Қазақ және түрік тілдеріндегі жаңа қолданыстардың лингво-когнитивтік даму жүйесі



Pdf көрінісі
бет65/100
Дата14.10.2023
өлшемі2,66 Mb.
#114878
түріДиссертация
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   100
Байланысты:
Бисенгали диссертация

күнбелгі 
(календарь) т.б.
4. сөз тіркестері арқылы жасалған тосын сөздер: 
өрнекті ойындар
(физкультура), 
су өнерпазы
(гидротехник), 
құлық қалыбы
(норма поведения), 
су 
ағар
(водопровод) т.б. 
 
Осыған байланысты А. Байтұрсынұлының публицистика тілін арнайы 
зерттеген Г. Ерназарованың: «Коннотациялық мағынаның бір түрі болып 
табылатын бағалау компоненті А. Байтұрсынұлының публицистикалық 
шығармаларында доминанттық дәрежеге ие болып отырады. Бағалаушы немесе 


114 
экспрессиялық-эмоциялық бояулы мағынадағы сөздер терминдер жүйесіне 
енгеннен кейін бағалауыштық мағынасының орнын потенциалды семасы басып, 
белгілі бір ұғымның атауы ретінде қолданылады. Мысалы: 
жазықты қылмыс, 
жарылқарлық-қарғарлық управитель, жасырын шағым, тағылықты үкімет, 
ереуіл келетін шатақтар, күмәншіл жауапкер 
т.б.» [275, б. 25] деген тұжырымы 
аса маңызды.
Бұл қағида, сайып келгенде, А. Байтұрсынұлы бастаған зиялылардың қазақ 
тілінде термин түзуді ұлттық тіл мен мүдде тұрғысынан, ана тілі табиғатына сай 
кәсіби деңгейге қоюды мақсат еткен тұжырымдарымен үндеседі. Уақыт пен 
кеңістік аясындағы тілдің тарихи-әлеуметтік, коммуникативтік қызметіне сай 
кез-келген жаңа ұғымды немесе белгілі ұғымды жаңа қырынан атау жаңа 
қолданыстарды туғызады.
А. Байтұрсынұлы қолданған, ұсынған сөздердің халық санасында қолдау 
тауып, қалыптасуының негізгі себебі – атау берудің С.Л. Мишланова атап 
көрсеткендей, ұғымды белгілеу үдерісі ғана емес, сонымен бірге танымдық 
үдеріс екендігінде [276, б. 77].
Г. Ерназарова А. Байтұрсынұлының публицистика тіліндегі байырғы қазақ 
сөздерінің жаңа қоғамдық-әлеуметтік ұғымдарға қатысты қолданысын былайша 
жүйелеп көрсетеді:
Жұрт: 
келімсек жұрт, тұрғын жұрт, өзге жұрттың есігі, жұрттың 
ұлттығы, жұрт сынына салу, жұрттың қорлығы.
Тіл: 
қазақ тілі азып жоғалуға ықтимал, қазақ тілінен жирену
.
Жер: 
жер кесу, бос жер, жер алу, уезге қараған жерлер, сұрып жер, жер 
жалдау, жер кіндік ел.
Пайда: 
қазақ пайдасындағы жер, зор пайдалы болар, пайдалы қызмет, 
газеттің пайдасы.
Халық: 
халыққа беру, саналы халық азаматтары, халыққа қызмет ету.
Білім: 
білім дәрежесі, білім жарысы, білім жүйріктері, бастауыш білім, 
білім иесі, үздік білім.
Мәселе: 
мәселелердің ішіндегі ең маңыздысы, соғысқа қатысы бар 
мәселелер, әскерлік мәселе, жер мәселесі, ортақ мәселе.
Дәреже: 
мәдениет дәрежесі, жоғарылы-төменді дәреже
.
Кеңес: 
кеңеске салынды, мұсылмандар кеңесі
.
Үміт: 
үміті зор, үмітті жұрттар.
Сол қатардағы етістіктің қолданыстық мәнінің кеңеюіне де назар 
аударады: 
Қозғау: 
соғыс кезінде қозғау, қозғау қолайлы, мәселе қозғау.
Қарау: 
депутаттық правосын қарау. 
Кіргізу:
 заң жобасын кіргізу, блок программасын кіргізу
.
Ұлғаю: 
істің ұлғаюы
.
Көздеу: 
қабыл етерлік жағы көзделсін
.
Қосу: 
күш қосу, бас қосу
[275]. 
А. Байтұрсынұлының қоғамдық-саяси, әлеуметтік тақырыпта жазылған 
түрлі публицистикалық мақалаларының қазақ сөзінің қалыптасуындағы, тіл 


115 
білімінің өсіп, өркендеуіндегі мерзімді баспасөз рөлін академик Ө. Айтбаев: 
«Жалпы сөз біткеннің, оның ішінде термин атаулының өріс алар, қанат жаяр 
жері, ең алдымен, мерзімді баспасөз, яғни өмірдің сан түрлі саласынан сан алуан 
мәлімет жинап, материал беретін журналисттердей термин құмар маман жоқ» 
[277, б. 35] – деп баға берсе, жаңа қолданыстар мен терминдердің әдеби тілде 
тұрақталуына қатысты О. Бүркітов: «Мерзімді баспасөз – жаңа сөздер 
ұстаханасы» [278] – деп бағалайды.
Сонымен қатар зерттеуші Г. Ерназарова А. Байтұрсынұлының 
публицистика тілінде қолданған жаңа қолданыстары мен халықаралық 
терминдердің қазақ тіліндегі баламаларын көрсетеді.
А. Байтұрсынұлының кейде сол дәуірде жалпыхалықтық тілде кеңінен 
қолданыс тапқан араб-парсы тілдерінің элементтерін қажетті жағдайда ұғым 
атауы ретінде қолданғанын да газет мәтіндері көрсетеді: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   100




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет