Қазақ жазуы тарихы және латын әліпбиі



бет31/55
Дата20.12.2022
өлшемі287,7 Kb.
#58416
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   55
Әдебиеттер
1..Аханов К. Тіл білімінің негіздері.- Алматы: Санат, 1993.-496 б.
2.Айдаров Ғ. Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі.- Алматы: Мектеп, 1986.-182 б.
3.Аманжолов А. Түркі филологиясы және жазу тарихы.-Алматы: Санат, 1996.-128 б.
4.Хасанова С.Ш. Көне түркі және араб-латын жазбалары. –Алматы: Респ.Баспа.каб.; 1994.-288 б.
5. Қазақ тiлiнiң орфографиялық сөздiгi. -Алматы, «Қазақстан», 1988. -400 б.
6. Оралбаева Н. Қазақ графикасы мен орфографиясының негіздері. Алматы, 1969. -201 б.
7. Қашқари М. Түбі бір түркі тілі. -Алматы, -«Ана тілі», 1993. - 243 б.
8. Қордабаев Т. Қазақ тіл білімінің қалыптасу, даму жолдары. –А: «Мектеп», 1987. -124 б.
9. Қайдар Ә. Қазақ тiлiнiң өзектi мәселелерi. -Алматы, «Ана тiлi», 1998. - 304 б.


Тақырыбы: 6. Қазақ тiлiнде жазу емлесiнiң қалыптасу тарихы. А. Байтұрсынов – қазақ графикасының негізін қалаушы.
Сағат саны:
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
Қазақ тiлiнде жазу емлесiнiң даму тарихы. 2. Араб алфавитiн өзгерту жайы; 3.А.Байтұрсынұлы - араб графикасын қазақ дыбысына ыңғайлап, жазба әлiпби түзші.
4. А.Байтұрсынұлы тіл біліміндегі парадигмалық жүйені ұстады.
Әдістемелік нұсқау:
Қазақ тiлiнде жазу емлесiнiң даму тарихы ХIХ ғасырдың екiншi жартысынан басталады. Бұған сол кезеңде ұлттық жазба әдеби тiлiнiң қалыптасуы негiз болды деп айтуға болады. Қазақ тiлiнiң өзге де проблемалары тәрiздi, қазақша жазу мәселесi туралы мәселе алғаш рет қазақ баспа сөзiнде бой көрсете бастады. «Дала уалаяты» газетi осы мәселеде пiкiрталастар ұйымдастырып, қазақ оқығандарының назарына ұсынып отырды.
Баспасөз бетiндегi қазақ емлесiне қатысты пiкiрталастарды негiзiнен мынадай мәселелер айналасында жүйелеуге болады: қазақ тiлiнiң тазалығы үшiн күрес; сырттан алынған терминдердi дұрыс жазу мәселесi; араб алфавитiнiң қазақша сөз жазуға қолайсыз жақтары:
Араб алфавитiн өзгерту жайы; қазақ жазбасына орыс графикасын қолдану; А.Байтұрсынов реформаланған араб графикасына негiзделген қазақ жазуы туралы.
1. Қазақ тiлiнiң тазалығы үшiн күрес, сырттан алынған терминдердi дұрыс жазу мәселесi.
Қазақ тiлiнiң татар – ноғай тiлдерiмен шұбарланып бара жатқанын, қазақтың ауызша тiлi – таза қазақ тiлiнде, ал жазу тiлi мүлде басқаша болып, халықтың сауаттанып, ғылым, бiлiм алуы үшiн үлкен қиындықтар келтiрiп отырғандығы жөнiнде қынжылыс бiлдiрген мақала авторлары алғаш А. Құрманбаев, Д. Сұлтанғазиндер болды. (А. Құрманбаев «Қазақ тiлi турасында ДУГ No27 1894 . Д.Сұлтанғазин «Қазақ тiлiнше жазу туралы ДУГ No31, 32, 1896). А. Құрманбаев қазақ тiлiнде кездеспейтiн ғылыми терминдердi басқа тiлден, соның iшiнде, орыс тiлiнен алудан қашпақ керектiгiн баса көрсетсе, Д. Сұлтанғазин шет тiлден енген сөздердi жазу емлесiне қатысты, екi топқа жiктеудi ұсынады: бiрiншiсi - қазақ тiлiне ертеректе енiп, қазақ тiлiнiң фонетикалық заңына бағынып, бастапқы тұлғасын өзгерткен сөздер осы өзгерген қалпында жазылу керек, екiншiсi - қазақ тiлiне кейiн, көбiнесе жазбалар арқылы енiп, әлi түпнұсқасы ұмытылмаған сөздер. Бұларды жазғанда, олардың сол тiлдегi жазылу дағдысын сақтау керек деген принциптi ұсынады .
2. Араб алфавитiнiң қазақша сөз жазуға қолайсыз жақтары: араб алфавитiн өзгерту жайы.
Түркі тілде солардың, ішінде қазақ тілінде де, көне замандардан бастап әр дәуірде қолданған жазу түрлері болған. Қазан төңкерісіне дейін түркі халықтарының біразы, солардың ішінде қазақтар да, араб жазуын қолданса, чуваштар сияқты бірді-екілері орыс графикасын қолданды, қалған көпшілігінде тіпті жазу деген болмады.
Түркі тілдес халықтардың кітаптары араб әрпімен жазылса, бұл келешекте орыс жазуының үстемдік алуына кедергі жасайды деген миссионерлік оймен алғаш қазақ әліпбиін орыс графикасына негіздеп, жоба да ұсынады. Мысалы, Н.И. Ильминскийдің қазақ тілінің дауысты дыбыстарына 8 әріп (а (ä), é (е); ы, і; о, ö; у, ÿ), ал дауыссыз дыбыстарына 19 әріп (п, б, м, w, т, д, н, ж, з, ш, с, р, л, j, ?, ѓ, њ) арнаған жобасы,1897 жылы В.В. Катаринскийдің 21 әріптен тұратын әліпби жобасы ( а (а), е, ы, и, о (о), у, б, г, д, ж, з, к, л, м, н, г, п, р, с, т, ш) және А.Е. Алекторовтың 38 әріптен тұратын әліпби жобасы ( а, с, ш, у, з, к, ы, т, р, е, л, и, о, н, м, п, і, й, б, д, ж, г, ə, ө, ұ, ң, ъ, ь, в, ф, ц, ч, щ, я, ю, э, е, ғ) жарияланған болатын [1, 209 б.]. Дегенмен, мұндай жоба-ұсыныстарға бірқатар қазақ оқығандары қарсылығын байқатқан.
Ислам дінінің енуіне байланысты IX—X ғасырлардан бастап түркі халықтары арасына тараған араб жазуы жергілікті халықтар тілдерінің дыбыстық ерекшеліктеріне сәйкестендірілмей, арабтарда қалай қолданса, сол қалпында өзгеріссіз түркі тілдерінде де колданылды. Өйткені өз заманында қалыптасқан ұғым бойынша араб тілі канондық тіл деп есептеледі, сондықтан оны өзгертуге арабтарға тәуелді болған халықтардың хұқы болмады. Сол себептен консонаттық принципті араб жазуы түркі тілдерінің дыбыс жүйесіне сай келмеді. Бірақ соған қарамастан ол он шақты ғасыр бойы түркі халықтарының, солардың ішінде қазақ халқының да мәдени- рухани дамуына қызмет етіп келді.
Қазақ жазу емлесiн жөнге салудың орыс графикасынан басқа, төте жолын ұсынған қазақтың ағартушы ғалымы –А.Байтұрсынұлы болды. Ол араб графикасын қазақ дыбысына ыңғайлап, жазба әлiпби түзу керек деген идея көздедi. А.Байтұрсынұлы 1895-1909 жылдар аралығында Ақтөбе, Торғай өңірінде ел ішінде әрсатылы мектептерде бала оқытумен қатар, ағартушылық қызметпен де айналысады. Қазақ алфавитінің реформаторы атанған А.Байтұрсынұлы 1910 жылдан бастап қазақ жазуын жетілдірумен айналысты. Сол күндері қазақ халқы өзге түркі халықтары сияқты пайдаланып келген араб таңбаларының дәл сол күйінде қазақ тілінің дыбыстық жүйесін дәл бере алмайтындығын түсініп, былай деп жазды: «Хәріп - тіл үшін шығарылған нәрсе. Олай болса хәріп жоқ деп тілдегі дыбысты жоғалту керек емес, ол дыбысқа жоқ әріпті іздеп табуға керек. Ол жалғыз бізде ғана болған емec, өзге жұртта да болған, хәріпке бола тілді бұзбайды, тілге бола хәріпті бұзып өзгертеді». Осындай білгірлік танытқан А. Байтұрсынұлы араб таңбаларын қазақ тілінің дыбыстық жүйесіне икемдеп, түзетуді қолға алады да, «ХХ ғaсыpғa дейін түріктің тілін асыл қалпында алып келген тіл турасындағы абырой мен алғыс қазаққа тиіс», «асыл тіл, түзу емле қазақта боларға тиісті» деп емленің ең жақсысы - дыбыс жүйесінде екеніне көзі жетіп, қазақ тілінің дыбыстық жүйесін зерттей бастады. Араб графикасына негізделген жаңа емлесі 1912 жылдан бастап ұсынылды. «Төте жазу» деген атпен танымал болған бұл графиканы сол кездегі қазақ интеллигенциясы қабылдады және мұсылман медреселері, қазақ-орыс мектептері де қолдана бастады. 1915 жылы жаңа графикамен көптеген қазақ кітаптары басылып шықты.
А.Байтұрсынұлы қазақ тілінің әліпбиін түзу үшін алдымен оның фонетикалық жүйесін талдап береді. Тарихи- лингвистикалық зерттеушілердің пікірлеріне қарағанда, оның бұл жұмысы – нағыз ғылыми, ғылыми аргументтері күшті, тіпті бүгінгі күннің талабын да өтейтін еңбек болып табылады. А.Байтұрсынов бұл ізденістерінде қазақ тілінің фонологиялық табиғи белгісі – сингармония заңдылықтарына сүйенеді. Бүгінгі фонетист ғалымдар А.Байтұрсынұлы дыбыстар жүйесін сингармофонемалар ретінде дұрыс таныды дейді. Сондай-ақ қазақ алфавитін түзуде (жасауда) болсын, грамматикалық (морфологиялық) категорияларын зерделеуде болсын, А.Байтұрсынұлы тіл біліміндегі парадигмалық жүйені ұстады. Парадигмалық жүйе дегеніміз – тіл бірліктерінің (дыбыстардың, морфологиялық көрсеткіштердің, емлелік тәртіптердің т.б.) екі түрлі типін қарама-қарсы қойып жүйелеу. Сондықтан қазақ әліпбиін түзуде дыбыстардың дауысты-дауыссыз, жуан- жіңішке, қатаң-ұяң сияқты оппозиттерін негізге алған. Бұл бүгінгі ғылым биігінен (жетістіктерінен) қарағанда өте дәлелді, дұрыс ұстаным болып саналады. Ғалым араб жазулы (таңбалы) қазақтың өз алфавитін (әліпбиін) жасап, ғылым-білім дүниесіне ұсынады. Жүйелілікпен түзілген бұл әліпбиін Ахмет Байтұрсынұлы тəртіпті жазу деп атаймыз деді: «Тәртіпті жазу дегеніміз тілдегі бар дыбыстың бас-басына арналған белгісі (әрпі) бар болса» деп анықтайды. Араб жазуы (әріп таңбалары) – Құран қолданған әліпби, сондықтан оған өзгерістер енгізуге, қысқартуға, өзге таңбаларды қосуға болмайды деген діндар догматиктердің қарсы пікірлері (мақалалары да) болғанына қарамастан, ауыл мұғалімдері, озат ойлы, білімді адамдар тарапынан А.Байтұрсынұлы әліпбиі батыл қолдау табады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет