Қазақ және түрік тілдеріндегі жаңа қолданыстардың лингво-когнитивтік даму жүйесі


 Неологизм терминінің Ресей және Еуропа тіл білімінде зерттелуі



Pdf көрінісі
бет18/100
Дата14.10.2023
өлшемі2,66 Mb.
#114878
түріДиссертация
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   100
Байланысты:
Бисенгали диссертация

1.3 Неологизм терминінің Ресей және Еуропа тіл білімінде зерттелуі 
Жаһандану заманының компьютерлендіру, ақпараттандыру секілді 
маңызды факторлары әсерінен жаңа сөздер саны көбейіп, олар тілдің белсенді 
сөздік қорына кіреді және жалпы қолданыстағы сөздер қорын толықтырады.
Орыс және шетел тіл білімінде мұндай сөздер неологизм деп аталады және 
тіл тұтынушылары жаңалығын сезінгенше, бұлар неологизм болып қала береді. 
«Неологизм» – (гр. «неос» – жаңа, «логос
»
– сөз) – қоғамдағы саяси, 
мәдени, экономикалық қатынастардың, ғылым мен техника дамуына 
байланысты тілге енген жаңа сөздер мен сөз тіркестері, фразеологиялық 
оралымдар [18, б. 291]. 
«Неология» ұғымы (француз тілінде – «neologie») Францияда 1758 ж. 
пайда болды. Лингвистикада неологизмдерді зерттеу XX ғасырдың 60-шы 
жылдарында басталып, лексикологияда неология саласы қалыптаса бастады.
Ресей 
ғалымдары 
лексиканы 
«неологиялық 
лексика» 
және 
«терминологиялық лексика» деп жіктейді. Осыған орай, неологиялық 
бірліктердің, неологизмдердің арқауы – сөздің жаңа денотатты не ұғымды 
белгілеуде формалды не семантикалық жаңаруы. Орыс тілі лексикологиясы мен 
лексикографиясындағы зерттеулер барысында неологизм құбылысының тілдік 
мәнін ашатын көптеген еңбектер мен ғылыми тұжырымдар жасалды.
Неология саласының теориялық негіздері мынадай Ресей ғалымдарының 
еңбектерінде тұжырымдалған: А.А. Брагина, Р.А. Будагов, Е.В. Розен,
Н.И. Фельдман, Г.О. Винокур, В.Г. Гак, Ю.С. Сорокин, Н.З. Котелова т.б. 
Орыс лексикограф-ғалымы
О.С. Ахманова «Словарь лингвистических 
терминов» атты еңбегінде неологизм ұғымын жан-жақты қарастырып, мынадай 
толық анықтама береді: «1. Слово или оборот, созданные (возникшие) для 
обозначения нового (прежде неизвестного) предмета или для выражения нового 
понятия. 2. Новое слово или выражение, не получившее прав гражданства в 
общенародном языке и потому воспринимающееся как принадлежащее к 
особому, нередко сниженному стилю речи. Слово, включение которого в данный 


26 
жанр литературного произведения является новшеством; слово, общепринятое в 
повседневном языке, но не употреблявшееся прежде в художественной 
литературе. Неологизм (т.е. окказионализм – А. Б.), созданный данным автором 
данного литературного произведения и обычно не имеющий широкого 
распространения» [19, б. 253].
Ал, неолог-ғалым М.А. Рященконың пікірінше, «неологизм» терминінің 
анықтамасын сипаттайтын негізгі белгілер мынадай:
1. жаңалық басты мән болып саналатын стилистік категория;
2. жаңа реалийді бейнелеу;
3. сөздіктерде көрсетілмеген сөздер [20, Б. 121-123]. 
Ал XXI ғасырда жарық көрген «Қазіргі орыс тілінің лексикологиясында» 
Н.М. Шанский неологизмдерді: «Жаңа зат пен құбылысты таңбалау үшін 
қоғамдық қажеттілік ықпалымен пайда болған, тіл тұтынушылары санасында 
«жаңа» деп қабылданған, бірақ әдеби тілге ене қоймаған жаңа лексикалық 
туындылар» деп анықтайды [21, б. 15].
Неологизм ұғымын анықтауға және жалпы тіл біліміндегі лексикологияға 
қатысты, өткен ғасырдың 60-шы жылдарындағы еңбектерде, екі түрлі пікір 
байқалады: біріншісі – қазіргі ағылшын тілі лексикологиясына қатысты
И.В. Арнольд көрсеткен, бұрыннан қалыптасқан сөзжасамдық модельдерге 
сәйкес жасалған, бірақ жаңа ұғым, зат, құбылыс, ғылым саласын т.б. бейнелейтін 
жаңа қолданыстар. Мысалы: 
реактор, биологиялық соғыс
т.б. [22, б. 308].
Екіншісі – И.Р. Гальперин көрсеткен белгілі ұғымды білдіру үшін тілде бар 
сөздерге синоним болатын, бірақ мағынасына коннотаттық сипатты 
семантикалық, стилистикалық реңктер қосылған сөздер [23, б. 63]. Бұл 
пікірлерден байқап отырғанымыздай, тілде пайда болған кез келген жаңа сөз 
неологизм деп саналады.
Ресей ғалымдарының «жаңа сөз» деген ұғымға мән беріп (фонологиялық, 
морфологиялық, лексикалық, семантикалық, фразеологиялық, визуалды 
неологизмдер), оған қатысты «окказионал сөздер», «жаңа сөз қолданыстар», 
«семантикалық инновациялар» («лексикадағы жаңарулар»), «әлеуетті сөздер» 
т.б. 
деп 
жіктеп, 
топтап, 
талдаған 
зерттеулері 
(ономасиологиялық
(И.О. Торопцева т.б.), психолингвистикалық (С.И. Тогоева т.б.), денотативті 
(Д.Э. Розенталь, М.А. Теленкова т.б.), құрылымдық (Н.З. Котелова т.б.), тарихи 
(Н.З. Котелова т.б.), лексикографиялық, лингвомәдени (Т.А. Гуральник т.б.) 
теориялар) бұл мәселенің жан-жақты ашылып, танылуына көмектеседі.
Осы тұрғыдан ол қазақ тіл білімінде де осындай жүйелі зерттеу саласын 
қалыптастыруға үлгі боларлық.
Жоғарыда көрсетілген О.С. Ахманованың сөздігіндегі неологизмге 
берілген екінші анықтама, біздің ойымызша, осы окказионализмдерге қатысты.
Осы арада аралық ұғым ретінде «окказионализм» термині назар аударады.
Бұл тақырыпта көптеген ғылыми еңбектер жазылғанына қарамастан
(А.Г. Лыков, В.В. Лопатин, Р.Ю. Намитокова, Э. Ханпира, Н.И. Фельдман т.б.), 
окказионализмдерге қатысты бірыңғай, көпшілік қабылдаған теория әлі де жоқ 
[24, б. 17]. Көптеген ғалымдар неологизмдерді тілдік факт мәртебесінде қарайды 


27 
да, ал окказионализмдерді сөйлеу фактілеріне жатқызады және оның 
неологизмдер қатарына өту үдерісі оңай емес екенін айтады.
««Лингвистикалық энциклопедиялық сөздікте» оның өнімсіз модель 
негізінде жасалып, белгілі бір мәнмәтінде қолданылатыны» атап көрсетілген [25, 
б. 331]. 
Р.Ю. 
Намитокова 
окказионализмдерді 
неологизм 
ұғымымен 
теңестірмейді, оны авторлық сөзжасаммен байланыстырады [26, б. 12]. 
Ал А.В. Калинин, керісінше, орыс тілі лексикасын зерттеу барысында 
окказионал (тосын) сөздерді неологизмдер қатарына қосады [27, б. 13].
В.В. Лопатин [28] мен А.Г. Лыков [29] та осы пікірді қолдап, 
неологизмдерді окказионалдық құбылыс деп көрсетеді.
Ал Д.Э. Розенталь мен М.А. Теленкова өз еңбектерінде оларды әлеуетті 
(потенциальные) және тосын (окказионал) сөздер деп көрсетеді [30, б. 20]. 
Біздің ойымызша, біріншісі – тілде қалыптасқан сөзжасамдық модельдер 
үлгісімен жасалған, бірақ сөзқолданыстық нормаларға сай бекімеген тілдік 
бірліктер. Ал, окказионал (тосын) сөздер – нақты мәнмәтіндік жағдайда 
деривацияның өнімсіз модельдері арқылы жасалған.
Неология саласындағы ғалымдардың дені өз тұжырымдарында
П. Жильбердің: «Жаңарудың сапасына қарай функционалды критерийлерді 
ескере отырып, морфологиялық тәсілмен жасалған жаңа сөздердің бәрін бірдей 
неологизмдер қатарына жатқызуға болмайды. Себебі неология теориясына сай 
оның перифериялық (шеткері) аймағы болады. Олар авторлық қолданысқа 
қатысты окказионализмдер. Ал қолданыс аясына сәйкес кеңейген, ия көнерген 
сөздер сөздіктерде неологизмдер деп белгіленуі тиіс» деген пікірін келтіреді 
[31]. 
Сонымен, 
окказионализмдерден басқа әлеуетті сөздер де бар.
Г.О. Винокур, А.И. Смирницкий, Е.А. Земская т.б. ғалымдар «әлеуетті сөздер» 
(потенциальные слова) деп тілде бұрыннан бар өнімді сөзжасамдық модельдерге 
ұқсастырылып жасалған, бірақ сөз қолданыстық нормаларға сай бекімеген тілдік 
бірліктерді атайды.
Дегенмен ғылыми қолданыста кең таралғаны – «неологизм» термині. Ал, 
неологизм терминінің пайда болуы ертеден басталғанын жоғарыда атап 
көрсеттік.
Орыс тіл білімінде неология құбылысының мәнін ашуға байланысты 
бірнеше лингвистикалық және ғылыми-әдіснамалық тұжырымдар лексикология 
және лексикография теориясына қатысты Н.З. Котелова еңбектерінде берілген 
[32, б. 21]. Н.З. Котелованың ғылыми тұжырымдарын одан әрі кеңітіп, 
жалғастырған Т.В. Попова «Русская неология и неография» (2005 ж.) атты 
еңбегінде неологизмдерді мынадай жүйеде топтайды: стилистикалық, 
психолингвистикалық, лексикографиялық, денотаттық, құрылымдық, нақты, 
тарихи-деректік [24].
Қазіргі заманғы лингвистикада неологизмдерді ажыратудың табиғаты мен 
критерийлері туралы біржақты пікір жоқ. Әдетте, жаңа сөздердің пайда 


28 
болуының экстралингвистикалық және тілдік жүйедегі интралингвистикалық
себептері айқындалады.
Көптеген ғалымдар неологизмнің негізгі белгісі ретінде «жаңаша 
таңбалауды» (E. Knowles, J. Elliott, J. Ayto, Н.З. Котелова, Н.С. Никитченко,
В.И. Заботкина, А.А. Брагина, Н.М. Шанский т.б.) атайды. 
А.А. Уфимцеваның: «Часто появление новых слов связано с 
возникновением новых ассоциаций, хотя понятие остается тем же самым, так как 
язык вообще, лексика в особенности, выполняя свою основную функцию как 
средство общения, перестраивается, дифференциируется и уточняется с тем, 
чтобы более адекватно отразить, воспроизвести и закрепить новые понятия в 
соответствующих словах и выражениях» деген пікірі жаңа сөздердің 
қалыптасуын тіл иесі танымымен байланыстырады [33, б. 221]. 
Неологизмдердің тілдің белсенді сөздік қорына кірмейтіндігін
И.С. Торопцев олардың маңызды белгісі ретінде санайды [34, б. 22]. 
Сөздерді неологизмдер қатарына жатқызудың шартты және тарихи сипаты 
Ю.Н. Караулов еңбегінде атап көрсетіледі [35, б. 11]. 
Жоғарыда 
келтірілген 
неологизмдердің, 
яғни 
жаңа 
сөздердің 
анықтамасына қатысты көрсетілген белгілердің ешқайсысын да жоққа шығаруға 
болмайды. Соның ішінде Ю.Н. Карауловтың пікірі ерекше назар аударады. 
Еуропалық, 
әсіресе 
ағылшын 
ғалымдарының 
неологиялық 
тұжырымдамаларында да, жоғарыда атап көрсетілгендей, «сөздіктерде 
көрсетілмеген» деген белгіге қатысты пікір кең тараған.
Дегенмен, француз лексикографтары неологизм қатарына сөздіктерде бар, 
бірақ мағыналары өзгерген, немесе мағыналары кеңейген сөздерді де жатқызып, 
оларды «семантикалық неологизмдер» деп атайды. Демек, 
лексикография 
теориясына сәйкес неологизмдер сөздікте белгіленеді.
Бірақ бұл арада мына жағдай ескерілуі тиіс: біріншіден, уақыт аспектісіне 
қатысты – объективті себеп, екіншіден, белгілі бір елдегі лексикографиялық 
қызмет деңгейіне қатысты – субъективті себеп. Осыған байланысты жаңа сөздік 
(лексемалық) әлеуетті сөздердің бәрі бірдей сөздікке кірмейді.
Мысалы, қазақ қоғамында күнделікті қолданыста белсенді сипаттағы жаңа 
сөздердің көбі лексикографиялық тұрғыдан таңбаланбаған. Ал денотаттық 
теорияға сәйкес, көпшілік ғалымдардың пікірінше, неологизм – жаңа құбылысты 
(денотатты) немесе ұғымды белгілейтін сөз. Олай 
болса, 
бұл 
теорияның 
кемшілігі – оның неологизмдердің пайда болуының ішкі заңдылықтарын 
ескермеуінде.
Ресейлік зерттеуші Н.А. Лаврованың пікірінше, ол заңдылықтардың, 
неологиялық 
контаминанттардың 
стилистикалық 
және 
семантикалық 
ерекшеліктері мынада: тіл тұтынушылардың экспрессияға, атау үнемділігіне, 
ұқсастыруға ұмтылысы т.б. [36, б. 22]. 
Демек, Ресей ғалымдарының пікірінше, жоғарыда көрсетілген 
тұжырымдардың ішінде тиімдісі – шартты түрде «неологизмнің нақты-тарихи 
теориясы» деп аталатын Н.З. Котелованың тұжырымы. Ол, сайып келгенде, 
неологизм анықтамасының негізін құрайтын «жаңалық» ұғымы «уақыт» пен 


29 
«тілдік кеңістік» тұрғысынан қарастырылғанда ғана неологизмнің дәл мәні 
ашылатынын көрсетеді. Ресейлік неолог-ғалымның бұл тұжырымы осы 
саладағы шетел мамандарының пікірімен үндеседі.
Жаңа қолданыстардың жаңалық сипатын көптеген орыс және шетел 
ғалымдары спонтандық, контекстік аспектіде қарастырады (Е.В. Сенько [37],
А. Рей [38] т.б.).
Неміс тіліндегі неологизмдерді Е.В. Розен тілді дамытушы жаңа 
лексикалық бірліктер ретінде санайды: «Неологизмами называются всякие вновь 
организованные в языке слова в течение всего времени пока они отмечаются как 
новые в языковом сознании носителей языка. Неологизмами, следовательно, 
называются все слова на начальном этапе их существования в языке, т.е. на том 
этапе, когда недавнее время появления слова, его новизна и отражение этих 
моментов в сознании носителей языка являются релевантными» [39, б. 53].
Қазіргі уақытта неологизмдердің дені – форма мен мағына жағынан жаңа 
және жаңа әлеуметтік-мәдени маңызы бар жаңа сөздер.
Л. Гилбер жаңа тіл бірліктерін құруға әсер ететін мынадай факторларды 
көрсетеді: 
1. деноминативтік (жаңа нысанды тағайындау қажеттілігі); 
2. стилистикалық (экспрессивті сөйлеу қажеттілігі); 
3. тілдік жүйенің қысымы, яғни бұрыннан қолданыста бар модельдер 
негізінде ықтимал сөздерді қалыптастыру қажеттілігі. 
Семантикалық салада олар жалпыланған бес тақырыптық топқа бөлінеді: 
1. әлеуметтік және күнделікті өмірге қатысты; 
2. компьютерлік технологиялар және әлеуметтік желілердегі; 
3. әлеуметтік-экономикалық салаға қатысты; 
4. әлеуметтік-саяси лексикаға қатысты; 
5. адамдарды және олардың қажеттіліктерін, психикалық қасиеттерін, 
көзқарастары мен нанымдарын, стилін және т.б. сипаттайтын антропоөзектік 
сипаттама номинациясына қатысты [40, Б. 54-72]. 
Көріп отырғанымыздай, ғалымдардың көпшілігі неологизм түсінігінің 
басты белгісі ретінде жаңалықты көрсетеді. Басқаша айтқанда, неологизмдер – 
бұл тіл дамуында белгілі бір дәуірде қолданатын ұрпақ үшін жаңа сөздер. 
Осыған орай, М. Тереза Кабре «Terminology: Theory, Methods and 
Applications» (1999) атты еңбегінде неологизмдерді танудың төрт критериін 
атайды: 
1. диахрондық өлшем – неологизмді заманауи тілдік мәтіндерде 
кездесетін, бірақ бұған дейін сол тілдің бірлігі болмаған сөздер; 
2. лексикографиялық критерий – белгілі тілдің нормативті сөздіктерінде 
жоқ сөз неологизм болады; 
3. 
жүйелі ресми немесе семантикалық тұрақсыздық критериі, 
семантикалық, 
морфологиялық, 
фонетикалық 
немесе 
графикалық 
тұрақсыздықпен сипатталатын сөздер неологизмдер;
4. психологиялық: жаңалығын тіл иелері сезінетін сөз неологизмге жатады.
Сонымен қатар неологизмдердің мынадай түрлерін көрсетеді: 


30 
1. неологизмдер – кірме сөздер (кірме сөздер, варваризмдер, ксенизмдер, 
калька сөздер);
2. морфологиялық (аффикстік) неологизмдер;
3. сөз біріктіру арқылы құрылған неологизмдер;
4. конверсияланған неологизмдер, қысқартулар [41].
Мысалы, неологизмдерде бейнеленген американдық өмір үлгісіне 
концептуалды талдау жүргізген Ресей ғалымы Т.А. Гуральниктің пікірінше, 
неологизмдерді жіктеудің әртүрлі параметрлері тілдік жүйеде жаңа лексикалық 
бірліктердің перифериялық мәртебесін анықтайды.
Жаңа сөздердің пайда болу себептеріне, сондай-ақ сөйлеу жоспары мен 
мазмұн жоспарының өзара әрекеттесу сипатына қарай, яғни кейбір неологизм 
топтары тілде сақталып қалудың жоғары деңгейіне ие болады. Себебі, 
семантикалық неологизмдер мен трансонимдер тілдің лексикалық жүйесінің 
шеткі жағында пайда болған сәттен бастап, лингвистикалық жүйе орталығымен 
лексика-парадигматикалық қарым-қатынаста болады [42]. 
Тверь 
университетінің 
профессоры 
С.И. 
Тогоеваның 
психолингвистикалық теориясына сәйкес неологизм тіл тұтынушысының жеке 
сөйлеу тәжірибесінде бұрын кездеспеген тілдік бірлік ретінде анықталады. Бұл 
жерде неологизм жаңалығының субъективті, индивидтік (жеке) сипатына мән 
беріледі [43, б. 17].
Бұл теорияны ұстанушы ғалымдар неологизмдер қазіргі сөздіктерде 
көрсетілмеген сөздер деп санайды. Осыған байланысты жаңа лексикалық 
бірліктерді сипаттауда қазіргі лингвистика мен қазақ тіл білімінде де, мазмұны 
жағынан бір-біріне жақын бірнеше термин қатар қолданылады: «неологизмдер», 
«инновациялар» («жаңартпалар»), «жаңа қолданыстар» т.б.
Дегенмен, орыс тіл білімінде бұл терминдер барынша жіктеліп 
қарастырылады. Мысалы «инновациялар» («жаңартпалар») тіл жүйесінің барлық 
деңгейлеріндегі жаңа құбылыстарды анықтауда қолданылса [44, б. 18], жаңа 
қолданыстар әртүрлі деңгейлердегі кез келген жаңартпаларды ғана емес, 
сонымен бірге тілде қалыптасқан сөзжасамдық модельдер бойынша жасалған 
жаңа номинативтік бірліктерді (неологизмдерді) де қамтиды [24]. 
В.И. Куликова өзінің зерттеулерінде «трансформация»
 
деген терминді 
тілде бұрыннан бар мағынаны жаңа формада беретін жаңа атауларға қатысты 
қолданады. Яғни, әдеби тілде бұрыннан бар, бірақ жаңа мағынаға ие болған 
неологизмдерді «семантикалық жаңартпалар» деп анықтайды [45].
Сонымен, неологизмдерді психолингвистика тұрғысынан зерттеген –
ресейлік ғалым С.И. Тогоева [46]; лингвомәдениеттану тұрғысынан – С.Г. Тер-
Минасова [47]; әлеуметтік лингвистика тұрғысынан – жоғарыда аталған
Т.А. Гуральник т.б.
Дегенмен неологизмдерді 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   100




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет