Қазақ жазуы тарихы және латын әліпбиі



бет28/55
Дата20.12.2022
өлшемі287,7 Kb.
#58416
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   55
Байланысты:
Дәрістер.-Қазақ жазуы тарихы

Әдебиеттер
1..Аханов К. Тіл білімінің негіздері.- Алматы: Санат, 1993.-496 б.
2.Айдаров Ғ. Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі.- Алматы: Мектеп, 1986.-182 б.
3.Аманжолов А. Түркі филологиясы және жазу тарихы.-Алматы: Санат, 1996.-128 б.
4.Хасанова С.Ш. Көне түркі және араб-латын жазбалары. –Алматы: Респ.Баспа.каб.; 1994.-288 б.
5. Қазақ тiлiнiң орфографиялық сөздiгi. -Алматы, «Қазақстан», 1988. -400 б.
6. Оралбаева Н. Қазақ графикасы мен орфографиясының негіздері. Алматы, 1969. -201 б.
7. Қашқари М. Түбі бір түркі тілі. -Алматы, -«Ана тілі», 1993. - 243 б.
8. Қордабаев Т. Қазақ тіл білімінің қалыптасу, даму жолдары. –А: «Мектеп», 1987. -124 б.


Тақырыбы: 2. Қазақ жазуының тархы, негізгі емле ережелері
Сағат саны:
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1. Қазақ жазуы тархы туралы. Орфография терминi, орфографиялық ережелер туралы.
Дыбыс пен әрiп тiл бiлiмiндегi бiр-бiрiмен тығыз байланысы. 2. Сөйлеудiң жазбаша формасы мен ауызша формасы.
Әдістемелік нұсқау:
1. Орфография тiлдiң белгiлi бiр даму кезеңiндегi жазба тiлдiң нормаларын айқындайды, оның негiзгi бөлiмi дыбыстарды /фонемаларды/ әрiппен белгiлеу мәселесiмен айналысады. Дыбыс пен әрiп тiл бiлiмiндегi бiр-бiрiмен тығыз байланысты әрі екi басқа ғылымдар деуге болады. Себебi: дыбыс ауызша тiлдiң материалы, әрiп – жазба тiлдiң материалы. Ауызша тiл - алғашқы, жазбаша тiл - кейiн қалыптасқан адамзат ой-өрiсi, мәдениетi дамуының жемiсi.
Дыбыстық жазу сөйлеу дыбыстарын дәл бейнелей алмайтындықтан, сөйлеудiң жазбаша формасы мен ауызша формасы үнемi сәйкесе бермейдi. Жазуды белгiлi бiр жүйеге салып отыру үшiн орфография үлкен қызмет атқарады. Тілдегі сөздердің дұрыс жазу ережелерінің жиынтығы орфография (гректің орфос - дұрыс, түзу және графия - жазу деген сөздерден алынған) деп аталады. Әрбiр тiлдiң өзiнде қалыптасқан жазу емлесi бар. Емле белгiлi бiр орфографиялық ұстанымдарға бағындырылады.
Әдебиеттер
1..Аханов К. Тіл білімінің негіздері.- Алматы: Санат, 1993.-496 б.
2.Айдаров Ғ. Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі.- Алматы: Мектеп, 1986.-182 б.
3.Аманжолов А. Түркі филологиясы және жазу тарихы.-Алматы: Санат, 1996.-128 б.
4.Хасанова С.Ш. Көне түркі және араб-латын жазбалары. –Алматы: Респ.Баспа.каб.; 1994.-288 б.
5. Қазақ тiлiнiң орфографиялық сөздiгi. -Алматы, «Қазақстан», 1988. -400 б.
6. Оралбаева Н. Қазақ графикасы мен орфографиясының негіздері. Алматы, 1969. -201 б.
7. Қашқари М. Түбі бір түркі тілі. -Алматы, -«Ана тілі», 1993. - 243 б.
8. Қордабаев Т. Қазақ тіл білімінің қалыптасу, даму жолдары. –А: «Мектеп», 1987. -124 б.
Тақырыбы: 3. Қазақ жазуындағы морфологиялық - фонематикалық жəне фонетикалық, дəстүрлi ұстанымдар
Сағат саны:
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
Қазақ орфографиясында фонематикалық ұстаным. 2. Қазақ орфографиясында морфологиялық ұстаным. 3. Дәстүрлі (тарихи) ұстаным.
Әдістемелік нұсқау:
Морфологиялық - фонематикалық ұстаным бойынша дыбыстардың сөз iшiндегi және сөз арасындағы бiр-бiрiне тигiзетiн әсерлерi ескерiлмей негiзгi фонемалық мәнi сақталып жазылады немесе сөз түбiрiнiң бастапқы қалпы сақталады..
Қазақ орфографиясында морфологиялық-фонематикалық ұстаным мынадай орындарда көрiнiс бередi: 1. Түбiр мен қосымша арасында қатар келген екi дыбыстың бiр-бiрiне ықпалы ескерiлмей, сөздiң түбiрi сақталып жазылады. Мысалы: сөз +шең - сөшшең, жұмыс + шы -жұмұшшы, аш+са- ашша, iш+се -iшше, iз+шiл – iшшiл, түн+гi –түңгү т.б.
2. Сөз аралығында /бiрiккен, тiркескен, қос сөздерде/ қатар келген екi дыбыстың әсерi ескерiлмейдi, түбiрi сақталады. Мысалы, Жанпейіс - Жампейіс, алмакезек-алмагезек, жанқияр- жаңғияр т.б.
Фонетикалық ұстанымда сөз iшiндегi, сөз аралығындағы дыбыстардың бiр-бiрiне әсерi басымдық танытады, сөз айтылуынша/ естiлуiнше/ жазылады. Мысалы: кiтап-кiтабы, тарақ-тарағы, қалақ-қалағы, жаздың күні-жаздыгүні, сегізон-сексен, бұл күн-бүгін,белбау-белбеу т.б.
Фонетикалық ұстанымның көрiнетiн тұстары: 1. Қазақ тiлiндегi сөздерге 4 түрлi жалғау, жұрнақтардың көпшiлiгi сөздiң соңғы буынындағы дыбыстардың жуан- жiңiшкелiгiне орай жуан не жiңiшке жалғанады: бала-лар-ды, үй-лер-iмiз-ге, адам-дық, көп-шiлiк т.б.
2. Қатаң п,к,қ дыбыстарынан аяқталған сөздерге дауыссыздан басталған қосымша жалғанғанда қатаң дыбыстар ұяң естiледi /айтылады/: қонақ-қонағы, парақ-парағы, бүлiк- бүлiгi, талап-талабы.
3. Қазақ тiлiнде п дыбысынан аяқталған етiстiктерге көсемшенiң - ып, -iп жұрнағы жалғанғанда қос п дыбысы қатар айтылмай немесе алдыңғысы ұяңдамай, түбiрдегi п дыбысы үндi у дыбысына айналып кетедi және сол өзгеруiнше жазылады: кеп+iп – кеуiп, жап+ып – жауып, шап+ып –шауып.
4. Бiрқатар бiрiккен сөздер әр компонентiнiң түбiр тұлғасын сақтамай, естiлуiнше жазылады: белбеу, қолғабыс, бүгiн. Бұл тәрiздi фонетикалық принциппен жазылатын бiрiккен сөздердiң санаулы екенi, олардың орфографиялық сөздiкте берiлетiнi Р.Сыздықованың «Анықтағышында» ескертiледi.
5. Орыс тiлiнен ертеректе енiп дыбысталу жағынан өзгерiп кеткен бiрқатар сөздер фонетикалық принциппен қазақша айтылуынша жазылады: самаурын, бәтеңке, божы, болыс, шәйнек т.б.
3. Дәстүрлі (тарихи) принцип бойынша сөздер әуелгі тұлғасында емес, орыс, араб, парсы сөздерiнiң төл тiлдерiндегi бастапқы орфограммасын сақтап, тілде қалыптасқан тұлғасы бойынша жазылады. Мысалы: хал, хат, хабар колхоз, алгебра, жиһан, қаһарман т.б.
Қазақ тіліндегі сөздер бір ғана принцип бойынша жазылмайды. Сөздердің көпшілігі морфологиялық принцип бойынша жазылғанмен, фонетикалык және дәстүрлі принциптер бойынша да жазылатын сөздер аз емес. Оны қазақ тілінің ресми бекітілген «Орфографиялық (емле) ережелері» мен орфографиялық сөздіктері белгілеп отырады.
3. Графика ауызекі сөйлеу тілінің дыбыстық жағын, оның ерекшеліктерінінің барлығын түгелдей қамтып бере алмайды. Мұндай қызметті транскрипция ғана атқара алады. Транскрипцияның әдеттегі жазудан мынадай айырмашылықтары бар: әдеттегі жазу жүйесінде сөздердің дыбыстық жағымен бірге олардың әр түрлі байланыстары, атап айтқанда, этимологиялық және морфологиялық байланыстары да қарастырылып, есепке алынады. Ал транскрипцияда сөздің дыбыстық жағына ғана назар аударылады. Транскрипция үшін, біріншіден, сөздің этимологиялық, морфологиялық байланыстардың ешбір мәні жоқ. Екіншіден, графика сөздің дыбысталуын әрқашан дәлме-дәл көрсете бермейді. Ал транскрипцияның ең негізгі қызметі – сөздің дыбыстық немесе фонемалық құрамын дәлме-дәл көрсету. Бір әріп ыңғайына қарай әртүрлі фонемаларды белгілей алса, транскрипциялық таңба бір ғана мәнге ие бола алады. Бір фонема жазуда әртүрлі әріптермен таңбалануы мүмкін, ал транскрипцияда ол әрқашан бір ғана таңба мен белгіленеді. Транслитерация жазылғанды бір алфавиттен екінші алфавитке, мысалы, орыс алфавитінен латын алфавитіне немесе, керісінше, аударып жазуда қолданылады. Транслитерация, әсіресе, географиялық атауларды және т.б. басқа жалқы есімдерді жазуда жиі қолданылады. Графика жəне орфография - бұл екеуі фонетика ғылымының құрамдық бөлшектері. Графика - тіл дыбыстарын жазуда таңбалайтын шартты белгілер жиынтығы. Дыбыс алғашқы, табиғи, ал графикалық таңба соңғы, жасалынады. Графика дыбысты нақты сөзден, морфемадан тыс берудің барлық мүмкіндіктерін қарастырады. Сондықтан оны жазудың тым жалпы да дерексіз ережесі десе де болады, ал орфография – көптеген себептерге байланысты графикадан туындайтын бұрмалар, ерекшеліктер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет