Бекіту сұрақтары 1. А. Байтұрсынұлы – қазақ жазуын алғаш таныған ғалым.
2. «Жаңа Әліпби », «Жазу тәртібі» мақаласында қозғалған мәселелер.
3.А.Байтұрсынұлы қазақ тілін таңбалайтын графикаға қойған басты-басты талаптары.
4.Ахмет Байтұрсыновтың қазақ жазуының емлесі туралы ой- пікірлері.
5.А.Байтұрсынұлының реформалаған “Төте жазуы”.
6. Ахмет Байтұрсынұлының баспасөз беттерінде әліпби тақырыбында жасаған баяндамалары.
Әдебиеттер 1..Аханов К. Тіл білімінің негіздері.- Алматы: Санат, 1993.-496 б.
2.Айдаров Ғ. Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі.- Алматы: Мектеп, 1986.-182 б.
3.Аманжолов А. Түркі филологиясы және жазу тарихы.-Алматы: Санат, 1996.-128 б.
4.Хасанова С.Ш. Көне түркі және араб-латын жазбалары. –Алматы: Респ.Баспа.каб.; 1994.-288 б.
5. Қазақ тiлiнiң орфографиялық сөздiгi. -Алматы, «Қазақстан», 1988. -400 б.
6. Оралбаева Н. Қазақ графикасы мен орфографиясының негіздері. Алматы, 1969. -201 б.
7. Қашқари М. Түбі бір түркі тілі. -Алматы, -«Ана тілі», 1993. - 243 б.
8. Қордабаев Т. Қазақ тіл білімінің қалыптасу, даму жолдары. –А: «Мектеп», 1987. -124 б.
9. Қайдар Ә. Қазақ тiлiнiң өзектi мәселелерi. -Алматы, «Ана тiлi», 1998. - 304 б.
10. Сыздықова Р. Емле және тыныс белгiлерi. -Алматы, «Рауан», 1996.
11. Қыдырниязова А. Орфография және тыныс белгілері. Алматы, 2008.
12. Күдеринова Қ. Бөлек және бірге таңбаланатын сөздердің орфограммасы. -Алматы, «Арыс», 2001. -240 б.
13. Уәлиев Н., Алдашева А. Қазақ орфографиясындағы қиындықтар. –А:«Балауса»,2000.-509 б
Тақырыбы-8. Қ. Жұбанов - қазақ орфографиясы мен жазуын жүйелеген ғалым Сағат саны 1
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары: 1.Қ. Жұбановтың қазақ әліпбиі мен орфографиясы мәселелеріне арналған еңбектері. 2.Ғалымның қазақ тілінің фонетика саласын дамытуға қосқан үлесі. 3.Қ.Жұбановтың қазақ орфографиясын және әліпбиін өзгертуге байланысты ұсыныстары. 4. Құдайберген Жұбанов – латын әліпбиі негізіндегі қазақ жазуы мен орфографиясын жүйелеген аса ірі фонетист ғалым. 5.Қ.Жұбановтың емле ережелерін жүйелеу жағына көңіл аударуы. 6. Қ.Жұбановтың қазақ тіл білімінің грамматикасы, фонологиясы, лексикологиясы жайында айтқан тұжырым- толғамдары.
Дәріс тезисі 1. Құдайберген Жұбанов – латын әліпбиі негізіндегі қазақ жазуы мен орфографиясын жүйелеген аса ірі фонетист ғалым. Өз кезінде араб жазуынан латын әліппесіне көшу бағытын ұстанған ғалымның тұжырымдары мен көтерген мәселелері күні бүгінге дейін өзектілігін жойған емес. Ғалымның қазақ тілін оқытудың жаңа типтегі бағдарламалары мен емле, әліпби жөнінде зерттеу еңбектерінің оқу-ағарту саласындағы мәні зор болды. 1938 жылы қазақ емлесінің кей мәселелері ішінара жүйеге түсірілгені мәлім.
1930-жылдардың орта тұсында Қ.Жұбанов қазақ орфографиясын және әліпбиін өзгертуге байланысты жобасын ұсынады. 1929 жылдары қолданылған латынға бірнеше өзгерістерді енгізу арқылы 25 әріп, бір дәйекше белгісі бар әліпби жобасын ұсынады. Ғалым жобасында қосар [үу], [ұу], [ый], [ій] бір ғана графемамен белгілеуді, яғни [үу], [ұу]-ды u арқылы, осы тәрізді [ый], [ій] дыбыстарын і таңбасымен алмастыруға болады деп есептейді. Ғалым дауысты дыбыстардың жіңішке варианттары дәйекше белгісі арқылы ажыратылады деп көрсете отырып, былай дейді: «Твердые и мягкие разновидности гласных звуков обозначать не двумя разными буквами, как это имело место в существующем алфавите, а одной буквой». Ұсынған әліпбиде дауысты дыбыстардың жіңішке варианттарына арнайы таңба арнамай-ақ, дәйекше қызметін пайдалануды ұсынады: a – [а] [ә]; о – [о] [ө]; y – [ұ] [ү]. Қ.Жұбанов «Ни одна из существующих букв, (употребляемых) для (изображения) согласных звуков, не может быть исключена из алфавита: они необходимы и затруднений с ними в письме мало» дей отырып, Міржақып Дулатовтың жаңа әліпбиге ф мен х таңбаларын енгізу керек деген ұсынысын («Айқап», 1912, No 8). Қ. Жұбанов жүзеге асырған болатын. Бұлардың әрқайсысы қосар әріппен белгіленіп келген. Автор кірме сөздерді жазғанда сөздің орыс тіліндегі түбірін сақтап, қосымшаны қазақ тілде жалғауды, сондай-ақ туынды кірме сөздердің жұрнағын қазақ тілінде беруге болатынын ескертеді.
Ғалымның жазу теориясына негізделген жобасы қазақ орфографиясында бірте-бірте орнығып, 1957 жылғы ережеде біржола заңдастырылды. Бұл латынға негізделген жазу емлемізді орыс емлесіне қарай бейімдей түсуге көмектесті.
Қ.Жұбанов емле ережелерін жүйелеу жағына қатты көңіл аударды. Емлені мектеп оқушыларын сауатты жазуға баулу мен ересектерге хат білдіріп, қара танытуға қажетті құрал деп есептеді. Төңкеріске дейін қазақ тілінің емлесі, негізінен, фонетикалық принципке сүйенді. Өзге белгілі ғалымдар сияқты Қ. Жұбанов та фонетикалық принциптің сөздің сыртқы пішініне сүйеніп жүргізілетін, ал морфологиялық принциптің түбір сөзді сақтауға байланысты болатынын жақсы түсінді. Өз зерттеулерінде осы екі принципті бір-біріне орайластыра, қабыстыра отырып пайдаланды. Ғалымның біріккен сөздер, буын жігі, тарихи фонетика мен этимология, орфография мәселелері т.б. сала-сала зерттеулерін қазақ тіл білімінің хрестоматиялық беттері деп тануға болады.
2. Ғалым қазақ тілінің дыбыстық құрылымын талдау барысында дыбыстардың мағынаны ажыратуға қатысында назардан тыс қалдырмаған.
«Мағына жағынан сөздердің бір-бірінен дараланып тұруы үшін оның барлық дыбыстарының өзге сөзден түбегейлі өзгерісі болуы шарт емес, сөз құрамындағы бір ғана фонеманың өзге сөздікінен өзгеше болуы олардың семантикасын ажыратуымызға жетіп жатыр»,- дейді Қ.Жұбанов.
Ғалымның фонеманың сандық және сапалық құрамы жөнінде де айтқан сындарлы пікірлері бар. «Қай тілді алсаңыз да сөз дыбысы атаулы сан жағынан толып жатыр, бірақ олардың бәрі бірдей фонемалық қасиетке ие емес. Сөздердің мағыналық тұрғыдан бір-бірінен ажырата көрсетуге қабілетті дыбыстар аса көп емес», - деп айтқан Қ. Жұбановтың бұл тұжырымдары жалпы фонологияның принциптерімен сабақтасып жатыр. Ол қазақ тілі дыбыстарының құрамын дауысты, дауыссыз және үнді (сонор) дыбыстар деп аталатын үш топқа бөледі. Тілдің сөйлеген кезде жоғары көтерілу, төмен түсу ыңғайына қарай а/ә, о/ө, е дауыстыларын толық дауысты, ы/і, ұ/ү дауыстыларын келте дауысты деп атайды. Yнсіз дауыссыздарды екі жікке ажыратып, б, д, ж, з, ғ, г дауыссыздарын ұяңдар тобына, п, т, ж, с, қ, к дауыссыздарын қатаңдар тобына жатқызады. Жасалу жолына қарай п-б, т-д, қ-ғ, к-г дегендерді үздікті дауыссыз, с-з, ш-ж дегендерді үздіксіз дауыссыз деп бөлген. Yнсіз дауыссыздарды жасалу орнына қарай көмей, тіс, ерін дауыссыздары деп аталатын үш топқа ажыратады. Yнді дауыссыздарды Қ.Жұбанов алдымен тура жолды сонорлар, айналма жолды сонорлар деп екі топқа бөліп, оның алғашқысына ү, и, кейінгісіне р, л, м, н, ң дауыссыздарын жатқызады. Соңғы топтағы сонорларды әрмен қарай ауыз жолды, мұрын жолды деп екіге айыра көрсетеді.
Лингвист ғалым бірқатар еңбектерін қазақ сөзінің буынын зерттеуге арнады. Буын жасауға қатысатын дыбыстарды санына қарай қазақ тіліндегі буынды төртке, ал дыбыстардың буын ішінде орналасу тәртібіне қарай үшке бөледі. Қазақ сөзіндегі буын санының сөз ішіндегі дауыстылардың санымен бірдей болатындығы жөнінде толық мағлұмат береді. Буынның түрлері оның құрамына енетін дыбыстардың бір-бірімен тіркесу ыңғайына тәуелді. Буындардың бірімен-бірінің бірігіп, жымдасып кететіні де, бірімен-бірінің орындарының ауысып қолданылатын кездері де бар. Қазақ тілі буын құрылысының бұл да бір ерекшелігі деуімізге болады. Профессор Қ. Жұбанов бұл саладағы зерттеулерінде қазақ тіліндегі буындардың бірігуі немесе олардың орын алмастыруы, сондай-ақ екпін, әсіресе сингармонизм заңы секілді құбылыстардың барлығы сөз элементтері арасында берік байланыстың болуы үшін қызмет ететін категориялар деген ғылыми қорытынды жасайды. Қ.Жұбанов қазақ фонетикасының пәнін анықтап, дыбыстардың жіктеліс жүйесін саралауда қисапсыз мол еңбек етті. Өзінің қазақ әліпбиі (алфавит), емлесі және өзге де қолданбалы салаларына арналған еңбектерінде сол кездегі фонологиялық ілімнің қағидаларына сүйенді.
тапсырмалар. 1. Қ.Жұбановтың қазақ тіл білімінің грамматикасы, фонологиясы, лексикологиясы жайында айтқан тұжырым- толғамдары, қағидалары бойынша конспект жазыңыз. 2. Ғалымның емле жобасын жасау, терминология ережелерін түзуге арналған еңбектерімен танысыңыз. 3. Х.Досмұханбетұлының кірме сөздердің жазылуы жайындағы пікірі. 4. Қ.Жұбановтың «Қосар ма, дара ма?» еңбегiне қысаша конспект жасаңыз. /«Қазақ тiлi жөнiндегi зерттеулер А.,: Ғылым, 1999, 341-348 бб. /