Қазақ және түрік тілдеріндегі жаңа қолданыстардың лингво-когнитивтік даму жүйесі



Pdf көрінісі
бет19/100
Дата14.10.2023
өлшемі2,66 Mb.
#114878
түріДиссертация
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   100
Байланысты:
Бисенгали диссертация

тіл~таным
сабақтастығы тұрғысынан кешенді 
түрде зерттеу өзектілігі бұл мәселенің болашақ бағдарын көрсетеді. Бұл
пікірімізді Ресейлік неолог-ғалым А.А. Брагинаның неологияның негізгі 
мәселелерін көрсеткен мына пікірі айқындай түседі: 
- жаңа сөздерді және олардың мағыналарын тану жолдарын анықтау; 


31 
- қоғамның прагматикалық қажеттілігіне сай олардың пайда болуына әсер 
еткен факторларға талдау жасау; 
- жаңа сөздердің қолданылу шегі мен құрылу модельдерін зерттеу; 
- олардың әлеуметтік-кәсіби, жас ерекшелігіне сай не т.б. топтарда 
қабылдануы не қабылданбауына қатысты ұстанымдарды саралау [48, б. 6].
Неология ілімінің ғылыми-әдістемелік базасын анықтаған: Н.З. Котелова, 
А.А. Брагина, Л.Б. Гацалова, Е.А. Жданов, В.И. Заботкина, Т.В. Попова т.б. 
ғалымдардың еңбектерінде жасалған тұжырымдарға сәйкес неологизмдерге 
қатысты мынадай тілдік бірліктердің түрлері көрсетіледі:
Неолексемалар – өзге тілден енген жаңа сөздер не жаңа құрылымдар:
- қазақ тілінде: 
менеджер,
планшет

имидж

метро, тамагочи, сингл, 
селфи, бомж, файл, рейтинг, инновация 
т.б.;
- түрік тілінде: 
menajer 
(менеджер), 
tablet 
(планшет), 
imaj
(имидж), 
metro 
(метро), 
tamagoçi 
(тамагочи), 
single 
(сингл), 
selfie 
(селфи), 
devalüasyon 
(құнсыздану), 
kurye
(шабарман), 
sponsor 
(демеуші) т.б.
Неофраземалар – жаңа идиомалық семантикаға ие болған жаңа тұрақты сөз 
тіркестері мен фразеологизмдер:
- қазақ тілінде: 
Атымтай жомарт

көкек ана, құрсақ ана, көкек әке, қара 
жұма
т.б.;
- түрік тілінде: 
taşıyıcı anne (құрсақ ана), Kara Cuma (қара жұма), trafik 
canavarı 
(жол ережелерін бұзушы) т.б.
Неосемемалар – архаизмдер мен фразеологизмдердің жаңа мағыналары.
Мысалы: 
экология
терминінің «тірі организмдердің тіршілік ортасымен 
арақатынасын зерттейтін биологияның саласы» деген тура мағынасына қосымша 
«тазалық, дұрыстық, үндестік, тазалыққа қамқорлық» деген ұғым өзектеліп
таным өрісіміздің кеңеюін бейнелейтін 
рух экологиясы, тіл экологиясы, 
мәдениет экологиясы
 
т.б. жаңа тіркестер туды. 
Түрік тілінде 
çevre 
сөзін осыған мысалға келтіруге болады.
 Çevre 
көне сөзі 
«жақын», «маңай» деген мағынаны білдірген. Қазіргі түрік лексикасында бұл 
сөз «орта», «сфера», «шеткі аймақ», «айнала» деген мағыналарға балама ретінде 
өте белсенді қолданылып жүр.
Бірақ соңғы кездері бұл сөз ағылшынша «environment» (қоршаған орта) 
терминінің баламасы ретінде ұсынылып, кең қолданыс тапты:
Мысалы: 
Aynı zamanda Türkmen doğalgazının fizibilitesini de hazırlayan PLE 
danışmanlık firmasının Bakü-Ceyhan ile ilgili hazırladığı raporda 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   100




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет