Қазақ жазуы тарихы және латын әліпбиі



бет4/55
Дата20.12.2022
өлшемі287,7 Kb.
#58416
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   55
Байланысты:
Дәрістер.-Қазақ жазуы тарихы

Бекіту сұрақтары
1.Қазақ жазуының морфологиялық ұстанымы.
2..Қазақ жазуының фонематикалық жəне фонетикалық ұстанымы.
3.Қазақ жазуының дəстүрлi ұстанымы.


Әдебиеттер
1..Аханов К. Тіл білімінің негіздері.- Алматы: Санат, 1993.-496 б.
2.Айдаров Ғ. Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі.- Алматы: Мектеп, 1986.-182 б.
3.Аманжолов А. Түркі филологиясы және жазу тарихы.-Алматы: Санат, 1996.-128 б.
4.Хасанова С.Ш. Көне түркі және араб-латын жазбалары. –Алматы: Респ.Баспа.каб.; 1994.-288 б.
5. Қазақ тiлiнiң орфографиялық сөздiгi. -Алматы, «Қазақстан», 1988. -400 б.
6. Оралбаева Н. Қазақ графикасы мен орфографиясының негіздері. Алматы, 1969. -201 б.
7. Қашқари М. Түбі бір түркі тілі. -Алматы, -«Ана тілі», 1993. - 243 б.
8. Қордабаев Т. Қазақ тіл білімінің қалыптасу, даму жолдары. –А: «Мектеп», 1987. -124 б.
9. Қайдар Ә. Қазақ тiлiнiң өзектi мәселелерi. -Алматы, «Ана тiлi», 1998. - 304 б.
10. Сыздықова Р. Емле және тыныс белгiлерi. -Алматы, «Рауан», 1996.
11. Қыдырниязова А. Орфография және тыныс белгілері. Алматы, 2008.
12. Күдеринова Қ. Бөлек және бірге таңбаланатын сөздердің орфограммасы. -Алматы, «Арыс», 2001. -240 б.
13. Уәлиев Н., Алдашева А. Қазақ орфографиясындағы қиындықтар. –А:«Балауса»,2000.-509 б.
Тақырыбы-4. Қазақ жазуы тарихында М.Қашқаридің «Диуани лұғат ат-түрк» сөздігінің орны
Сағат саны 1
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары:
1. «Диуани лұғат ат-түрк» - түркі тілдерінің
грамматикасын алғаш жүйелеген еңбек. 2. Түркі тілдеріндегі сингармонизм заңдылығы.
Дәріс тезисі
1. Қазақ жазуында араб графикасының орны ерекше тарихи кезеңдермен тұстас келді. Араб жазуының түркі тілдерінде қолданылуы ХІ ғacыpдaн-aқ басталғаны аян. Айталық, 1069 жылы жазылған Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» дастаны, алғашқы түркі лингвисті М. Қашқаридың «Дивани луғат ат- түрк» атты түркі тілдері саласындағы тарихи-салыстырмалы даңқты сөздігі араб графикасының Қазақстан жерінде алғаш қолданыла бастаған кезеңдерінде жазылған. Сонымен қатар, ХІІ-ХІҮ ғасырларда осы графикамен А. Югнекидің «Ақиқат сыйы», Н. Рабғузидің «Әуле-әнбиелер қиссасы» және т.б. осы сияқты туындылар көне түркі тілінің дәстүрлі жалғасы болып табылады. ХІХ ғасырдың екінші жартысында миссионерлік саясатпен келген орыс ғалымдары қазақ тілін зерттей бастағаны мәлім. 1861 жылы Қазанда басылып шыққан Н. И. Ильминскийдің «Материалы к изучению киргизского наречия» деген кітабы қазақ тілінің жүйесін танытқан тұңғыш еңбек болды. Бұл кітап орыс графикасында жазылды, қазақ тілінде терминдер жасалған жоқ. Бұл еңбек тек зерттеу жұмысы ғана болды.
П.М.Мелиоранскийдің «Краткая грамматика казак- киргизского языка» деген атпен І бөлімі (фонетика және зтимология) 1894 жылы, ІІ бөлімі (синтаксис) 1897 жылы шыққан еңбегі қазақ тілінің грамматикалық құрылымын ғылыми тұрғыдан зерттеген тұңғыш зерттеу екені мәлім. П.М.Мелиоранский — қазақ тіліндегі дыбыстар жайында Н.Ильминский мен В.Радловтан соң жан-жақты зерттеп, пікір айтқан ғалымдардың бірі. Ол түркі тілдерінің салыстырмалы- тарихи грамматикасын жасауға көңіл бөлді. Ол тарихи- этнографиялық, лингвистикалық түсінік бере отырып, оннан астам ескерткіштерді зерттеп жариялады. Оның «Памятник в честь Кюль-тегина (1899), «Араб филолог о турецком языке» (1900), Рабғузидің «Кысас әл-анбиясы» туралы зерттеулері - түркологияның негізгі қорына енген еңбектер.
М.Қашқаридың «Дивани луғат ит-түрк» атты кітабында түркі тілінің түзілу, түрлену, жасалу жолдары тұжырымды түсіндіріледі. Аталған еңбекте түрік әліппесінің ерекшелігі де талданған. Үндестік заңы, үндестік заңына сәйкес қосымшалардың, жалғаулықтардың үндесуіне қатысты қағидалар түзеді. Көне түркі әліппесінің кескіндерін түсіріп көрсетеді. «Диуани лұғат ат-түрктің» қазіргі қазақ тілінде қолданылып жүрген әліпби бойынша тұңғыш рет транскрипциялық мәтіні жасалды. Әрине, қазақ тілінің өзіндік ерекшеліктері ескерілді. «Диуани лұғат ат-түрк» - түркі тілдерінің бірінші салыстырмалы сөздігі және ең әуелгі филологиялық зерттеу. Себебі М.Қашқари түркітану ғылымының негізін қалаушы, түркі әлемінің ең алғашқы филологы. Ол түрік тілін тек арабтарға ғана емес, бүкіл өзге ұлт өкілдеріне үйретуді, танытуды, тіпті сүйгізуді көксейді. Түрік тілінің араб тілінен бірде-бір кем түспейтінін, түркілердің де жер бетіндегі халықтардың ең бір тектісі, тәңір сүйер жақсы қасиеттерге толы ұлы халық екендігін дәлелдеуге тырысады. М.Қашқари - бүкіл түркі тілдес халықтардың ортақ атасы, ал «Диуан» - түркі тілі мен әдебиеті, мәдениеті мен руханиятының сарқылмас қайнар көзі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет