а) бойжеткен қыздар мен жас келіншектер киімінің атаулары: көйлек, бүрмелі көйлек, кестелі көйлек, желбіршекті көйлек, қос етек, бешпент, шапан, үкілі тақия, кәмшат бөрік т.б. ә) ұзатылған қыздың (қалыңдықтың) және жаңа түскен келіншек киімінің атаулары: шошақ төбелі сәукеле; сәукеленің бөлшектері: салпыншақ, бетмоншақ, жақтау, желек (бір жыл өткен соң келіншекке желек салынады, оны 1-2 бала тапқанша салады). б) 30-40 жастағы және орта жастағы әйелдер киімінің атаулары: кимешек, оның әшекейлерінің атаулары: төбелдірік, бергек, түйреуіш, жаулық // ақ жаулық (бірнеше бала туған орта жастағы әйелдер көзге түсерліктей әшекейі жоқ кестелі кимешек не ақ жаулық тартады). в) кәрі әйелдер мен кемпірлер киімнің атаулары: камзол, кимешек, үлкен ақ шаршы орамал, күндік (кимешектің үстінен орайтын ақ мата).