардың жұмыс істеуіне теріс ықпалы себеп 
болды. Олар мемлекеттің, оның саяси, экономикалық және әлеуметтік жүйелерінің тұрақты дамуын, 
ұлттық қауіпсіздік мүдделерін қамтамасыз етуге бағытталған. 
Қазақстан  Біріккен  Ұлттар  Ұйымының  Сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы,  Трансұлттық  ұйымдасқан 
қылмысқа  қарсы  конвенцияларын  және  басқада  жалпы  жұрт  таныған  халықаралық  актлерді 
ратификациялап, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бүкіләлемдік қоғамдастықтың тең мүшесіне айналды. 
 
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бүкіләлемдік кеңістіктегі Қазақстанның көрсеткіштері жыл сайын 
жоғарылап  келеді.  Бұл  проблемамен  жан-жақты  айналысып  жүрген  –  Транспаренси  Интернешнл 
қорының дерегіне сүйенсек, сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексі бойынша Қазақстан 2008 жылы 
170-
тен астам елдің ішінде 145 орында болса, 2009 жылы 120 орынға, ал былтырғы жылы 105 орынға 
дейін  көтерілді.  Бұл  индекс  кәсіпкерлердің,  сарапшылар  мен  зерттеу  ұйымдарының  мәліметтерін 
қорытындылай отырып, жыл сайын шығарылып отырады [2]. 
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 361-бабына сәйкес, мемлекеттік 
функцияларды  орындауға  уәкілеттік  берілген  адамның,  не  оған  теңестірілген  адамның  өздерінің 
қызметтік өкілеттіктерін өзі немесе басқа адамдар немесе ұйымдар үшін пайда мен артықшылықтар алу 
не басқа адамдарға немесе ұйымдарға зиян келтіру мақсатында қызмет мүдделеріне қайшы пайдалануы, 
егер  бұл  азаматтардың  немесе  ұйымдардың  құқықтары  мен  заңды  мүдделеріне  не  қоғамның  немесе 
мемлекеттің  заңмен  қорғалатын  мүдделеріне  елеулі  зиян  келтіріп  лауазымдық  өкілеттілікті  теріс 
пайдаланғаны үшін заңмен қудалау көзделген [3]. 
Осы  заңның  367-бабына  сәйкес,  пара  алу  дегеніміз  –  мемлекеттік  функцияларды  орындауға 
уәкілеттік  берілген  адамға  не  оған  теңестірілген  адамға  немесе  жауапты  мемлекеттік  лауазымды 
атқаратын  адамға,  не  лауазымды  адамға,  сондай-ақ  шет  мемлекеттің  немесе  халықаралық  ұйымның 
лауазымды  адамына  жеке  өзіне  немесе  делдал  арқылы  пара  беруін  айтамыз.  Қоғамға  қауіпті  бұл  іс-
әрекет те қылмыстық жауапкершілікке тартылады [3,2]. 
Бүгінгі таңда бұл заңдар бірнеше жыл ішінде жоғары маңызға ие болып, мемлекеттік қызметшінің 
күнделікті пайдаланатын оқу құралына айналып отыр. Заңнын ең басты құндылығы, ол азаматтардың 
құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін жемқорлық 
көріністерінен  туындайтын  қауіптен  сақтауға,  сондай-ақ  жемқорлыққа  байланысты  құқық 
бұзушылықтың  алдын  алу,  анықтау,  тыю  және  ашу  жолында  мемлекеттік  органдардың 
қызметінқамтамасыз етуге бағытталған. 
Өз кезегінде барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар өз құзіреттері шегінде сыбайлас 
жемқорлыққа қарсы күрес жүргізуге міндетті [4]. 
Бағдарламалық  құжаттар  –  «Қазақстан-  2050  Стратегиясы  –  қалыптасқан  мемлекеттің  жаңа  саяси 
бағыты»  және  «Қазақстан  жолы  –  2050:  бір  мақсат,  бір  мүдде,  бір  болашақ»  атты  Қазақстан  халқына 
Жолдауларында  Қазақстан  Республикасының  Тұңғыш  Президенті–Елбасы  Нұрсұлтан  Назарбаев 
егемендік,  еркіндік  пен  демократияға  негізделген мемлекет  пен  қоғам құрылысының  маңызды  тарихи 
кезеңінің  табысты  аяқталғанын  атап  өтіп,  Қазақстанның  2050  жылға  дейінгі  одан  әрі  дамуының 
стратегиялық бағытын айқындап берді[5]. 
Елбасы атап өткендей: «Мемлекет пен қоғам біртұтас майдан құрып жемқорлыққа қарсы шығуы тиіс. 
Жемқорлық – жай құқық бұзушылық емес, Ол мемлекеттің тиімділігіне деген сенімді сетінетеді және 
ұлттық қауіпсіздікке төнген тікелей қатер болып табылады»[5,2]. 
Сонымен  қатар,  2014  жылғы  қарашадағы  Елбасының  «Нұрлы  жол–  болашаққа  бастар  жол»  атты 
Жолдауында  Қазақстанды  жаңа  әлеуметтік-экономикалық  жаңғыртудың  экономикалық  ресурстарын 
43 
 

Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің хабаршысы №2, 2016 г. 
________________________________________________________________________________ 
қолданды.  Еліміздің  Президенті  жаңа  экономикалық  саясатты  жүргізуді  бақылауда  қоғамдық 
қауымдастыққа үлкен сенім артып көп көңіл бөлді. 
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі 2011-2015 жылдарға арналған салалық бағдарламада 
сыбайлас  жемқорлыққа  мейлінше  жол  берілетін  салаларда  оны  ескерту  және  жолын  кесу  бойынша 
ұйымдастырушылық және заңнамалық сипаттағы кезең-кезеңге бөлінген шаралар көзделген. Сыбайлас 
жемқорлыққа қарсы күрестің институттық негіздерін жетілдіру мақсатында 2014 жылдың тамыз айында 
екі  агенттіктің  базасында  жаңа  –  Мемлекеттік  қызмет  істері  және  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  іс-
қимыл  агенттігі  құрылып,  оларға  осы  саладағы  мемлекеттік  саясатты  жүзеге  асыру  бойынша  ерекше 
міндеттер жүктелді. Осы іс-шаралардың бірқатары мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты 
анықтаудың  маңызды  құралы  болып  табылатын  Қазақстан  Республикасы  Президентінің  жанындағы 
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссияның ұсынымдары бойынша жүзеге 
асырылды [6]. 
Комиссияның негізгі міндеттерінің бірі – сыбайлас жемқорлыққа және мемлекеттік қызметкерлердің 
қызмет  этикасының  ережелерін  бұзуға  қарсы  күресті  күшейтуге  бағытталған  келісілген  шараларды 
тұжырымдау  және  қабылдау  болып  табылады.  Ағымдағы  жылдан  бастап  Комиссияның  барлық 
мәжілістері  орталық  және  жергілікті  атқарушы  органдардың  басшыларын,  қоғамдық  және  бұқаралық 
ақпарат  құралдарын  тарта  отырып  интерактивті  пішімде онлайн  режімінде  өткізіледі.  Барлық  мүдделі 
тараптардың  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  іс-қимылдың  өткір  де  жүйелі  мәселелерін  талқылауға 
қатысуы.Комиссияға шынайы және пәрменді шешім қабылдауға мүмкіндік беретіні сөзсіз [6,2]. 
Әдебиеттер 
1. 
«Сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  күрес  туралы»  Қазақстан  Респубикасының  1998  жылғы  2  шілдедегі  №267 
заңы. 
2. 
Индекс 
восприятия 
коррупции 
Трансперенси 
Интернешнл 
// 
Электронды 
ресурс: 
mailto:http://www.transparency.org/country 
3. 
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі 2014 жылғы 3 шілде №226 
4. 
Ерлік Кенебаев «Жемқорлық - індет, жою - міндет» «ЕгеменҚазақстан» 
газеті, 11 қараша 2014 жыл. // Электронды ресурс: http://egemen.kz/2014/11/11/42333 
5. 
ҚазақстанРеспубликасыныңПрезидентінің «Қазақстанжолы – 2050: бір 
мақсат, бірмүдде, бірболашақ» аттыҚазақстанхалқынаЖолдауы. // Электронды ресурс: http://strategy2050.kz/ru/ 
6. 
«Нұр  Отан»  партиясының  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  іс  қимылдың  2015-2025  жылдарға  арналған 
бағдарламасы. Егемен Қазақстан газеті // Электронды ресурс: http://egemen.kz/2014/11/13/42575 
 
Калибаев А. С. 
магистрант 1 года обучения Казахского гуманитарно-юридического инновационного университета 
 
ВИДЫ ОТВЕТСТВЕННОСТИ ЗА НАРУШЕНИЕ ОБЯЗАТЕЛЬСТВА 
 
«Ответственность  имеет  огромное  значение  в  жизни  общества.  Как  уже  отмечалось,  большинство 
наших недостатков проистекает из безответственности». [1, с. 4].  
Неисполнение  или  ненадлежащее  исполнение  обязательств  происходят  из  -  за  безалаберного 
отношения к своим обязанностям. 
Юридическая ответственность трактуется как важная мера защиты интересов личности, общества и 
государства. Она наступает вследствие невыполнения предписаний правовых норм. 
Юридическая ответственность есть юридическое последствие того или иного правонарушения. Для 
нее  характерны  общие  признаки:  государственное  принуждение,  отрицательные  для  нарушителя 
последствия,  общественное  осуждение.  В  различных  видах  правонарушений  они  получают 
специфическое выражение [2, с. 409]. 
Ответственность,  как  отмечает  Ю.  Г.  Басин  это  необходимость  отвечать  за  уже  совершенное 
нарушение [3, с. 5]. 
Определение ответственности является общетеоретическим и не может быть различным в отдельных 
отраслях права: «истина нечто общечеловеческое» [4, с. 45]. 
Для гражданско-правовой ответственности такая конструкция неприемлема. 
Во-первых, как пишет В.А. Тархов, связь юридической ответственности с государством заключается, 
главным  образом,  в  том,  что  она  обязательно  регулируется  установленными  государством  правовым 
нормами [5, с. 27].  
Непосредственное же участие государства (его органов) в правовом отношении гражданско-правовой 
ответственности возникает только при обращении к нему сторон [6, с. 26].  
44 
 

Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің хабаршысы №2, 2016 г. 
________________________________________________________________________________ 
Во-вторых,  продолжает  В.А.  Тархов:  «факт  правонарушения  порождает  правовое  отношение  лишь 
при  том,  если  ответственность  не  охватывается  уже  существующим  между  сторонами  отношением, 
возникшим  ранее  из  правомерных  действий,  либо  событий.  В  этом  аспекте  необходимо  различать 
абсолютные  и  относительные  правоотношения.  Во-первых,  пассивная  сторона  не  обязывается  к 
совершению  каких-либо  положительных  действий,  однако  должна  воздержаться  от  нарушения  прав 
управомоченного  лица.  При  нарушении  этой  обязанности  ответственность  осуществляется  в  рамках 
того же правоотношения, если к тому нет каких-либо препятствий» [7, с.118]. Термин «ответственность» 
достаточно разнообразен по своему значению. Так, говорят о чувстве ответственности и ответственном 
поведении.  Можно  повысить  ответственность,  принять  ответственность  на  себя,  привлечь  лицо  к 
ответственности  и  освободить  от  нее.  Наконец,  есть  люди,  поступающие  ответственно,  и  лица, 
занимающие  ответственные  посты,  а  в  хозяйственной  сфере  действуют  товарищества  с  ограниченной 
ответственностью. Что же объединяет эти различные по содержанию, но определяемые одним термином 
понятия? 
В  настоящее  время  не  существует  единой  позиции  относительно  определения  юридической 
ответственности, ее содержания и деления на виды, свидетельством чего является и то, что некоторые 
юристы экономические санкции относят к одному из видов юридической ответственности [8, с.76]. 
Так,  О.С.  Иоффе  и  М.Д.  Шаргородский  утверждали,  что  «юридическая  ответственность  есть 
сочетание трех элементов», они определяли юридическую ответственность как меру государственного 
принуждения, основанную на юридическом или общественном осуждении поведения правонарушителя 
и  выражающуюся  в  установлении  для  него  определенных  отрицательных  последствий  в  виде 
ограничений личного и имущественного порядка [9, с. 314].  
С.С. Алексеев еще в начале 70-х годов отмечал, что сущность юридической ответственности состоит 
в  обязанности  лица  претерпевать  меры  государственно-принудительного  воздействия  за  совершенное 
правонарушение [10, с. 180].  
Это  мнение  он  отстаивает  и  сейчас  («применение  к  виновному  лицу  мер  государственного 
принуждения за совершение правонарушения»).  
И.С.  Самощенко  полагал,  что  юридическая  ответственность  есть  особое,  предусмотренное  и 
урегулированное  нормами  права  отношение  между  нарушителем  требований  права  и  государством  в 
лице определенных его органов [11, с 6].  
Полагаем,  что  «юридическая  ответственность»  трактуется  в  правовой  литературе  неоднозначно. 
Одни авторы сводили ее только к разновидности санкций, другие под ней подразумевали сам процесс их 
применения.  Третьи  представляли  ее  в  виде  охранительного  правоотношения,  возникающего  между 
нарушителем и государственными органами. 
Юридическая  ответственность  устанавливает  последствия  ненадлежащего  (неправомерного) 
поведения,  нарушающего  права  и  интересы  других  лиц.  Следовательно,  ее  применение  становится 
одним  из  способов  защиты  нарушенных  прав  и  интересов.  Важнейшая  особенность  этого  способа 
состоит  в  применении  мер  ответственности  с  помощью  государственного,  в  том  числе  судебного, 
принуждения, т.е. с помощью публичной власти (уполномоченных на то государственных органов или 
должностных  лиц).  Это  отличает  его  от  самозащиты  и  других  мер  воздействия,  применяемых  к 
правонарушителям непосредственно управомоченными (потерпевшими) лицами. В некоторых случаях 
меры  ответственности  могут  использоваться  и  добровольно,  а  не  с  помощью  публичной  власти 
(например, правонарушитель добровольно уплатил штраф). Это обстоятельство не меняет их природы 
как  государственно-принудительных  мер,  содержание  и  порядок  применения  которых  установлен 
законом.  Поэтому  юридическую  ответственность  нередко  рассматривают  как  государственно-
принудительное применение к правонарушителю любых неблагоприятных для него мер [12, с. 85].  
Теперь рассмотрим толкование этого определения, существующее на сегодняшний день. Так, одни 
ученые (например, В.Н Хропанюк) полагают, что «юридическая ответственность означает применение 
санкций правовых норм, указанных в них определенных мер ответственности» [13,с.242].  
 
Другие  ученые  (например,  В.В  Лазарев[14,  с.240],  B.C.  Нерсесянц  [15,с.  522])  понимают  данное 
понятие  как  в  широком  смысле  («юридическая  ответственность  —  это  мера  государственного 
принуждения за совершенное правонарушение, связанная с претерпеванием виновным лишений личного 
или имущественного характера», так и в узком («юридическая ответственность — это предусмотренная 
правовыми нормами обязанность субъекта права претерпевать неблагоприятные для него последствия 
правонарушения»).  Это  определение  юридической  ответственности  в  узком  смысле  поддерживает  и 
А.Ф.Черданцев [16, с.316]  
Думается,  что  вышеуказанные  определения  нельзя  назвать  полными  и  точными.  В  одних  нет 
указания  на  претерпевание  лишений  правонарушителем  личного  или  имущественного  характера.  В 
45 
 

Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің хабаршысы №2, 2016 г. 
________________________________________________________________________________ 
других, что это не мера государственного принуждения, а обязанность субъекта претерпевать лишения. 
Вопрос о понятии гражданско-правовой ответственности многие годы является спорным в юридической 
науке.  В  гражданском  праве  многие  понятия  употребляются  в  самых  различных  целях,  что 
предопределяет и смысл соответствующего понятия. Сказанное в полной мере относится и к понятию 
«гражданско-правовая  ответственность».  Этим,  прежде  всего  и  объясняется  множественность  точек 
зрения относительно сущности этого понятия, высказанных в юридической литературе. Дело в том, что 
предлагаемые  выводы  зависят  нередко  от  избранного  аспекта  исследования  этого  неоднозначного 
понятия [17, с. 121].  
В  тех  случаях,  когда  гражданско-правовая  ответственность  рассматривалась  правоведами  как  вид 
социальной  ответственности,  они  неизбежно  приходили  к  необходимости  выделения  в  качестве 
существенных  признаков  этого  понятия  таких  его  черт,  которые  позволяют  отделить  юридическую 
ответственность от иных видов социальной ответственности: моральной, экономической и т. п. Такой 
подход приводит авторов к выводу о том, что гражданско-правовая ответственность представляет собой 
форму  государственного  принуждения.  Например,  В.П.  Грибанов  определял  гражданско-правовую 
ответственность как одну из форм государственного принуждения, связанную с применением санкций 
имущественного  характера,  направленных  на  восстановление  нарушенных  прав  и  стимулирование 
нормальных  экономических  отношений  юридически  равноправных  участников  гражданского  оборота 
[18, с. 284].  
Б.И.  Пугинский  отмечал,  что,  «хотя  ответственность  может  быть  реализована  в  бесспорном 
(неисковом) порядке и даже добровольно возложена на себя должником путем уплаты суммы неустойки 
или убытков потерпевшей стороне, это не меняет ее государственно-принудительного характера» [19, с. 
137]. В то же время нельзя не заметить, что государственное принуждение, принудительный характер 
присущи  всякой  санкции,  которая,  собственно говоря,  и  представляет  собой  основанную  на  правовой 
норме принудительную меру. Однако, как правильно отмечал О.С. Иоффе, не всякая санкция есть мера 
юридической ответственности. Ответственность — это санкция за правонарушение, но санкция отнюдь 
не  всегда  означает  ответственность.  Когда,  например,  имущество  изымается  из  чужого  незаконного 
владения  в  принудительном  порядке,  утверждал  О.С.  Иоффе  налицо  санкция  как  следствие 
правонарушения.  Но  такая  санкция  не  будет  ответственностью  потому,  что  не  связана  с  какими-либо 
лишениями для нарушителя, у которого изымается вещь, ему не принадлежащая. Ответственность же - 
это  не  просто  санкция  за  правонарушение,  а  такая  санкция,  которая  влечет  определенные  лишения 
имущественного или личного характера [20, с.8].  

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет